Тарау. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар


Екiншi кезең (2008-2010 жылдар)



бет16/31
Дата28.09.2022
өлшемі0.63 Mb.
#461498
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Дип.-БІЛІМ-БЕРУ-МАЗМҰНЫНА-ҚОЙЫЛАТЫН-ТАЛАПТАР

Екiншi кезең (2008-2010 жылдар). Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру, жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталады.
Балаларға үш жастан бастап мiндеттi бiлiм беруге бiртiндеп көшу есебiнен мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейiнгi тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары:

  1. 23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы;

  2. білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі шағын орталықтар құру;

  3. мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін 380 түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу есебінен артады.

Бес жастағы балалардың 75 %-ы жақсартылған оқу-әдістемелік, кадрлық және материалдық-техникалық базасы бар “мектепалды” институтымен қамтылатын болады \19\.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы төмен отбасыларын білім беруде қолдау жүйесі балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі бағдарламалармен қамту есебінен құрылатын болады.
Орта білім беру жүйесінде:
12 жылдық орта бiлiм беруге көшу жүзеге асырылады;
нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттары әзiрленеді;
кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы жасалады;
кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны өзгереді;
техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдарының жеткілікті желісі құрылады және модельдері жетілдірілетін болады.
Дамуында ауытқулар бар балалардың бiлiм алуына, оларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау көрсетуге және олардың қоғам өміріне етене араласуына басқалармен тең жағдайлар жасалады, кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта іспен шұғылдану проблемалары шешiледi, балалардың шығармашылық мүмкiндiктерін iске асыруға жағдайлар жасалады \22\.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар және оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жоғары білікті кадрларды даярлауға толығымен көшу жүзеге асырылатын болады. Басымдықты мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарының саны артатын болады. Профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуінің орташа көрсеткіші 40%-ға жетеді. Тұтас алғанда, бұл кезеңде жоғары білім берудің желісі кеңейіп, көрсеткіштері тұрақталады.
Жоғары оқу орындарында сапа менеджментi жүйесiн, институционалдық бағаны және шетелдiк жетекші аккредиттеу агенттiктерінiң талаптары деңгейiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді енгiзумен Болон декларациясының негiзгi қағидаттарын iске асыруға және Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына сәйкестікке қол жеткізіледі.
Қазақстан PISA, TIMSS, CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберінде оқитындардың нақты жетістіктерін салыстырмалы талдауға, жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттіктердің халықаралық желілеріне қатысатын болады.
Мониторинг деректерінің, бiлiм берудің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманың, бiлiм беру ұйымдарын дәрежелеу нәтижелерінің негiзiнде түрлі кәсіптерге сұраныс, әр түрлi бiлiм беру ұйымдарында, өңірлерде білім беру қызметтерінің болуы және оның сапасы туралы қоғамды хабардар ету жүйесі құрылатын болады, білім беруді дамыту стратегиясы әзірленеді.
Біліктілікті арттыру институттары білім беруді дамыту орталықтарының мәртебесіне өтеді.
2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа жеткiзiлетiн болады.
Білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол жеткiзілетiн болады.\15\




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет