тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне баяндама дайындаңыз



бет3/3
Дата14.04.2023
өлшемі19.03 Kb.
#472261
1   2   3
баяндама

Сүтті пастерлеу
Сүтті пастеризациялау дегеніміз- сүтті қайнату дәрежесіне дейін жеткізе қыздыру. Пастеризациялау барысында сүттің дәмі, иісі және қою-сұйықтығы ешбір өзгермей, ауру туғызатын көптеген микроорганизмдер жойылады. Пастеризациялау - ұзақ, қысқа және лезде болып үшке бөлінеді. Ұзақ пастеризациялағанда - сүтті 63- 65 С градусқа дейін ысытады да, осы температурада 30 минуттай ұстайды, қысқа уақытта пастеризациялағанда - сүтті 72-74 С градуста 15-20 секундтай ысытады, ал тез пастеризациялағанда - сүтті 85-87 С градуста лезде ысытып алады. Мұнда сүтті пастеризациялау тем - пературасы мен уақытын мұқият бақылап отыру керек, тек сонда ғана сүттегі зиянды микроорганизмдер жойылуға себеп болады. Сүтті пастеризациялау үшін кейіннен сүтті салқындататын арнайы жабдықты пайдаланады.


Сақтау және тасымалдау
Пастерленген сүттің технологиялық үрдісі аяқталғаннан соң ол 0 - 6°С температурада 36 сағаттан артық емес уақыт сақталады және жабық изотермиялық жағдайда тасымалдануы керек. Сүтті алыс жерлерге флягаларда немесе басқа ыдыстарда тасымалдайды, оларды транспортты цистерна деп атайды. Сүтті өңдеу өнеркәсібіне жіберер алдында фермада арнайы ыдыстарда сақтайды. Фермадан өндейтін өнеркәсіптерге сүтті флягтар, автоцистерналар, сүт құбырлары арқылы тасымалдайды. Үлкен көлемдегі (1000 литрдан көп) сүтті цистерналарда машина, темір жолдар, су транспортымен тасымалдайды. Аз көлемдегі сүтті флягаларда, жүк автокөлігімен тасымалдайды, бірақ бұл әдісті қолданғанда жұмыс көп жұмсалады. Автоцистерналар бір немесе бірнеше элипс тәрізді сфералық түптері бар секциялар. Сыртынан секциялар термоизолятормен, ағашпен, пергаментпен қапталған, оның сыртын жұқа көміртекті болатпен қапталған. Ағаш термоизоляцияланған материалын (көбіне металл немесе пенопластты) механикалық бүлінуден, ал сыртқы қабығы ылғалдан қорғайды. Автоцистерналардың сиымдылығы 1250, 2300, 3800, 5000 л болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет