Тарауы: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Жабайы жануарлар» Мақсаты



бет3/5
Дата04.02.2024
өлшемі31.69 Kb.
#490762
түріСабақ
1   2   3   4   5
жабайы жануарлар

2 - тапсырма: «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймаймыз»
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
4. Ең ұзын мойын...(керік)
5. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
6. Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
7. Сүйкімді аң не? (тиін)
- Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды
- Балалар, осы жабайы аңдардың ішінен орманда мекендемейтін бір аң бар. Ол қандай аң?
- Иә, ол - арыстан екен. Арыстан - ыстық елде мекендейді.
3 - тапсырма: «Балаларын ата»
- Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атаңдар.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/
4. Қоянның баласы -/көжек/
5. Арыстанның баласы -/абдан/
6. Жолбарысты баласы -/шөнжік/
7. Тиіннің баласы -/тиін/
8. Кірпінің баласы/ кірпі/
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
4 - тапсырма: «Жабайы аңдар туралы тақпақтар айту»
Тәрбиеші:
Кәрі еменнің түбіне
Бір - біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан - жануар біріге.
Данияр:
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Нұрахмет:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Алюша:
Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Арлант:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Сәтбек:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет