Коммуникация- езара түсінісушілікке экелетін екі жақты, ақпарат алмасу процесі. Егер адамдар өзара түсінісушілікке келмесе, онда коммуникация орындалмаған болып табылады. Коммуникацияның сэтті болуы үшін адамдардың сізді түсінгені, сізді қалай қабылдағаны және мэселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыс алуы қажет.
Коммуникация - басқа адамдармен байланысты орнатып, оны сақтай білу қабілеттілігі. Қарым-қатынас жағдайын жақсы түсіну және өзара түсінушілікке жету тиімді коммуникацияның белгісг болып табылады.
Коммуникацияның кері байланысы:
стереотиптер - жеке адамдар немесе жағдайлар туральг
қалыптасқан ой-пікірлер нэтижесінде адамдарды, жағдайларды, ■
мәселелерді түсіну және объективті талдау қиын болады; ;
өзінің көзқарасына қарсы келетін пікірлерді қабылдамау, оларға қарсы болу; - адамдар арасындағы жаман қарым-қатынас нәтижесінде басқа адамды өз ойыңыздың дүрыстығына сендіре
алмау пайда болады;
басқа адамның зейіні мен қызығушылығының жоқ болуы, ондай қызығушылық адамның өзіне қажетті, маңызды ақпараттың мэнін санадан өткізу нәтижесінде пайда болады;
көптеген фактілерді елемеу, яғни қажетті фактілер аз болса да, қорытынды жасау;
өз ойын білдірудегі қателіктер, мысалы логиканың жоқ болуы, дүрыс емес сөздерді қолдану, қарым-қатынастың күрделілігі;
- қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасының дүрыс болмауы.
«Коммуникация»термині латын тілінен аударғанда «жалпы,
барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін кері байланыстыбілу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сүрақтарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компетенттілік - адамдармен керекті байланысты құРУ және үстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді.
Ортақтасу барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға тек беріліп алынбайды, алмасады. Сондықтан ортақтасудағы ақпарат алысу - тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бүл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мэселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу.
Осы міндетті шешу тұлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бүл механизмнің мэні: тұлғааралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейеді, коммуникатордан реципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына, оның тэртібіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жөнінде мэліметтер беріледі. Кері байланыс таныту мен байқау үшін белгілі бір батылдыққа ие болу керек. Кері байланыс- басқа адамды қалай қабылдағандыгы туралы, қарым-қатынас барысында қандай ойлар мен сезімдердің туғандығы туралы мәлімет беру.
Достарыңызбен бөлісу: |