Табандылықтанеріктің жағымсыз сапасы - қыңырлықтыайыра білуіміз керек. Қыңыр адам өзінің көзқарасының қает екенін біле тұра, өз көзқарасынан таймайды, өз пікірінде қалуғатырысады. Бұл әлсіз еріктің нәтижесі болып табылады.
Мақсатқа ұмтылушылық- алға қойған мақсатын қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі нәтижелі етіп тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Бұл ұстанған бағытына, бет
алысына, танымы мен сеніміне қалтқысыз сене білетін адамдарда жиі кездеседі. Мақсатқа ұмтылушылық- алған беттен қайтпайтын күшті ерік-жігері бар кісінің сапасы. Адамның мақсатқа ұмтылушылық қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы
неғұрлым тартымды, әрі биік болса, оның қабілет, талабы да
жоғары болады.
Тоқтамға келу- адамның өз бетімен жауапты шешімдер; қабылдау және іс-әрекетте оларды жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барумен және бірнеше баламаның біреуін таңдау қажеттілігімен байланысты күрделі жағдайда ерекше айқын көрінеді. Тоқтамға келу, сондай-ақ тез қабылданған шешім үшін батыл түрде жауапкершілікті озінеалуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын, оны тез орындай білуді білдіреді. Тоқтамға келушілік жеке тұлғаның қасиеті, еріктің жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Көптеген адамдарда бұл қасиеттер жетпей жатады. Ондай адамдар ұзақ ойланады, бірден шешімге келе алмайды, әз күші мен мүмкіншіліктеріне сенбейді, белгілі бір қалыптасқан ахуалдан қалай шығудың жолын таба алмай қиналады.
Ұстамдылық пен өзін-өзі бақылау- жеке тұлганың жағымды қасиеттерінің бірі, әр уақытта да өзін және езінің мінез-құлқын қадағалап отыру өзін-өзі бақылай білуі. Қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей алу оларды тәртіп ережелерімен талаптарына бағындыруы. Өте қиын және күрделі жағдайларда салқынқандылық таныта білуі және жағымсыз мінез-құлық әрекеттерін дер кезінде тежеп отыруы - ұстамды адамдарға тән сала. Ұстамды адам өзін-өзі бақылап, әрбір іс -әрекетіне есеп беріп отырады. Ұстамдылыққа қарама-қарсы жағымсыз ерік сапасы - ұстамсыздық. Ұстамсыздық қасиеттерді мектеп шәкірттерінің бойынан жиі кездестіреміз, ондай шәкірттер өте қозғалғыш, жағымсыз іс-әрекетке бейім тұрады. Олардың тарапынан жағымсыз қылықтар да жиі байқалады. Сондықтан даондай типтегі шәкірттер мектеп ұстаздары тарапынан ондай ерекше назар аударуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |