Таксономиясы білу, түсіну және қолдану



Pdf көрінісі
бет60/94
Дата05.03.2024
өлшемі2.92 Mb.
#494407
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Абайдың-таксономиясы

бейнелеу. Бір нəрседе болмайтын күйді екінші нəрседе 
болатын күйді көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады. 
...көшкенде көштің көркі, көгершінім (Шернияз); б) 
бернелеу. 
Бір нəрсенің, көбінесе, адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші 
бір нəрсенің мысалында көрсетіп айту бернелеу болады», − деп 
анықтайды [1, 158-161].
Біздің зерттеуіміз үшін маңызды да қызықты болатын тұсы 
− А.Байтұрсынов тек бернелеудің өзін ғана айтып қоймай, оның 
бейнелеумен арақатысына да мəн бергендігі. Ғалым осы екі 
тəсілдің байланысын былайша көрсетеді: «Бейнелеу берне-
леумен арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі ұқсас нəрсенің 
бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда 
бернелеуге айналып кетеді» деп көрсетіп, оны мынадай нақты 
мысалмен дəлелдейді. «Мағжанның «Шын айт» деген өлеңі де 
бейнелеуден ұлғайып, бернелеуге айналған сөздің түрі болады. 
Бейнелеу мен бернелеудің арасындағы айырмасын мынадан 
көруге болады. Бейнелеу мысалы: 
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен, 
Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген. 
Сен − бір шам, айнала ұшқан мен – пәруана, 
Айналып, аламын деп отқа күйген.
Мұнда «мен – пəруана» дегеннен бастап, аяғына дейін 
бейнелеу (метафора − Л.М. ) болады. Бернелеу мысалы: 
Отқа ұшар 
көбелек, 
Қарамай сорлы алды-артын. 


194 
Ойыңа кіріп шықпайды,
Күйдірер деп от-жалын,
− 
болып, ұлғайтып айтқанда бүтін мысалға айналып бернелеуге 
айналады. Бұл екі мысалдың екеуінде де адамның күйінін 
көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол ұқсастығын қысқалап айт-
қанда, бейнелеу болып кетеді» [1, 158-161]. 
Міне, осылайша қазіргі тілмен айтқанда, метафора мен 
символ (
бейнелеу мен бернелеу) арасын А.Байтұрсынов өте 
тығыз байланыстырады. Метафора «ұлғайып, бүтін мысал-
ға» айналғанда символ болатындығы жөнінде маңызды тұжы-
рым жасайды. 
Ал жалпы, метафора мен символдың ұқсастығы туралы 
əдебиеттанушылар үнемі айтып келеді. Профессор Қ.Жұмалиев 
символды теңеу, метафорамен қатар ала отырып, «...теңеуде 
теңелетін нəрсе мен теңейтін нəрсенің екеуі де көз алдымызда 
тұрады. Сөз метафоралық ұғымда қолданылса, құбылысты 
көрсететін бір сөз аралығындағы жақындығы арқылы екінші 
сөзге ауыстырылады. Ал символда теңеудің бір ғана мүше-
сі болады. Сол кеңейтіліп, жеке образға айналдырылады...» [2, 127] 
деген қорытындыға келеді. Жоғарыдағы А.Байтұрсынов пен 
Қ.Жұмалиевтың пікірлері белгілі дəрежеде тоғысады. Екеуінде де, 
символдың ұғымдық-образдық өрісі кең екені (ұлғайған − А.Б., 
кеңейтілген − Қ.Ж.) баса айтылады. Жалпы, зерттеушілердің 
көбісі символға метафоралық бастау тəн екенін ескертеді. Міне, 
Абай поэзиясындағы метафора мен символды бір-бірінен 
айырмай, бірге тану қажеттігі де осыдан келіп туындайды.
Ұлы ақын өлеңге «сөз сарасы, сөз патшасы» деп аса жоғары 
баға беріп, өзіне де, өлеңіне де биік талап қойғаны белгілі. Қазақ 
өлеңінің көркемдігі мен тереңдігін арттыру мақсатында ұлы 
Абай өзінің шығармашылық қабілетін аямай жұмсаған. 
Академик М.О. Əуезов: «...Абай бірде-бір өлең жолында халық 
творчествосының қалыптасқан дəстүрлі сөз жүйесі мен ақындық 
ой-бітімін қаз-қалпында ала салмайды. Абай ауыз əдебиетіндегі 
сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тəсілдерін де тереңдетіп, 
жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір 
идеялар мен жан сезімдері жүреді.... Ол өзіне дейінгі 
дидактикалық, уағыз поэзиясының канондарын бұзды...» [3, 116] 


195 
− деп, Абай Құнанбайұлының қазақ поэзиясына əкелген 
жаңалығы мен тереңдігін атап өтеді. Ұлы ақын өз поэзиясындағы 
«жаңа ой, сезімдерді, өзгеше идеялар мен жан сезімдерін» 
жеткізуде көптеген көркемдік ізденістерге барып, сөз құбылту 
(троп) əдістерін жаңаша, өзінше пайдаланды. Сондықтан да, ақын 
«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп жар салды. Демек, ұлы 
ақынның сырлы да нұрлы, құпия да көркем əлемін жай қабылдап 
қана қоймай, түсініп, талдап, зерделеуге апаратын күрделі де 
терең танымдық қабілеттерді іске қосуға тура келеді. Ұлы Абай-
дың өлең шумақтарына жасырынған поэтикалық-философиялық 
астарды жай логикалық талдау арқылы ғана емес, түйсік пен 
көкейкөз (интуиция) арқылы, ерекше зерделілікпен қарастырған 
жөн.
Осылайша, Абай Құнанбайұлы өлеңдеріндегі бейнелеу мен 
бернелеудің (метафора мен символ) мəнін жай ғана ақылдың 
күшімен аша алмаймыз. Əрине, метафора мен символдың 
образдық табиғатын жоққа шығаруға болмайды, олар образ 
құрылымынан бөлінбейді əрі олар образға қосуға немесе бөліп 
алуға болатын қандай да бір рационалды формула емес. Себебі 
олар, əсіресе символдар заттар мен оқиғалардың жай репре-
зентациясы емес, ақын санасында пайымдалған нəтижелері 
болып қабылданады. Символдың таңба категориясына қатысты 
ерекшелігін де осы жерден іздеуге тиіс боламыз. Көркем емес 
таңбалар жүйесі үшін полисемия таңбаның рационалды 
қызметіне зиян келтіретін кедергі ғана болса, символ мазмұнды 
болған сайын көп мағыналы бола түседі. Метафора символға 
ұласатын болса, символ тұтас мəтін шеңберінен асып кетеді 
немесе мəтін кеңістігін шексіз мəн-мазмұнға дейін кеңейтеді. 
Осындай күрделі де қызықты көркемді құбылыстарды тану 
үдерісі де оңай болмақ емес, ол оқырманнан үлкен дайындықты 
талап етеді, Образдық табиғаты күрделі болып келетін көркемдік 
категорияларды тану да оңай болмайды. Оқырман алғашқы 
қабылдаудан терең түсініп зерделеуге дейін ұзақ жолдан өтуі 
тиіс, болмаса негізгі мəніне жете алмай, орта жолда қалады. Жай 
ғана түсіну емес, ұғынып, көкейге тоқу, зерделеу, қайта 
жаңғырту, сабақ алу, қолдану сияқты ақыл-ой операциялары іске 
аспақ. Қазақтың данышпан ойшылы, əлемдік ой-таным биігіне 
көтерілген Абай Құнанбайұлының туындыларындағы бейнелеу 


196 
мен бернелеу тəсіліне құрылған астарлы да терең мəнді образ-
дарды табу мен тану үдерісі де аса жоғары талғам мен танымды 
талап етеді. 
Зерттеушілердің пайымдауынша, көркем туындыдағы 
метафора мен символды қабылдау жəне пайымдау кезеңдері 
келесі сатыларға бөлінеді: 
1) алдымен, сезімдік (сенсорлық) қабылдау;
2) содан соң қосымша мəн-мағыналармен интеллектуалдық 
тұрғыдан толыға түсуі. Образ одан ары толығатындай қосымша 
мағыналар туындаса ғана ол символ болады. Символды 
сөзжұмбақ шешкен тəсілдермен ашуға болмайды, онда символ 
мəні тарылып кетеді. 
Абай шығармаларындағы бейнелеу мен бернелеуді 
қабылдау, түсіну деңгейлерінен соң зерделеу (интерпретация) 
сатысы басталады. Бейнелеу мен бернелеу интерпретациясының 
диалогтық сипаты бар жəне ол субъективизмге де, объективизмге 
де қарсы тұрады əрі екеуін біріктіре отырып оқырман санасында 
іске асады. 
Метефора мен символдың бұрыннан белгілі мағыналарын: 
бəріне таныс, күнделікті мағынасын, мифпен астасып кететін 
аллегориялық мағынасын, түсіндіруге келмейтін, рухани, киелі 
болмысқа жақын мистикалық мағыналарын ескеретін бол-
сақ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет