199
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда, –
деп аяқтайды. Қай заманның да
жағымсыз кейіпкерінің бет-
бейнесін тап басқан, «
арсыз, алдамшы»,
«атақ, бақ»
деген
концептілері арқылы берілген бұл сөздер оқушыға ащы
шындықты шыжғырып бетіне басқандай ауыр тисе де, оны терең
ойландырады, «жаманнан жирендіріп»,
өз-өзіне сын көзімен
қарауға жетелейді. Шығармадағы «
қараша, май, қар, от, арсыз,
атақ, алдамшы, бақ» образдары бір-бірімен астасып,
метафораланып, оқырман санасында одан ары тереңдеп, дерексіз
берне-символға айнала бастайды.
Жалпы, Абай шығармаларында бұндай бернелер бірте-бірте
кеңейіп, тереңдеп, ақынның шығармашылығына дендей береді.
Табиғат фонынан ақынның жан дүниесінің əлеміне, «көңілінің
жайлауына» көше береді. Мəселен, осы аталған «көңілімнің
жайлауы» метафоралық тіркесі «көңілімнің
жайлауынан ел
көшкен бе» деген суретті де мазмұнды күрделі образға айналады.
Адам жан-дүниесіндегі құлазыған, жалғызсыраған халді
бернелейтін образдың да бернелік сипаты басым, ұлттық бояуы
қалың. «
Жайлау» образы – жеке алып қарағанда да, қазақтың өзі
мен көңілінің символ-бернесі болып табылады.
Абай даладағы
жайлауды адам көңіліне көшіріп, метафоралық тіркес тудырып
қана қоймайды,
одан ары «жайлаудан ел көшкендегі»
жағдаятпен астастырып, адам көңілінің
ерекше психологиялық
халінің бернесін жасап шығарады. Бұл образ да қазір қазақ
оқырманының қабылдауы мен санасында Абай тудырған берне
болып қалыптасқан. Қазақ үшін
«көңілімнің жайлауынан ел
Достарыңызбен бөлісу: