3
КІРІСПЕ
Монографияда Абай ілімінің қазіргі таңдағы аса өзекті,
əлеуметтік мəні зор іргелі мəселелері қарастырылған. Моно-
графия авторлары – «Абай ілімін білудің, түсінудің жəне
қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» (2020-
2022) деп аталатын ғылыми жобаның орындаушылары. Зерттеу
еңбекте осы аталған жоба бойынша орындалған жұмыстардың
негізгі нəтижелері көрініс тапқан. Жоба мазмұнының жүйесін ұстап
тұрған тірек ұғымдар – Абай ілімі, білу, түсіну, қолдану. Білу,
түсіну, қолдану – Абай ілімінде негізделген танымдық ойлау
деңгейлерінің иерархиялық жүйесінің басты құрамдастары.
Ықшамдап айтқанда, оны
Абай таксономиясы деп атауға
болады. Монография тараулары Абай таксономиясы мəсе-
лелерімен бірлікте, байланыста.
Монография кіріспе мен қорытындыдан (кіріспе мен
қорытындыны Ж.Дəдебаев жазды), сегіз тараудан тұрады.
Бірінші тарау «Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың
ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» деп аталады.
Тарауды жазған – Ж.Дəдебаев. Тарауда жоба бойынша
орындалған жұмыстардың басты нəтижелері жинақталып, олардың
жаңалығы, ғылыми жəне практикалық маңызы көрсетілген.
Абай ілімінің құрамдас бөлімдері мен негіздерінің,
ғылыми-
əдістемелік тетіктерінің логикалық модельдері монографияның
соңында бірінші тарауға қосымша ретінде ұсынылды.
«Абайдың таксономиясы» деп аталатын екінші тарауда
білу,
түсіну жəне
қолдану үдерісіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің
иерархиялық жүйесі Абай ілімінің өзегіндегі қағидалар негізінде
тарихи, ғылыми-теориялық, əлеуметтік тұрғыда зерттелген.
Тарауды жазған – Ж.Дəдебаев. Зерттеу нысаны – Абай ілімінің
қағидалар жүйесіндегі танымдық ойлау деңгейлерінің иерархиясы.
Зерттеу нəтижесінде қол жеткен жетістіктер сарапталып, «Абай
таксономиясы» деп аталды.
«Абайға абай болайық» деп аталатын үшінші
тарау Абайдың
шығармашылығын, ақындық тұлғасын, даналық ойлары мен қағида-
ларын білу, түсіну жəне бағалау бағытындағы кереғар пікірлер туралы.
4
Тарауды жазған – Д.Ысқақұлы. Тарау авторы зерттеу алдына
қойылған міндеттерді жоғары методологиялық деңгейде саралаған.
Төртінші тарау («Абайды білу мен түсінудің дерекна-
малық негізі») абайтану ғылымы тарихындағы дерекнамалық
негіз жəне оны зерттеудегі өзекті ұстанымдар жайында. Бұл –
Абай
ілімін білу, түсіну жəне қолдану жүйесіндегі аса
маңызды ғылыми мəселе. Абай ілімі, Абайдың шығарма-
шылық мұрасы бойынша осы күнге дейін ғылыми-теориялық
деңгейде шешімін таппай келе жатқан жайлардың бірқатары –
дерекнамалық негіздің тереңіне бойлай алмаудың салдары.
Тарауда бұл мəселе бүгінгі талаптарға сай деңгейде шешімін
тапқан. Тарауды жазған – Қ.Мəдібаева.
Бесінші тарау Абай шығармашылығын оқу мен оқытудың,
білу мен түсінудің дидактикалық тетіктерін негіздеуге арналған.
Тарауды жазған – С.Жусанбаева. Тарауда пəннің мазмұны мен
мақсатын
анықтаудың, оны оқу мен оқытудың, түсіну мен
түсіндірудің дидактикалық құралдары мен тетіктері, модельдері,
негіздері қарастырылған.
«Абай ілімі: герменевтикалық аспектілері» деп аталатын
алтыншы тараудың да ғылыми жəне практикалық маңызы үлкен.
Онда Абай ілімін білудің, түсінудің жəне қолданудың теориялық
мəселелері пайымдалған. Тарауды жазған – Р.Əбдіқұлова.
Жетінші тарауды Л.Мұсалы жазған.
Онда Абай шығар-
маларының поэтикалық қырларына назар аударылады, ақынның
шығармаларындағы бернелеу мен бейнелеу өрнектері қабылдау,
түсіну, зерделеу мəселелері тұрғысынан анықталады.
Б.Даутованың зерттеуі монографиялық еңбекке сегізінші
тарау болып қосылған. Онда Абай
өлеңдеріндегі хронотоптың
қызметі мен поэтикасын білу, түсіну, бағалау мəселелері
пайымдалады.
Аталған тарауларда Абай ілімінің поэтикалық кеңістігі оны білу,
түсіну жəне қолдану тұрғысында арнайы қарастырылған. Бұл
бағыттағы ізденіс жұмыстарын жаңа деңгейде жалғастырудың
өзектілігі, практикалық маңызы зор.
Монографияның соңында қосымшалар берілген:
5
«Абaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» (ХХХVІ-L томдaр) сериялық
басылымының қысқaшa сипaттaмaсы,
мaзмұны қaмтылғaн библио-
грaфиялық aнықтaмaлық;
«Абaйтaну антологиясы
/ Бас редакторы Ж.Қ. Түймебаев
(Алматы: Қазақ университеті, 2021. – І-Х томдaр)
сериялық басы-
лымының қысқaшa сипaттaмaсы, мaзмұны қaмтылғaн библиогрa-
фиялық aнықтaмaлық.
Библиографиялық анықтамаларды Б. Даутова дайындаған.
Жоба орындаушыларының сегіз тараудан тұратын «Абайдың
таксономиясы» атты монографиясында Абай ілімінің бүгінгі күнгі
аса өзекті, əлеуметтік маңызы зор іргелі ғылыми мəселесі заманауи
талаптарға сай жоғары методологиялық деңгейде шешілген.
Достарыңызбен бөлісу: