2010 жылға дейін 6238 білім беру ұйымы лингафон және мультимедиа кабинеттерімен қамтамасыз етілетін болады, бұл оқушылардың тіл дайындығын жақсартуға ықпал ететін болады.
Түзеу білім беру ұйымдары мүгедек балаларды оқыту үшін арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мектептен тыс ұйымдардың желісін ұлғайту балаларды қосымша бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс бос уақытында іспен шұғылдану проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің санын азайтуға көмектеседі \6\.
Кәсіптік білім беруде:
кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады;
еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік білім берудің қол жетімділігі мен беделі өседі (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыратын мектеп бітірушілердің үлесі кемінде 30%-ды құрайды);
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі шағын және орта бизнес субъектілерімен байланысы нығаяды, әлеуметтік серіктестік субъектілерінің ынтымақтастығының тиімділігі артады;
жұмыс берушiлер мен МЖБС-ның қазiргi талаптарына сәйкес келетiн жаңа оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиет, оқыту құралдары жасалады;
кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен үйлестіру қамтамасыз етіледі;
бiлiм беру процесiнде АКТ-ны қолдану кеңейеді;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатынасына дейін жеткізіледі;
жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау (мақсатты келісімшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда), кәсіптік жолын өзі таңдауына, оның ішінде жеке ісін ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесі жасалады;
техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады;
жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарының кәсіптік даярлығын бағалауды, оларға біліктілікті беру және қуаттаудың тәуелсіз жүйесі құрылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде Қазақстанның Болон процесiне қосылуына жағдай жасалатын болады.
Жоғары оқу орындарының кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын біліктілік талаптарын көтеру нәтижесінде азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі \14\.
Жыл сайын жоғары оқу орындары үшін саны 100-ге жететін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады (әрі оның 30 %-ға жуығы мемлекеттік тілде), 300–ден астам шетелдік оқу әдебиеттері, оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының пәндері және Ph.D докторлық бағдарламалары бойынша сатып алынады. Оқу әдебиеті неғұрлым басыңқы, ең алдымен техникалық, технологиялық, аграрлық, ветеринарлық және педагогикалық мамандықтарға бөлінетін болады.
Аспирантураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең-кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне (бакалавриат – магистратура - докторантура) толығымен көшу жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен қабылдау 2500-ден астам адамды құрайтын болады, Ph.D докторантурасына – 100 адам. Аккредиттелген докторлық бағдарламалары бар жетекші шетелдiк жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынаста Ph.D докторларын даярлау жөніндегі 5 жоғары оқу орнының базасында орталықтар құрылатын болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.
Мыналар:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары жаңартылады, пәндік білімнің іргелілігі, кең бейінділігі, оларды меңгеру мен қолданудың шығармашылық деңгейі қамтамасыз етіледі;
студенттердің белсенді өзіндік жұмысы, оқыту бағытын жеке таңдауы, оқитындардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы үшін жағдай қамтамасыз етіледі;
сапа менеджменті жүйесі енгізіледі, жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жағдай жасалады;
жұмыс берушілердің және басқа да әлеуметтік серіктестердің жоғары білім беру проблемаларын шешуге, оның ішінде қазіргі заманғы біліктілік талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуге, мамандар даярлауға тапсырысты түзуге, студенттердің өндірістік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз етіледі;
неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында студенттер контингентін қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;
білім беру гранттарының санын ұлғайту және студенттерді оқытуды кредиттеудің жаңа моделін жасау арқылы жоғары білімге қол жеткізу деңгейі арттырылады;
сабақтастықты күшейту, үздіксіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру және ғылыми компоненттерін, магистратураның және Ph.D докторан-тураның білім беру бағдарламаларын оңтайлы ұштастыру арқылы жоғары білікті ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың тиімділігі артады, сапасы жақсарады, мерзімі қысқаратын болады, олар жастардың ғылымға келуіне жағдай жасайды;
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға қойылатын лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу талаптарына, оның ішінде Ph.D дәрежесiне ие кадрлардың болуы мiндеттi саналатын бөлiгіне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi \23\.
Ғылыми ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа қызметшiлері лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi;
ғылым кандидаттары мен докторларының дәстүрлi дипломдарының және Ph.D дипломдарының қатар танылуына кепілдік беретін тетiк жасалады;
таңдаулы (элита) жоғары оқу орындарын дамыту үшін жағдай жасалады.
Жетекші университеттердің базасында жоғары оқу орнының оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары жұмыс жасайтын болады. Осы орталықтарда біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 10,3 мыңнан астам педагог қамтылады.
Бағдарламаның орындалуы нәтижесiнде бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасының негiздерi қаланатын болады, ол:
бiлiм берудi дамытуды ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiнің негiздерiн қалыптастыруға;
бiрыңғай көлік ортасы негiзiнде бiлiм беру объектiлері мен процестерiн тиiмдi басқару үшiн салалық ақпараттық жүйе құруға;
ауыл мектептерiн қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарында аталған мекемелердің жалпы бiлiм беру ресурстарына қол жеткізуін ұйымдастыру, жоғары бiлiктi педагог кадрларды ұтымды пайдалану, әрбiр бiлiм беру ұйымы үшiн жаңа АКТ саласында мамандарды даярлау арқылы бiлiм беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыруға;
2005 жылдың соңына дейін республика мектептерiнің 75%-ын Интернетке қосуға;
2007 жылы мектептердегi компьютерлер санын 35 оқушыға 1 компьютер арақатынасына дейін жеткізуге;
қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеуге және оқу процесiне енгізуге, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негiзгi пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыруға және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыруға;
республиканың жоғары оқу орындары мен өңірлерінде бiлiм берудiң ақпараттық ресурстар орталықтарын құруға;
барлық деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушыларын әдiстемелiк қолдау жүйесiн құруға, жаңа АКТ саласында педагог, әкiмшiлiк және инженер-техник кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүргізуге;
қашықтан оқыту технологиялары мен АКТ-ны қоса алғанда, ашық бiлiм беру саласында стандарттау жөнінде нормативтiк құжаттар базасын құруға мүмкiндiк бередi \14\.
Бiлiм беру статистикасын жетiлдiру статистикалық деректерге, білім беру сапасы туралы ақпаратқа негізделген Қазақстан Республикасында бiлiм беру мониторингiнiң жаңа жүйесiн құруға ықпал етеді.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы бағалауға, бiлiм беру сапасы мониторингiнiң ұлттық жүйесiн әзiрлеуге мүмкіндік береді. Бiлiм беру сапасын сыртқы және iшкі бағалаудың объективті құралдары жасалып, бiлiм беру ұйымдарын кезең-кезеңімен дәрежелеу енгiзiлетiн болады. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім беру жүйесінің тиімділігі туралы нақтылы ақпарат алуға, білім беруді дамыту стратегиясын жоспарлауға, жергілікті атқарушы органдардың, білімді басқару жергілікті органдарының оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыруға, білім беру процесіне қатысушыларды үздіксіз оқытуға негізделуін қамтамасыз етуге, жағымсыз нәтижелерді болдырмау жөнінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әрбiр оқу жылының нәтижелері бойынша бiлiм берудiң жай-күйі туралы ұлттық баяндама жарияланатын болады.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Сертификаттау, сапа менеджментi және консалтинг орталығы, Республикалық бiлiктiлiктi беру және қуаттау орталығы өз қызметтерiн бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |