Таланттар



бет55/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151
Таланттар

СТУДЕНТТІ САҒЫНУ

Ол күні қай бөлмеде жиналатынымызды студенттердің өзі келісіп қояды. Қыздар күнделікті киімін былай қойып, қыз қылықты көйлектерін киеді. Аудиторияда қалай болса солай отыратын жігіттер шашты жатқызып, галстугін тағып келгенде, қыз қарағандай. Алыстағы Мұңғұлиядан келген Зәмзәгүл бар, үйін сағынып жүр ғой деп, арнап алып шыққан тәттімді қолына ұстатамын. Әзіл-қалжыңға жүйрік Айсұлу мен Сара бар. Әр сөзіне күлесің де отырасың. Сараның қонақ жігіттерге етік кейпіндегі күлсалғышты беріп жатып: «Мынау – екі аяғыңызға бір етік», – дегенін ұмыта алмаспыз.


Күліп қойып Қосай отырады. Шағын денесіне сонша кеңдіктің қалай сыятынын қайдам, қыздар әзілмен шымшылап жатса да, қызара күліп отыра береді. Жұмыстың ауырын, жауапкершіліктің үлкенін өз мойнына жүктеуді міндет санайтын адамның өзі. Үй-ішінен алған жылы да момын тіршіліктің барлық кейпі осы жігіттің бойында тұр. Бес жылғы студенттік қарым-қатынастың ең бір қиын сәттерінде де сабырлылық сақтаудан танған жоқ. Естуімше, ең қатты ашуланғанда қыздарға үлкендігін алға салып: «Әй, ешкілер-ай», – депті. Чернобыльда жарылыс болғанда, алғаш көмекке барғандардың бірі болды.
Көп ұзамай, Қосай мен Қалдыгүл бірге ән салады. Бірі жіңішке, бірі жуан екі дауыс домбыраның екі ішегіндей үндеседі. Одан кейін Зояның домбырамен салған нәзік әнін естиміз. Төселген, саспай айтады. Дүйсенкүл болса, сықақ оқиды. Өнерсізі жоқ.
Бұл курспен алғаш көздескенде, әскерде болып, еңбек істеп келген естияр қыз-жігіттер екен, бөлменің місін басқандай сабырлылықпен қарсы алған. Сыртқы қалпына қарағанда, тек саясат туралы сөйлесу керек сияқты. Көзіме бір бұрышта тұрған домбыра түсті.
– Домбыраны кім тартады? – Тартатын ешкім жоқ екен, бөтен курстың бір баласы тастап кеткен болып шықты. Ешқайсысы қолына алмайтынына көз жеткен соң, өзім алып, бір-екі ауыз айттым да, қарсы алдымда көзі жанып отырған бір қызға ұсындым.
– Менің де жаңадан үйренгенімді байқап отырсың ғой, ал енді сен айт. Айтатының көзіңнен көрініп тұр, – деген соң, домбыраны ұяла қолына алды. Бұл Зоя еді.
Зоя екі-үш өлеңнен кейін өзі білетін бір балаға ұсынды. Келесі кездескенге дейін әрқайсымыз дайындалатын болып, келісіп тарастық, Жоғарғы курста өнерсіз адам қалған жоқ.
Бұл бір бақытты күндер еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет