15
3.1 Заттардың жануы және олардың өрт қауіптілігін сипаттайтын
қасиеттері
Жану
– бұл көп мөлшерде жылу бөлініп, жарқыраған жалынмен
жалғасатын, заттардың жылдам химиялық өзгеруі.
Қалыпты жағдайда жану қарқынды
тотығу немесе жанғыш заттың
атмосфералық оттегімен бірігу процесі болып табылады. Сутегі мен кейбір
металдар хлор атмосферасында, мыс – күкірт буында, магний – көмірқышқыл
газында жанып кетуі мүмкін. Сығылған ацетилен, азот хлориді,
озон және
басқалары оттексіз жарылуы мүмкін.
Жанудың өзі толық және толық емес болып 2 түрге бөлінеді. Толық –
оттегінің жеткілікті мөлшерімен жүреді және одан әрі жануға қабілетсіз
заттардың түзілуімен аяқталады. Егер оттегі жеткіліксіз болса, онда тұтанғыш
және улы өнімдер – көміртек тотығы, спирттер, альдегидтер және т.б. түзілуімен
бірге толық емес жану пайда болады.
Жалынның таралу жылдамдығына байланысты жану дефлаграциялық
(қалыпты)
жану,
жарылыс
және
детонация
болып
ажыратылады.
Дефлаграциялық жану кезінде жалын секундына бірнеше сантиметрден бірнеше
метрге дейін таралады.
Жану шектеулі кеңістікте пайда болғанда немесе газдың шығуы қиын
болғанда, жанғыш қоспаның келесі қабаттары
жылу өткізгіштікпен ғана емес,
сонымен қатар олардың адиабаталық қысылуына байланысты қысымның
жоғарылауымен де қызады. Бұл жалынның таралу жылдамдығын арттырады
және жарылысқа әкелуі мүмкін.
Жарылыс – бұл энергияның бөлінуімен және жұмысты орындауға қабілетті
сығылған газдардың пайда болуымен жүретін заттың тез өзгеруі. Жарылыс
кезіндегі жалынның жылдамдығы секундына жүздеген метрге жетеді.
Жалынның таралуын одан әрі үдете отырып, адиабаталық сығылуына
байланысты жанғыш қоспаның барлық көлемін
жану температурасына дейін
қыздыруға болады. Бұл жануды детонация деп атайды. Бұл жағдайда жалынның
таралу жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан асады (секундына мың метр).
Егер реакцияға түсетін заттар бірдей агрегаттық күйде болса, онда жану
гомогенді, ал егер әр түрлі болса және жанғыш жүйеде фазалық шекара болса,
онда оны гетерогенді деп атайды.
Өрт әдетте гетерогенді диффузиялық жанумен сипатталады, ол
атмосфералық оттегінің жану орнына диффузиясымен шектеледі. Шектелген
кеңістіктегі өрт жарылыстар мен жарылысқа әкелетін жағдайлар туғызуы
мүмкін.
Өрт – бұл
арнайы емес ошақтан жанатын, материалдық зиян келтіретін
бақыланбайтын процесс. Ол сипатталады:
- ашық от пен ұшқынның пайда болуымен;
16
- ауа және тағы басқа заттардың жоғары температурасымен,
- жану мен түтіннің улы өнімдерімен;
- оттегінің төмен концентрациясымен;
- ғимараттардың,
құрылыстардың
және
қондырғылардың
зақымдануымен;
- жарылыстардың болуымен.
Мұның бәрі адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторларға
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: