Таланттар



бет138/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151
Таланттар

«АЙНАЛАЙЫН, ТҮСІНІК...»


Адамның жан қуаттарының бірі түсінік туралы сөз қылуды ниет еткендегі мақсатымыз – кәдімгі түсінік жайындағы... ұғымымыз қандай? Түсінік деген не? Неге ол адамдардың бәрінде бірдей емес? Адамның құбылысты я айтылғанды түсінуі, түйсінуі, қабылдауы, қорытуы, ең соңында оны іске асыруы қалай жүзеге аспақ деп келетін сауалдарға жауап іздеу болатын.
Өкінішке қарай, осы орайдағы әңгімеге шақырған кісілеріміз қашқақтай берді. Тіпті, тап осыны әуелгі сөйлескен маман түстеп айтқанда, психологтің өзі «түсіндіріп» бере алмады. Біз ол жауапты жарамсыз болған соң жарияламадық. Бір байқағанымыз, жоғары я орта немесе арнаулы оқу орындарында сабақ беретін психологтер адаммен жұмыс істемейді.
Олар керекті сабағын «қырық жылғы» кітап тілімен
өткізе беретін көрінеді. Содан кейін кімге ренжиміз.
Кейбіреулердің «түсінік деген – түсінік» дейтін келемеж-жауабы да орынды сияқты. Жұмекен ақынша айтсақ, «Айналайын, түсінік... Біреулерді қор еткен, біреулерді зор еткен...»
Төменде оқытушы мен психолог пікірлерін ұсына
отырып, осы тақырыпта ой бөліскісі келетіндер болса, қуана қарсы алатындығымызды ескерткіміз келеді.
Алма Қыраубайқызы – Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің оқытушысы:
– Жалпы, кез келген лектор, кез келген мұғалімнің бірінші мәселесі, әрине, білім; интеллект өз алдына ғой. Көпшіліктің алдында жұмыс істейтін адамға және отбасында да басты мәселе – түсіністік. Адамдардың бірін-бірі түсіне білуі. Ал енді қалай түсіну керек? Баланы қалай түсіну керек? Өз айтқаныңның нәтижесі қандай, балаға түсіндіріп жеткізе аласың ба? Ол түсіне ме, оны орындай ма?
Егер аудиториямен түсіністік болмаса немесе отбасындағы, айналаңдағы адамдармен, қызметте де солай, түсіністік болмаса, сен өзіңді де көрсете алмайсың, жұртты да тани алмайсың. Және өзіңнің айтайын деген ойыңды жеріне жеткізіп түсіндіре алмайсың. Мен осыған көп мән беремін. Ол үшін адамның жан дүниесін білуің қажет. Әрбір мұғалім, тіпті ата-ана да білуі керек. Өз басым, мысалы, психология мәселесіне көңіл бөліп, сол жайындағы кітаптарды көбірек оқуға тырысамын. Алдыңда отырған студент я оқушы ол да — тірі адам. Кей мұғалімдердің қателігі осында, ол алдындағы адамға жоғарыдан қарайды. Мен не айтсам да еріктімін, қалай өткізсем де еріктімін, олар не айтсам да тыңдауға, бағынуға тиісті, қысқасы, бағынышты көзқараспен қарайды. Негізі бұл балаға кері есер етеді. Біздің қазақ балаларының жасық болуы, ойын айта алмауы, көзқарас-пікірін соңына дейін білдіре алмауының барлығы да мектептен қалыптасқан әлгіндей әміршілдік жан дүниеге байланысты.
Ал енді балаға ойын еркін айтуға мүмкіндік бермеу, олардың дәл осы сәттегі жан дүниесі қандай, соған назар аудармаудың қателігі балалардың бойынан көрініп қалады. Сондықтан мен сабағымда бала мен мұғалім тең дәрежеде деп түсінемін. Тең дәрежеде болған жағдайда екеуінің де құқы бірдей деп түсінемін. Әрине, мұғалім тәжірибелірек, білімдірек, бірақ екеуінің адам ретіндегі құқы бірдей. Баланы өзіңмен қатар қоя білу керек. Ол не ойлап тұр? Мысалы, оқушы, студент сабаққа дайындалмай келді дейік, мұғалім әдетте не істейді, оны кінәлаудан бастайды. Оның жан дүниесін түсінуден бастаса, кәнеки. Неге дайындалмай келді? Дайындалмай келсе, оның жағдайы болмаған шығар, мәселен, ол жас адам, жігітпен қыдырған шығар, қызбен қыдырған шығар. Сондай жағдай болып қалды, сол үшін оның жер-жебіріне жетудің қажеті жоқ. Оны тек солай деп түсінуіміз керек. Ал егер тұрақты түрде дайындалмай келетін болса, оның себебін анықтаса, онда да жұрттың алдында оның беделін түсіру, зеку емес, сол баланың көзіне, жанына үңілу керек. Не болды оған?
Қолыңнан келетін болса, көмек бер.
Мен әр лекциямды бастарда, сөйлеп тұрған кездерде тыңдап отырған балалардың көзіне қарағым келеді. Осылар бүгін сабаққа дайын ба? Олар қалай қабылдайын деп отыр, шаршап отыр ма? Ауа-райы әсер етті ме немесе бір үлкен іс, жағдай болып, түнімен олар ұйықтамай келді ме, осының бәріне 1-2 минут болса да көңіл бөлуге тырысамын. Содан кейін барып, егер де олар қатты шаршаңқы болса, қабылдауға бір түрлі кедергілер болса, соған қатысты әңгіме айтып жіберу керек шығар, я көңіл көтеретін бірдеңе айту керек шығар, не болмаса әңгімелесуді солардың көңіл-күйінен бастау керек шығар. Содан соң бастағанда олардың қабылдауы басқаша болады.
Оларға лекция оқыған кезде, тапсырма бергенде кей кісілер ғылыми терминдерді көп, орынды-орынсыз қолданып, қиындатып, сол арқылы өзінің білігін көрсеткісі келеді. Мен оны қолдамаймын. Қандай қиын тапсырманы да, мәселені де түсінікті етіп айтуға тырысқан жөн. Қазір бізде терминге қызығушылық басым. Плюрализм дейді, менталитет дейді, толып жатқан терминдерді қолданады. Кейде өзіміз де қолданамыз. Бірақ соны тыңдап отырған аудиторияның дайындығына қарай қолдану керек, Мүмкіндігінше, қазақы ұғымға сай айтсақ, түсінікті болмақ. Мүмкіндігінше, кез келген қиын ойды қарапайым, түсінікті етіп айтса, бала соны ұғады, түсінеді. Тапсырманы нақты беру керек. Мысалы, мұғалімнің қателігі мынада, тапсырманы неғұрлым көп берсе, соғұрлым баланы көп оқытамын, соғұрлым оның жауапкершілігін арттырам дейді. Ол қате пікір. Тапсырманы нақты, баланың дайындалуға мүмкіндігі жететіндей беру керек. Баланың сенің сабағыңнан басқа да сабақтары бар, проблемасы бар. Соның бәрін ескеріп, нақты тапсырма беруге тырысамын, дайындалу мүмкіндігін ескерем. Содан кейін тапсырманы қабылдаған уақытта сол баланың нәтижесі жаңағылардан тұрады, сенің түсіндіруіңнен, оның қабылдауынан тұрады. Тапсырма түсінікті берілсе, түсінбей қалдық деген сирек кездеседі. Түсінбей қалса, сұрауына болады, оған да мүмкіндік, еркіндік беремін.
Тағы да қайталап айтам, әр қиын сәтте баланың жан дүниесіне қараған жөн. Жалпы, бала мұғалімнің кейде аздау білгенін де кешіреді, білмей қалғанын да кешіреді. Бірақ балаға адам көзімен қарамағанды кешірмейді. Адам көзімен қарау керек. Отбасында да осы. Бәрі өмірде ұқсас. Мысалы, балаңды сен түкке тұрмайтын адам, ол менің айтқанымнан шықпауы, бәрін тыңдауға тиісті деп қарайтын болсаң, сол жерде отбасындағы рухани байланыс үзіледі. Түсіністік деген сол, айналып келгенде, адамның жан дүниесін білу, жалпы, адам ортада өмір сүрген уақытта бизнесмен болсын, саудагер болсын, мұғалім болсын, журналист болсын, ең бірінші адамның жан дүниесін ұғына алса. Бізде осы жағы көп болған жоқ. Психологиядан оқыдық, бірақ нақты ештеңе үйреткен жоқ деп айта аламын. Мысалы, біздің ұрпақтың уақыты өтіп кетті. Жаңа ұрпақ келді. Осылардың жан дүниесін түсінуіміз керек.
Тағы бір мәселе, алдыңдағы балалар сенің сөзіңді түсіну үшін сөз анық болуы керек. Мен осыған мән беремін. Сөз, дыбыс анық болуы керек. Егер сенің сөзің анық болмаса, өзіңнің айтып тұрған сөзің айналаңнан 2 метр әріге жетпейтін болса, онда балаға ұрсудан гөрі, өзіңді тәрбиелеуің қажет.
Өзіме қойып алған бірнеше шарттарым: бірінші, аудиторияның жан дүниесін білу; екінші, анық сөйлеу, тапсырманы нақты беру, олардың шамасы келетін деңгейде беру.
Міне, осыдан кейін барып, мұғалім мен бала, бала мен мұғалім өзара бір-бірін түсінеді, қабылдайды, жарқын әрекет жасай алады деп ұғынамын.
(Сұхбаттасқан – Күлпара Жұмағали)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет