Такырыбы: Психологияның ғылыми және оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері



бет2/9
Дата19.05.2022
өлшемі96.99 Kb.
#457554
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Психологияның ғылыми және оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері.1

1.Психологияны оқыту
Психологияны оқыту мен орта кәсіби білім берудің білім беру бағдарламалары: психологиялық білімнің негіздерін оқыту; психологияның әдістерімен танысу; білім алушылардың кәсіби мамандануына сәйкес келетін,қолданбалы психологиялық білімдерді оқыту; психологиялық білімдерді болашақ кәсіби іс-әрекет шеңберіндегі тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдануды үйрету; білім алушылардың жалпы психологиялық мәдениетін қалыптасуы. Оқу жоспары және психологияны оқыту бағдарламасы.
Психологияны оқыту принциптері: ғылымилық; жүйелілік; эмоционалдық пен рационалдықтың бірлігі; психологияны оқытудағы жеке тұлғаға бағытталуға және пәндік – бағыттаушылық тұрғысындағы бірлігі; теориялық және эмпирикалық білімнің бірлігі; қолжетімділік; көрнекілік; білім берудегі белсенділік; психологияны оқытудың тәжірибемен байланысы; психологияны оқыту дамытушы сипатқа ие болуы тиіс.Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы, психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі мәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамассыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механиздерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерінашуды қарастыру қажет.
Психологияны оқыту әдістемесі ықпал ету обьектісінің ерекшеліктерін яғни студенттің ерекшеліктерін ескеруі қажет.
Психология мен көптеген студенттер қызығады, олар оны оқи отырып өздерін таниды, кейін олар психологиялық білімді өзінің болашақ адамдармен жұмыс барысында қолданатынын түсінеді.
Психология оқытушының алдында тұрған негізгі міндет – оқушының оқу әрекетін қалыптастыру немесе психологияны оқуға үйрету. Оқу әрекетін қалыптастыру бұл – психологияны дұрыс оқуға үйрету. Психологиялық тұрғыда бұл мәселе былай тұжырымдалады: оқушының санасынан тыс белгісіз игеріліп қалай белгілі болады, обьективтіліктен субьективтілікке қалай айналады? Осы сұраққа жауап дұрыс оқуға жол көрсетеді. Осы мәселемен кеңестік психологияда 50 – жылдары айналысқан Г.Я.Гальперин және оның ізбасарлары болды. Адам санасынан тыс нәрселер қалай ішкі ақыл-ойға яғни сананың жетістігіне, оның ақыл-ой жемісіне айналады? Деген сұраққа жауап іздеу П.Я.Гальпериннің жоспарлы кезеңмен ақыл-ой әрекетін қалыптастыру концепсиясына әкелді. Бұл концепцияның жалпы психологиялық мәні өте кең, себебі ол қойылған сұраққа жауап беріп ғана қоймайды сонымен қатар бұл бағдарлаушы әрекет ретіндегі психология пәні туралы ілім, жануарлар психикасы дамуынан айырмашылығы бар адам психикасы эвалюциясы тұралы білім, психикалық әрекеттің түрлері мен формалары (қабылдау зейін, ойлау) және олардың қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым, психикалық әрекеттің негізгі элементтері, яғни мұраттағы әрекеттер мен образдардың қалыптасу заңдылықтары, яғни ақыл-ой амалдары мен ұғымдарының (қалыптасуы туралы) педагогика тілінде «білім – іскерлік – дағды» деп белгіленетін ұғымдарының қалыптасуы туралы ғылым. Осы теорияға сәйкес (ғылым) оқу саналы әрекетті қалыптастыратын іс-әрекет ретінде құрастырылыды.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс.
Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі, нәтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет. ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады.Оқытушының мақсаты — болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындық өмірде қолдануға үйрету. Бірақ, психология – бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М.Бахтин гуманитарлық таным – ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект-субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын «Психология» пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де, педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсаты көздейді: өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен қаруландыру. Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзараәрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді.
Психологияны оқи отырып студент болашақ мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап, талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психолоргиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.«Психологияның» оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті — өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру — бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік дағды оқытудың нәтижесі болып табылады.
Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болады.

  • Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.

  • Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.

  • Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету.

  • Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу.

  • Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.

  • Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау.

  • Студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру.

  • Студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул жасау.

Негізгі ұғымдар: Психологияны оқыту, білім беру бағдарламалары, оқыту, әдістер; білім алушылар, үйрету, психологиялық мәдениет, оқу жоспары, психологияны оқыту бағдарламасы,оқыту принциптері, ғылымилық, жүйелілік, эмоционалдық пен рационалдықтың бірлігі, психологияны оқытудағы жеке тұлғаға бағытталуға және пәндік-бағыттаушылық тұрғысындағы бірлігі, теориялық және эмпирикалық білімнің бірлігі, қолжетімділік, көрнекілік, білім берудегі белсенділік, психологияны оқытудың тәжірибемен байланысы, психологияны оқыту дамытушы сипат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет