Танымдық психикалық үрдістер



бет72/75
Дата15.03.2022
өлшемі149.72 Kb.
#456291
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
стом

«Кэсіби жарамдылық»дегеніміз адам еңбегінің белгілі бір
түріне жарамдылығын көрсететін психологиялық,
физиологиялық ерекшеліктерінің, оған қажетті тиісті білім, дағды икемділіктерінің жиынтығы.
Кэсіби жарамдылық - психологиялық және психофизикалық қасиеттердің, сонымен бірге арнайы білімдердің, шеберлік пен дагдылардьщ, қолайлы еңбек тиімділігінің жетістігі үшін қажетті жиынтықтар. Сонымен қатар кәсіби жарамдылық ұғымына, күрделі еңбек процесінде адамның және оның нэтижелеріне багаберу уайымына қанағаттылық кіреді.
Кэсіби жарамдылық - адам тумысынан пайда болмаган сапа, Ол нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдай барысында, ұзаққа созылған кәсіби еңбек жолында қалыптасады. Уақыт өте келе адамның жеке функционалдық жүйесі мен психикалық процесі (кәсіби қабылдау, жады, ойлау және т.б.) ғана емес, жеке тұлғасы да қалыптасады. Нақтылы қүндылық бағыттарымен, мінезімен,: қарым-қатынасының ерекшеліктерімен және т.с.с. тұлғаның әлеуметтік-кэсіби түрі қалыптасады.
Кэсіби жарамдылықты қалыптастыруға қажетті уақыт, адамның табиғи тумысынан, оның мотивациялық деңгейінен және алған дайындықтарынан (білім, шеберлік, дағды) тэуелді. Әр түрлі мамандықтарда және эр түрлі жағдайларда бұл факторлардың әрқайсысының адамның кэсіби жарамдылығының жалпы, бейнесінде түрлі меншікті салмағы болады. Яғни кэсіби жарамдылықтың қалыптасуы, эрдайым жеке процесс болып табылады. Қолайлы мерзімдерде, тіпті оның кэсіби даярлығы мен мотивациясының жоғары деңгейі бар болғанның өзінде де, адамдардың барлығы бірдей кейбір мамандықтарға ие бола бермейді. Бүл мамандықтарға кэсіби жарамдылық тек қана нақты табиғи мәліметтер кезінде қалыптаса алады.
«Кәсіби адаптация»бүл.жүмысқа жаңа түскен адамның ез ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алгашқы кезеңі ендірістік практика кезеңінде, негізгі жағы нақты жүмыс үстінде жүзеге асады. Мамандық таңдауда қазақ жастары Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) атты еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуына болады. Автор «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мүның кез-келгеніне икемділік қажет, бүл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нэрсе» - дейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет