Негізгі мазмұны тарихи әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX – xxғғ.)



бет1/6
Дата30.04.2024
өлшемі24.87 Kb.
#500162
  1   2   3   4   5   6
дәріс тақырыптары


Пәннің мазмұны

КІРІСПЕ
Пәннің мақсаты – қазақ, орыс және шетел әдебиетінің қазіргі тарихымен байланысты әдебиеттанудағы жаңа бағыттарымен таныстыру, білім жүйесін қалыптастыру.


Пәннің міндеті – жас мамандарға қазіргі әдебиеттану дамуының жалпы көрінісінен хабардар ету, әдебиеттанудың қазіргі мектептері мен бағыттарынан мәлімет беру, осы білімдерін көркем шығарманы талдауда нақты басшылыққа ала білуге үйрету.
Зерттеу обьектісіне тарихи және қазіргі әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар жатады.
Зерттеу әдісі – тарихи – типологиялық әдіс.


НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Тарихи - әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX – XXғғ.)
Әлемнің жалпы дүниетанымдық көрінісіндегі әдебиеттің ғылым ретіндегі рөлі. Әдебиеттердің өзара қарым – қатынасы күшеюінің бүкіләлемдік көрінісі. Отандық және әлемдік әдебиеттану.
19ғ. әдебиеттану әдістерінің әдеби мектептермен байланысы. Әдебиетті зерттеудің бұрынғы әдістері мен әдебиеттің қазіргі әдістері. Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер: мифологиялық, биографиялық, тарихи – салыстырмалы, мәдени – тарихи, филолгиялық, психологиялық, психоаналитикалық, әлеуметтік, әлеуметтік – тарихи.
Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері.
А. Лосев, С. Аверинцев, С. Артановский, В. Топоров, Д. Лихачев жұмыстарындағы әдебиет зерттеу әдістемелерінің теориялық негіздері. Әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізі. Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері. Адам мен әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары.
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі.
Әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қалыптасып, тууы. Сент – Бев және Брандестің биографиялық әдістері, өнер жайлы романтикалық теорияның рухты қалыптастырудағы әсері (Ш. О. Сент – Бев, «Литературно- критические портреты», т. 1-5, 1836-39). 19 ғ аяғы мен 20 ғғ басындағы шығармалардағы биографиялық әдіс пен психологиялық теориялар.
Потебняның психологиялық әдісі. Көркем шығармадағы образ теориясының біртұтастығы – А. А. Потебня. Сөздің «ішкі формасы» жайындағы Потебняның идеясы. Психологиялық мектептердің туып, қалыптасуы: В. Вундт, И. Фолкельт, Р. Мюллер – Фрейенфельс, Россияда – Потебня, Д. Н. Овсянико – Куликовский). З. Фрейдтің психоаналитикалық әдебиеттануы. К. Юнг пен оның мектебінің психоаналитикалық концепциялары.
Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ету. Модернистік және постмодернистік мектептерді XIX ғасырдағы классикалық мектептердің көшірмесі деп қарау. (А. Белый, Вяч. Иванов, А. Лосев, И. Ильин, К. Мочульский, Б. Гаспаров, В. Бычков, Л. Карасев, Деррида, Рикер, Барт). Бір рухани көзді әмбебаптау және ең жоғары деп тану (миф, құдай, сөз, тіл, қуат) – мәтінді талдау және эстетикалық акт. Көркем образ–кейіпкерді түрлі аспектілерде зерттеу және пайымдау. Көркем шығармадағы автор –адамның қатысуы. Имагология ұлттық ортада өзге ұлттық образдардың өмір сүру жүйесі және теориясы.
Қазақстан және Ресей ғалымдары еңбектерінде көркем антропология мен имагологияның көрініс табуы: (А. Потебня, М. Эпштейн, В. Палиевский, Г. Гачев, Ш. Елеукенов, К. Киреева-Канафиева, Ө. Күмісбаев, А. Жақсылықов, В. Савельева, Б. Жетпісбаева, С. Сагалович),




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет