Тақырыпт ық жоспар


-сабақ. 2.2.тақырып.Құжаттама жүйесінің қалыптасуы



бет4/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

3-сабақ. 2.2.тақырып.Құжаттама жүйесінің қалыптасуы.
Құжаттама жүйесінің қалыптасуы 18-ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарынан басталады. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қаты – настарына, қазақ хандықтарының тарихына, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге 18- ғасырдың екінші жартысы мен 19- ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады.Іс қағаздарының стилі өзіндік ерекшелігімен лексика-фразеологиялық құрамында, грамматикалық, систаксистік құрылымында , орфографиясында көрінеді. Сол кездегі ресми іс қағаздарда тұрақты эпитеттерді көп қолданған, бұл ерекшелікті орыс тіліндегі ресми іс қағаздардан да көруге болады. 18-19 ғасырларда қазақ тіліне араб, иран, парсы,татар (хандардың хаттарын жазған қазақтар емес татар молдалары – патша үкіметінің агенттері болатын) сөздері көп келе бастаған. Тағы бір лексикалық ерекшелігі – қазақ жерінің Россия империясына бағынуына байланысты ресми іс қағаздарында орыс сөздерінің қолданыла бастауы. Іс қағаздарында жиі кездесетін орыс сөздері қатарына старшина, господин, губернатор, полковник, граф,пристав, команда сөздерін жатқызуға болады. 19-ғасырдың бірінші жартысында ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін келесі сөздер жиі қолданды: хан, ханзада, ханым,ханша,сұлтан,би, қазы,ақсүйек т.б. 19- ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі лексикалық, систаксистік, грамматикалық ерекшеліктер халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастаған. 19-ғасырдың екінші жартысына келетін болсақ, құжат лексикасында әкімшілік, заң терминдері көп қолданылған. 20- ғасырдан бастап оқу- ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім жандана бастады. Қазақ тілінде баспа жұмыстары да көп шыға бастады, бірақ олар татар баспасынан шығып тұрды. Осы кезден бастап қазақ халқының өмірінде саяси,ғылыми,білім саласында, жалпы мәдениеттегі өзгерістерге байланысты ,оның ішінде ресми іс қағаздар тілінде де жаңа атаулар,ұғымдар, терминдер пайда болды,тілдік нормалары да өзгере бастады. Қазақ елін Алтын Орда хандығы,бертінде қазақ хандары билеген кездерде әр түрлі жарлықтар, шарттар, қатынас қағаздар пайда болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тіліне ерекшеліқтеріне негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын.
Қазір іс қағаздар екі тілде жүргізіледі (орыс,қазақ). Құжаттардың мемлекеттік тілде жазылуы үкімет тарапынан бақыланып, «Тіл туралы» Заң нормаларына сай жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет