Байқаудың мақсаты:
Еліміздің болашағы-жас өркен десек, жаңадан бүршік атып келе жатқан жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, таным-түсінігінің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына өз үлесін қосу.
Талантымен топ жарған балаларды және олардың ұстаздарын «Шалқар» радиосының эфиріне, «Жанартау» бағдарламасына шығару.
Эфир арқылы өзге де балаларды өнер мен білімге ынталандыру. Ұстаздар еңбегін насихаттау.
Шет елдерде өтетін байқауларға жолдама алып, жаңа белестерді бағындыру
Халықаралық байқауларға жеңілдік жолдамасын ұсыну.
Байқаудың міндеттері;
∙ Барлық баланы өнерге талаптандыру;
∙Еліміздің тарихы мен рухани құндылығын дәріптей отырып, әр түрлі тақырыптар арқылы ізденуіне жағдай жасау;
∙Сахнаға бейімдеп, өзін қысылмай ұстауға, ойын ашық айтуға, кемел тұлға болып қалыптасуға ықпал ету;
∙Сайыс арқылы өзінің жасаған жұмысын қорғауға үйрете отырып, ой ашықтығы мен өз білігін көрсетуге тәрбиелеу;
∙Бір мақсатқа қарай бет алған өзге де балалармен достық қарым-қатынас орнатып, шынайы өмірдегі араласудың мән-мағынасын түсіндіру;
∙Ұстаздар мен тәрбиешілер және ата-аналардың еңбегінің жемісін көрсету;
∙Қазылардың құрамында отырған елге танымал тұлғалардан шеберлік сабақтарын алуға, үйренуге мүкіндік жасау;
∙Білім беріп жатқан ұстаздарың мәртебесін көтеру
БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН ОРЫНЫ МЕН МЕРЗІМІ
∙Байқаудың өтетін уақыты. 16-желтоқсан өтеді. Алматы қаласы, Абылай хан, 105. Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залы
∙Байқау қатысушыларының өтініші ұстазы немесе ата-анасының тапсырысымен қабылданады.
∙Қатысушы туралы өтініштің нұсқасы толықтай толтырылады және байқау бағдарламасына сол мәліметтер тіркеледі.
3. БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ.
Байқауға қатысатын шығарманың тақырыбы—ЕРКІН ТАҚЫРЫПТА
Көркемсөз. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма оқиды.
Елімізге белгілі авторлардың шығармашылығынан таңдалып алынған шығармаға: өлең, қарасөз, прозадан үзінділер жатады.
Көркемсөзшінің оқып тұрған шығармасын қаншалықты түсінуі, дыбыс тазалығы мен үндестік заңын сақтауы,дауыс көркемдігі ескеріледі. Таңдап алынған материал баланың жасына сай болуы керек. Ұлтараздық қақтығысты, жеке адамдардың немесе топтардың мүддесін көздейтін, діни ағымдарды насихаттайтын шығармалар байқауға жіберілмейді.
Поэмалар мен дастандардан алынған үзіндінің ұзақтығы-4 минуттан аспауы керек.
Сахналық қойылым
∙Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма сахналайды.
∙Дастан, роман немесе драмалар сияқты үлкен шығармалардан дан үзінді қоюға болады.
∙Сахнадағы мәдениет, баланың жас шамасына сай болуы, аса ауыр, баланың психикасына кері әсер ететін шығармалар байқауға жіберілмейді.
∙ Вокал. Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды.
∙Вокал жанры бойынша рұқсат етілетін бағыттар:эстрадалық, халықтық,классикалық,джаз, R&B бағыттары.
∙Вокалдық топтар мен хор орындаушылары диржермен және дирижердің көмегінсіз қатыса алады.
∙Жеке орындаушылар, дуэт, трио, квартет, квинтет, вокалдық топтар, хор.
∙Хореография. Қатысушы еркін тақырыпта 1 би билейді.
∙Хореография жанры бойынша ұлттық, классикалық, заманауи, балдық, спорттық бағыттағы би түрлері рұқсат етіледі.
Сахна мәдениеті мен қатысушының жасына сай келмейтін (стрип пластика) би түрлері байқауға қатыстырылмайды және этикалық нормадан асып кететін элементтері бар би түрлері байқаудан шеттетіледі;
∙ Аспаптық шығарма.
∙Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады
∙Қатысушылар ұлттық және классикалық аспаптарда өнер көрсете алады.
∙Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығарма орындайды.
∙Байқау қатысушылары танымал өнер иелерінің шығармашылығы және өз авторлық шығармаларымен қатыса алады;
∙Жеке орындаушылар, дуэт, трио, квартет, квинтет,ансамль, оркестрлер қатыса алады. Қатысушылардың саны мен қандай да бір қосымша талаптар алдын ала ескертілуі керек(Орындық, микрофон, тұтқалар т.б.)
Қатысушының шамасы жететін, дайындығына сенімді, жасына сай шығарма таңдалуы тиіс.
∙ Ішекті аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар, пернелі аспаптарда жеке орындауда қатысады;
∙Ішекті аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар, пернелі аспаптарда топтық орындауда қатысады
∙Дәстүрлі ән.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады
∙Халық әндері мен халық композиторларының әндерінен 1 шығарма орындайды.
∙Байқауға жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, ансамбль болып қатыса алады.
Топтық қатысушыларға сүемелдеушілер байқау қатысушылары болып есептелінеді.
∙Қолданбалы өнер.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады.
∙Байқауға ағаш, металл, саз, пластик, қайыс, былғары жұмыстары қатыстырылады.
Жеке авторлық жұмыс.
Топтық жұмыс (2-6 адамға дейінгі топ)
∙ Бейнелеу өнері.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады.
∙Байқауға живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, автопортреттік жұмыстар қабылданады.
Жеке авторлық жұмыс.
Топтық жұмыс. (2-4 адамға дейінгі топ)
∙ Тігін өнері.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады.
∙Құрақ құрау, киім тігу, моншақ, макраме жұмыстары қабылданады.
Жеке авторлық жұмыс.
Топтық жұмыс (2-6 адамға дейінгі топ)
∙ Жазбаша шығарма.
Қатысушы еркін тақырыпта 1 шығармамен қатыса алады.
∙ Байқауға эссе, шығарма, новелла, әңгіме жанрлары бойынша жұмыстар қабылданады.
∙Байқауға қатысатын шығарма бұған дейін баспасөз беттерінде жарияланған, бірақ байқау қатысушының жеке жұмысы болса рұқсат етіледі.
Жазбаша шығарма алдын ала taizharys@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі керек. Шығармалар Times New Roman қарпінде 14 өлшеммен терілгенде 3-3,5 бетен аспауы тиіс.
1-3-сыныптың балаларының шығармалары 1-1,5 бет қалпында қабылданады.
Байқау қатысушылары жас шамасына қарай мынандай топтарға бөлінеді
Бүлдіршін топ /4-6 жас/, Кіші топ /7-9 жас/, Орта топ /10-13 жас/, Үлкен топ/14-18/ жас.
4. Байқаудың кеңселік талаптары
Байқау қатысушылары алдын ала ереже соңында көрсетілген анкетаны толтырып жіберулері керек.
∙ Анкетада көрсетілген мәліметтерге сәйкес марапаттау қағаздары беріледі.
∙ Байқау қатысушысының бір ұстазына ғана мақтау қағазы беріледі. Балабақша қатысушыларының (топ жетекшісі, күтушісі және музыка немесе хореография пәнінің жетекшісіне) беріледі.
∙ Өтініште көрсетілген мектеп директорларына pdf қалпында электронды түрде жіберіледі.
∙Өтініштерді қабылдау 14-желтоқсан 18,00-де тоқтатылады.
∙Байқаудың өту кестесі 15-желтоқсан 15,00-де өһтініш жіберілген Whats App номеріне жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |