Тақырыпқа жетелеудегі сұрақтарды Блум таксономиясына негіздеудің маңызы



бет5/7
Дата10.11.2022
өлшемі59.61 Kb.
#464460
1   2   3   4   5   6   7
Мақала 2

Танымдық әрекет

Мысалдар

Бағалау: критерийлер мен стандартқа негізделген пікір білдіру

Тексеру

  • Берілген анықтаманың ішінде қандай сәйкессіздіктерді көріп отырсыз?

  • Мәтін бетіндегі жалған мәліметтерді тап.

Сынау

  • Қарсы топтың берген пікірінде қандай дәлелдемелер әлсіз болды деп ойлайсыздар?

  • Қай топтың дәлелдемелері тарихи деректерге негізделеді?

Танымдық әрекет

Мысалдар

Құру: жаңаны құру үшін бөліктерді біріктіру және жаңа құрылымның бөліктерін анықтау

Топтастыру

  • Есім сөздердің барлығына ортақ қандай қасиеттерді білесіңдер?

  • Патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізудің негізгі мақсаттарын атап көрсетіңіз.

Жоспарлау

  • Сөз таптарына байланысты презентацияда қандай белгілерге басымдық берер едіңдер?

  • «Жеті жарғыдағы» заң негіздерінің қайсысын Ата Заңға кіріктірер едіңіздер?

Өндіру

  • «Кейіпкер мінезін жасауда сын есімнің орны» тақырыбында зерттеу еңбек жазғанда, қандай кейіпкердің қандай қасиетін мысалға алар едіңіздер?

  • «Өз өлкеңді таны» байқауына қандай жоба ұсынар едіңіздер?

Бұл таксономияға сәйкес білімнің әрбір деңгейі танымдық әрекеттің әрбіріне қатысты болып отырады. Сондықтан оқушы нақты және әрекеттік білімді еске түсіріп, қатыстық және танымды білімді түсінеді және метатанымдық немесе нақтылы білімді талдай алады. Андерсон мен оның әріптестерінің пайымдауынша, өзіндік ой қорыта отырып оқыту оқушыға табысты шешім қабылдауға мүмкіндіктер беретін білім мен танымдық үдерісті қолжетімді етеді.


Сократтың: «Мен үйретпеймін, мен тек жауаптың дүниеге келуіне көмектесемін, мен ойдың тууына себепші болатын кіндік шеше секілдімін», – деген сөзі сабақ үдерісін тиімді жоспарлай білетін мұғалімдерге қатысты айтылған сияқты. Сұрақ қоюдың шеберлігін меңгерген, сұрақтың тақырыпты ашудағы мәнін білетін мұғалім, тіпті, сабаққа дайындықсыз келіп, еш нәрсені білмейтін оқушыдан да жауап ала алады. Ұтымды сұрақтар қою арқылы ақпарат бойынша сол сәттің өзінде білім алуына мүмкіндіктер жасай біледі. Сұрақтарды бірінен кейін бірін өрбіте отырып өздігінен ойлануға, ары қарай ізденуге бағыттайды. Себебі шебер мұғалім кімнен қандай сұрақ сұрауды және кімнен қандай уақытта сұрақ сұрауды біледі. Ал керісінше, сұрақтың оқу мен оқыту үдерісіндегі мәнін жете түсінбеген мұғалімнің әрбір әрекеті тоқыраумен аяқталып отырады. Ондай мұғалімдердің барлық оқушыларға біркелкі қойылатын немесе күнделікті сабақ барысында орын алып отыратын жаттанды сұрақтары оқушыларды тез жалықтырып жібереді. Олардың ары қарай ізденісіне, тақырып бойынша ақпаратты ары қарай талдауға деген құлшыныстары мен шығармашылық әлеуеттерінің дамуына тежеу болады. Қарапайым бір мысал келтірсек. Мұғалім сыныпта үнсіз бұйығып отырған оқушыға сұрақ қойды:

  • Сен бұл шығарманы оқыдың ба?

  • Жоқ.

  • Не үшін оқымадың?

  • Білмедім.

Диалог үзілді. Ары қарайғы байланыс тоқтады. Осындай сұрақтар тізбегі басқа оқушыларға қатысты жалғасын тауып жатады. Бірақ көп жағдайда диалогтың тағдыры ұзаққа бармайды. Ал сол оқушыға сұрақты басқаша құрылымдап, оны ары қарай әрекет жасауға жетелеуге болады ма? Мысалы:

  • Сен бұл шығарманы оқыдың ба?

  • Бұл шығарма саған қызықты болар деп ойлайсың ба?

  • Онда қандай мәселе қаралды деп ойлайсың?

  • Осы жазушының қандай шығармасы есіңде?

  • Бұл шығарма қай кезеңде жазылуы мүмкін?

Осындай тізбектеліп кететін, оқушының шығарманы оқуға, ол туралы ақпараттарды танып білуге деген қызығушылығын арттыратын сұрақтар арқылы оқушы белсенділігін арттыруға болады. Осындай селқос оқушылар саны көп болған жағдайда оларды топтастырып, ақпаратпен таныс оқушыға сұрақтар қойғызуды ұйымдастыру арқылы да сабақ үдерісін жандандыруға болады. Әрине, белсенділігі төмен оқушыларды бірден сұрақ қоюға жұмылдыру да оңай шаруа емес. Алдымен бұл оқушыларды дайын сұрау есімдіктерінен тұратын шаблонды сөйлемдерді пайдалануды үйретуден бастау керек. Мәселен, ... не жайында?, ... жанрда жазылған ба? ... авторы бізге таныс па? ...оқиға суретеледі? Содан кейін ғана сұрақ деңгейін біртіндеп көтере отырып, нақтылы тапсырмалар арқылы сұрақ қою техникасын жетілдірген дұрыс.
Мұғалім үшін сұрақ түрлері жайлы ақпараттармен танысу қиындық тудырмайтынын айтқан болатынбыз. Гуманитарлық бағытта қолдану ұтымдылығы жоғары сұрақтарға тоқталсақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет