Таланттар



бет139/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151
Таланттар

ӘЙЕЛ – ҚОҒАМДЫҚ КҮШ

Затым әйел болғандықтан ғана емес, халқымыздың тағдырына жаны ауыратын қоғам азаматының бірі ретінде Президент Жолдауындағы әйелдерге арналған жетінші буыны көптен қордаланған мәселенің бетін ашқан деп білемін. Әйел – үйдің ғана емес, елдің берекесі, ынтымағы. Қазір әйелдің халін көргіңіз келсе, Алматыдан – Аралға дейін пойызбен барып қайт, базар арала. Жол жағалап, шырылдап жүргендердің біразы – мұғалімдер. Әйелдердің негізгі кәсібінің бірі болып табылатын мұғалімдік мамандықтың қадірі көтерілсе, әйел жағдайы өз-өзінен қалыпқа келер еді. Бұл арқылы әрі білімді көркейтеміз. Сондықтан әйелдердің салмақты бір бөлігінің жағдайының жақсаруы үшін мұғалімдердің жағдайын жақсарту керек. Әрбір өркениетті қоғамның негізгі өзегін құрайтын орта дәулетті отбасылардың санының көбеюі де, біздің жағдайымызда, әйелдер айналысатын кәсіптің материалдық қайтарымдылығының жоғары болуында.


Қазіргі кезде жұмыссыздықтың, ішімдік, зорлық-зомбылықтың бел алуына байланысты қоғамның әлсіз бөлігі әйелдер көп зардап шегуде. Қай заманда да қыз балаға қол тигізу, әйелді зәбірлеу кешірілмес күнә болып есептелген. Оны далалық рухани мектептер арқылы бала күннен жүрекке сіңіріп отырған. «Қарындасына башпайы тиіп кетіпті, содан бір башпайы моладан шығып жатады екен», – деп, балаларға үлгі қылып отырған. Жаугершілікте жеңген елдің жеңілген елге көрсеткен қорлығының үлкені әйелін ат артына мінгізіп алып кету болған. Осындай дәстүрі мықты халқымыздың азаматтары қазірде қыздарын қорлыққа бермейді деп сенеміз. Әйелге зорлық жасаған кісінің жазасын арттыру өте орынды. Өзінен әлсізге қол жұмсаған, көшеде сөмкесін тартып әкетіп, тағы басқа зорлық түрлерін жасаған адамның қылмысы екі есе ауыр. Мұндай жағдайда суицидологиялық орталық арқылы жан дүниесі тапталған қыздарға психологиялық көмек беру де қажет.
Иә, әйелдер мәселесі арнайы көңіл бөлуге өте зәру. Сондықтан ел-елдегі жағдайды көзімен көріп, оған қолдануға болатын шаралар мен ұсыныстарды белгілеп, Парламентке жеткізіп, шешімін табу жолдарын іздестіретін арнаулы комиссия құру керек-ақ. Тіпті іскер әйелдерге берілетін несие, жағдайы төмен әйелдерге жәрдем беру, босанғаннан кейін баратын жері жоқ жас келіншектерді бес-алты айға дейін жатқызып, медициналық көмек көрсететін орталық ашу сияқты тағы басқа мәселелермен айналысуға құқы бар, қоры бар орталығы болса. Әйтпесе жиналыс өткізумен ғана айналысудың пайдасы бар ма?
Әйелдерге қатысты тағы бір үлкен мәселе – дін. Қазір қоғамымыздағы тыныштық ахуалы бәрімізді қуантады. Бірақ білдірмей жайлап келе жатқан қауіпті де көрмеу мүмкін емес.
Қазақстанда қалыптасқан іргелі діндерден тыс сырт елдерден келіп, ішімізде іріткі салып жатқан бұл ағымдардың әсері күшейе бастады. «Иегова куәгерлері», пресвитериандық топтар – христиан, баптистер, вахабистер т.б. діни ағымдарға кіріп кетіп жатқан қазақ қыздары өте көп. Оған итермелейтін себептің бірі – доллармен қызықтыру. Олардың кейбірінің гипнозды пайдаланатыны да күмән туғызбайды. «Осы жағдай сіздің елде болды ма, олармен қалай күрестіңіздер?» деп, Ришат Генш, Махмут Бей сияқты түріктің беделді ғалымдарынан сұрағанымызда, бұл жағдайдың Түркияда да болғандығын айтып, әлгі дін таратушыларды елдің ынтымағына қауіп төндіретін зиянды ағымдар ретінде мемлекет аумағынан шығарылып жіберілгендігін айтты.
Ең қауіптісі – біздің республикамыз үшін дәстүрлі емес, өзге дінді қабылдаған азаматтардың бір күні билікті орындарға келуінде. Сондықтан дәстүрлі дінімізге қысым көрсетіп жатқан діни ағымдарға байланысты тиімді заң актілерінің шығуын тездетсе деген ұсынысымыз бар.
Сөзіміздің соңында биліктің барлық буындарында әйелдердің өкілдігін арттыру қажет деген тоқтамға қосылатындығымызды айтқымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет