Таланттар


Қазақ мәдениетін жүйелі оқыту



бет125/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151
Таланттар

1. Қазақ мәдениетін жүйелі оқыту.
Мәдениеттер күресіне қарсы қоятын ең үлкен тосқауыл – қазақ мәдениетін мектеп, балабақшадан жүйелі түрде санаға сіңіру. Мектептің жаңалығы ақпаратты күшейту немесе ағылшын тілін оқыту ғана емес, ұлттық сананы қалыптастыру болуға керек. Ұлттық дүниетанымның интеллектуалдарын шығару, шын мәніндегі ұлттық элита жасау міндеті тұр. Ресми ұлттық-мемлекеттік бағдарлама, ұлттық идеология жасалуын күтіп отырмай-ақ, жайлап тындыра беретін дүние. Оны орындауға оқу жүйесімен айналысып отырған билікті орындардың ықыласы мен түсінігі жетіп жатыр. Америкада өз тарихын балабақшадан жүрегіне құяды. Бізде Қазақстан тарихын 6-сыныптан бастайды. Адамның санасы ең кішкентай кезгі әсерлерден қалыптасады. Қазақ елі тарихының қызықты да мағыналы үзіктерін баяндайтын бастауыш пен оған дейінгі бүлдіршіндерге арналған бейнелі кітапшаларды шығаруды қолға алайық. Ресейден келіп жатқан бейнелі энциклопедиялар үлгісі бар. «Негеш» энциклопедиясының әрбір саласының өзі ондаған кітаптар туғыза алады. Қазақ тарихындағы сақ түріктері, Түрік қағанаты, ислам өркениеті, ел қорғау тақырыптарының елдік рухты оятатын тұстарына мән беріп, жаңаша көзқараспен жазуға болады.
Сондай-ақ өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын бауырластық, мейірімге, намыстылыққа тәрбиелеу жағынан қазақ әдебиетінің ежелгі нұсқаларына тең келетін дүниені табу қиын. Оны да әр түрлі кеңістік пен ұғымға лайықтап беруге болады. Алғашқы талаптар бар. Өткен жылы «Сорос» қоры арқылы мектепке арналып «Ежелгі әдебиет» атты оқулық шықты. Биыл орысша-қазақша екі тілде «Әл-Фараби» баспасынан дайындалып отыр, жарыққа шықса, пайдалы шаруа болады деген үмітіміз бар. Ежелгі әдебиет негіздерін бастауышқа да арнау қажет.
Ұлтымыздың өнер-ғылым, басқа да саладағы мақтаныштарын санаға сіңіретін кітапшалар керек. Ұлттық дүниетаным тіліміздегі сөздердің, ұғымдардың мағынасын түсіндіру арқылы да қалыптасады. Бұл жұмысты жекелеген кісілер жасап та жатыр. А.Құралұлының «Ұлттық дүниетаным» кітабы «Өнер» баспасының ғылыми-зерттеу орталығынан шықты. Ұлттық әдептен З.Ахметованың т.б. кісілердің бағдарламалары болды.
Қазақ өнерін оқытудың «Елім-ай» және А.Райымбергенов жасаған бағдарламалары бар. Ұлттық әдебиет, дүниетаным, қазақ елінің тарихы, өнері, иман әдебі – бәрін біріктіріп, «Қазақ мәдениеті» тұтас бағдарламасын жасап, бастауыштан кіргізу керек. Одан кейін балабақшаға қажеттігі өзінен-өзі туындайды. Жоғарғы сыныптарда «Ислам мәдениеті» жүргізілсе. Осыған қажетті оқу құралдарын жазуға ғалым, ұстаздарды тарту керек. Бұған Ы.Алтынсарин институты, «Рауан», «Атамұра», «Өнер» баспалары жетекшілік жұмыстар атқара алатынына көзіміз жетеді.
Қазақ мәдениеті – бүкіләлемдік мәдениетті түсіндірудің негізі болып, баланың жүрегіне сіңуі керек. Өз халқын түсінген, оның өз перзенті бола алған адам өзге мәдениетті де жақсы түсінеді, ішкі өзегі мықты болып қалыптасады, салыстыру-саралау ойлары жақсы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет