6
1 «АЖК» АҚ Диагностикалық басқару бөліміне қатысты өрт
қауіпсіздігіне талдау жүргізу
«АЖК» АҚ әкімшілік, қызметтік және өндірістік ғимараттарына іргелес
аумақ үнемі таза ұсталуы және әр түрлі қалдықтар мен қоқыстардан жүйелі түрде
тазартылуы тиіс. Барлық ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ су көздеріне
(өрт гидранттарына, су айдындарына) өрт техникасының еркін кіруі қамтамасыз
етілуі тиіс. Өрт құралдары мен жабдығына да еркін қол жетімділік болуы керек.
Ғимараттар
мен
жолдардың
айналасындағы
өтпе
жолдарды
материалдармен және жабдықтармен үйіп тастауға тиым салынады. Барлық
аумақтың биіктігі кемінде 2 м болатын күрделі қоршауы, сондай-ақ
қолданыстағы нормаларға сәйкес жарықтандырылуы тиіс. Өрт сөндіру
машиналарының өтуіне кедергі келтіретін жолдардың немесе өтпе жолдардың
жекелеген учаскелерін жөндеу үшін жабу туралы кәсіпорынның күзетіне
хабарлау қажет. Ғимараттар арасындағы
өртке қарсы аралықтарды,
материалдарды, жабдықтарды, буып-түю ыдыстарын жинауға және автокөлік
тұрағы үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды
салу мемлекеттік өрт қадағалау органдарында алдын-ала сараптамадан өткен
жобалау құжаттамасы болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Кәсіпорын аумағында от жағуға, қоқыс пен қалдықтарды жағуға тыйым
салынады.
Шағын станциялардың ашық тарату құрылғыларының
аумағында шөпті
үнемі шабу және шығару керек. Кептірілген шөпті ашық тарату
құрылғыларының аумағында және оның жанында 100 м қашықтықта
сақталынбайды.
1.1 Диагностикалық басқару бөлімі ғимаратындағы аумақ пен
үй-жайларды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын күтіп ұстау
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның барлық ғимараттары, үй-жайлары
мен құрылыстары жанғыш қоқыстардан, өндіріс қалдықтарынан уақтылы
тазартылып, үнемі жинақы ұсталуы тиіс.
Үй-жайларды
қайта жоспарлау, олардың функционалдық мақсатын
өзгерту, жаңа технологиялық жабдықты қолдану кезінде қолданыстағы
нормативтік
құжаттардың
өртке
қарсы
талаптарын
сақтау
қажет.
Конструкциялардың отқа төзімділігінің жобалық шектерін төмендетуге және
адамдарды эвакуациялау жағдайларын нашарлатуға рұқсат етілмейді.
Эвакуациялау жолдарында жарық жарамды күйде ұсталуы тиіс.
Өндірістік,
қоймалық
мақсаттағы
үй-жайлар
мен
зертханалардың
кіреберістерінде жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаты және электр
7
қондырғыларын орнату қағидалары бойынша аймақтың сыныбы көрсетілген
тақтайшалар ілінуі тиіс.
Қабырғалар, аражабындар қалқалары әртүрлі коммуникациялармен және
кәбілдермен қиылысқан кезде барлық өту
орындары барлық қалыңдығына
жанбайтын материалдармен, ал қажет болған жағдайда – арнайы
тығыздағыштармен нығыздалуы қажет немесе жанбайтын материалдармен
мықтап бітелуі тиіс.
Шатырлы, қоймалық және басқа үй-жайлардың ағаш конструкциялары
оттан қорғау құрамымен өңделуі тиіс. Өңдеуден кейін мердігер ұйым жұмыс
жүргізу туралы акт жасауы тиіс. Өңдеудің (сіңірудің)
қолданылу мерзімі
өткеннен кейін және оттан қорғау қасиеттері жоғалған немесе нашарлаған
жағдайда өңдеуді қайталау қажет.
«АЖК» АҚ өндірістік, қосалқы және әкімшілік ғимараттарында тыйым
салынады:
- эвакуациялау жолдары мен баспалдақ марштарын жабдықпен,
материалдармен және басқа да заттармен үймелеуге;
- бензинді, керосинді және басқа да
тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтарды қолданып үй-жайларды жинауға;
- егер бұл өндірістік технологиясы бойынша талап етілмесе,
электржылытқыш аспаптарды, ал жұмыс аяқталғаннан кейін электр желісіне
қосылған аппараттар мен қондырғыларды тұрақты қадағалаусыз қалдыруға,
сондай-ақ электр плиталарын пайдалануға;
- қызметтік үй-жайлар мен кабинеттердің қабырғаларын оттан қорғау
құрамымен сіңірілмеген жаңғыш әрлеу материалдарымен немесе маталармен
қаптауға;
- қатып қалған су құбырларын дәнекерлеу шамдарымен немесе басқа
тәсілмен ашық отты пайдалана отырып жылыту;
-
ғимараттардың шатырларын, жертөле үй-жайларын өндірістік үй-
жай ретінде, сондай-ақ материалдарды, жабдықтарды, тез тұтанатын және
жанғыш сұйықтықтарды сақтау үшін пайдалану.
Шатыр бөлмелері үнемі құлыптаулы болуы керек, ал кілттер тәуліктің кез
келген уақытында алуға болатын белгілі бір жерде сақталуы керек. Есіктерде
кілттердің орналасқан жері туралы жазба болуы тиіс. Шатыр үй-жайлары мен
қабаттағы терезелер шыныланады.
Пайдаланылған
майланған
сүрту
материалдары
қақпағы
бар
сыйымдылығы 0,5 текше метрден аспайтын арнайы металл жәшіктерге салынып,
жұмыстан кейін кәдеге жарату үшін үй-жайлардан шығарылады.
Темекі шегуге арнайы бөлінген және қоқыс жәшіктері мен суы бар
ыдыстармен жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі. Бұл жерлерде «темекі
шегуге арналған орын» деген жазуы бар тақтайшалар ілінеді.
Екі және одан да көп қабатты ғимараттар мен құрылыстарда қабатта 25
және одан да көп адам болған жағдайда адамдарды эвакуациалаудың әзірленген
және көрнекті орындарға ілінген жоспарлары болады. Тұрақты емес жерлерде
8
жүргізілетін дәнекерлеу және басқа да отпен жүргізілетін
жұмыстарды тек
наряд-рұқсат бойынша орындау қажет.
Қоймаларда (үй-жайларда) әртүрлі заттар мен материалдарды сақтау
кезінде олардың өздігінен жануға, тотығуға, ылғал түскен кезде тұтануға, ауамен
өзара әрекеттесуге, үйлесімділікке және т.б. қабілеттілігі, сондай-ақ заттардың
сөндіргішінің біртектілік белгілері ескеріледі. Терезелерде торлар болған
жағдайда олар құрал-саймандарды қолданбай үй-жайдың ішінен оңай алынуы
тиіс. Желдету жүйелері оларды орнату шарттары мен жобалық талаптарға жауап
беретін техникалық жарамды күйде ұсталады.
Өртті анықтау қондырғылары мен сигнал берудің арнайы технологиялық
құрылғылары өртті уақтылы анықтауды және ол туралы персоналға дұрыс
ақпаратты беруді қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасы қондырғыларын жұмысқа
ұдайы әзірлікте ұстау үшін оларға тұрақты техникалық қызмет көрсету және
арнайы журналға жаза отырып, қажетті жөндеу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: