Таланттар


КРЕМЛЬДЕ НАМАЗ ОҚЫҒАН КІСІ



бет47/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151
Таланттар

КРЕМЛЬДЕ НАМАЗ ОҚЫҒАН КІСІ

Жамбылды қазақ жырының алыбы деп келдік. Өлеңдерінде партияны, Сталинді мақтайды. Қазір оларды жоққа шығарып отырған заманда ақынға ендігі көзқарасымыз қандай болуы керек? (Студент сұрағы)


– Жәкең жасында тентек болған деседі. Қазанда асылып жатқан еттің ең ірі сүйегін іліп әкетеді екен. Әдейі істейді. Жеңгелері қой деуге батпай, «бұл тентекке тимеңдер», – дейді екен.
Баяғыда Ұзынағаш жағына алғаш орыстар көшіп келгенде, жергілікті елге қоқан-лоққы көрсете беріпті. Жалғыз-ақ «Жамбыл келе жатыр!» – дегенде, бәрі үйіне тығылып қалады екен. Келген күйінше ат үстінен қаптаулы бидайды өңгеріп кете берген. Қарулы кісі болған, жігіттікте қарсы кездескен жолбарыстан сескенбей, өлтіріп алып келген дейді.
Жәкеңнің өткірлігі емес пе: «Өмірі кісіден жүрегім қайтып көрген жоқ, жалғыз-ақ Сұраншы батырдың көзінен сескендім. Содан кейін, енеңді ұрайын, мына Стәліннің де түсі суық екен», – депті. Сөйткен Сталиннің қабылдауына барғанда, намазының уақыты болып қалған соң, жайнамазын жайып жіберіп, Кремльде намаз оқыған адам – Жамбыл. Сондықтан өлеңінде партияны, Сталинді мақтаса, қорқып айтқан жоқ, соған өзі сеніп айтты.
Жәкеңнің тұсында Жетісу жерінде бірінен-бірі озық, таланттар көп болды. Кебісіне кепе қозы көлеңкелеген Алакүшік деген алып кісі беріде отызыншы жылдары қайтыс болған. Әрі палуан, әрі ақын Мақышты «қанша айтса да, бір айтқанын қайталамайды», – деп, Жәкеңнің өзі бағалаған. Жәкеңнің баласы Тезекбай ата: «Тәтем (Жамбыл) Мақышпен сабаласып ойнап, әзілдесіп отырушы еді», – дейтін. Құлан аян Құлмамбетті алайық. Бұрын айтыс ақындарын тапқа бөліп бағалағандай, Құлмамбет Жәкеңнен сөз таба алмай жеңілген жоқ. Қазақтың тоқтам сөзі бар ақынға ортақ қой. Шындығы, жас Жамбылдың жүйріктігіне қызығып, қыза-қыза келгенде, домбырасының бір ішегі үзіліп кетіп, соны жалғаймын деп жатқанда, Жамбылды ертіп барған нағашысы Қанадан: «Құлмамбеттің домбырасы үзіліп кетті екен деп күтіп тұратын уақытымыз жоқ. Жеңіс – біздің баланікі!» – дейді.
Ертеден шапса, түске озған Шашубайды, Орынбай, Кененді алайық, Тоқтағұл, Нұрпейіс, Қалмырза, Өмірзақ, Саяділді салмақтайық. Әрқайсысы сом алтындай жарқыраған таланттар еді ғой. Бірақ осы таланттардың бәрі Жамбылға келгенде неге жүгінеді? Өнер адамында жағымпаздық болмайды. Олар Жәкеңді үкімет бағалаудан бұрын-ақ танып, өз арасында «ақындардың ақыны» деп бағалап қоймады ма? Бұған дәлел – Сәт ақынның 49 жастағы Жамбылды Абайдың баласы Әбдірахманға таныстыруы: «Атын естулерің бар шығар, біздің арысы Қырғыз, Жетісу, берісі Алматы, Қапалымызға аты мәлім ақынымыз, Жамбыл деген даңғылымыз осы болады!» Бұл 1895 жыл еді.
Жәкеңнің баласы Тезекбай атаның: «Тәтем «Көрұғлының» бір бұтағының өзін үш сағат жырлаушы еді», – дегені есімде. Бас-аяғын он бес күн айтатын болған. «Сейфүлмәлік», «Тотынама» сияқты шығыс дастандарын таңнан-таңға айтқан. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» сынды жырларды төккен. Осының бәрін түгендеген ешкім болған жок. Бұл жағынан қырғыз бауырлардың сол бір күйіп тұрған заманның өзінде нағыз манасшылардың аузынан «Манасты» жазып алып қалған ыждағаттылығына сүйсінесің. Төңкеріске дейінгі жарты ғасырдағы көл-көсір жырларын жинақтап қала алмаған салғырттығымызға Жамбыл кінәлі ме? Кеңес қоғамы партияны дәріптеуден басқа өлеңді керек етпеді. Ақынды да «партиялық істің бұрандасы мен тетігіне» айналдырып алды. Сонда да болса ақыннның әр өлеңінде ұлы дарынның ұшқыны жатыр. Кезінде «Жамбыл шығарған өлеңді біз де шығармаймыз ба?» деген пендешілік те болған шығар. Төле би айтыпты дейді: «Бидің айтқанын құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ», – деп. Жамбыл жырлаған тақырыпты хал-қадарынша әркім де жырлаған болар, әйткенмен сол сөздердің салмағына Жамбыл ғана лайық болып тұрса қайтесіз.
Ауыл ақсақалдарының айтуында мынандай бір әңгіме бар: Жәкеңмен тұстас бір ақын (атын айтпайық): «Жамбыл шығарған өлеңді біз де шығармаймыз ба?» – деп сыртынан айтып қалыпты. Бір жиында кез келген Жәкең: «Ақын болсаң, менің айтқан өлеңімді өзіме қайта айтып берші!» – дейді. Домбырасын қолына алып, жыр тізгінін жібереді. Тыңдап отырған акын бір қызарып, бір бозарып, бір кезде үйден шыға жөнеліпті. Сонда Жәкең ренжіп: «Әй, бұл шіркіннен түк шықпас», – деген екен. Жәкең ол ақыннан айтқан өлеңін жатқа қайталауды сұраған жоқ, ежелгі ақындық дәстүр бойынша, естігенін өзінше жырлап беруін күтті.
Кеңес заманы Жамбылдың өмір тарихын да қазақи тамырдан бөлектеп әкетіп, төңкеріс идеалына бейімдеп жазуды талап етті. Төңкеріс болысымен айы туып, күні шыға қалғандай етіп көрсетуге тырысты. Ал, шындығында, төңкерістің аласапыраны мен асыра сілтеу, этноцидтік аштық-жалаңаштықтың тауқыметін бастан өткізіп, жан сақтаудың жолында тоз-тоз болғандардың бірі – Жамбыл әулеті еді. Ата-бабасында батырлық та бар, байлық та бар, бір ағасы Қажы болған Жамбыл әулетінің керегесі отаршылдық қыспақтың нәтижесінде беріде ғана қусырыла бастаған. Байдың тұқымы болғандықтан қудалауға түсуден сақтаған өнері ғана. Өйткені жаңа өкіметке қалың ел сыйлаған өнерпаздардың дуалы аузымен өзін куаттату ауадай қажет болды. Оларды көтермелеп, алдау мен сендіру арқылы керегін жырлатты. «Бақытты өмір – тек бізде!» – деп сенген ақындар ғана ма еді?
Жамбыл тұқымдарының 32 жылғы ашаршылық жылдарындағы қиын тағдырын мына бір қолжазбадан оқып көруге болады. Оны жазған адам – қиялдан қосуды меңгермеген қарапайым ғана кісі. Көзімен көргенін, сезгенін баяндаған да қойған. Жәкеңнің Момын деген үлкен бәйбішесінен Қожамберді, Қожаш, Күнтай деген ұл-қыздары болған. Соның Қожамбердісінің баласы, яғни ақынның немересі Атагелдінің қолынан шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет