Тақырып: Омыртқа бағанының, жамбас және тік ішектің хирургиялық аурулары және зақымдануы


Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі



бет3/3
Дата01.03.2024
өлшемі30.05 Kb.
#493612
1   2   3
Омыртқа бағанасы бел

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Глазго шкаласы бойынша ес деңгейін бағалау. Глазго шкаласы бойынша максимальді баға -15 балл (есі өзгермеген), минимальді - 3 балл (мидың өліу).
2. Өмірге қажетті ағзалар жағдайының бағасы.
3. Неврологиялық тексеру жүргізу: қол – аяқтың сенсорлы, жəне моторлы қызметін бағалау, қалыпты жəне патологиялық рефлекстер.

Медициналық көмек көрсету тактикасы

Омыртқа бағанасының сынығы кезінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
1. Науқасты тегіс, қатты жерге арқасына жатқызу. Омыртқа денесінің сынығында арқасына жатқызып, ал омыртқа доғасы мен өсіндісінің зақымдануында – ішімен жатқызып тасымалдау.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының санациясы.
3. Артериялды қан қысымы мен тамыр соғысын қадағалау, науқасты жылыту.
4. Қажет болса өкпенің жасанды желдендіру жəне кеңірдек интубациясын жасау.
5. Көктамырға дəрі енгізу үшін жағдай жасау.
6. Оксигенатерапия.
7. Лорносикам 8 -16 мг көктамыр ішіне болюсты енгізу.
8. 0,9 % - 1000 -1500 мл. натрий хлориді ерітіндісін тамыр ішіне тамшылатып енгізу.
9. Диазепам 5 -10 мг көктамыр ішіне.

Жамбас сүйектері сынығында шұғыл көмек көрсету алгоритмі:
1. 1 -2% тримеперидин гидрохлорид ерітіндісі 1 -2 мм.
2. Тасымалдау иммобилизациясы «құрбақа» тəрізді (тізе буын астына жастықша қою). Ауырсынуды жəне қан кетуді азайту үшін, жамбас астына домалақ валик, немесе Крамер шинасын қою.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Оттегі,м3
2. Лорноксикам 8 мг
3. Натрий хлориды 0,9 % - 400 мл
4. Диазепам 10 мг - 2 мл
5. Тримиперидин гидрохлориді 2% -1,0 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  тримиперидин гидрохлориді 1% - 1,0 мл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: науқас жағдайының тұрақтылығы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар


Госпитализация

Шұғыл госпитализация көрсеткіштері: жамбас сүйектері сынығы мен арқаның барлық жарақаты – зақымданушыны шұғыл госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет