тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне баяндама дайындаңыз



бет1/3
Дата14.04.2023
өлшемі19.03 Kb.
#472261
  1   2   3
баяндама


2-тапсырма. Төмендегі тақырыптардың біріне баяндама дайындаңыз (таңдау бойынша 1 тақырып).

Сүт және сүт өнімдерінің жалпы технологиясы



Сүт өндіру келесі технологиялық процестерден тұрады:

  • сүтті қабылдау және оның сапасын анықтау;

  • сүтті нормалау;

  • сүтті тазалау;

  • сүтті гомогенизациялау;

  • жылумен өңдеу (пастеризация, қайнату, стерилизация);

  • сүтті салқындату және құю;

  • сүтті маркілеу;

  • дайын өнімдім сақтау және тасымалдау.


Шикізатты қабылдау, дайындау және сапасын бағалау
Сүтті қайта өңдеу өндірістерінде сүтті қабылдау мен сапасын бағалау бекітілген ереже бойынша жүреді.Біріншіден тара инспекциясын жүргізеді. (Пломбаның тазалағымен бүтіндігін, толтыру дұрыстығын, құты қақпағы астындағы резиналы сақинаның болуын тексеру, температурасын, қышқылдылығын, майдың массалық үлесін, тығыздықты, тазалық тобын, сүттің табиғилығын, органолептикалық көрсеткіштерін, шикізат массасын). Сүтті қабылдау үшін аспалы жүк түсіретін платформаны орнатады. Ол асфальтталған транспорт келуіне ыңғайлы болуы керек. Цистерна мен флягадан қабылдау бөлмедегі сүт сақтайтын резервуарларға сүтті қотару үшін платформаны тат баспайтын болаттан жасалған шлангімен жабдықтайды. Сүт өндірісінде технологиялық өңдеу үшін МЕМСТ 13264 талаптарына сәйкес келетін сүтті қабылдайды. Осы стандарт бойынша сүтті дені сау, инфекциялық ауруы жоқ шаруашылықтардың малдарынан алады .Малда инфекциялық ауруы бар сүтті ветеринарлы заңдылықпен тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді.

Сүт өнімдерін өңдеу үшін жіберілмейтін сүт шикізаты:

  • МЕМСТ 13264-88 талаптарын қанағаттандырмаса;

  • сиыр туғаннан кейін бірінші жеті күнде алынған сүт (уыз сүт) және соңғы жеті күнде сауылған сүт;

  • бейтараптандыратын және консервілейтін заттар қосылса;

  • мұнай өнімі және химикат иісі болса;

  • өсімдіктер мен малдарды қорғайтын құрамында химиялық заттардың қалдық мөлшері, сондай-ақ антибиотик және ДДТ болса;

  • ашыған, борсыған, шіріген иісті және жем шөбіне байланысты өткір исі болса (пияз, сарымсақ, жусан, күнжара, сүрлем);

  • сүттің өзіне тән қалыпты түсі өзгерсе, қабыршақ, қойыртпақ, шырышты-жабысқақ болса;

  • бруцеллез, туберкулез, аусыл, сальмонеллез аурулары бар шаруашылықтан алынған сүт болса;

  • сортталмаған, жұқпалы аурулары бар шаруашылықтан алынған жағдайда;

  • құрамында нейтралды заттар, ауыр метал, күшала (мышьяк), пестицид мөлшерінің қалдықтары болса.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет