Танымдық психикалық үрдістер



бет3/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
стом

Адаптациядеп түйсік мүшелерінің сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады.
Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те озгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымда байқалады. Біз көп жағдайда киімнің ауырлығы мен қысымын сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түсінбейміз. Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз. Адаптация көру,температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады,ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.
Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, сонымен қатар қазіргі кезде басқа да сезім мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезім мүшелері тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігініңөзгеруін түйсінулердің өзара әрекетідеп атайды.
Сенсибилизациядеп анализаторлық және жаттығулардыңөзара әрекет ету нәтижесінде сезгіштердің (лат. «еn»іbі1і» - қазақша сезімтал мағынасында қолданылады) артуын айтады.
Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйкеорталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық қүбылыс.
Синестезия(гректің сөзі - «уnаі» tһе «і», қазақшасы - қосарласқан түйсік). Кейбір адамдардың түйсінулеріндесинестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтастүйсікке бірігуі. Синестезияның ерекше жиі кездесетін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну - шу, тон, музыкалық аккорд - көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету.
Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдері) 
Қабылдау дегеніміз- дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысалы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз түсі, иісі, түрі, температурасы және т.б. қасиеттері бар белгілі заттарды қабылдаймыз. Біз сонымен қатар заттар мен құбылыстарды кеңістік пен уақытта кабылдаймыз. Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін жекелеген заттар мен құбылыстарды ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализтік-синтездік қызметі болып табылады. Қабылдау түйсіктер сияқты, осы негізгі мүшелері бойынша көру, есту, дәм және т.б. түйсіктерге жіктеледі. Біздің өмірімізде негізгі рөлді атқаратын көру және есту қабылдаулары. Сонымен қатар аралас қабылдауларболып бөлінеді. Олардың бірдей мәні бар, біреу емес, екі немесе үш сезім мүшелері жұмыс істейді. Аралас қабылдауға мысал ретінде дыбысты кинокартинаны, теледидардынемесе операны көру-есту қабылдауын айтуға болады. Әрбір қабылдаудың құрамына түйсіктермен бірге бұрынғы тәжірибе мен қалыптасқан білім кіреді. Сонымен, қабылдау үрдісіне ес қызметі де қатысты. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Кез-келген қабылдау пікір арқылы іске асады. Мысалы: «бұл адам», «бұл кітап», «бұл үй» және т.б. Адамның қабылдауы- заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне әсер еткен жай бейнесі ғана емес, сонымен қатар бар тәжірибенің негізінде ой елегінен өткен, талқыланған бейнесі болып табылады.
Қабылдауда эмоциялық көңіл-күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдауды құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойларымен байланысты сезімдер жатады. Сондықтан да біз «көңілді» немесе «көңілсіз» пейзаж, «қайгылы шөл дала», «қуанышты», «күлімсіреуді» және т.б. қабылдаймыз. Сезімдер қабылдаудың белсенділігін арттырады. Қабылдау үрдісінде зейінерекше рөл атқарады, ол қабылдауды белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын (толықтық дәлдік және анықтылық) дамытады. Зейін сияқты қабылдау да ерікті және еріксізболып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет