Бала еңбегінің бағалануы. Бала еңбегін бағалауға рейтинг жүйесі қолданылады. Ол демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді. Мақсаты: бірінші орында баланың еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Рейтингі жүйесі бойынша:
1) сабаққа қатысуы; 2) даярлығы; 3) үй тапсырмасын орындауы; 4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы, ескерілуі.
«Екі» деген баға болмайды (Бірінші қосымшаға назар аударыңыз)
ТЕРЕҢДЕТІЛГЕН САБАҚТАРҒА ТҮСІНІК
«Әлем және мен» бағдарламасы (бастауышта)
Мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, заман және тарих ұғымын қалыптастыру, ел – жер – әлем, ондағы өз орнын белгілеу. Білу мен сенімділік жан дүниесін жасауға арналады. Төрт бағдарламаның басын біріктіреді:
Тілашар.
Елтану.
Әлемтану.
Әдеп.
«Тілашар»: 1-2-сыныптарда – ертегі, мысалдар, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, 3-4-сыныптарда аңыздар, Құран сүрелері арқылы ақылақ, әлеуметтік қарым-қатынас, жауыздық пен әділет ұғымы қалыптасады.
Бұл ұғымдар 5-6-сыныптарда Грек-Рим, Шығыс мифологиясын оқыту және одан жоғары сыныптарда ұлы адамдар өмірінен алынған хикаялармен таныстыру арқылы жалғасады.
«Елтану» – қазақ тарихының әліппесі;
«Әлемтану» – дүние-жаратылыс әліппесі;
«Әдеп» – ақылақ әліппесі. Адамдармен қарым-қатынас, ортадағы өз орнын белгілеудің алғышарттары.
Бастауыш сынып баласы білгеніне қарай емес, қолынан не нәрсе келгеніне қуанады. Сол себептен «Тілашар» сабағындағы сюжеттер интеграция арқылы сурет, қолөнер, театр сабақтарымен бірге жүреді. Образдың суретін салып, қолымен жасап, ойнап көреді. Осы практикалық-бейнелеу сабағында әр жеке тұлға өз дәрежесінде нәтижелерге жетуі керек.
«Ислам мәдениеті». Ислам дінін үлкен мәдениеттің көрінісі ретінде таныту. Ислам тарихымен, пайғамбарлар өміріне қатысты аңыздармен таныстыру. Құран сүрелерін талдау. Мұсылманның қырық парызын үйрету. Жекелеген сүрелерінің мән-мағынасын түсіндіре жаттату. Дінді имандылыққа тәрбиелеудің жолы ретінде оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |