Таланттар



бет16/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151
Таланттар

БАЛАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Мектебіндегі жаңалықтарын айтқан балам: «Айтпақшы, бүгін дене шынықтырудан оқытатын апайымыз өте көңілді болды. Бізді «Ах, какие вы сегодня красивые!» – деп мақтады», деді.


– Неге? – деймін мен.
– Себебі бәріміз бірдей мәйкі-түрси киіп келдік. Есіме түсті, ата-аналар ұжымы үйден ақша алдырып, бірдей форма сатып алмақшы болып жүрген.
Балам табанда бір қулық тапқандай мырс-мырс күліп алды: «Енді бір күні мұғаліміміз: бәрің түрлеріңді бірдей қылып кел! – десе, не қыламыз?
– Мынауың бір қызық желі екен. Осыны жазып көрші, – дедім. Көп ұзамай «Шектен асқан мұғалім» деген әңгіме жазылды. Онда бір мұғалім балаларға бірінші күні: «портфеліңді бірдей қылып кел», екінші күні: «киімдеріңді бірдей қылып кел», – дейді. Балалар талабын бұлжытпай орындайды. Мұғалімнің талабы шектен асады. Келесі күні: «түрлеріңді бірдей қылып кел!» – деп бұйырады. Талапты орындай алмаған балалар қашып кетіпті.
Тәрбиенің негізгі мақсаты «стандарт» адамдар шығару болып келген оқудағы кемшілігімізге әңгіменің кейіпкерлері осылай қарсылық көрсетті. Балалар қатал тәрбиешіден қашып кетті. Өмірде де қашып кетуге мүмкіндік болса ғой.
АЙЖАН

Біздің курстағы Айжан – қайда болсын, елеусіз қала алмайтын қызымыз. Тағы бір қасиеті – жасанды бола алмайды. Жымиғанда да әдемі көрінейінші деген бір ой жоқ. Отыз тісін ақситып, асықпай кіріп келе жатады. Екі бетінің ұшы сүйкімді шұқырая қалады. Сәнденгенін де көрмейсің. Соған қоғамдық жұмыстан қолы да тимейтін болуы керек. Кей қылықтары ер бала сияқты. Ол кіріп келе жатқанда, бетіне қараған адам еріксіз күледі. Сол кейпінде: «Қайтесіңдер, барым осы ғана деген адалдық бар. Соңғы кезде аяғы ауыр болып, сабаққа кешігіп келетінді шығарып жүр. Айжан кіргенде, студенттердің назары түгел солай аударылып, ол орын тауып отырғанша, көздерімен жымия шығарып салғанына бөгет болмауға тырысамын. Сөзімді келген жерден доғарып, өзім де еріксіз қарап қаламын.


Айжан күйеуімен екеуі қаланың шет жағында жалдамалы пәтерде тұрады екен. Қолдан от жағады, суды сырттан тасиды. Сонда да қиындықтың өзін күлімсірей отырып айтады. Айжанға қатысты мына бір оқиға қайта құру заманынан бұрын болған еді:
Бір күні «Боранды бекет» туралы әңгіменің қызып жатқан кезінде Айжан айтты:
– Сендер қазір бәлкім мені кінәларсыңдар, бірақ мен шынымды айтқым келеді. Өз басым Шыңғыс Айтматов шығармаларын басқа шығармалардың бәрінен жоғары қоямын. Өмір проблемасын біз жақсы білетін жазушылардың ешқайсысы дәл осылай көрсете алған жоқ.
Аудиториядағы жиырма шақты студенттің көздері жарқ етіп Айжанға қадала қалды.
– Қалайша, ана жазушы, мына жазушы ше?
Айжанның екі беті ду етті. Сонда да берілген жоқ:
– Олар да,.. – деді.
Сол-ақ екен, бөлмеге бір шыбынды жібере салып, бәрі жабыла қуынғандай, у-шу болды да кетті.

  • Сен өзің қайдан шыққан филологсің? «Жазушының анаусы мықты ма, мынаусы мықты ма?» деп салыстыруға бола ма? Әркімнің өз жаңалығы болмаса, жазушы да жоқ.

Салқын қандылыққа жеңгізгісі келіп, күлімсірей сөйлесе де, ашу-ызасы бетіне шыққан Сәнімнің мына сөзі кімді де болса, ұялтқандай.
– Өйтіп салыстыруға болмайды, болмайды! – дейді Зиба көзілдірігі жарқ-жарқ етіп.
– Өзің біздің жазушыларды ұйықтап отырып оқыған шығарсың! – деп айқайлайды Раушат ана бұрыштан. Бүгін шаршаңқырап, үндемей отырған.
Әңгімеге Аманжол араласты. Қызымен сөйлескен әкедей кең пейілділікпен түсіндіріп жатыр.
– Айжан, бері қара. Мысалы, «Абай жолын» алайық. Ән ғой, қайталап отырғанда. Әуезовтің тіліндей тіл сирек. Одан қайталап оқыған сайын жаңалық ашасың. Соны сезінбедің бе?
– Оқыдым, оқыдым, – дейді Айжан ақсия күліп. – Бірақ ешқайсысы Айтматовты оқығандай жүрегіме жақын бола алмады, «Жан пиданы» алыңыз, ондағы көтерілген адамзатқа ортақ мәселелер басқа жазушыда жоқ.
– Ал олай болса, Авдий Каллистратовтың құдай туралы сөздеріне қалай қарайсың?
– Ұнайды. «Менің құдайым – менің өзімде» деген ойлары көңіліме жақын. Ол – адамның ар-ұяты. Анада жатақханада атеизмнен лекция оқыған кісіге де жасырмай айтқанмын. «Сенімен дұрыстап бір сөйлесу керек екен», – деген. Қайтып уақыты болмады ма, көргенім жоқ.
Қып-қызыл боп кеткен жұрт «туһ, сені-ай» дегендей, еңбектерінің еш болғанына ренжіп, Айжанды жаман пікірге тағы қия алмай, бәрі маған бұрылды. Айжанға қарасам, өз сөзіне өзі ұялғандай, төмен қарап қалыпты. Жұртқа белгілі шындықты ғана айтып тып-тыныш отыра беруіне болар еді, бірақ өйтсе, Айжан бола ма? Есіме П.Чивлистің «Бірауыздан қабылданды» атты суреті түсті: «Бір-біріне шынжырмен байланған қолдар. Бірі көтерілсе, басқалары да еріксіз көтереді». Аз үнсіздіктен соң:
– Маған Айжанның ешкімге ұқсамайтын өзіндік қалпы ұнап отыр, – дедім.
Айжан «Мені де қолдайтын кісі бар екен ғой» дегендей, басын кетерді.
Өзім Мұхтар Әуезовтің талантына тәнті адамның бірі болсам да, осылай дедім. Себебі адамның кісі болып қалыптасу жолында «Жоқ, меніңше, былай!» деген сөздің көп мәні бар. Өзіндік көзқарас осы сөзден басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет