Такырыбы: Психологияның ғылыми және оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері


Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері



бет7/9
Дата19.05.2022
өлшемі96.99 Kb.
#457554
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Психологияның ғылыми және оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері.1

2.2 Психология пәні бойынша оқу сабақтарының формалары мен оларды жүргізу әдістері
Мұғалім іс-әрекеттің бұл түрін күнделікті жүргізіп отырады. Сұрақты нақты қою, жауаптарға түсініктеме беру, өз пікірін біл
діру, жауап жоспарын жасау, жоспарға сәйкес жауаптарды талдау және т.с.с. басқаның іс-әрекетіне дұрыс баға беру білігін қалыптастырады, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үлгісінің негізінде өз жұмысының қателерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі барлық ғылымдар саласында қолданылатын принциптерді, тұжырымдамаларды қарастырады. Зерттеудің әдіснамалық негізгі принциптері: – объективтілігі; – ғылымилығы; – диалектикалық тұрғыдан қарау; – тарихилық; – тұтастық – жүйелілік, т.б. Зерттеудің нақты ғылымға, яғни педагогикаға тән әдіснамалық принциптері: – тұлғалық принципі; – іс-әрекеттік принципі; – көп субъектілік принципі; – мәденилік принципі; – этнопедагогикалық принципі; – антропологиялық принципі.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру көпшілік қабылдаған әдіснамалық технология негізінде жүргізіледі. 1.5. Психологияны оқыту әдістері Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы танымдық белсендiлiктiң қозғаушы күші болып табылады. Олардың оқу-танымдық іс-әрекетке ынтасын оятуда: оқудағы жетiстiктi қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауiпқатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушiлiктi болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмiр тәжiрибесiнен мысалдар, мемлекет стандарт шегiнен асу, т.б.); бiлiм берудiң әртүрлi формалары мен әдiстерi, жаңа педагоги
калық технологияларды қолдану; мұғалiмнiң оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi; ақыл-ой қабiлеттiлiгi мен жалпы оқу бiлiктерiн дамыту қызметтерiнің маңызы зор. Мысалы: оқудағы жетiстiктi қамтамасыз етуді алар болсақ, мұндағы жетiстiк – адамның белсендi іс-әрекетiнiң ең маңызды қозғаушы күшi. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспiрiм шақта басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлi тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрiнiс табады. Үлгерiмi нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсендiлiгi төмендеп кетедi.
Оқу процесінде қабілеттеріне қарай бейіндік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтiкэкономикалық, физика-математикалық, көркемдiк-эстетикалық, т.б.) оқушылардың ынта-ықыластары мен қабiлеттiлiгiн, сондайақ бiлiм беру мекемесiнiң педагогикалық ұжымының мүмкiндiктерiн, жергiлiктi бiлiм беру жүйесiнiң құрылымын және әлеуметтiк ортаның ерекшелiктерiн есепке ала отырып жүргiзiледi.
Педагогтар тәжiрибесiндегi оқу іс-әрекетiн белсендiру. Бiлiм берудiң қазiргi заманға сай әдiстемелерiн талдайтын болсақ, олардың бәрiн, қазiргi қоғамның аса маңызды қажеттiлiктерiне жауап беретiн, өсiп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесi идеясы бiрiктiрiп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрi оқушыны танымдық іс-әрекеттiң және өзiндiк дамудың субъектiсi ретiнде қалыптастыра алады. Осыдан, оқу мақсаты – адамның бiлiм қазынасын арттыра отырып, өзiнiң дұрыс өмір сүруі үшiн алынған бiлiмдерін қолдана алуы, сонымен қатар өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Демек, ғылым, бiлiм, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендiрiп, өмiр мен басқа ортаны жақсартудың құралы ретінде сипат алады.
Шынайылықты танудағы әдіс-тәсiлдермен, құнды бiлiктермен қаруландыру, iс-әрекетi мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзiнiң өнегелiлiк қатынасын бiлдiре алу оқушыға бiлiм беру, дамыту және тәрбиелеудің бiр арнаға бағытталуы қазiргi заманғы оқыту процесiнiң мәнi болып табылады. Демек, қазiргi қоғамға өзіндік пiкiрi қалыптасқан, жаңа
қоғамдық қатынасты дамытуға атсалыса алатын жеке адамдарды даярлаудың маңызы ерекше. Ал оқытудың әлеуметтiк мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Бұл айтылған мәселелер ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер оқытушыларының (Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, В.Ф. Шаталов, К. Битибаева, К. Нургалиев, Р.Б. Нуртазина, А. Искаков, т.б.) тәжiрибелерінде көрiнiс тапқан. Оларға тән ортақ идеяларға тоқталар болсақ: – балалармен адамгершiлiк қатынас, әрбiр оқушыны жеке тұлға деп тану; – оқушының iшкi жан дүниесiн, оның мақсат-мүддесiн, ынтасын, қабiлеттiлiгiн, жанұя өмiрiнiң жағдайларын тани білу; – оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра бiлу, оларды оқу-тәрбиелеу процесiнiң әрiптесi ету, баланың тiлегi мен ынтаықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру; – оқушыларға ауқымды мақсаттар қоя бiлу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенiмiн нығайту; – балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалiм мен балалардың ұжымдық шығармашылығы; – оқушыларға, мүмкiн болған кезде, тапсырмаларды еркiн таңдау құқығын бере алу және т.б.
Оқытуда ауызша әдiстер мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалiм сөзi, оқулықтар – оқыту процесiнiң бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда соңғы он жылда олар мәселелiк сипатқа ие болып келедi. Мәселелiк әдiс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертiп келедi. Оқулықтар құрылымындағы, пән оқытушысының оқу материалын түсiндiруiндегi жүйелі мәселе қою әдiсі оқыту процесiнде басты орынға ие болуда. Бұл әдiс барысында дәстүрлi көрнекiлiк және техникалық құралдарды да қолдану іске асырылады. Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таңдау педагогикалық процестің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытудың әдіснамалық негізі арнайы құрастырылады. Соның ішінде бихевиоризм және прагматизм – оқып білудің тә21 
сілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенциализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың рөлін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелді деп таниды. Жаңа бағыттардың ішінде Д. Бруннердің (АҚШ) жасаған «жаңалық ашу арқылы оқыту» тұжырымдамасына ерекше назар аударуға болады. Бұл тұжырымдама бойынша оқушылар дүниені өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімдері арқасында жетеді деп біледі. Ал шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және соның негізінде тиісті қорытындыны жасау ғана емес,сонымен қатар оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау деп есептейді.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы субъективті жаңаны таниды және ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді. Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтар маңызын есте сақтау керек. Мұндағы негізгі қайшылықтар – оқыту процесіндегі қозғау күші, өйткені таным процесі үздіксіз іс-әрекеттегі шынайы құбылыс. Бұл тұрғыда М.А. Данилов оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. Алпедагогикалық процестің қозғаушы күші тұлға дамуының қарама-қайшылықтарымен байланысты деп тұжырымдайды. К.Д. Ушинский өзінің «Адам – тәрбие пәні» атты еңбегінде баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта келе, баланы білімдендірудің негізгі факторы оқыту мен тәрбиелеу деп көрсетеді. Оқыту мен тәрбиелеу – бірін-бірі үнемі толықтырып отыратын педагогикалық процестің құрамдас бөлігі. Бұл тұрғыда психолог ғалым
Л.С. Выготскийде оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін, оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады; оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс; оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін деп қарастырады. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов оқыту мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептесе, Н.А. Менчинская, Д.И. Богоявленская, Е.А. Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттерінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдейді. Л.В. Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне, ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдаса, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина бала ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеген, Т.В. Кудрявцев, А.М. Мотюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдеген. Оқыту процесі психологиялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығын құрайды.
Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетін ұйымдастыруды жатқызады. Бұл тәсілдің негізінде Д. Дьюидің жүйесін, Т. Кершенштейнердің еңбек мектебін, В. Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теорияларын жатқызуға болады. Қазіргі кездегі дидактикалық жүйе екіжақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс-әрекетінен тұрады, олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Сонымен қатар дамыта оқыту теориясынан психикалық дамуға бағдарланған (Л.В. Занков, З.И. Калмыкова, Е.Н. Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдамаларды (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, С.А. Смирнов) ерекше атауға болады.
Бүгінде маңызды дидактикалық танымдық тұжырымдамалар: дамыту тұжырымдамасы (Г.И. Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В. Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И. Махмутов, т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы (В.В. Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К. Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А. Зорина, М.К. Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д. Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдық тәсілі теориясы (В. Дьяченко, т.б.). Теориялар мен тұжырымдамалардың маңызы зор. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.
Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: – ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; – мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; – оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; – жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда
Н.М. Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. М.А. Данилов (1899 – 1973), Б.П. Есипов (1899 – 1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі – дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген. И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұхбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталаңдыру әдістері де қолданылады. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған. Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін, дейді белгілі педагог-ғалым Н.Д. Хмель, мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формаларын және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың ісәрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз – жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін
ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процеске жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас, таным, ойын, еңбек, сабақ, т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де карастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуте болады: – қатысушылар құрамы (жеке-даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай); – тұтас педагогикалык процестің оқу жұмысында қолданылуы; – таным іс-әрекетінің сыныптағы және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия, т.б.); – оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада, т.б.). Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық болмайды. Оқыту барысында мінез-құлықтың өзгеруі екі түрге бөлінеді: өз бетімен реакция іздеу мен бекіну оқуы және реакцияларды дайын үлгілерден алу мен бекітпей оқуы – бұл әлеуметтік оқуға жатады. Оқудың бірінші түрі – бихевиоризмде дәстүрлі зерттеу пәні, ал екінші оқу түрі бұрыннан белгілі болса да эмпирикалық зерттелмеген, тек теория жүзінде біріншісіне тиесілі. Оқудың бұл түрі бақылау арқылы әлеуметтік оқудың теориясын зерттеу және сараптаудың пәні болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан бақылау арқылы әлеуметтік оқудың құрылымына зейін, сақтау, түсіну, еске сақтау, моторлық реакция, мотивация кіреді. Зейін – үлгінің іс-қимылы мен орта ерекшеліктерінде жобалау. Сақтау – үлгінің іс-қимыл мінездемесін түсіну, есте сақтау және есінде ұстап қалу. Түсіну – үлгінің іс-қимылын ашу және интерпретациялау. Оған бақылауға алынған іс-қимылдың ережелерін анықтауға арналған көздерінің, денесінің, қолдарының, декодталған сөйлеу үлгілерінің қозғалыстары жатады. Түсіну жинақталған тәжірибе қоры, ережелер және басқа да білімдер негізінде жүзеге асады. Есте сақтау – анықталған ережелерді кодтау. Ол образдардың және символдардың көмегімен жүзеге асады. Вербалды кодтау кезінде субъект үлгінің мінез-құлқын суреттейді. Соның барысында вербалды суреттейді және қайталайды. Ұстап қалу, яғни сақтау операциялық жолмен ашылмайды.
Моторлы реакциялар – мінез-құлықты аяқтайтын, қалыптаспаған түрлері бірінші және екінші деңгейдегі барлық ережелерді меңгергеніне қарамастан нәтижесіздікке әкеліп соғатын, үшінші деңгей ережелеріне бағынатын ұсақ қозғалтқыш операциялар. Мотивация – тікелей қабылданған мінез-құлықтың орындалған нәтижесін көре білу. Оқудың жеке компоненттерінің факторлары келесі түрде суреттеледі: жинақталған тәжірибеге және мотивацияға байланысты. Мотивация бекінудің негізгі мазмұны ретінде іс-қимылдың мақсатына нәтиженің сәйкес келуіне байланысты. Сонымен қатар ол өзі бақылау арқылы оқытудың барлық компоненттерінің факторы болып қала береді. Бандура теориясы бойынша ортадағы өзгерістер субъектілік процестер (назар, түсіну, есте сақтау) мен мінез-құлықта (моторика және мотивация) Берілген теория аяғына дейін қарым-қатынаста болмай, тек қана орта процесті бастайды немесе тәртіп пен ортаға тәуелсіз мінез-құлық субъектілік процестер әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыратындылығымен теориядан ерекшеленеді. Қазіргі америкалық авторлар когнитивті мінез-құлық жағынан жақындау негізінде оқу процесінің құрамы мен құрылымын толық және жүйелі түрде сипаттауға тырысты. Олармен арақатынасы жоқ мінез-құлық бөліктері, құрамдары, операцияларды мотивациядан бөліп алу, т.б. қолданылатын шектеулі жасанды лабораториялық жағдайларда оқудың дәстүрлі зерттеулерінің зияндығы мен тура шықпайтындығы ескеріледі. Авторлар өз сипаттауларында оқытуды барлық бағытталған мінез-құлықтағы сияқты үш аспектіге (компоненттерге) бөлуден бастайды: бастапқы процестер, мақсатқа жеткізуді жүзеге асыру және қорытындылаушы компоненттер. Біріншілері – жағдайды бағалау, әрекет түрін таңдау, олардың салыстырмалы әсерін өлшеу. Екіншілеріне таңдалған әрекеттің тәсілдері мен олардың жоспарға сай реттелуін қолдану жатады. Үшіншісі нәтижені бағалау, бастапқы тәжірибенің өзгерісіне әкеп соқтыратын және келесі әрекетті жасауда ескертілген оң және теріс нығайтқыштарды бағалаудан тұрады. Қарапайым оқытуға көптеген спиральді циклдер мен орамдар енгізеді, ондағы дәстүрлі сызықты үлгілер тек жеке циклде немесе орамда көрсетіледі. Алайда оқыту бөлшектенген циклдер мен орамдардың жай қайталануы емес. Оқуда әрбір цикл немесе орам өзіне дейінгілердің жетістіктерін енгізгеннен кейін олардан компоненттік құрамдары бойынша ерекшеленеді. Оқуда әрбір циклдің маңызды қасиеті, яғни шеберлік пен еріктің, операция мен мотивацияның бірлігі болып табылады.
Мотивация мен ерік негізінде әлем, өмір, себептілік, міндеттілік және т.б. туралы әлеуметтік дәрежедегі көріністер болып табылады да, олардың үйлесімділігі қатынасты құрап, мақсатқа жетуге бағыттайды. Соңғысы жылдам реттелінеді. Бұл реттеуде оқу құрамы және оның факторлары (метотаным деп аталады) туралы білім, мақсатты жоспарлауды басқару мен оқытуды орындаудағы бағалау маңызды болып табылады. Шынайы күнделікті оқу көп жағдайда прагматикалық Оқушылардың шығармашылығын дамыту педагогикада басымды бағыт болып есептеледі. Жалпы алғанда өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың электрондық, атомдық, космостық деп аталып жатуының өзі адам ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығының жетістіктерінің көрінісі. Сондықтан оқу процесінде оқушылардың шығармашылық белсенділігі, өз бетімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп практикасында үнемі басты мәселенің бірі болып табылады. Заман ағымымен тығыз байланыста болатын білім беру процесі қай кезде де әрбір адамның жалпы дамуының кең ауқымдылығын қамтамасыз етуі шарт. Негізінен, тек мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағына жауап беріп не жоспар бойынша практикалық жұмыстар орындаған формасына қалыптасып алғанбыз. Сабақты осылай өткізу, әрине, баланың ойлануына, ой жүйесінің дамуына кең мүмкіндік бермейді. Ойланып отырған адамды қалай анықтаймыз десек, ол оның дайын жауапты енжарлы күтіп отырғаны емес, белгілі бір жұмысқа деген белсенді (мәселені шешу) әрекеті деп білеміз.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Сондықтан оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі. Көптеген авторлар оқушылардың сабақтағы белсенділігі «саналылық және белсенділік», саналылық, белсенділік, дербестілік»,«саналы белсенділік және дербестік» сияқты сөз тіркестерімен беріп, дидактиканың принциптері ретінде қарастырады. Т. Шамова белсенділіктің маңызды рөлін ескере отырып, оны жекеше дидактикалық категорияға бөліп қарастырады. Шын мәнінде, саналылық пен белсенділік принциптері арақатынастарын алсақ, онда мақсатты белсенділік толық ұғынған жағдайда болады, сондай-ақ белсенділіксіз саналылық нәтижесіз болатынын көреміз.
Оқушылар белсенділігіцесіне толық қатыса алмайды. Ендеше белсенділік – білім мақсаттарына жетудің негізгі шарттарының бірі. «Белсенді әдістері» терминін қолдану белсенді емес енжарлы да әдістер бар деп жорамалдауға тура келеді. Белсенділік (лат. activus – әрекетшіл) – бұл психикалық көрініс, қарқынды немесе ерекше әрекет жасауда көрінетін адам мінезінің бір қыры. Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі – кез келген әрекет барысында баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Жеке адам белсенділігі – оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Ф. Энгельстің айтуынша: «Әрекетшілдік – тіршілік иесінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті».
Адамның белсенділігі өз қажетін қанағаттандыру процесі кезінде көрінеді. Жануарлардың әрекетшіл-мінез-қылығы мен адам белсенділігі арасында айырмашылық осыдан көрінеді. Жануар мінез-қылығындағы әрекетшілдік – табиғи жаратылысындағы (ол тіршілік үшін күрес нәтижесінен туындап, табиғи сұрыпталудағы бейімделгіштік көрініс дене құрылымы, инстинкт жиынтығы) ерекшелігі. Олар өздері тұтынатын объектіні алдын ала белгілеп анықтағандай болады және соны игеруге бағытталған белсенді талпысын білдіреді. Қажеттіліктерін қанағаттандыру процесі сыртқы ортаға барынша толық бейімделулерін қамтамасыз етеді. Адамның белсенділігі басқаша, бұл әрекетшілдіктің көзі – адам қажеттілігі. Қажеттілік оны тәрбиелеу барысында қалыптасады. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез-қылығын бағыттайтын белсенді процесс – оқыту деп аталады. Оқыту белсенділігі жағдайларына байланысты белгілі дидактиктер Р.А. Низамов, В.Ф. Шмаргун, Л.П. Аристова, В.И. Орлова, Н.А. Половникова, Т.И. Шамова еңбектерінде түрлі-түрлі бағытта түсіндіріледі. Белсенділік болса студентте шығармашылық қалыптасады. Шығapмaшылық, шығapмaшылық қaбiлeттep жәнe oлapдың дaмуы aдaмзaттың мәңгi мәсeлeлepiнiң бipі қaтapынa жaтaды. Ғылыми бiлiмдepдiң дaму тapихындa бұл мәсeлe әpтүpлi мeктeптepдiң жәнe бaғыттapдың зepттeушiлepiнiң нaзapын өзiнe
aудapып кeлeдi.
Педагогикада креативтілік ретінде тапқырлық, қиял, түйсік, мәселелерді шешу сияқты қабілеттер түсіндіріледі. Мұнда бұл қабілеттердің көпқырлылығы айтылады. Креативтілік – шығармашылық білім беру іс-әрекетінің негізі, бірақ ол тектілік қабілет болып табылмайды. Ғылымда «креативтілік» ұғымына төмендегідей ғалымдар анықтамалар ұсынады. E. Тoppeнстiң пiкipiншe, кpeaтивтiлiк – бұл apнaйы eмeс, өнiмдi oйлaу, зияткерлікке, жeкe сипaттapғa жүгiнeтiн жaлпы қaбiлeт. Oл шығapмaшылық процестi мәсeлeнi қaбылдaу, шeшiм қaбылдaу, бoлжaмды құpу, түpлeндipу, шeшiмiн тaбумeн сипaттaлaтынын айтады. Тoppeнстiң пiкipiншe, кpeaтивтi бoлу – тepeңipeк қaзу, aлысыpaқ қapaу, қaтeлepдi түзeу, мысықпeн әңгiмeлeсу, тepeңipeк сүңгу, қaбыpғaны жapып шығу, күндi жaғу, құмдa сapaй тұpғызу, кeлeшeккe сәлeмдeсу. «Кpeaтивтiлiк – шығapмaшылыққa жaлпы қaбiлeт, тұлғaны тұтaстaй сипaттaйды, бeлсeндiлiктiң әpтүpлi aясындa пaйдa бoлaды.
Aтaлғaн aнықтaмaдaн шығa oтыpып, мұны В.Н. Дpужинин, кpeaтивтiлiк бұл қaбiлeт, aл қaбiлeт – өмipлiк әpeкeт бapысындa дaмитын қaсиeт жәнe кpeaтивтiлiк – көлeмi тұpaқты eмeс, «бeлсeндi кpeaтивтiлiк» қaлпындa пaйдa бoлaтын дaмушы дeп aнықтaйды. Кpeaтивтiлiк opтa әсep eткeндe тұлғaлық сaпa ғaнa қaлыптaсaды. Дeгeнмeн қaндaй дa жeтiлгeн иннoвaциялық бiлiм бepу opтaсы бoлмaсын, oндa жoғapы дeңгeйдeгi кpeaтивтiлiк қaлыптaспaйтыны сөзсiз. Сoндықтaн дa зepттeуiмiзгe субъeкт мәсeлeсiн өзeктi eтiп қapaстыpуды жөн көpдiк. Өйткeнi тұлғaның субъeктiлiк epeкшeлiктepi көбiнeсe iс-әpeкeткe қaтысты сипaттaлaды.
Бipaқ субъeкт aқиқaтты бeйнeлeп қaнa қoймaйды, oл әpқaшaн oсы aқиқaттың мән-мaғынaсын aйқындaп, oның құнды жaқтapын aшып, oғaн өзiндiк мaзмұн бepeдi. Субъeктiлiк қaсиeттiң epeкшe бeлгiсiнe әлeумeттiк сипaт жaтaды. Субъeкт тaбиғaты мeн мәнiсiн aшaтын тұжыpымдaмaлap, iлiмдep пeдaгoгикaлық-психoлoгиялық тұpғыдaн бipқaтappeсeйлiк жәнe шeтeлдiк ғaлымдapдың (К.A. Aбдульхaнoвa, A.В. Бpушлинский, Г. Oлпopт, К. Юнг жәнe т.б.) зepттeу нәтижeлepi бoлып тaбылaды. Қ.М. Нaғымжaнoвaның зepттeулepiндe унивepситeттiң иннoвaциялық бiлiм бepу opтaсындaғы студeнттepгe ықпaл eтeтiнсубъeктiлiктiң құpaуыштapын aнықтaу үшiн ғылыми eңбeктepгe кeң aуқымды тaлдaу жaсaлғaн. Oсылaйшa студeнттiң субъeкт peтiндeгi кpeaтивтiлiктi мeңгepуiн тaнытaтын мәндiк сипaттaмaлapы былaйшa қopытындылaнып, жинaқтaлғaн: – бeлсeндiлiк; – apнaйы қaбiлeттepдiң тұтaстығы, ықпaлдaстығы; – иннoвaциялық iс-әpeкeт жүйeлiгi; – дepбeстiк; – сaнaлылық; – жaсaмпaздық; – iзгiлiктiлiк; – pух күшi; – жaуaпкepшiлiк; – қaйpaттылық, жiгepлiлiк; – бaстaмaшылық; – өзiнe сeнiмдiлiк жәнe бaсқaлapғa сeнiм apтуғa қaбiлeттiлiк; – пeдaгoгикaлық жeкe стилiнiң aвтopы бoлa aлу; – дүниeнi тaну мeн өзгepтiп, түpлeндipугe қaбiлeттiлiк; – әлeумeткe бaғдapлaнғaн бeлсeндiлiк; – өзiн-өзi тaнуғa, өзiн-өзi peттeугe, өзiн-өзi дaмытуғa, өзiнөзi өзeктeндipугe қaбiлeттiлiк; – иннoвaциялық процестepдi, пeдaгoгикaлық мәсeлeлepдi өзeктi eтe aлу; – пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялapдың бeлгiлi бip түpлepiн мeңгepiп, oлapды жeтiлдipe aлу; – өмip сүpу мeн iс-әpeкeттe жeкe-дapaлық сипaттaғы стpaтeгиялap мeн мәнepлepдi қoлдaнa aлу, яғни бipeгeйлiкпeн тaнылу; – өз дapaлығын, құндылығын күшeйтe aлу деп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет