Тапсырма: Әбіш Жиреншин


«Бекмаханов ісі» және Ә. Жиреншин



бет4/5
Дата29.02.2024
өлшемі368.74 Kb.
#493222
түріБиография
1   2   3   4   5
Жиреншин

«Бекмаханов ісі» және Ә. Жиреншин
ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы сталиндік қуғын-сүргін саясаты қазақ халқының саяси, мәдени өміріне аса зор шығын келтірді. Бұл қазақ халқының ұлттық қалыптасу үдерісіндегі, сапалық құрамындағы ең ауыр, орны толмас зардаптары еді.
Тарихшы-ғалым, академик К. Нұрпейісов 1917-1991 жылдар аралығындағы Қазақстан тарихына байланысты саяси қуғын-сүргіндер тізбегін мынандай алты кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең – 1917-1920 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезде Совет өкіметінің орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты өлке тұрғындары «ақ» пен «қызылға» бөлініп қырылысты. Олар бір-біріне «революционер» – «контрреолюционер» деген саяси айыптар тақты. Екінші кезең – 20 жылдарды, әсіресе, оның екінші жартысын қамтиды. Бұл – Совет Одағында сталиншілдік, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің нығая бастаған тұсы еді. Бұл кезде Қазақстанда Ф. Голощекиннің «Кіші Октябрь» аталған авантюристік саясатын жүзеге асыруға кіріскен уақыты. Саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі – 30-ншы жылдардың басын қамтиды. Бұл кезеңге Алаш қозғалысы жетекшілері мен қатардағы мүшелерін жаппай түрмелерге жабу мен соттау белең алды. Саяси репрессияның төртінші кезеңі – 1937-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі қуғын-сүргін «халық жауларымен» және «социалистік отанына сатқындық жасағандармен күресу» деген ұрандардың аясында жүргізілді. Бесінші кезең – 40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдарды қамтиды. Бұл кездегі саяси қуғын-сүргіндердің тоқпағы алдымен тағы да интеллигенцияға қарсы бағытталып, елдің зиялы қауымын қудалау және жәбірлеу буржуазияшыл ұлтшылдар мен тексіз (отансыз) коспополиттермен деген ұраншылдықтың аясында жүргізілді. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің алтыншы кезеңі – 1986 жылы желтоқсанда Алматыда және еліміздің басқа қалаларында ұлт-азаттық мәніне ие болған көтерілісті және оның салдарын басып-жаныштауға бағытталды.
1943 жылы маусым айында «Қазақ ССР тарихы» жарық көрді. Оны дайындауға соғыс жағдайында қоныс аударған А.М. Панкратова бастаған ресейлік ғалымдар және М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Мұстафин, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Е. Бекмаханов тәрізді қазақ зиялылары қатысты.
Кітаптың Кенесары қозғалысына байланысты тарауын Е. Бекмаханов жазды. Бұл көтеріліс патшаның отарлау саясатына қарыс бағытталған ұлт-азаттық қимыл ретінде бағаланды. Алғашқы сынақтан сәтті өтіп, Сталиндік сыйлыққа ұсынылған бұл кітап, мәселе түпкілікті шешілер кезінде, оған КСРО Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі А.И. Яковлев және тағы басқа да орыс ғалымдар қарсы шықты. «Қазақ ССР тарихының» Е. Бекмаханов жазған, яғни Кенесары туралы тарауы «орыстарға бағытталған», Кенесары көтерілісін асыра дәріптеген деген айыптар тағылып, сынға ұшырады .Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген монографиялық еңбегінде осы тарихшы Кенесарыға қатысты жазған «Қазақ ССР тарихының» екінші басылуында Кенесарыға байланысты бұрынғы көзқарасының сақталуы жағдайды шиеленістіре түсті.
Алғашқы талқылау Мәскеуде – ССРО Ғылым академиясының тарих институтында 1948 жылдың 28 ақпанында болды.
Екінші талқылау 1948 шілде айында жылы ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнография институтында жалғасын тапты. Бұл жиын 5 күнге ( шілденің 14, 15, 16, 17, 19-ы күндері) созылып, оған 20-дан астам адам қатысты.
«Бекмаханов ісіне» қатысты тарихшыны жақтап сөйлегені үшін Ә. Жиреншиннің соңына шам ала түсті. Әсіресе, оның «Абай және оның орыс достары» кітабы 1951 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде қатты сынға ұшырады [10, 147-б.]. 
Тек 1953 жылы, яғни сталиндік жүйе күйрегеннен кейін ақталып шықты.
Қазақстанның тарих ғылымы мектебі советтік кезеңде қалыптасты десек, сол мектептің көрнекті өкілдерінің қатарында Ә. Жиреншиннің есімі құрметпен аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет