Тарау. Персонал ұйымның маңызды стратегиялық дамушы ресурсы


“ ТУРКУАЗ” ТОП КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі387 Kb.
#125258
1   2   3   4

ТУРКУАЗ” ТОП КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ


Құрылымға кіретін барлық компаниялар төмендегі принциптерді ұстанады:

Жаңа идеаларды енгізу…

Командада еңбексүйгіштік және сенімділік..

Табысқа жетуде берік ниетте болу…

Өндіріс және қызмет сапасына сену…

Ауыстырылымы / жаңалықтар ашу…

Шындық / сенім…

Біліктілік және тәжірибеге көңіл бөлу…

Табысқа жететініне және көтерілетініне сену…

Компания ішінде және басқа компаниялармен


қолайлы байланыстарды сақтау…

CENTRAL ASIA TRADING (CAT) И INTERTRADING COMPANY (IMC)

Компания тұынушыларды азық-түлік және жеке гигиена тазалық құралдарымен қамтамасыз етеді.

Компанияда ең тиімді және дамыған дистрибьюторлық және маркетингтік жүйе бар. Барлық облыстарда 22 офисі ашылған және қоймалары және мерчендайзерлік тобы құрылған.

Туркуаз ішіне кіретін нарықта сапалы және пайдалы тауарлар шығаратын CAT және IMC – фирмалары “тұтынушының досы” – деген атқа ие болды. Бұл фирмалар Қазақстан Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінде жұмыс істеуде.

Компания жаңа технологияның мүмкіншіліктерін қолданады. Және қол компьтерлері мен қамтылған, көлік құралдары қызмет көрсетеді. Және 24000 точкаға жеткізеді осы көліктер арқылы.

Туркуаз компаниясымен шығарылатын өнімдердің көп түрлері нарықта алдыңғы орындарды иемденеді.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан бойынша 1000 ға жуық жұмысшылары, 22 офис арқылы тұтынушыларға қызмет етіп, азық-түлік және жеке гигиена тазалық құралдары керекті жерлеріне дейін жеткізіліп беріледі.

Барлық офистері Network Online – жүйесінде жұмыс істейтін Turkuaz Logo Unity арнайы программасы бар компьютерлермен қамтамасыз етілген.



АЗЫҚ-ТҮЛІК және МАРГАРИН МАРКАЛАРЫ – Rama – Univeler
КҮНБАҒЫС
АЗЫҚ-ТҮЛІК және МАРКАЛАР

МАЙ – Minola - Turkuaz - Gloria-Turkuaz

КОФЕ және КАКАО – Nescafe Classic, Gold-Nestle - Maccofe –Future Enterprises

ШОКОЛАД – Nestle, Nesquik, Россия – Nestle

ПЕЧЕНЬЕ – Хамле

СОРПА – Maggi – Nestle

МАЙОНЕЗ - Maggi – Nestle

КЕТЧУП және СОУСТАР – Балтимор- Балтимор

БАЛМҰЗДАҚ – Algida- Unilever

ЖЕКЕ ГИГИЕНА және ЖУҒЫШ ЗАТТАР

ШАМПУН - Sansilk, Timotei, Dove –Lever A..S


САБЫН – Dove, Lux –Lever- ASC Sabun San. A.S – Dalan- Dalan Kimya A.S.

ТІС ПАСТАСЫ – Pepsodent, Signal – Lever

КОСМЕТИКА – Rexona, Denim-Lever

ПОРОШОК және ЖУҒЫШ ЗАТТАР – Omo, Lux, Domestos-Lever
КВАНТУМ ОТОМОТИВ. Фирма мотор майларын және автомобиль аккумуляторларын көтерме сауда бағасымен сатады. Квантум Отомотив фирмасы 1994 жылдан бастап Түркия арқылы “Лада” автомобиль маркаларын импорттау арқылы өз ісін бастады. Бірақ қазір фирма автомобиль нарығынан шығып автомобиль өнімдерін көтерме бағаға сату және дистрибуциямен айналысады. Квантум отомотив фирмасы 5 мемлекетке 8 әртүрлі маркалы автомобиль акумляторларын импорттап сол нарықта алдыңғы орындарға ие болады. Басқа секторлар сияқты осы фирма жаңалықтар енгізіп алдыңғы орындарға ие болды. Украинада шығарылатын өнімдер маркасын өз атына тіркеді. Осы аккумуляторлар маркалары жоғары сапаға ие болып Туркуаз компаниясының жоғары сапалы қызметтері арқылы нарықта ең жақсы сатылатын маркалар болып табылады. Квантум отомотив тұтынушылар ортасын мотор майын сату арқылы ұлғайтуда және ол Қазақстанда ең кең дистрибьюторлық қызметтік жүйеге ие.

АВТОМОБИЛЬ АККУМЛЯТОРЛАРЫ

Мотор майлары



  • Mutlu (Турция)

  • Yusimi-Bost (О. Корея)

  • Ista (Украина)

  • Centra (Польша)

  • Fiam (Словения)

  • BP (Бельгия)

  • U – Tech (Россия)

Акумуляторлар және мотор майлары

  • Mutlu Akü ve Malzemeleri Sanayi A.Ş. (Турция)

  • BP Lubricants (Бельгия)

  • Yisimi Corparation (Южная Корея)

  • Centra S.A. Exide (Польша)

  • FIAM Corporation (Словения)

  • Ista A.O. (Украина)

ИДЕАЛ СТРОЙ. Фирма құрылыс материалдары және құрылыс секторында өз ісін атқарады. Құрылыс секторының ұлғайуы және дамуы нәтижесінде фирма керекті құрылыс материалдарын импорттау мен көтерме бөлшек сауда-саттықпен айналысады. Ең керекті маркалармен тауарларды сатумен айналысады және кең спекторлы іске ие болады. Фирманың стратегиясы үлкен емес аз ассортиментті тауарларға акцепт жасау, бірақ сол топ бойынша маркетинг пен саттықта ең алдыңғы орынға ие болу.

Құрылыс материалдар секторына жаңалықтар енгізу, тұтынушыларға түсінушілік және қызмет көрсету арқылы және тұтынушыларға сапалы тауарлар ұсыну арқылы олардың нарықтағы алатын көлемі ұлғайды. Фирма нарықтан дүкен арқылы құрылыс материалдарын сатудан басқа құрылыс секторында істейтін фирмаларға техникалық қызмет көрсету және оларға өнімдерді сату ісімен айналысады.



ЛАКТАР және БОЯУЛАР – Marshall (Туркия)

ЛАМИНАТ- Classen (Германия)

ПЕНА және СИЛИК0Н – Krimelte (Эстония)

ТЕПЛОИЗАЛИЯЦИЯ – ĺzocam (Түркия)

ҚҰРҒАҚ ҚОСПАЛАР – BPB Rigips, Tepe Knauf (Түркия)

КАФЕЛЬ және САНТЕХНИКА – Toprak (Түркия)

ЭЛЕКТР ЗАТТАРЫ – Gűnsan (Түркия)

ЕСІК ҚҰЛЫПТАРЫ және ТҰТҚАЛАРЫ – ITO (Түркия)

ЭЛЕКТР ЖЫЛЫТҚЫШТАР – Zass- Űtűsan (Түркия)

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ


  • Marshall Boyalari A.Ş. ( Акзо Нобель) (Турция)

  • Henkel (Германия)

  • Classen (Германия)

  • Krimelte OŰ (Эстония)

  • BPB Rigips (Түркия)

  • Tepe Knauf (Түркия)

  • Forbo (Голландия)

  • Toprak Seramik ve Vitrifiye (Түркия)

  • ITO (Түркия)

  • Gűnsan Elektrik MLz (Түркия)

ТУРКУАЗ ТЕЛЕКОМ. GSM – ұялы байланыс жүйесі (Global System for Mobile Communication). Бүкіл әлемдік желілікке қабылданған, ол Қазақстандағы қызметін бізбен қатар бастаған болатын. Ол адамдардың өзара байланысу мен ақпараттар алмасуында қолайлы жағдай туғызды. Еліміздегі миллиондаған адам әлеммен еркін байланысқа шығу үшін біз “ Туркуаз Телеком” фирмасын құрдық. Ол жұртқа жоғары деңгейдегі сапалық қызмет көрсету принципімен жұмыс істейді. Дәл осы қасиет оны бұл салада көш басшы болуға жеткізді. Бүгінгі таңда “Туркуаз Телеком” - әлемдегі танымал Panasonic, Samsung және Nokia телефон маркаларын трубкаларының ұсақ-түйек керек-жарақтарын сатумен де айналысады. Бүгінгі таңда “Туркуаз Телеком” компаниясының Алматы мен Астана қалаларында 5-дүкені, бүкіл Қазақстанды қамтыған мамандандырылған желісінде 53 - дүкені бар.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР және ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ



  • Matsushita Corpartion – Panasonic (Япония)

  • Samsung Electronics (Оңтүстік Корея)

  • Nokia Mobile Phones (Финляндия)

Turkuaz Edible Oil Industries. Туркуаз компаниясының ықпалымен Turkuaz Edible Oil атты азық-түлік кәсіпорын ашылды. Бұл кәсіпорын күнбағыс майын өндіреді. Алаңы 81000 м² болатын Ақтөбе облысында жалпы көлемі 8500 м² болатын жерге завод ашылды. Завод күніне 240т күнбағыс тазалап 100т жуық тазаланған дайын күнбағыс майы өндіріледі. Осы өсімдік майын тазалау үшін ALFA LAVAL атты Швейцария технологиясы қолданылады. Өнім толтыру цехында Италияда жасалған құрал жабдықтар қолданылады. Сары май өңдеу заводының қуаттылығы жылына май өндіруде 75000т жуығын құрайды. Ақтөбе және Орал облыстарында күнбағыс дәнін егуде жағдай жасалған. Осы облыстардағы ауыл шаруашылықтарының қызығушылығын тудырып, жылдық өнімді арттыру жолдары табылды.

Компанияның Қазақстан экономикасына жалпы жылдық кірісі шамамен алғанда 30 млн АҚШ долларын құрайды.

Turkuaz Edible Oil компаниясы жоғары стандарттық сапаға сай өнім өндіреді, өнім сапасының жоғары болуы Қазақстан нарығында көш басшы екенін мойындатты.

Turkuaz Edible Oil компаниясы - Minola, Altin, Dala, Dolina атты күнбағыс майларын өндіреді. Бұл күнбағыс майлары басқа майлардан көрі үлкен сұранысқа ие.

2003 жылы Turkuaz Edible Oil Industries компаниясы ең таңдаулы шетел инвесторы атағына ие болып, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атынан марапатталды.
2.2 “Туркуаз топ” компаниясының персоналдармен жұмыс істеудегі міндеттері мен қызметтері
Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімі екі сектордан тұрады: іс жүргізу секторы және персоналмен жұмыс секторы.

Персоналмен жұмыс секторы «Туркуаз» АҚ Алматы филиалы құрылымдық бөлімшей болып табылады. Сектор өз қызметінде Қ.Р- ның қолданыстағы заңнамаларын, осы ережені, «Туркуаз» АҚ мен еңбек қатынастарын реттейтін басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Сектор қызметіне басшылықты Алматы филиалының директоры қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық жүзеге асырады. Сектордың қызметіне адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары жетекшілік етеді. Осы Ережемен Секторға жүктелген міндеттер мен функцияларды анықтау мақсаттарында, Сектор Алматы филиалы мен Туркия мемлекеттік байланыс басқармасы басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым- қатынас пен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Сектордың міндеттері болып табылады:

1) Кадрлық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру, аппарат пен оның бөлімшелерін қажетті мамандықтардың және …………кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

2) Кадрларды дайындауды және қайта дайындауды жоспарлау.

3) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңға, Алматы филиалының ішкі құжаттарына, бұйрықтарына және өкімдеріне сәйкес жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру, босату жөніндегі тиісті құжаттарды саналы жүргізуді ұйымдастыру.

4) Ішкі тәртіп ережелері талаптарының орындалуын, еңбек ережелерінің сақталуын, персоналдық жұмысқа қабілетті жағдайда болуын қадағалау.

Сектордың функциясына мыналар кіреді:

1) Тиісті бөлімшелердің басшыларымен бірге Алматы филиалының персоналын іріктеу, кәсіптік жылжыту жұмыстарын жүргізу.

2) Қызметкерлерді дайындау және біліктілігін көтеру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қорыту, солардың негізінде қызметтің барлық бағыттары бойынша кадрларды оқыту жоспарларын жасау.

3) Қ.Р- ның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Алматы филиалы бөлімшелерінің байланыс басқармасына қызметкерлерін қабылдау, жұмыстан босату, көтермелеу, ауыстыру құжаттарын уақытылы рәсімдеу жұмыстарын жүргізу.

4) Алматы филиалы бөлімшелерінің құрамының резертерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

5) Алматы филиалы қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерін, еңбек тәртібін сақтауын бақылау.

6) Жоғарғы тұрған ұйымдардан түскен құжаттардың уақтылы орындалуы мен сапасын бақылау, осы мәселелер бойынша басшылыққа жүйелі түрде ақпарат беру.

7) Сектор қызметінің шегінде құпиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету.

СЕКТОР ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1) Туркуаз ТОО Компанияның қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, жұмыстан босату жөніндегі құжаттарды дайындау.

2) Алматы филиалының басшылығы үшін Алматы филиалы, Туркуаз компаниясы бойынша кадрлар саны мен тұрақсыздығы туралы ақпараттар дайындау.

3) Штат кестегінде көзделген бос лауазымдарға орналастыру үшін кандидаттардың мәліметтер базасын қалыптастыру.

4) Алматы қаласының оқу орындарында Алматы филиалы үшін кадрлар дайындауға ұсыныстар мен жоспарлар әзірлеу.

5) Бекітілген жоспарларға сәйкес мамандардың кәсіптік деңгейін көтеруді ұйымдастыру.

6) Алматы филиалының қызметкерлеріне талап еткен орындарға ұсыну үшін түрлі анықтамаларды, қужаттардың үзіндісін немесе олардың көшірмелерін дайындау және беру.

7) Алматы филиалы қызметкерлерінің демалыстар кестегін үйлестіру және қызметкерлерге уақытылы демалыс берілуін бақылауды жүзеге асыру.

8) Филиалдың ішкі құжаттары мен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес персоналды қабылдау, босату, жылжыту туралы бұйрықтар дайындау.

9) Алматы филиалы қызметкерлерінің жұмысқа қабілетсіздігі туралы парақтардың есебін жүргізу.

10) Мерейтойлық даталар мен марапаттауға байланысты қызметкерлерді көтермелеуге құжаттар дайындау.

11) Филиал аппараты бөлімшелерінің аттестациясын ұйымдастыру және өткізу, кейіннен аттестация нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асыру.

12) Аппарат персоналының сапалық және сандық құрамы туралы және жалпы филиал бойынша есептілік жүргізу.

13) Жұмыста пайдаланылатын ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Персоналмен жұмыс секторының бастығы мынадай өкілеттікті жүзеге асырады:

1) Сектордың қызметіне жетекшілік етеді, оның жұмысын ұйымдастырады және секторға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жеке өзі жауап береді.

2) Сектордың қызметіне қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың, жоғары тұрған органдар мен басшылардың бұйырықтарының, өкімдері мен нұсқауларының орындалуын бақылайды және тексеруді қамтамасыз етеді.

3) Өз құзіреті шегінде сектордың қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

4) Персоналмен жұмыс бойынша жұмыстарды жетілдіру, еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету, ішкі ережелерді сақтау мәселелеріндегі құрылымдық бөлімшелердің күштерін үйлестіреді.

5) Алматы филиалының барлық бөлімшелерінде сектордың атынан әрекет етеді.

6) Сектордың қызметіне қатысты барлық құжаттарды, сондай-ақ Алматы филиалы бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын қарап, виза қояды.

7) Алматы филиалының отырыстарына кадрлар іріктеуді жүзеге асырады.

8) Секторда кадрларды іріктеуді, оларды оқытуды, резервтерді қалыптастыруды жүзеге асырады, сектордың құрылымы мен штаты бойынша, қызметкерлерді қабылдауға және жұмыстан босатуға ұсыныстар енгізеді.

9) Құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы негізінде, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша Алматы филиалы қызметкерлерін көтермелеуге және жазалауға ұсыныстар енгізеді.

10) Секторда құпиялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

11) Сектордың бастығы болмаған кезде аталған лауазымдық міндеттерді орындау персоналмен жұмыс секторының бас маманына жүктеледі.

Персонал жұмыс секторы бастығының лауазымдық нұсқауы.

Персоналмен жұмыс секторының бастығы адам ресурстары басқармасының бастығы- дирктордың орынбасарының ұсынуы бойынша Алматы филиалы «Туркуаз» директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Қ.Р- ның қолданыстағы заңнамаларын, «Туркуаз» АҚ ұжымдық шартын, Филиал директорының бұйрықтары мен өкімдерін, персоналмен жұмыс секторы туралы ережені, осы нұсқаулықты, ішкі еңбек ережелерін басшылыққа алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) «Туркуаз» АҚ кадрлық саясатын жүзеге асырады.

2) Қажетті мамандықтар қызметкерлерінің кадрларымен филиалды жасақтау жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады.

3) Бөлімнің барлық қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның жұмысын ұйымдастыру, сектор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу, сектор қызметкерлеріне міндеттерін табысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасау және секторға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін дербес жауаптылық.

4) Филиалдың барлық кұрылымдық бөлімшелерінде сектордың атынан әрекет жасау.

Функциялары:

1) Кадрлармен жұмысты, еңбек және орындаушылық тәртіпті, сапалы қужат айналымын, ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

2) Штат кестесінде көзделген бос лауазымдарға қою үшін мәліметтер базасын қалыптастырады.

3) Филиалдың кадрлық жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсынады.

4) Бөлімнің құзырына жататын барлық мәселер бойынша шешім қабылдайды және басшылықпен келіседі.

5) Филиал аппараты бөлімшелерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді, кейіннен аттестация нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.

6) Қызметкерлерді дайындау және біліктілігін көтеру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қорытады, солардың негізінде қызметтің барлық бағыттары бойынша кадрларды оқыту жоспарларын жасайды.

7) Алматы филиалы бөлімшелерінің, Туркуаз ТОО компанияның басқару құрамының резервтерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

8) Сектор орындайтын жұмыстардың тиісті құпиялық режимін қамтамасыз етеді.

9) Алматы филиалы қызметкерлерінің ішкі еңбек ережелерін, еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

10) Қарауындағы орындаушылар үшін ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.

11) Сектордың құзырына жататын мәселелер бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне бағытталған ағымдағы хат- хабарларға қол қояды.

12) Сектордың штаты, оның қызметкерлерінің ауысуы мен жұмыстан босатылуы, ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және еңбек тәртібін бұзғаны, жұмыста жіберілген қателіктер үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды Филиалдың басшылығына бекітуге ұсынады.

13) Бөлімшелерге, ұйымдарға, республикадан тысқары жерлерге бөлім қызметкерлерінің қызметтік іссапарларға шығуы жөніндегі материалдарды қарайды және Филиалдың басшылығына ұсыныстар енгізеді.

14) Мамандардың кәсіптік дайындығының деңгейін көтеру жөнінде шаралар қабылдайды, қолайлы еңбек жағдайы жасалуын, шығармашылық бастаманың дамуын, жұмыста тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.

Құқықтары. Персоналмен жұмыс секторының бастығы:

1) Құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы негізінде, сондай-ақ өзінің бастамасы бойынша Алматы филиалы Туркуаз ТОО компанияның қызметкерлерін көтермелеуге және жазалауға ұсыныстар денгізуге;

2) Осы нұсқауда көзделген міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге;

3) Өзінің құзыреті тегіндегі құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға;

4) Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара қарым- қатынасты жүзеге асыруға, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін олардан қажетті ақпараттар мен құжаттар алуға;

5) Филиал басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құжаттарын орындауға көмек көрсетуді талап етуге құқылы.

Жауапкершілігі. Персоналмен жұмыс секторының бастығы:

1) Қ.Р- ның қолданыстағы еңбек заңнамаларында анықталған шекте осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін;

2) Секторға жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін;

3) Филиал қызметкерлерінің жеке есеп жүргізу мәліметтердің жария етілгені, өндірістік қызмет бойынша оған белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін дербес жауап береді.



Персоналмен жұмыс жөніндегі бас маманның лауазымдық нұсқауы. Персоналмен жұмыс секторының бас маманы адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасарының және персоналмен жұмыс секторы бастығының ұсынуы бойынша Алматы филиалы Туркуаз топ компаниянын директордың бұйрығымен лауазымға тағайындалады, ауыстырылады және лауазымнан босатылады. Персоналмен жұмыс секторының бас маманы өз қызметінде Қ.Р- ның заңнамалық актілерін, «Туркуаз» АҚ ұжымдық шартын, Филиал директорының бұйрықтары мен өкімдерін, сектор туралы ережелі, осы нұсқаулықты, ішкі еңбек ережелерін басшылыққа алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) «Қ.Р- дағы еңбек туралы» Заңға, ішкі құжаттарға, Алматы филиалы, Туркуаз топ компаниясы бойынша бұйрықтар мен өкімдерге сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, босату жөніндегі тиісті құжаттардың сапалы жүргізілуін ұйымдастырады.

2) Қызметкерлердің еңбек кітапталарына қабылдау, ауыстыру және босату жөнінде уақтылы жазба жүргізеді.

3) Филиал қызметкерлерін көтермелеуге, марапаттауға құжаттар дайындайды.

4) Алматы филиалының кадрларын іріктеу, орналастыру жөніндегі ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын жасайды және қарауға ұсынады.

5) Алматы филиалының қызметкерлеріне қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезіндегі кету парақтарын, сұрау салуларға жауаптарды, жазбаша мәліметтерді, әр түрлі мазмұндағы анықтамаларды, лауазымның қысқартылатыны немесе еңбек жағдайының өзгеретіні туралы хабарламаны, құжаттардың үзінділерін немесе олардың көшірмелерін дайындайды және береді.

6) Алматы филиалы қызметкерлерінің еңбек демалыстарының кестелерің үйлестіреді және еңбек демалыстарының уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асырады.

7) Кадрлар бойынша белгіленген нысандағы төксандық және жылдық жоспарды дайындайды.

8) Филиал қызметкерлерінің жұмысқа жарамыздығы парағының есебін жүргізеді.

9) Филиал басшылығы үшін Алматы филиалы, Туркуаз топ компаниясының кадрлар саны мен тұрақсыздығы туралы ақпарат дайындайды.

10) Жоғарғы тұрған ұйымдардан түскен құжаттардың уақытылы және саналы орындалуына бақылау жүргізеді, осы мәселелер бойынша басшылыққа жүйелі түрде ақпарат береді.

11) Жұмыста қолданылған ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.

Құқықтары.

1) Жұмысты орындауға қажетті ішкі ережелер мен осы лауазымдық нұсқауда көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

2) Сектордың жоспарын, жұмыс қорытындыларын жасауға, талдауға қатысады.

3) Өзінің лауазымдық нұсқауы тегінде барлық байқалған кемшіліктер туралы сектордың бастығына баяндайды.

Жауапкершілігі.

Персоналмен жұмыс секторының бас маманы өзіне жүктелген осы лауазымдық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауап береді.

Персоналмен жұмыс жөніндегі жетекші маманның лауазымдық нұсқауы. Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы адам ресурстары басқармасының бастығы- директордың орынбасары мен персоналмен жұмыс секторы бастығының ұсынуы бойынша Алматы филиалы «Туркуаз топ ком-ы» директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалады, ауыстырылады және лауазымнан босатылады. Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы өз қызметінде Қ.Р-ның заңнамалық актілерін «Туркуаз» АҚ ұжымдық шартын, Алматы филиалы «Туркуаз топ комп-ы» директорының бұйырықтары мен өкимдерін, Персоналмен жұмыс секторы туралы ережені, осы нұсқаулықты, ішкі еңбек ережелерін басшылыққа алады.

Лауазымдық міндеттері.

1) Қолданыстағы заңнымалар мен Алматы филиалының ішкі құжаттарына сәйкес, штат бойынша филиал қызметкерлерінің қабылдануын, тағайындалуын, ауыстырылуын және босатылуын уақытылы рәсімдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткізушілермен, үйдегі күзетшілермен, жаяу курьерлермен, үй- жайларды тазалаушылармен ақылы қызмет көрсетуге шарттар жасайды.

2) Мерейтойлық даталарға, зейнеткерлікке шығуға байланысты кызметкерлерді көтермелеуге құжаттар дайындайды.

3) Алматы филиалы қызметкерлерінің еңбеккітапшаларын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізеді, есебін жүргізуді, сақтауды қамтамасыз етеді.

4) Жұмысқа жаңадан кіргендерге жаңа еңбек шарттарын әзірлейді, оларға уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

5) Сектор қызметкерлерінің жұмыс уакытының есебін жүргізу табелін жүргізеді.

6) Аппараттың жаңадан қабылданған қызметкерлеріне қызметтік куәлік пен рұқсаттама береді, олардың жұмысқа түскен кезде берілуі мен жұмыстан босатылған кезде өткізілуінің есебін жүргізеді.

7) Жұмыста қолданылатын аппараттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

8) Филиал қызметкерлеріне жеке карточкалар жүргізеді, барлық өзгерістер мен қызметкерлердің орын ауысуы туралы мәліметтерді уақытылы енгізеді.

9) Филиал аппаратындағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерін дайындайды.

10) Жеке құрам бойынша бұйрықтарды тіркеуді жүргізеді.

Құқықтары.

1) Жұмысты орындауға қажетті ішкі ережелер мен осы лауазымдық нұсқауда көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

2) Сектордың жоспарын, жұмыс қорытындыларын жасауға, талдауға қатысады.

3) Өзінің лауазымдық нұсқаулығы шегіндегі барлық байқалған кемшіліктер туралы сектордың бастығына баяндайды.

Жауапкершілігі.

Персоналмен жұмыс секторының жетекші маманы өзіне жүктелген осы лауазымдық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуы үшін, қызметкерлердің жеке істерінде жинақталған есептік- мінездемелік мәліметтер мен секторда сақталатын өзге құжаттардың жария болмауы үшін жауап береді.



Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімінің персоналды басқару саясатының бағыттары. Персоналмен жұмыс секторының негізгі міндетіне ұйымның даму стратегиясына сай кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру, өндірістің әр бөліміне жоғарғы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету жатады.

Персоналмен жұмыс секторының қызметін жоғарлату үшін мынадай шаралар жүзеге асуды:

1) Кадрларды даярлау, іріктеу және орналастыру бойынша іс шаралар жоспары. Туркуаз Топ компанияның бастықтарын, бастықтардың орынбасарларын және операторларды даярлау және қайта даярлау бойынша іс шаралар жоспары.

2) 2004 жылы Тренинг Центрде к әсіби біліктілігін жоғарлату оқуын мыналар өтті:



  • бастықтары мен бастықтардың орынбасарлары- 21 адам

  • құқықтық жұмыстар секторының бастығы

  • филиал қауіпсіздігі секторының бас маманы

  • юрисконсульт

  • филиал қаупсіздігінің бастығы және оның орынбасарлары

  • аудит және бақылау секторының бастығы

  • филиалдың бас бухгалтер

  • іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы

  • МС участогінің бастығы

  • корпоративті даму, сату және маркетинг бөлімінің бас маманы

  • печатьті тарату бөлімінің бастығы және мамандары

  • МС дамыту секторының бастығы

3) Кадрлық құрамды тиімді құру үшін кадрларды жоғарлату төменгі кәсіби деңгейден басталуы қажет. Ал егер жоғарғы кәсіби деңгейде жұмыс орын босаса оны ішкі көздермен (яғни, бөлім қызметкерлерімен) толықтыру қажет. Филиалда осындай карьерлік саты жүйесі дамыған.

4) Персоналмен жұмыс секторы мемлекеттік жұмыспен қамту агенетволарымен тығыз жұмыс істеуде. Үнемі «Вакансия» және «Требуется» газеттеріне керекті мамандарға сұранып хабарламасы беріліп отырады.

5) Филиалда стажерлерді байланыс операторлары мамандығы бойынша оқыту бағдарламасы құрылған. Оған бөлімдердің жоғарғы мамандары жұмылдырылуда. 2004 жылы онда 250 адам оқудан өтті. Оның 70 % аттестациядан өтіп, жұмысқа орналастырылды.

6) Білім орындарының студенттерінің өндірістік практиканы өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. 2004 жылы байланысшылар кәсіби мектебі 77 студенті, жоғарғы оқу орындарының 12 студенті өндірістік практиканы өтті.

7) Мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда.


  • оқу жоспары құрылуы

  • әр жұмада қазақ тілінің ашық сабағы жүргізілуде

  • барлық бөлімдерге әдістемелік, практикалық көмек көрсетілуде.

Персоналмен жұмыс секторының күнделікті ағымдағы жұмыстары мына пунктерден қурылады

- Кадрлармен қамсыздандыру: жинақтау, іріктеу және қабылдау;

- еңбек қатынастарында еңбек туралы заңын сақталуы

- кадрлар бойынша құжатнаманы жүргізу

- филиал жұмыскерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, алғыс беру, жұмыс орнын ауыстыру бойынша құжаттардың уақытылы жүргізілуі

- демалыс графигіне сәйкес жұмыскерлердің кезекті демалысқа шығуын құжаттау

- филиалдағы ішкі ереженің, тәртіп ережелерінің сақталуын қадағалау

- филиал бұйрықтары, өкімдерінің мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету

- жұмыспен қамту агенствовалармен жұмыс және т.б.

Іс жүргізу және персоналмен жұмыс бөлімінің 2005 жылға арналған іс шаралар жоспары.



  1. Мамандық талаптарына сай жұмыскерлерді жинақтау

  2. Практикант пен стажерлерді аттестациядан өткізу

  3. «Туркуаз Топ компаниянынң» жұмыскерлерінің демалыс кестесінің үйлесімдігі және оның орындалуын қадағалау.

  4. Қ.Р- ның «Еңбек туралы» заңына сәйкес бұйрық, нормативті акттерді жасап шығару.

  5. Персоналмен жұмыс секторы саясатының бағыттарын жасау және оның орындалуын қадағалауы. Аппаратты және оның бөлімшелерінің кадрға сұранысып қанағаттандыру.

  6. Филиалдың қабылданған бұйрықтары мен үкімдерінің орындалуын қадағалау.

  7. Филиалдың барлық жұмыскерлеріне жеке еңбек шартына қоса қосымша келісімді жасау.

  8. Филиал бөлімшесіне әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

  9. Әр ай сайын жоспарлық бюджеттік бөлімге статистикалық есеп беру.

  10. Құжат, іс жүргізуде Қ.Р- ның мемлекеттік тілді енгізу заңына сәйкес әрекеттерді іске асыру.

  11. Жоғарғы тұрған ұйымдардың құжаттарының уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасау.

  12. Филиалдағы іс жүргізуді ережелерге, жарлықтарға сай іске асыру.

  13. Мұрағатқа өткізілетін құжаттарды дайындау.

  14. Бухгалтериямен бірге зейнеткерлік келісімді, ӘЖК (СИК) тексеру.

  15. Филиалдағы барлық бөлімдеріндегі іс жүргізу тексеру.

  16. Филиалдағы жұмыскерлердің еңбек орындау және еңбек тәртібі бойынша

жұмыстар атқару.

17. Филиалдағы ішкі тәртіп ереже талаптарының орындалуын қадағалау.

18. Филиал бөлімдерінің нұсқауы бойынша және бөлімінің өз ынтасы бойынша жұмыскерлерге марапаттау және жаза тағайындау

19. Филиал жұмыскерлердің мемлекеттік тілді не түрік тілді білуі немесе білмесе, оны оқыту курсына жіберу.

20. Кіріс, шығыс және өзге құжаттарды тек мемлекеттік не түрік тілде тіркеу жүргізу.

21. Кіріс және шығыс құжаттарды өңдеу.

22. Бөлімнің іскерлігі жайлы құпиялылықты сақтаую

23. Филиалға келген ақпараттың орындалуын бақылау.

24. Қоғамдық іс шараларға белсене қатысу.

«Туркуаз» АҚ жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында 2001 жылы Алматы қаласында Тренинг оқыту орталығы, ал 2003 жылы Ақтөбе және Көкшетау қалаларында аудандық Тренинг оқыту орталығы ашылды. Олардың негізгі мақсаты «Туркуаз» АҚ даму жоспарының стратегиялық бағытына сәйкес жұмыскерлерді қайта дайындау және кәсіби біліктілікті көтеру.

Жұмыскерлердің квалификациясын көтеру және кәсіби біліктілікті дамыту бойынша оқыту мына түрлерге бөлінеді:


  • жеке және топтық

  • ішкі және сыртқы

  • алғашқы және мерзімдік

  • жоспарлы және жоспардан тыс

Алматы Тренинг ортасы және аудандық Тренинг орталықтарында жұмыскерлердің әр түрлі категорияларына арналған қысқа мерзімді семинарлар, тренингтер, курстар жүргізілуде. Оларда «Туркуаз» АҚ жұмыскерлері және басқа да тренинг орталықтарынан шақырылған консультантар шақырылуда. 2001-2004 жылдары Тренинг орталығында 2000 аса жұмыскерлер оқудан өтті.

Қоғамның басқарушы тобының кәсіби біліктілігін көтеру оқыту бағдарламасы мынадай:



  • жаңа технологиялар және қызмет еңгізу

  • тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын көтеру, біркелкі қызмет стандартын еңгізу

  • маркетинг интегралдық жиынтығын тимді қуру

  • менежментті дамыту жоспарына жаңалықтар еңгізу

  • сапаны бақылау стандарттарын еңгізу

  • топтық этиканы құру

  • қоғамның имидждік және жарнамалық жоспарының тимділігін көтеру

Қоғамның жұмыскерлерінің орта тобының кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламасы мынадай:

  • көрсетілетін қызмет сапасын көтеру

  • тұтынушыларға көрсетілетін қызметті тиімді ету

  • МС қызметі, агенттік, қаржылық қызметін дамыту

  • жаңа технологияларды жетілдіру

  • сатудың жаңа технологияларын енгізу

  • көрсетілетін қызмет мәдениетін дамыту

Филиалда білікті жұмыскерлерді ұстап тұру үшін және басқа жұмыскерлерді

Жұмысқа ынталандыру мақсатында марапаттау жүйесі қолданылады. Марапаттаудың берілуі негізінен- еңбек міндеттемелерін дұрыс орындағаны үшін- еңбек өнімділігін көтеру; өнім сапасын жақсарту; ұйым қаражатын ұнемдеу; жұмысшылардың қызмет міндеттерін өз уақытылы және әділ орындауы; еңбек қызметі жағдайында жаңалықтар енгізу мен жаңашылдық; жұмыс барысында жұмысшылардың басқа да жетістіктері кезінде қолданылады. Осыған байланысты Филиалда ішкі нормативтік құжаттарымен расталатын марапаттау түрлері бар. Олар:



  1. Мақтау қағазымен құттықтау

  2. Құнды сыйлықтармен марапаттау

  3. Ризашылық жариялау

  4. «Ең жақсы қызметкер» отағын беру

  5. «Ең жақсы басшы» атағын беру

  6. «Ең жақсы жарнамашы» атағын беру

  7. «Ең жақсы ұйымдастырушы» атағын беру

  8. «Филиалдың ең жақсы бөлімі» атағын беру

  9. Жұмысшының қызметбойында өсуі

  10. Премиялау

  11. Әр уақытта ақшалай марапаттау

  12. Жалақын жоғарлату және т.б.

Міндетті марапаттауға тоқсандық премия- жалауының (3 айдағы) 30% көлемінде және 13 еңбекақы беріледі.

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ САНЫ

1962 адам = Ерлер- 426 адам + Әйелдер- 1536 адам

Жоғарғы білім

52%-1020

Орта арнайы білім

33%- 647

Орта білім

15%- 295

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫ



1) Қазақтар

85 % - 1667

2) Орыстар

4% - 78

3) Басқа да ұлттар

2% - 40

4) Түріктер

9% - 177

ЖАСТЫҚ ҚҰРАМЫ



18- 25 жас

16% - 314

25- 40 жас

42% - 824

40- 50 жас

24% - 471

50 ден жоғары

18% - 353

2004 жылы жұмыскерлердін жұмыстан босатылғандары - 411 адам, жұмысқа қабылданғандар - 428 адам.

3- Тарау. Қазақстан Республикасындағы кадрлық саясат және құжаттануды жіктеу
3.1 Кадрлық саясатты жасау және жүзеге асыру

Персоналды басқару құрылымы келесі қызмет бағыттарынан тұрады:

Ресурстарды жоспарлау: адамдардың ресурстарға деген қажеттілігін қанағаттандыру жоспарын және оған қажетті шығындарды өңдеу.

Персоналдарды қабылдау: барлық лауазым бойынша потенциалды кандидат қорын құру.

Таңдап алу: қабылдау кезінде қалыптасқан резервтен ең күшті дегендерді жұмыс орындарына таңдап алу және бағалау.

Жалақы мен компенсацияны анықтау: персоналды жалдау және жұмыс орнында сақтау, жұмысқа тарту мақсатында жеңілдіктер мен жалақы құрылымын жасау.

Профессионалды бейімделу және адаптация: жалға алынған жұмысшыларды ұйым және оның бөлімшелеріне кірістіру. Жұмысшыларға ұйым олардан не күтетінін және қандай еңбек бағалауға лайық екенін түсіндіру.

Оқыту: Жұмыстың дұрыс орындалуы мен жақсы жүруі үшін персоналға білім беру бағдарламасын дайындау.

Еңбек қызметтік бағалау: еңбек қызметін бағалау әдістемесін жасап шығарып, оны жұмысшыға жеткізу.

Жоғарылату, төмендету, ауыстыру, жұмыстан шығару: жұмысшыларды жауапкершілігі көп немесе аз қызмет орнына ауыстыру әдісін жасау, жұмысшыларды басқа қызмет орындарына және жұмыс аймағына ауыстыру жолымен олардың мамандық деңгейін көтеру.

Басқару кадрларын даярлау және қызмет бабымен көтерілуді басқару: басқарушы кадрлардың еңбегінің тиімділігін арттыру және қабілеттіліктерін дамыту мақсатында бағдарламаларды жасап шығару.

Еңбек қатынастары: ұжымдық келісімшарттарды қабылдағанда келіссөздер жүргізу.

Жұмыс бастылық: жұмыс бастылықтың тең мүмкіншілігімен қамтамасыз ету бағдарламасын жасау.

Персоналдың жұмыс бастылығына кепілдік беру қайсы фирманы табысты және бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп көрсетеді. Егер, жұмысшылар құрылымын тұрақтандыру стратегиясы персоналды басқарудың икемділігін арттыратын құрал ретінде қолданылса, жұмысшылардың тығыз қарым – қатынасын орнатып олардың жоғары мамандық құрылымын сақтаса фирма жақсы жағдайда болады. Жұмыс бастылыққа кепіл беру және кадрлар ағымының төмендеуі жұмысшылардың қызметтен қуылу қаупінен қорықпай өз еңбегінің тиімділігін көтеруге себеп болып, экономикалық тиімділікпен қамтамасыз етеді. Американдық IBM фирмасы сияқты кейбір фирмалар, өз жұмысшыларын экономикалық себептерге байланысты жұмыстан шығармайды. Бұл фирма 35 жыл осы практиканы ұстанып жалдауды жүйелі қысқарту, қайта мамандану бағдарламаларын іске асыру, зейнетақыға ерте шығару және т.б. әдістері қолданылады. Көптеген Американдық фирмалар персоналды басқарудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын қолданады. Бұл, жұмысшылардың жаппай жұмыстан кетуінен

Тұрақты жұмыс бастылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмысшыларға келесі әдістер қолданылады:

- Циклдік өрлеу кезінде уақытша қызметкерлерді тарту;



  • Фирма ішінде еңбек ресурстарын шебер пайдалану;

  • Жұмысшыларды қайта мамандандыру және оларды жаңа мамандыққа оқыту

  • Коньюктураның нашар кезінде жұмыс аптасын қысқарту;

  • Кезексіз демалыстар мен зейнетақыға ерте шығуды ұсыну.

Мұндай шаралар негізінен жұмыс бастылықты турақтандыруға арналған бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі. Олардың негізгі міндеттері маманданған жұмысшылардың қажетті санын сақтау, оларды әрдайым еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыру үшін ынталандырып отыру.

Персоналдарды басқару бағдарламасын жасау мынаны қарастырады:



  • мақсатты бейімделуінің болуы мен жалпы мақсаттардың қатынасы еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасы, еңбекке төлем төлеу кезіндегі икемділік жұмысшының мамандануын өсіріп отыру;

  • жұмысшылар мен кәсіподақ, басқару өкілдерімен жұмыс бастылықты тұрақтандыруды, еңбек ресурстарын басқару аймағы бойынша біріккен стратегияны жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет