21
етеді. Өрт сөндіру жүйелері қолмен, автоматты және оператор басқаруымен іске
қосылады.
Бұл автоматты өрт сөндіру жүйесі электр жабдықтарының диагностикасы
жүзеге асырылатын бөлмеде қолданылады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кезде
жоғары кернеулі электр
жабдықтарымен жүргізілетін профилактикалық, қабылдау – тапсыру сынақтары
барысында өртті тудыратын қысқа тұйықталу болуы мүмкін.
Электр
жабдықтары су мен тұздың тікелей түсуіне қауіпті екенін ескере отырып,
автоматты өрт сөндіру жүйесі тиісті өрт сөндіргіш
заттарды қолдануы және
сенімділіктің жоғары деңгейіне ие болуы керек.
Автоматты өрт сөндіру жүйесін қолдану газды өрт сөндіру қондырғысын
пайдалануға негізделген, бұл материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Газды автоматты өрт сөндіру құрылғылары келесі заттарды пайдаланады:
көміртегінің қос тотығы;
хладон 114В(2) / тетрафтордибромэтан;
хладон 13В(1) / бромтрифторметан;
аралас көмірқышқыл – хладон құрамы;
азот;
аргон.
Автоматты өрт сөндіру жүйесі мен өрт сөндіргіштер түрі өрт қауіптілігі
мен физикалық-химиялық
қасиеттерін ескере отырып, сондай-ақ СНжЕ
бойынша бөлменің тиесілігіне байланысты таңдалады.
АСЖ келесі талаптарға сай болуы керек:
- қашықтықтан және жергілікті қосу;
- өрт дабылының функцияларын орындауға міндетті;
- АСЖ орнатылған бөлменің талаптарына сай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: