49
Қорытынды
Бұл дипломдық жобада «Алатау Жарық Компаниясы»
АҚ Диагностика
басқармасы бөлімі объектісінің өрт қауіптілігін талдау және өрттен қорғау
сипаттамасы келтірілген.
Теориялық бөлімде өрт
қауіпсіздігі туралы ұғымдар, өрт қауіпсіздігі
жүйесінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен типтері, сондай-ақ осы
құрылғылардың жұмыс принциптері келтірілген.
«Ғимараттың өрт қауіптілігін талдау реттілігі»
бөлімінде объектінің
қысқаша сипаттамасы,
оның орналасу ерекшеліктері, сонымен қатар,
қорғауға
жататын негізгі үй-жайлар, техникалық нығайтылу жағдайы зерттелген. Бұл
бөлімде автоматты өрт сөндіру және ауа баптау жүйесіне есептеулер жүргізілді.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өндіріс орнында орнатылған жүйеге кіретін
құрылғылар келтірілген және сипатталған.
Сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өндірістік учаскедегі бөлмелерден
адамдарды эвакуациялау уақыты есептелді.
«Шеберхананың табиғи және жасанды жарықтандыру жүйесін есептеу»
бөлімінде еңбекті қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі бойынша дипломдық
жобаның бөлігі болып табылады, онда өндіріс орны санитария бөлімі жағынан
сипатталып, еңбек үшін қолайлы жарық ортасын қамтамасыз ету үшін
жобаланған объектіде жарық қолданудың тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін
құрылған.
Соңғы бөлімде негізгі экономикалық көрсеткіштер есептелді.
Өндірістік
базада өрт қауіпсіздігі жүйесін құру бойынша әзірленген жобаның құны 618 355
теңгені құрайды. Осы жобаны енгізу адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай
отырып, жобаланатын объектінің өрт қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.