«ӘДЕП»
Бірінші сынып
Мәдениетпен достасу. Сүйкімді бала қандай бала? Жақсы қасиеттермен танысу. Қарым-қатынастағы сиқырлы сөздердің құдіреті: «Кешіріңіз», «Мүмкін болса...» Мейірім. Мейірімнің достары. Жақсылық жасау.
«Тұра тұр, бәлем!» Сөз таластыру.
Сөз жекпе-жегі және қол жекпе-жегі. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
Сұлу боламын десең, таза бол. Сабын – сумен достасу.
Мырза мен Бикеш арасындағы сыйласым. Кешірімділік. Көтерме сөз. Игі тілек айту. Сүйкімді және ізетті сөйлесу.
Еркелеудің де жөні бар. Бата алу. Кішіге қамқорлық. Жүріс-тұрыстың жөнді болғаны дұрыс.
Ортада өзін-өзі ұстау. Үлкеннің сөзін орынсыз бөлмеу. Әдемі жүріп-тұру сырлары. Сурет және жазу әдемілігі. Әріппен шын дос бол. Жазу не үшін керек?
Әдемі киінген сұлу көрінеді. Киімің жараса ма? Киіміңнің түсі үйлесе ме?
Көшедегі танысыңды көріп сұқ саусақты беземеудің себебі. Дауыс көтеріп, адамды алаңдатпау. Жол ережесін сақтау.
Отбасы. Мен кімді жақсы көремін? Қалай сыйлаймын? Жақсы көргенді қалай жеткізеді?
Қонақ келді, алақай! «Қонақ кеткенше, мен құтырамын. Қонақ кеткен соң апам құтырады». Қонаққа сәлем беру, төрге шығару, құрмет көрсету.
Біз қонақтармыз. Құдайы қонақ. Арнайы қонақ. «Сыйға –сый». Сыйлық таңдау.
Қонаққа барғандағы ізеттілік әліппесі. «Қыздың жолы жіңішке».
Мақтанған дұрыс па, мақтаған дұрыс па? Ең нашар қасиет. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын!»
Пышақ, шанышқы, қасық. «Біздің орнымыз бар. Дұрыс ұстамаса, түсіп қаламыз». Сенің досың – орамал.
Дос қандай болу керек? Дос таңдау. «Шын дос шыңға шығарар».
Реніш. Өкпе. Кешірім. Реніш, өкпе – жақсылықтың жауы. «Жақсы адамның өкпесі – жібек орамал кепкенше».
Хат жаза білу – өнер. Хат – хабаршы. Хатты жаза білу – сіздің әдемілігіңізге қосылған бір ұпай.
Екінші сынып
Адамгершіліктің алтын қағидасы.
1. Аналарды сыйлау. 2. Әкелерді құрметтеу. 3. Үлкенге ізет көрсету. 4. Кішіні көтермелеу. 5. Таза, әдемі жүру. 6. Үйде, ортада өзін жақсы ұстау.
Біздің достарымыз кімдер? Ақыл, шындық, әділет, намыс, батылдық. Олар қандай кезде көмекке келеді?
Отбасындағы қарым-қатынас. Үлкен кісіге көмек бері. Тетелестің аты төбелес емес. Өзің кіші болсаң да, жүрегің үлкен болсын.
Мырза мен Бикеш. Қол жүгін көтерісу. Орайы келгенде айтылар көтерме сөздер.
Киіне білеміз бе? Қонаққа не киіп барамын? Қуыршақтың көмегі.
Дастарқан басындағы әдеп. Пышақ, шанышқы, қасық, сусын және тамақ құюға арналған ыдыстардың қойылу тәртібі. Бикешке қызмет көрсету. Тағамды төкпей-шашпай алып үйрену. Шай, кофе ішу. Лимон, қант салу тәртібі. Шай ыдыстары қалай тұрады?
Көтерме сөздердің айтылу орны, айтылу интонациясы.
«Бес нәрседен қашық болу». Жақсы мен жаманды айыра білу. Мен қандай боламын? Тест сұрақтарымен жұмыс. Кемшіліктер. Оны жою үшін тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |