ОҚО бойынша КБД инфрақұрылымы
жалпы мәліметтер
Таблица №2
|
2006 ж.
|
2005 ж.
|
Кеден қоймаларының саны
|
2
|
2
|
Еркін қоймалар
|
-
|
-
|
УСҚ саны:
жабық типтегі
ашық типтегі
|
1
2
|
1
1
|
Уақытша сақтау орындары
|
-
|
-
|
Кеден брокерлерінің саны
|
7
«Кедентранссервис» ЖАҚ,
«Корпорация Акцепт» ЖАҚ, «Огем» ЖШС, «Нисса» ЖШС, «Терминал» ЖШС, Алашброкер, «Казвторчермет» ЖАҚ
|
2
«Кедентранссервис» ЖАҚ
«Корпорация Акцепт» ЖАҚ
|
Кедендік автоматтандырылыған ақпарат жүйесі (КААЖ) (Таможенная автоматизированная информационная система (ТАИС))
2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Комитеті Қазақстан Респуликасы Кеден қызметіне пайдалануға тәжірибе түрінде Біріңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесін (ЕАИС) енгізді, яғни бұл жүйе кедендік ресімдеу процесстерін қазіргі заманғы компьютерлік технологияларға аударуға мүмкіндік берді.
Сонымен, кедендік әкімшлік аласында жаңа сапаға және мүмкіншіліктерге ие кеден органдарының қызметіне көпдеңгейлі ақпараттық қолдау көресететін құрал пайда болды. Аталған жүйе Кеден комитетінен бастап барлық кеден қызметі бөлімдеріне дейінгі барлық процесстерді қамтиды. Бұл жйенің ерекшелігі жергілікті жерлерде жинақталған ақпараттарды орталық Кеден комитетіне жинап, бақылау, талдау, басқару, шешім қабылдау мен жаоспарлауға мүмкіндік беретіндігінде.
Әлеуметтiк және экономикалық проблемаларды шешу үшiн қажет ақпарат кез келген уақытта, кез келген нүктеде, кез келген пайдаланушыға қол жетiмдi болуы үшiн құқықтық, экономикалық, технологиялық, әлеуметтiк және кәсiптiк-бiлiм беру жағдайларын жасау жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша Бас Кеден басқармасында КААЖ бағдарламалық жүйесі негізінде 8 спутниктік байланыс станциясы, 9 жергілікті есептеу құрылымы қызмет етеді. Пайдалануға 6 радиобайланыс арналары берілген.
Енгізілген КААЖ бағдарламалық жүйесі басқарманың өзінде және ОҚО бойынша БКБ-ның 8 кеден бекеттерінде пайдаланылады: (бұл кеден бекеттері «Ст. Шымкент», «Ордабасы», «Энергетический», «Жібек-жолы», «Сарыағаш», «Шеңгелді» т/ж ст., «Шардара» және жолаушылар бөлімі.).
«Ст. Шымкент», «Ордабасы», «Энергетический» кеден бекеттері және жалаушылар бөлімі қажетті компьютерлік техникалар мен есептеу қондырғыларымен жарақтандырылған. ОҚО бойынша БКБ негізгі серверімен байланыс радиомодем байланысы көмегімен жүзеге асырылады.
«Жібек-Жолы», «Сарыағаш», «Шеңгелді», «Шардара» кеден бекеттерінде КААЖ жүйесінің бірінші кезегін жүзеге асыру мақсатында жергілікті қондарғылар, SUN Ultra 5 сервері, компьютерлер, спутниктік қондырғылар орнатылған.
Автоматтандыру және кеден статистикасы бөлімінің қызметткерлерінен серверлер мен ақпараттардың базаларына жауапты тұлғалар тағайындалған, яғни олар ОҚО бойынша КБД-ның ішкі бұйрығымен бекітілген. Кеден бекеттерінің қызметкерлеріне АРМ «Универсальный» жүйесін пайдалану туралы автоматтандыру және кеден статистикасы жауапты қызметкерлерімен әрдайым практикалық көмек көрсетіліп тұрады. Ақпараттар базаы серверімен байланыс жүргізілетін барлық жұмыстар «Сервермен жұмыс» журналында жазылып хаттамаланады.
ОҚО бойынша БКБ-ның бөлімдерімен кеден бекеттеріндегі қызметтерді автоматтандыруды жасқарту және белсендіру мақсатында, сондай-ақ ҚР МКМ КК-нің жүзеге асыру жолында, КААЖ жобасының бағдарлаушысы болып табылатын «Прайя» (Алматы) ЖШС-мен бірге АРМ «Универсальный» жүйесін пайдалануды оқыту дәрістері және онымен жұмыс жасауда кеңестер беру өткізілді, соңынан сынақ тапсырылды. ОҚО бойынша КБД-ның өткізілген сынақтардың қорытындысы негізінде құрылымдық бөлімдерде ППО АРМ «Универсальный» жұмысына жауапты қызметкерлер тағайындалды. АРМ «Универсальный» бағдарламалық өнімі жұмысына ОҚО бойынша БКБ-ның 200 қызметкері машықтандырылды.
Сонымен қатар, серверлердің қызметкерлері КААЖ пайдалану жөнінде ҚР МКМ КК-нің оқу орталығында дайындықтан өтті.
Аталған жетістіктерге қарамастан мына кеден бекеттерінде жоғарыда аталған АРМ «Универсальный» жүйесі орнатылмаған: «Абай», «Мақта-арал», «Казығұрт», «Төле би», «Түркістан». Аталған кеден бекеттерінде жеткізілімдерді 100% бақылау мақсатында ресімдеулер туралы ақпараттар тікелей ОҚО бойынша БКБ-ның автоматтандыру және кеден статистикасы бөліміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден бақылау комитетінің кәсіби программистерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы элоктронды Үкіметі» шеңберінде «Электронды кеден» бағдарламасын құрды. Осы қызметтерді қолдану ерекшелігі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өз офистерінен шықпай-ақ Кедендік Жүк Декларациясын немесе кедендік Жүк туралы мәліметтер мен ақпараттарды тиісті кеден органдарына жібере алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден бақылау комитетінің кәсіби программистерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы элоктронды Үкіметі» шеңберінде «Электронды кеден» бағдарламасын құрды. Осы қызметтерді қолдану ерекшелігі, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өз офистерінен шықпай-ақ Кедендік Жүк Декларациясын немесе кедендік Жүк туралы мәліметтер мен ақпараттарды тиісті кеден органдарына жібере алады. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кеден саясаты бойынша консультативтік кеңестің кеңейтілген мәжілісін өткізді. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша кедендік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасынан радиациялық бақылау бойынша жұмыстар жүргізді. Радиациялық бақылау негіздерін үйрену және танысу мақсатында радиациялық бақылауды жүргізуге жауапты кеден бекеттерінің лауазымды тұлғалры мен адамдарымен семинарлар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің, санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «ҚазАтомПром» ұлттық атом компаниясының мамандары мен облыстық радиациялық бақылау бөлімінің қызметкерлеріне арналған семинарлар мен тәжірибелік көмектер бір уақытта жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы аумағында автокөліктер тасымалдарын бірыңғай бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 8 қыркүйегіндегі № 1358 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің мүдделі министрліктер және ведомстволармен келісім бойынша 2004-2006 жылдарға бірыңғай бақылап өткізу пунктері құрылысының бағдарламасын бекітті. Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің негізгі бағыты – «бір аялдама» тұрпаты бойынша бір жерде бір рет барлық бақылаушы қызметкердің (шекарашылар, кеденшілер, көліктік бақылау, ветеринар және санитарлық - эпидемиологтар) бірлесіп бақылауды жүзеге асыру. Бұл «адам факторының» әсерін әдеуір төмендетуге мүмкіндік береді, сыртқы сауда ресімдерінің ашықтығын қамтамассыз етеді, бақылаушы органдар лауазымды қызметкерлерінің қызметін теріс пайдаланушылықтарын төмендетеді.
Жоғарыда аталған 2004-2006 жылдарда Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің бағдарламасына сәйкес 14 Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінің құрылысы көзделуде. 2004 жылдан бастап осындай 5 Бірыңғай бақылап өткізу пунктінің құрылысы жүргізіле бастады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдың қарсаңында Ғани Мұратбаев атындағы Бірыңғай бақылап өткізу пункті пайдалануға енгізілді, екі бағытттағы қозғалыстарды бөлу және тәуелсіз өңдеуге қатысты кедендік және шекаралық қызметттер талапқа толығымен сәйкес келеді. Аталған Бірыңғай бақылап өткізу пунктерінде кеден органдарымен бірге барлық бақылаушы органдр орналасқан (шекаралық қызметкер, көліктік бақылау комитеті, ауылшаруашылық министрлігі және денсаулық сақтау министрлігі). Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларға ыңғайлы жағдайлар жасайды, кедендік процедураларды жеңілдетеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жүктердің уақыты едәуір азаяды.
ОҚО бойынша КБД кедендік инфрақұрлымы
Достарыңызбен бөлісу: |