Сүтті алғашқы механикалық өңдеу
Сүтті тазалау және салқындату ,Сүтті тазалау кезінде оны механикалық қоспалардан, сонымен бірге микроорганизмдерден тазартады, пастерлеу тиімділігін жоғарылатуға қолайлы жағдай тудырады.
Сүтті тазалау үшін механикалық дизинфекцияның екі тәсілі қолданылады- сүзу және центрифугалау. Сүтті механикалық қоспалардан тазалау үшін түрлі конструкциялы сүзгілер (пластиналы, дискілі, цилиндрлік) арналады. Сүзгіш материалдарды (марлі, лавсанды мата, мақталы сүзгіш) үнемі ауыстырып тұру қажет. Олай етпесе сүзгіштер қажетсіз бөгде микрофлора көзіне айналады. Сүт өңдеу желісінде өндірістің үздіксіз өтуі үшін екі параллельді сүзгіш - тазалағышты орнатады. Бір сүзгіште сүзгіш матаны ауыстырған кезде, екіншісі сүзеді.
Сүт сапасы, әсіресе оның бактериологиялық көрсеткіштері оны сақтау ұзақтығы мен температурасына байланысты. Сондықтан, зауытқа қабылданған сүтті 4-6°С температураға дейін салқындатады. Егер сүтті 45°С температурада тазартылса, онда сүтті 4-6°С температураға дейін арнайы пластиналы салқындатқышта салқындатады.
Сүтті сепарирлеу- өнімді тығыздығы әртүрлі фракцияларға немесе кілегейге және майсыз сүтке сепараторда бөлу процесі.Сепаратор қондырғысында сүт табақшалар арасында жұқа қабатпен жайылады. Жеңіл бөлшектер сепарирлеу қондырғысының айналу осіне, ал ауыр бөлшектер қондырғының шетіне қарай қозғалады. Сепарирлеу сапасына сүттің температурасы, тұтқырлығы әсер етеді, сондықтан, сүттің температурасы 35-40°С болу керек.
Сүтті гомогендеу
Гомогенизация- май түйіршіктерін өте майда түйіршіктерге бөлу мақсатында механикалық өңдеу процесі. Жаңа сауылған сүтте май түйіршіктерінің мөлшері 2-18 мкм, орташа 4 мкм. Гомогенделген сүтте май түйіршіктерінің мөлшері 1-2 мкм-ге дейін болады.Сүтті гомогендеуге арнайы гомогенизаторды қолданады. Ең кең тараған түрі- клапанды гомогенизатор. Гомогенизатор- үшсатылы плунжерлі насос, тарту құбырында гомогендеу клапаны орналасқан. Плунжерлі насостың әсерінен түзілген қысыммен клапан сәл ашылып, сүт қысыммен өтеді, сонда май түйіршіктері майда бөлшектерге бөлінеді. Гомогендеу температурасы 28-36°С болу керек. Егер гомогендеу пастерлеуден кейін жүргізілсе, онда сүттің температурасы 62-63°С бол керек.Бірақ гомогендеу процесінің ең жақсы нәтижесі сүттің температурасы 60-65°С- та болады. Сүтті гомогендеу қысымы 8-15 МПа.
Достарыңызбен бөлісу: |