Таланттар



бет19/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151
Таланттар

ТӨРТ ТҮРЛІ ӘЙЕЛ

Ортағасырлық ақын Жүсіп Баласағұни үйленудің төрт түрі барын айтыпты: «Атақты әйелді алсаң, атағына телінерсің. Бай әйелді алсаң, ұстап-тұтқан затындай, меншігіне айналарсың. Сұлуды алсаң, сұлуға сенен басқа көзін тіккен көп, күйеу емес, күзетші боларсың. Ал адал жарың – атағың да, байлығың әрі сүйген сұлуың. Үшеуін де қондырғаның қолыңа, – депті.


– Қазіргі заман жігіттерінің ойы да осы, апай (Мұны айтқан Еділ).
– «Мықты» туысы бар қызды шам алып іздеп, сол арқылы жағдайын жасаған жігіттер де толып жүр арамызда (Сайлау).
– Мүмкін, бірін-бірі сүйіп қосылған шығар (Гүлжауһар. Қыз жүрегі жамандықты жолатқысы келмейді).
– Адамды өйтіп кінәлауға болмайды. Өмір талқысы кімді қандай жағдайға душар ететінін қайдан білесің? Қазір ақылды болып отырсыңдар. Он жылдан кейін осы сөздеріңде тұра алар ма екенсіндер? (Бұл – Болат. Сөз сүйектен өтті, қызарақтай бастағандар бар).
– Басқа жерді қайдам, ауылда дүниесі жоқ, ақшасы жоқ адамның сыйлы болғанын кермедім. (Тағы да Сайлау. Өзінде бір әдемі қасиет бар. Қандай бір өртеңгір қызу сөз болса да, жайбарақат алдына қарап отырып айта береді. Қорықпайды. Ондайда Сайлаудың орнында өзім болғым келіп кетеді. Үйіндегі тәрбиесінен сыйластық сезіледі).
– Өзіңнен білігі жоғары болмаса да, әкесінің мәшинесіне мініп алған құрдасыңның мұрнын көтеріп, зу етіп өте шыққанын көргенде, қорланып қаласың (Болат).
– Сендерді адам жағдайының жақсаруы неге қорқытады? Меніңше, қоғамның жақсылығы ондағы адамның жағдайының жақсы болуымен өлшенбек. Біз әбден жоқшылыққа үйренгенбіз ғой. Адамның жақсы өмірге ұмтылуы – заңдылық. Социализмді жоқшылық деп түсіндік қой. Кедейлігімізге мақтандық.
Енді әңгімеге араласпауға болмады:
– Екі мыңыншы жылдардағы әдебиетті толғандырар тақырып қандай?– деген сұраққа әдебиетшілердің не деп жауап бергенін білесіздер ме?
– Махаббат шығар.
– Әдебиеттің алдағы мақсатының бірі адамды қанағатқа тәрбиелеу екен. Қазір адамзаттың араны ашылып кетіпті. Әлемде әрқайсысы Хиросимаға тасталған бомбадан мың есе қуатты 50 мың бомба жиналыпты. Мыңдаған завод мұржасынан шыққан жылы түтін аспанда он шақырым қалың қабатқа айналған. Заводты көбейте берсе, Арктика мен Антарктиданың еру қаупі бар. Ерісе, Нұқ пайғамбар заманындағыдай тағы бір әлемет су тасқыны болмақ. «Бір үзім нан мен су болса, одан артық не керек!» – деген шығыс пәлсафасында қаншама даналық жатыр. Қазақ та бұрын баласына банкіге ақша салып қалдырмаған, өнеге, өнер тастап кеткен ғой. Сағди айтады: «Балам, о дүниеге барғанда, «Әкең кім?» – деп емес, «Қандай өнерің бар?» – деп сұрайды».
– Бірақ мен ұнатқан бір қыздың менен гөрі қалталы жігітті таңдап кететіні қиын-ау.
– Неге олай дейсің? Өз басым қалталы жігіттен гөрі қалтасыз болса да, адал жігіттер сенімді деп ойлаймын. Дүние бірде олай, бірде бұлай, қолдың кірі ғой.
– Өзі жақсы болғанмен, кедей болса, жалқаулығы бар шығар.
– Байлық деген бір сиқыркөз пәле ғой. Оның соңына түскен кісінің қалтасы қалыңдаған сайын жүрегі де қатая беретін секілді.
Бәріміз «сиқыркөз» деген сөзден сескеніп қалдық. Аяр көздерін қысып, ымдап шақырып тұрған перінің қызын көргендейміз.
– Көзімізді жұмайықшы. Алдарыңда тұрған аяр шамды көресіңдер ме? «Бақыт – байлықта» деген жазу бар онда.
Аудиториядағы үлкен-кішіміз бала бақшаның бір топ бөбегіне айналып кеткендейміз.
– Көрдік, апай, көрдік.
– Ендеше, сол шамды өшіріп, орнына басқа біреуін жағайық.
– Онда не жазу болады?
– Махаббат!
– Адамдық, адамдық!
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт», – деген қазақ ақындары білген ғой, ненің мәңгілік екенін.
Бір топ «бөбек» көзімізді ашып, бір-бірімізге жадырай қарадық. Ашудың ізі де жоқ. Алыста қалған «балалықтың ауылына» кіріп-шыққандаймыз.
Ендігі сөзім сізге арналады, қадірменді оқырман. «Жастарды өмір талабынан бұрып әкетеді екен», – дей көрмеңіз. Жағдайдың жақсы болғанын кім жек көреді дейсің? Бірақ өз сенімімде: ойлаған-баққаны тек байлық пен есеп болған адамнан басқа мамандықтың бәрі шықса да, мұғалім шықпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет