Тақырыпқа жетелеудегі сұрақтарды Блум таксономиясына негіздеудің маңызы



бет3/7
Дата10.11.2022
өлшемі59.61 Kb.
#464460
1   2   3   4   5   6   7
Мақала 2

Танымдық әрекет

Мысалдар

Есте сақтау: жадыдағы қажетті ақпаратты ала білу

Тану

  • Мына мысалдардың қайсысы етістікті тіркес бола алады?

  • Мысалдардың ішіндегі қайсысын көне түркі ескерткіштеріне жатқызуға болады?

Еске түсіру

  • Сөз тіркесі, тұрақты тіркес, күрделі сөздердің қандай айырмашылықтары бар?

  • Орта ғасырлық қандай ғалымдарды білесің?

Танымдық әрекет

Мысалдар

Түсіну: оқуға ұсынылған ақпаратар мен тәжірибе негізінде мән түйіндеу

Түсіндіру

  • Көсемшенің анықтамасын қалай дәлелдеп түсіндірер едің?

  • Ұлы Отан соғысының шығу себебі неде?

Мысалдар келтіру

  • Көсемшенің сөйлем ішінде қолданысына мектеп өмірінен қандай сөйлем құрар едің?

  • Ұлы Отан соғысындағы неміс әскерінің қару-жарақтары туралы қандай мәліметтер білесің?

Жіктеу

  • Берілген сөздерді қандай сөз таптарының қатарына орналастырар едің?

  • Мына шығармаларды қай тарихи оқиғамен байланыстырар едің?

Пайымдау

  • Мына мәтіннің бөлігіне қандай тақырып қояр едің?

  • Ұлы Отан соғысындағы жеңіске әсер еткен қандай себептерді атар едің?

Қорыту

  • «Көп» сөзі сын есімге тән бе, үстеуге тән бе?

  • «Жариялылық» сөзі мемлекетіміздің статусын толық анықтап бере алады ма?

Салыстыру

  • Есімше мен көсемшенің қызметіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?

  • Кеңестік кезең мен тәуелсіз мемлекеттің қандай айырмашылықтары бар?

Түсінік беру

  • Күрделі сөздердің сөз тіркесінің бір ғана сыңары бола алатындығын қалай түсіндіре аласың?

  • Дағдарыс кезеңі ел экономикасына қалай әсер етуде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет