4
Сурет 2 - Қазақстан Республикасындағы өндірістік және тұрмыстық өрттен 2010 жылдан
2020 жылға дейінгі кезеңдегі материалдық шығын (млрд тг)
Бұл дипломдық жоба мүлікке және өндірістік базаның жұмысшыларына
зиян келтіру қаупін азайтуға бағытталған. Дипломдық жобада қарастырылған
«АЖК» АҚ-ның Диагностика басқармасының өндірістік ғимаратында мүлікті
ішінара және толық жоғалтуға және кәсіпорын қызметкерлеріне зиян келтіруге
әкелетін өртті тудыруы мүмкін көптеген факторлар бар.
Осы технологиялық
учаскенің қызметкерлері үшін кәсіпорын объектілерінде нұсқаулықтар мен
өртке қарсы жаттығулар жүргізіледі. Персонал мен мүлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде өрттің алдын алу шаралары мен өрттен қорғау жүйесі маңызды
рөл атқарады.
Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу маңызды болып табылады, өйткені ол
өртке әкелуі мүмкін тұтану көзін алып тастауды көздейді. Іс-шараларды әзірлеу
үшін сапалы тексеру жүргізу керек,
ғимараттың жоспарларымен,
жұмысшылардың жұмыс жасау тәртібімен және өрт қауіпсіздігі жүйесінен
күтілетін шаралармен танысу қажет. Әрбір үй-жайға берілген санаттаудың
дұрыстығы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарымен салыстырылады.
Өрт қауіпсіздігін талдау жабдықтың істен шығуы мүмкін жағдайларды
модельдеуді қамтиды. Өрттің
таралу сценарийлері болжанып, ықтимал
шығындарды бағалау жасалады. Орнатылған жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі
мен белгілі бір санатқа сәйкестігі тұрғысынан техникалық конструктивтілігі
зерттеледі. Бұл келесі датчиктер мен құрылғылардың
дұрыс орналасуын
тексеруді қамтиды:
түтін;
өрт;
температура;
қуатты өшіру жүйелері;
байланыс блогы;
0
1
2
3
4
5
6
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
5
басқару тақталары.
Зерттеу нысаны Розыбакиев 6 мекен-жайында орналасқан «Алатау Жарық
Компаниясы» АҚ Диагностика басқармасының
ғимаратындағы өрт кезіндегі
адамдардың қауіпсіздігі болып табылады.
Дипломдық жобалаудың мақсаты: өндірістік базадағы өрт кезінде
жазатайым оқиғаларды алдын-алу және оларды болдырмау.
Зерттеу міндеттері:
1. Алматы қаласы, Қазақстан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ
Диагностика басқармасының нысанына сипаттама беру.
2. Нысанның өртке қарсы жағдайын талдау.
3. Диагностика басқармасының ғимаратындағы өрттен қорғау жүйесіне
баға беру.
4. Шеберханалық бөлменің автоматты өрт сөндіру жүйесіне
есептеу
жүргізу.
5. Адамдарды эвакуациялау уақытын есептеу.
6. Ауаны желдету жүйесін есептеу.
7. Егер есептік мәні нормативтік мәннен асқан жағдайда өрт қатерін рұқсат
етілген деңгейге дейін келтіру үшін шаралар әзірлеу.
Зерттеу әдістері: ғимаратта өрттің таралу сценарийін модельдеу,
орнатылған жабдықтың техникалық құрылымын жұмыс қабілеттілігі
тұрғысынан зерттеу және мүмкін болатын шығындарды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: