Қазақ кітабының жанашыры
Біз қозғайтын әңгіме келесі кезекте Әбіш Жиреншиннің Қазақ Кітаптары Тарихынан кітабы.1971-жылы Қазақстан баспасынан жарық көрген зерттеу туындысы. Туындығы толықтай тоқталып, кішкене зерттеу жүргізуді жөн көрдім.
Бірінші бөлімде Жазулар Тарихынан деп аталып, Әбіш Жиреншин кітапта: Біз бұл жерде жазуға дейінгі белгі таңбалардың нұсқалары, қалай шыққанын сөз етпейміз. Тек қазақ кітаптары көптен басылған – араб, латын, алфавиттері жайлы сөз етеміз, деп жазады. Онда араб, орыс, көне грек алфавит жазуларының әрқайсына жеке сипаттама беріп, тоқталып өтеді. Орыс графикасынан кқшу жайлы біршама деректер айтылып, тарих қозғалады. Тарихта қалған суреттерді де көрсете білген. Қазақ Халқының Россияға Қосылғаннан Кейінгі Материалдық, Саяси-Әлеуметтік және Рухани Хал-Жағдайы тарауында қазақ халқының патша үкіметінің қол астында өмір сүргені жайлы ғана емес, соло кездегі ел ішіндегі ахуалды, елдің ендігі қалай бұл жолдан шығатындығы, сол уақытта еліміздің алдында тұрған басты мәселенің бірі- экономикасының артта қалып қалмасынан гөрі, даласы отырықшылығынан көшпелі өмір, сауаттылығынан қараңғылығының басым болуы еді. Осындай жағдайда мал бағумен өмір сүру ендігі жерде материалдық тұрмыстың тұрақты негізі бола алмағаны бәрімізге де айқын. Мұнда қазақ елінің тарихы қозғалып қана қоймай басты тақырып баспаға, библографияға, қазақ кітаптарының тарихына арналған. Сол кезеңдегі Қазақ баспа кітабының тарихына, Кеңес үкіметіндегі қазақ баспа ісінің ахуалына толықтай тоқталып өткен. Менің ерекше есімде қалғаны осы кітапта Кәрімовтердің баспахана ашуы жайында.
Ағайынды Кәрімовтар қызметі жайында көбірек тоқталғымыз келеді, өйткені олар біріңғай жүз он бес атаулы қазақ кітаптарын басып, халыққа таратумен қатар, қазақ авторларымен үнемі байланыс жасап отырған. Бұған Қазан университетінің баспа кітапханасынан алынған архив қорының дереккөздері куә болып отыр. Бұған баспахананың алғашқы жұмысшылпрының бірі Әбдірахман Фатхулиинің берген мағлұматтары толық дәлел бола алады. Осы еңбегінде жалпы, ғалым 1800-1917 жылдар аралығында жарық көрген қазақ кітаптарына талдау жасайды.
Ғалым кітаптар тарихына шолу жасай отырып: «Ғылыми зерттеу жұмыстары саласында – қазақтардың тарихы, мемлекеттік құрылысы, байлығы, әдет-ғұрыптары мен салттары, ауыз және жазба әдебиеттері туралы көптеген материалдар жиналып, белгілі бір жүйеге келтіруге алғашқы талпыныстар жасалды. Көне ескерткіштерді іздеу, жинау, олардың мазмұнымен мәнін түсіндіру қолға алынып, баспаханалар ұйымдастырылып, алғашқы қазақ кітаптары шығарыла бастады» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |