Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ



бет26/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Темирханова Л.

Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ,
Қоғамның бүгіні басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпарааттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу -қоғамда ақпараттандырудың  негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі  (А.П.Ершов, С.А.Жданов, т.б.) қазіргі жалпы білім беретін мектептің дамуының  негізі ретінде ақпараттық технологиялары (Г.А.Абумова, Н.Ермеков, С.Құнанбаева) мәселелері  ретінде зерттелуде.

Оқытуды модельдеудің практикасы мен теориясы (Ю.Овакимян), компьютерлік оқытудың ақпараттық және ұйымдастырылған модельдері (В.Ю.Боранов) біртұтас білім кеңістігін құрудағы ақпарат технологияларының рөлі (В.И.Жог, М.А.Лейбовский, М.Н.Панкина, А.Б.Медешова). Компьютерлік диагностика білімі мен дағдылары көмегімен оқыту әдістемесін жетілдіру (Г.БАхметова, О.И.Беляков) экономикалық (Л.В.Глухова) валеологиялық (А.С.Иманғалиев) білімді ақпараттандыру мәселелері; ақпараттық технологияның адам санасы мен денсаулығына әсері; (Б.Б.Буресбаев, Р.М.Дузбаева, М.А.Пиварова) «компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету» көзделген мектептегі информатиканың «қолданбалы» бағыты елеулі өзгерді деп, тұжырымдауға болады. Ол қазіргі информатика пәндерінде көрініс тапты. ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика,.саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім – адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады. Бүгінгі білім саласында аоға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қозғаушы күші индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан толық тексерілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғаның барлық салаларына   қарқынды түрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және  автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. А.В.Горячев, А.Л.Семенов, К.ЗХалықоват.б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген. Бүгінгі  мемлекеттің  білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдері, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың  озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны  меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Технологиялық білім » термині ХХ ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, телевизор т.б.) сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген болатын. 50 – 60 жылдары « Технологиялық білім »  термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс – тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған. Технологиялық оқыту, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.

Қазақстан Республикасының  «  Білім беру туралы » Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді тез қарқынмен ақпараттандыру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:

1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын  қажетті  деңгейде пайдалана алатындай жан- жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен  коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.

4. Оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтінідік редактор,электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Н.Апатова «Ақпараттық технология» ұғымына екі анықтама береді: -  « Ақпараттық технология » - қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер».

-  «Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы». В.Грищенко мен Б.Паньшин «Ақпараттық технологияны»  әлеуметтік ортаның заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шығынмен ақпаратты жасап, сақтап, таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді. Анықтамалық сөздік бойынша,    «Ақпараттық технология - компьютер құралдарын оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны». И.Роберттің айтуынша, «Ақпараттық технология» - есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады». В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі « Ақпараттық технология - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы».М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді:

«Ақпараттық технология» - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және  әлеуметтік процестерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Сондықтан біз « Ақпараттық технологияны » білім беруді ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы түрде білім беру процесін, білімді игеруді зерттеумен айналысатын  дидактиканың саласы ретінде қарастырамыз.

Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең; электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, т.б. оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың  тиімділігін жоғарылатып,сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі.

Қазіргі кезде дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен  жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік- бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім-оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім ақпараттық оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Сонымен қатар, көптеген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесіне сүйенсек, ақпараттық технологиялар оқу процесінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады деп танылғанымен, оны жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты әдістемелері, компьютердің оқушыға тигізетін психологиялық әсері туралы нақты теория жоқ. Сондықтан да ақпараттық технологиясын жалпы білім беретін мектепте пайдалану бірқатар әлеуметтік-экономикалық, философиялық, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдаланудың тиімді түрлерін іздестіруде педагог, бағдарламашы, психологтердің ортақ негізделген көзқарасы жоққа тән. Осыған байланысты оқытуды ақпараттандырудың концептуалды аспектісін жасау – басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта дұрыс шешім қабылдау үшін нақты стратегиялық бағдарлама қажет. Жаңа ақпараттық технология құралдарын оқыту үрдісінде білім беру және оқыту, қоршаған ортаны тану, оқыту экспериментінің нәтижесін өңдеу, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру және педагогикалық технологияларды таратуда тиімді құралы болып табылады. Көптеген зерттеушілердің бойынша, бұл оқу орнының техникалық жабдықталуымен, мұғалім кадрларының ізденімпаздығымен байланысты күрделі әрі ұзақ процесс. Мұнда негізінен үш кезеңді бөліп қарстыруға болады:

1-кезеңде ақпараттық технология құралдарын игеру және оның педагогикалық қолданылуын анықтау.

2 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын игеріп және оқытуды   ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістері негізінде барлық дәстүрлі пәндерге кеңінен енгізу. Қазіргі кезде көптеген педагогикалық бағдарламалық құралдар жасалған.  Бірақ, дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, олардың барлығы оқыту үрдісін толық қанағатттандырмайды.

3 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын пайдалану негізінде оқытудың әдістемелік негізі өзгеріп, оқыту пройесін автоматтандыру жүзеге асуы қажет.

1-кесте. Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі.


Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.


Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасы «Білім » туралы Заңы.- Астана, 2007.

2.Қонақова К. және т.б. ҚР мектептерінде бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.–А:Ы.Алтынсарин ат.ҚБА,2012- 32 б.

3.Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан, -Алматы: АГУ им.Абая,2010.-123 с.

4.Бидайбеков Е.Ы.,Абдулкаримова Г.А. Информатика и средства информатики в начальной школе: Учебно-методическое пособие для студентов педуниверситета.-Алматы,2010.-80 с.
Аннотация. Образование в РК направлено на формирование творческой, конкурентоспособной личности, обладающей информационной культурой. Одной из основ в обучении и воспитании начальной школе определен личностно-ориентированный, индивидуальный  подход, нацеленный на учет и развитие потенциальных возможностей ребенка, умение использовать инфомационные технологии.

Аnnotation. RK is aimed at forming versatile developed , creative , competitive personality with information culture, prepared and motivated to learn and educate themselves throughout their lives . One of the basics in training and education school defined student-centered , individual approach, aimed at keeping and the development potential of the child, the ability to use the Informational Technology .


Ш 21

378(574)
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шалғынбаева Қ.Қ., Исмуратова Ш.И.

Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде жаһандану жағдайында білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім беру кеністігіне кіру кезеніндегі білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “басты мақсаты балашақ мамандарды талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни студенттердің оқу және оқудан тыс үдерісі бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оларды ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

Осыдан барып болашақ мамандарды ғылыми- зерттеу іс-әрекеттеріне баулу, оларға зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі ЖОО-да білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол, бүгінгі тәжірибеде болашақ мамандардың шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуде қажеттілік болса, онда ЖОО-да студенттердің қабілетін болашақ маман ретіндегі түрлі әрекеттерге даяр етіп көрсету үшін оларды біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде тандалған арнайы бағытталған шағармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне теориялық, әдістемелік, педагогикалық тұрғыда жан-жақты дайындау қажеттігі туындайды.



«Қазақстан - 2030» және «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» және білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің алдына нәтижеге бағытталған білім моделін жасауды қамтамасыз ету және оны жаһандану жағдайындағы халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды. Демек, жастарды еңбектің қай саласында болмасын, әсіресе, белгілі бір мамандық бойынша арнайы бағытталған жоспарлы оқу процесі барысында (Мемлекеттік стандарттар мен бадарламаларға, вариативті компоненттер жоспарына сәйкес) білім алуда да тек ғылыми мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, оқу процессі барысындағы игерілген білім денгейін бекіту мен толықтыру, жан-жақты жоғарлату мақсатында оқу процессінен тыс ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын шығармашыл тұрғыда таныта алатын құзырлы маман болуға даярлау қажеттігі негізге алынып отыр.

Бүгінгі танда, ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен сапасы көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, болашақ мамандардың ғылыми іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыған орай, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттірімен дағадыларын қалыптастыруға ықпал етуші, оқу процессі барысындаға берілген білім деңгейін жоғарлату мақсатында студенттердің өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, олардың түрлерін, нысандарын іздестіру мен жүйелеу, мақсат мідеттерін айқындау өзекті ғылыми мәселеге айналып отыр. Сондықтан біздің пікірімізше, болашақ мамандардың өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің педагогикалық жүйесін оқу процессінен тыс оның мақсат міндеттеріне сай арнайы ұйымдастыру мен бағдарлау – студеттердің шығармашылық бағыт ұстануын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдауымызға болады. Себебі, біздің зерттеу жұмысымыздың аясындағы көп жылдық және күнделікті тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман заман талабына сай теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығымен қатар, шығармашылық бағыт ұстануына бағытталған өзіндік ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс, әрине ол үшін ғалым педагоготардың ғылыми және әдістемелік басшылығы үлкен себепші болады.

Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңіне баянды етіп, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, қазіргі ЖОО толық көшіп игерген кредиттік оқыту жағдайында болашақ мамандарға берілетін білім мен іс-әрекет тәсілдерін, бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, шығармашылыққа бағытталған мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін өздігінен күнделікті оқу процесінде және одан тыс уақыттарда ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке бағыт-бағдар алып отырғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Алайда, бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне бағытталған талпыныстары кредиттік оқыту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, оқу процессін жетілдіру. Әсіресе жаңа жүйенің талаптарына сай оқу үрдісінің мақсат міндеттеріне сәйкес, болашақ мамандардың өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерін, онтайлы етіп ұйымдастыруда, олардың болашақ маман ретіндегі шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің дербестігі мен ізденімпаздығын, дамытатын жұйелі ғылыми зерттеушілік іс-әрекет шараларын жандандыруға, жаңаша формаларымен түрлерін іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.

Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде. Осыған орай білім берудің «қолдаушы» немесе «ағартушы» парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» немесе үздіксіз білім беру идеясы маңызды орын алатын білім берудің жаңа парадигмасы келді.

Үздіксіз білім беру идеяларын жүзеге асыру бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі қарама-қайшылығына – дәл қазіргі уақыттағы дүниежүзілік білімнің қарқынды өсуі мен білімдену кезеңіндегі оларды меңгерудегі шектеулі мүмкіншіліктер арасындағы негізгі қарама-қайшылықты жоюға бағытталған. Мұндай қарама-қайшылық білім беру мекемелеріне өзіндік білім алу, өздігінен ақпараттарды қарастырып, одан болашақ маманға қажетті шығармашық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерін онтайлы етіп ұйымдастыруға қажеттісін табу біліктілігін қарастыруды жүктейді. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орыны түлектерінің әрбіреуінен ақыл-ой еңбегінің, атап айтқанда өздігінен орындайтын зерттеушілік іс-әрекет түрлерінің тиімді әдістерін білу талап етіледі. Оларға: өздігінен қысқа мерзім ішінде қажетті ақпаратты тауып, оны меңгеруді үйрену; теорияларды, тұжырымдамаларды, айғақтарды жүйелеуді және жіктеуді үйрену; талқыға түсетін күрделі мәселелерді талдауды үйрену; өз көзқарасына нақты анықтама беріп, оған негіз болатын айғақтарды көрсету; ғылыми келіспеушіліктегі ақиқатты іздестіру; өндірістегі жағдайды талдай біліп, өздігінен меңгерген білімдерге сүйене отырып, пайда болған мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу. Осыған орай, бүгінгі танда болашақ мамандардың танымдық белсенділігін дамытудың және жоғары оқу орнында білім алу барысында оларда дербестікті қалыптастырудың неғұрлым тиімді амалдарына, өзгеше қалыптасуы мен даму тарихы бар, болашақ мамандарды оқыту мен даярлау процессі барысында олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған сапасын көтерудегі негізгі резервтердің бірі - өзіндік ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің алуан түрлі формалары мен әдіс-тәсілдері жатады.

Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде өзіндік жұмыс мәселесі жайлы көптеген көзқарастар кездеседі. Бұдан осы ұғымның көпқырлығын түсінуге болады, сондықтан бұл ұғымның анықтамасы ғылыми педагогикалық тұрғыдан нақтылауды қажет етеді. Студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі аспектілері зерттелген еңбектерде бүгінгі қоғамның сұранысы мен талабына байланысты белгілі бір уақыт ішіндегі орындалған жұмыстардың жиынтығы ретінде көрініс береді. Алайда оны бірнеше мағанада да талқылауға және түсінуге болады. Содықтан біз, өз зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттіне сай ЖОО студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмыстарының алуан түрлі формаларымен әдіс-тәсілдерін олардың оқу процессінің нәтижесіне бағытталған өзіндігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттеріне жатқыза отырып, өз тәжірибеміз тұрғысынан қарауды дұрыс деп санаймыз. Мәселен, зерттеулердің мақсаттары мен міндеттеріне тәуелділігі ескерілген авторлардың ұсынған өзіндігінен орындалатын жұмыс жайлы тиянақты талданған әртүрлі анықтамалар: М.Г. Гаруновтың, О.А.Нильсонның және П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінен орын алған. Сонымен қатар кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының кейбір мәселелері Қазақстандық ғалымдарының назарынан тыс қалмаған: Ж.А. Қараев, С. К. Касенов, Н.А.Асанов, Г.Х. Мямешева, Г.К. Ахметова.

Біздің пікіріміз бойынша, П.И.Пидкасистый ұсынған анықтамасында өзіндігінен орындайтын жұмыстың мәніне деген ғылыми, әдістемелік көзқарастың көпаспектілігі айқындалған. Себебі, автор өзіндігінен орындайтын жұмыс түрлерін оқытудың және ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің негізгі амалдары ретінде қарастырады. Өйткені олар: әрбір нақтылы білімнің меңгерілу кезіндегі белгілі бір дидактикалық мақсат пен мәселеге сәйкес болуы; студенттердің білместіктен білуге дейінгі қозғалысының траекториясының әрбір кезеңінде белгілі бір ғылыми танымдық мәселелерді шешу үшін және ойлау әрекетінің төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай қозғалуы үшін қажетті білімнің көлемі мен деңгейінің қалыптасуы үшін міндетті түрде ғылыми зерттеушілік іс-әрекет жасауы; өз білімін өздігінен жүйелі түрде толықтырып отыруға деген психологиялық мақсаты және оқу, ғылым, өндіріс мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешу барысындағы ғылыми және саяси ақпараттар ағынында дұрыс бағыт таңдай білу іскерлігінің қалыптасуы үшін өздігінен орындайтын зерттеушілік іс-әрекет жасайды; студенттердің кәсіби іс-әрекетінің, таным мен мінез-құлық әдістерін меңгерудегі өзін-өзі көрсете білуі және өзіндік зерттеушілік іс-әрекеттегі тәртібі маңызды шарт болып табылады; педагогикалық басқару және студенттің кәсіби шығармашылық тұрғыдан анықталуы мен оқу үдерісі барысындағы және одан тыс уақытта өздігінен зерттеушілік іс-әрекетіне басшылық ете алуы оның шығармашылық қасаиеттерінің қалыптасуына бет бұрыс алуындағы негізгі танымдық іс-әрекет құралы болып табылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет