Формаль модель концептуалдық модельді бір немесе бірнеше
формаль тілдер (мысалы, математикалық теория тілдері, модель-
деудің əмбебап тілі (UML ) немесе алгоритмдік тілдер) көмегімен
бейнелеу болады.
Гуманитарлық ғылымдарда модельдеу үдерісі көпшілік жағдай-
ларда объектінің концептуалдық моделін құрумен аяқталады.
Жаратылыстану ғылымдарында, əдетте, объектінің формаль мо-
делін құру мүмкін болады.
Сонымен, когнитивтік, мағыналы жəне формаль модельдер мо-
дельдеудің өзара байланысқан үш деңгейін құрайды. Модельдердің
өзара қатынасы 1.4-суретте келтірілген.
Модельдеу деңгейлерінің өзара əсері модельдердің потенциал-
дық қасиетіне байланысты болады. Кез келген модельді құру
зерттеліп жатқан объект, құбылыс, үдеріс жайлы жаңа білімдердің
пайда болуымен қабаттас жүреді, ал бұл модельдеу объектісіне қа-
тысты концепциялар мен көзқарастарды қайта бағалау мен нақты-
лауға алып келеді.
24
Жоғарыда атап өткеніміздей, таңбалық модельдеудің бірі түрі –
математикалық модельдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |