Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет32/35
Дата24.02.2016
өлшемі2.95 Mb.
#14826
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Кроме того, гибридизация основных колосьев совпадает с массовым цветением, что облегчает и экономит время в поисках цветущего колоса отцовского родителя. Обычно кастрируют колос в то время, когда колос полностью еще не созрели, имеют зеленую или желтовато-зеленую окраску. Обрезаются ости, удаляются три, четыре недоразвитых колоска в верхней части колоса, затем удаляют средние цветки, оставляя по два цветка в колоске. После этого удаляют пыльники. В колосе оставляется в среднем 20-26 одновозрастных цветков.

Немаловажное значение при гибридизации имеет способ опыления. В таблице 2 приведены данные по изучению влияния способов опыления на результативность скрещивания реципрокных гибридов.

Во всех вариантах колосья опылялись через три дня после кастрации. Из таблицы 2 видно, что лучший результат дает непосредственное нанесение пыльцы из срезанного отцовского растения на рыльце материнского (завязывание гибридных зерен составляет 65,0% и 46,8%). Желтые пыльники

иногда засыхают, но не лопаются, вследствие чего наблюдается снижение завязывания гибридных зерен (50,0% и 27,1%).


Таблица 2

Влияние способов опыления на процент завязывания гибридных зерен (реципрокное скрещивание).




Происхождение


Способ опыления

Опылено

цветков

Завязалось

зерен

Процент

завязывания

гибридных зерен

Безостая 1 х ОПАКС-1
Безостая 1 х ОПАКС-1

Безостая 1 х ОПАКС-1

ОПАКС-1 х Безостая 1
ОПАКС-1 х Безостая 1

ОПАКС-1 х Безостая 1



Прямое высыпа-ние пыльцы на

рыльце цветка

Помещение жел-того пыльника

Помещение зеле-ного пыльника

Прямое высыпа-ние пыльцы на

рыльце цветка

Помещение жел-того пыльника

Помещение зеле-ного пыльника



400
400

400


400
400

400


260
200

40

187



108

31


65,0±1,3
50,0±2,3

10,0±1,2


46,8±0,9
27,1±0,7

7,9±0,61

Самый худший результат дает опыление помещением зеленого пыльника на рыльце женского цветка (10,0% и 7,9%) вследствие того, что единичные пыльники лопаются и производят опыление[3].

При обратном скрещивании происходит общее снижение процента завязывания гибридных зерен по всем вариантам опытов (см. табл. 2).

С 1975 года в Казахстане применяли наиболее эффективный метод опыления, разработанный Н.Борлаугом (1973). Метод заключается в том, что кастрированный колос, заключенный в индивидуальном изоляторе, опыляются цветущими колосьями методом прокручивания (твел-метод). Далее был применен групповой твел-метод, разработанный Р.Уразалиевым, О.Шегебаевым (1978). Метод заключается в том, что группу кастрированных колосьев (3-5 штук) помещенных в общем изоляторе, опыляются цветущими колосьями (3-5 штук) и вновь закрываются изоляторы.
Литературы:

1. Гужов Ю.Л., Фукс А., Вавличек П. Селекция и семеноводство культурных растений. "Российского университета дружбы народов" М. 1999. 535-548с.

2. Жангазиев А.С. Результаты селекции высокопродуктивных, низко и среднестебельных сортов озимой пшеницы в Казахстане.-Вестник серия химико-биологическая. ПГУ им. С. Торайгрова. 2010.№2-С. 34-40с.

3. Районированные и переспективные сорта озимых зерновых культур Казахстана. Агромридиан. 2-2007.


Аннотация. Мақалада Оңтүстік шығыс Қазақстан жағдайында бидайды будандастыруда масақтарды тозаңдануға дайындаудың тиімді әдістері анықталған.

Annotation. The article presents the conclusion ears for the castration and indentify the best ways pollination when hybridization wheat in conditions of the South-East of Kazakhstan.


ӘОЖ 591.1.Т78
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАРАЛҒАН ЖАЙЫЛЫМ КЕНЕЛЕРІНІҢ

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Төлеубаев Б., Иманалиева А., Тулеубаев Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Иксодтық кенелер қансорғыш жәндіктер. Қан олардың жалғыз ғана азығы, ал қансору – азықтану тәсілі болып табылады. Олар тек қана жануарлардың қанын сорып, организміне зияндылығын тигізіп қоймай, малдың және адамның көптеген трансмиссиялық ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды.

Hyalomma туыстасына жататын кенелер ауыл шаруашылық малдарының тейлериоз, пироплазмоз, бруцеллез, листериоз, лептоспироз сынды ауруларын таратады. Жамбыл облысының ауыл шаруашылық саласы жоғарыда аталған аурулардан жыл сайын көптеген экономикалық шығынға ұшырауда.

Эпидемиологиялық мәні бар иксодтық кенелер оңтүстік өңірде адамзатқа өте қауіпті Конго-қырым қанды безгегінің, Ку-безгегі, туляремия, кене энцефалиті, бруцеллез, оба, құтыру, лептоспироз, риккетсиоз және басқа да аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады.

Бунақ буындылар арқылы тарайтын қоздырғыштар мен аурулардың ішінде Қазақстанда кездесетіндері кене энцефалиті мен Қырым геморрагиясы. Адам денсаулығына өте қауіпті осы екі жұқпалы ауру 20-ғасырдың отызыншы және қырқыншы жылдары мамандардың назарын аудара бастаған. Кене энцефалиті мен қырым геморрагиясының қоздырғыштары арбовирустар тобына жатады. Соңғы кезде елімізде, оның ішінде Қазақстанда осы топқа жататын елу шақты арбовирус бар екені анықталған.

Қазақстанда осы топқа жататын кене энцефалиті мен қырым геморрагиясы ауруларына тән табиғат ұялары да кездеседі. Мысалы, кене энцефалиті негізінен орманды Шығыс Қазақстан, Талдықорған және Алматы облыстарында кездессе, қырым геморрагиясы – Қазақстанның Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтау облыстарының құмды, шөлді жайлымдарында кеңінен тараған. Жартылай шөлді аймақта қырым геморрагиясын негізгі таратушысы гиаломма азиатикум.

Республикамызда кездесетін қырым геморрагиясы ауруы ел арасында «көкала» деп аталады, өйткені науқастың терісі астына, бұлшықеттеріне қан құйылуы салдарынан ол көкала болып көрінеді. Көкала ауруы адам өміріне өте қауіпті, бұдан өлім-жітім жиі кездеседі. Қырым геморрагиясы (көкала) – кенеттен пайда болатын ауру, оның сырт белгілері жалпылай улану түрінде байқалады, аздап қан кетіп, қандағы лейкоцит және тромбоцит клеткалары азаяды. Бұл ауру бірден байқалады, адамның басы ауырып, тамаққа тәбеті болмайды. Дене қызуы тез көтеріледі, лоқсиды, іш өтеді, белі сырқырайды, қан қысымы төмендейді, мұрыннан қан кетеді.. Бұл әрі жұқпалы, әрі қауіпті ауру. Қазақстанда қырым геморрагиясымен адамдардың белгілі тобы ғана ауырады. Олар: шопандар, сауыншылар, малшылар, жеке меншігінде мал ұстайтын адамдар.

Көкала ауруының ғылыми атауы қырым геморрагиясы. Бұл аурудың қоздырғыш вирусы алғаш рет 1945 жылы Қырым түбегінде ауырған адамның және кенелердің қанынан табылған Қазақстанның оңтүстік аймағының ауа-райы иксодтық кенелердің өсіп-өнуі және дамуы үшін өте қолайлы, сондықтан да бұл жәндіктер аймақтың табиғи мекен етушілері болып табылады. Сонымен қатар облыс көлемінде кенелерді жою жұмыстары әлі күнге дейін жүйелі жолға қойылмаған. Аталған аурулардың таралуына кедергі болуға және жануарларды аман сақтап қалу мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Сондықтан да, кенелерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерді негізге алу қажет:.

- Қазақстанның оңтүстігіндегі иксодтық кенелердің түрлік құрамын, таралуын, маусымдық динамикасын өңірдің географиялық аймақтарына қарай зерттеу;

- Иксод кенелерінің биологиялық ерекшеліктерін сипаттау;

- Жамбыл облысында тараған иксода кенелерінің түрлерін қарастыру;

- Кенелер тарататын аурулар мен олардың алдын алу шараларын қарастыру;

- Жамбыл облысында жайылым кенелерімен күресудің тиімді жолдарын ұсыну.

Кенелерді жануарлар денесінде және қора жайларда жою тиімді болып есептелінеді. Ал табиғи жайылымдарда бұл жәндіктерге қарсы шара қолдану өте қиын мәселе екені айқын. Кенелерді жою үшін олардың өсіп-өнуін, мекен ететін ортасын жақсы білу қажет. Қора – жайларда және мал тұратын басқа да орындарды кене және басқа да зиянкес жәндіктерден арылту үшін жылдың жылы мезгілінде алдымен акарицидті препараттардың сулы ерітінділерімен жуып-шайып, орны кепкен соң акарицидті препараттардан жасалынған дусттарды сол жерлерге сеуіп тастау қажет. Жылдың суық мезгілдерінде қораның іші кеппей қалатындықтан, сулы ерітінділерді қолданбай, тек қана дусттарды себуге тура келеді.

Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында 42-46 с.е.- мен 69-75 ш.б. аралығында Евразия материгінің терең қойнауында, мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтықта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстік аймағы жазық - Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Алатау (Шу-Іле таулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер көлемі 145,2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал батыстан шығысқа 500 шақырымға созылады.

Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның салдары облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл өзгеріп, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлттылықтың төмен, құрғақшылықты болып қалыптасуына, жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі мен шөл ландшафтысының дамуына ықпал жасайды. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу мен қуаңшылыққа - бейім екендігін көрсетеді.[ 8]

Жамбыл облысының жер бедерінің 90% жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстық шекара республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын – Қырғыз Алатауы (4000 м) жотасымен өтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800 м), оңтүстік батысында Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытында созылып жатыр. Осы таулардың тосқауылдық функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-шашын мөлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Биіктікке байланысты ауа температурасының төмендеуі мен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтардан өлкенің су қорын құрайтын, ірілі-кішілі өзендері басталады.

Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекаралары ашық, табиғи тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтүстігінде сәл көтеріңкі Бетпақ дала (300-450м) сазды шөлі оңтүстікке біртіндеп аласа Мойынқұм құмды шөліне (200-300м) ұласады. Облыстың осы орталығындағы жазық бөлігін кейде аккумулятивті төмен түскен, Шу-Талас бассейні деп атайды. Облыс жерінің солтүстігінде тосқауылсыз жазықты ашық жатуының экологиялық салдарын арктикалық суық континентальды және Сібір антициклонының құрғақ суық ауа массаларының әсіресе, көктемде және күзде келуі ауыл шаруашылық дақылдарына зиянды әсер ететін үсіктердің жүріп өтуіне себеп болады. Облыстың батысындағы аласа Қаратау жоталары, Жерорта теңізінен келетін Атлант ауа массаларымен, контенентальды тропикалық құрғақ ауа массаларына көп жағдайда тосқауыл бола алмайды.

Облыс жеріне түсетін атмосфералық жауын-шашынды түгелдей дерлік осы атлант мұхитынан келетін ауа массасы әкеледі. Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның өзгерістеріне климаттың қосатын үлесі мол.

Табиғи ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына Жамбыл облысындағы топырақ жамылғысының табиғи қасиеттері де әсер етуде. Топырақтың әр-түрлі типі мен оның түрлері облыс аумағында бірін-бірі жиі алмастырып дамыған. Территорияның 90% алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты, әрі жұқа құнарлығы төмен болады. Осындай экологиялық қасиеті бар топырақ жамылғысы, эрозия мен дефляцияға өте тез ұшырайды. Осындай табиғи құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеттері де көп ықпал жасайды.

Жамбыл облысының табиғаты жұқпалы ауру тарататын кенелердің өмір сүруіне өте қолайлы облыстардың бірі болып табылады. Сондықтан мал санының көбейюі кенелер үшін тиімді қоректену нысаны болып табылатындықтан оларға қарсы қолданылатын шаралардың тиімді жолдарын анықтау жұмыстың ғылыми жаңалығын көрсетеді. Сонымен Жамбыл облысының табиғаты мен географиясы кенелердің өмір сүруіне өте қолайлы облыстардың бірі болып табылады.

Иксод кенелері өмір сүру үшін климаты және жер рельефі ыңғайлы табиғи орта, қан сору үшін қоректенетін жануарлар қажет. Олардың экологиясы мен биологиясы әртүрлі.

Жамбыл облысы мал басы санынан республика бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейінгі үшінші орынды иемденеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 миллионнан астам қой-ешкі, 800 мыңға таман ірі қара тіркелген. Міне, осы жануарлардың көбі дерлік кенелер үшін қоректену нысаны болып табылады. Кенелердің саны соңғы 10-15 жылда күрт өскен, осы жайт адам және мал дәрігерлерін, мал иелерін қатты алаңдатуда.

Жамбыл облысында Иксода кенелерінің Boophilus туысы (бұқа сүйгіш), Boophilus calcaratus, Hyalomma туысы (шыны көз) – сары кенелер, Нyalomma рlumbeum – екі иелі кене, Гиаломма азиатикум кене түрлері кездеседі. Олардың ветеринарлық мәнділігі адам мен жануарлардың инфекция және инвазия аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде үлкен роль атқаруында. Сонымен бірге кейбір кенелер ұзақ уақыт өз денесінде жұқпалы аурулар қоздырғыштарын сақтайды – резервенттер ретінде. Иксодалар қансорғыш паразиттер.

Тіршілік циклі тек қана мекендейтін орындарында (биотопта) қолайлы жағдайда өтеді. Әр кене түрлерінің ареал жағдайы орта температурасына, микроклимат ылғалдылығына, өсімдіктер құрамына және кенелердің барлық фазалары дамитын әр түрлі жануарлар болуына байланысты. Орта жағдайы, адамның шаруашылық қызмет әсерінен өзгеріп тұрады, сондықтан иксода кенелері ареал көлемі азаяды. Ауыл шаруашылығын интенсификациялауда малдардың табиғи жайылымдар көлемі қысқарған, сол себептен кенелердің мекендейтін орындарын едәуір жойылуына әкеп соғады.

Иксода кенелері көбеюінің өзгеруі олардың даму фазасына, қанға тою дәрежесіне байланысты болады. Қанды онша сормаған иксода кенелер пішіні жалпақтау болады, ал қанға өте тойған кенелер пішіні сопақша – дөңгелектеніп, алдынғыға қарағанда едәуір үлкейіп кетеді. Иксода кенелері денесі тұлғадан тұмсығы және аяқтарынан тұрады. Иксода кенелерінің кейбір түрлерінде, арқа қалқанының алдыңғы бөлігінде орналасын көздері болады. Тұлғасының төменгі жағында жыныс және анальдық тесіктері орналасады. Тұмсығы арқылы теріні жарақаттандырып, тұмсығындағы қылтан арқылы жануарлар денесіне жабысады. Аналық кенелердің еркектерінен айырмашылығы, олардың арқасындағы қалқаны онша үлкен болмайды, сондықтан қан сорған сайын денесі үлкейе түседі. Еркектерінде қалқаны арқа жағының барлығын жауып тұрады, содан қанды аз сорады және денесі ұлғаймайды.

Boophilus туысы (бұқа сүйгіш). Біздің аймақта бірақ түрі В.саlcaratus, кездеседі. P.bigeminum, Fr.Colhicа-ларды тасымалдайды. Бұл кене Кавказда, Заакавказда, Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азия мемлекеттеріде мекендейді. Шөбі өсімді, бұталы жерлер кене биотопы саналады. Айдалған жерлерде, орманда, теңіз деңгейінен 900-1200м биік тау бөліктерінде бұл кене кездеспейді. Қыс кезінде кененің личинкалары қырылып қалады. Көктемде солтүстік ареалдарында, наурыз-сәуірде личинкалары шабуыл жасайды, ал оңтүстік аудандарда шабуылы ертерек басталады, көбінесе ірі қарада паразиттейді.

Қоршаған ортаның температурасына байланысты, мал денесінде 25-40 күндей болады. Ұрғашылары қанға тойған соң, жерде жұмыртқалайды. Жұмыртқаларынан личинкалары шығады. Тыным кезеңі өткен соң личинкалар шабуыл жасап генерациясын аяқтайды. Личинкалар биотопта қорексіз 5-7 айға дейін өмір сүре алады.

Көктемде бірінші генерациясы біткен соң маусым айынан екінші генерациясы басталады. Қыркүйекте кенелер үшінші рет шабуылдайды. Личинкалардың бір бөлігі жерде қалып қыстайды. Оңтүстік ареалда В.саlcaratus-тың төртінші шабуыл кезеңі болуы мүмкін. Бұл кенені жұмыртқа салатын және личинкалары шығатын биотоп жерін жыртып құртады, ал жануарлар үстіндегі кенелерді, акарицидтермен домдайды.

Boophilus calcaratus. Жалғыз иелі кене, барлық даму сатыларын ірі қара денесінде өткізеді. Басқа жануарларда, әсіресе жылқыда, қойда сирек кездеседі. Қолайлы табиғат жағдайында ересек кене мал денесінде 25-30 күн өмір сүреді. Ауа-райы өзгеріп салқындаса, олардың тоғышарлығы мен даму мерзімі ұзарады. Тойынған ұрғашы кене жерге түсіп, таса қолайлы ін тауып, 2-3 күннен соң жұмыртқалай бастайды. Қолайлы жағдайда жұмыртқадан шыққан балаңқұрт өзіне тән иелеріне жабылып, 4-6 күн бойы қоректеніп түлеп, нимфаға айналады. Нимфа сол жануардың терісіне бекіп, 5-10 күндей қан сорып, ересек аталық немесе аналық кенеге айналады. Балаңқұрттар 6-7 ай өмір сүреді.

Оңтүстік аймақтарда қыстың жылы болуына сәйкес, көктемде ірі қара денесіне жабысқан кене өте қалың болады да, ал солтүстікте сол мерзімде малда бірен-сараң ғана кене кездеседі. Наурыз-сәуір айларында тойынған ұрғашы кенелер иесін тастап, сыртқы ортада жұмыртқалай бастайды. Малға кененің жаппай жабылуы екінші рет маусым-шілдеде байқалады. Тамыз, қыркүйек, қазан айларында олардың санының өсуі білінеді. Кене ареалының солтүстігінде жазғы балаңқұрттар қыстамаға кетеді, ал оңтүстікте олар үшінші рет малға жабылып қоректенеді. Қысқа дейін дамуын аяқтаған кенелер төртінші рет малға жабылып, тіршілік циклын одан әрі жалғастырады.

Кене малдың пироплазмоз, франсейеллез ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды және оларды жұмыртқа арқылы (трансовариалды) өз тұқымына таратып, сақтайды.

Boophilus calcaratus кенесі бұрынғы Кеңестер Одағы территориясы бойынша Қырымда, Краснодар өлкесінде, Каспий теңізі бойында, Қарақұмның, Түркіменияның оңтүстігінде, Өзбекстанның көптеген жерлерінде, Қазақстанның оңтүстік облыстары аумағында және басқа жерлерде таралған. Аталмыш кене түрі көбінесе ылғалы мол жерлерді, яғни өзен, су арықтары бойларын мекендейді.



Hyalomma туысы (шыны көз) – сары кенелер. Н.аnatolicum, H.detritum, H.scupense және H.asiaticum кенелер түрлерінің эпизоотологиялық маңызы зор. Н.аnatolicum – үш иелі кене, Th.аnnulata, Th.mutans-тарды тасымалдайды. Таралуы солтүстікте, Астрахан облысының оңтүстік аудандармен, ал шығыста Оңтүстік Қазақстанда және Қырғыстанмен шектеседі. Теңіз деңгейінен 500м биіктегі тауларда биотоптары болмайды. Солтүстік ареалында биотоптары мал қораларында болады. Олар қабырғалардың жырықтарында, кепкен қидың астында, кеміргіштердің ұясында мекендейді. Солтүстіктегі ареалда, жануарларға жайылымда да, қорада да шабуылдайды. Кененің 3 даму фазасы (личинка, нимфа, имаго) көбінесе ірі қарада өтеді. Бір жылда кенелерде бір генерациясы өтеді, мамыр айынан шабуылдайды.

Кенелерге қарсы күрес жүргізгенде ең алдымен олардың тығылатын орындарын: қорадағы жырықтар, саңылаулар мен тесіктері, қиларды құртады. Жануарларды акарицидтермен домдайды. H.detritum – екі иелі кене Th.аnnulata мен Th.mutans-ты тасымалдайды. Бұлар қорада да, жайылымда да мекендей береді. Көбінесе ірі қарада паразиттейді. Жылына бір генерация береді.



Нyalomma рlumbeum – екі иелі кене, N.equi, Th.аnnulata және A.ovis-терді тасымалдайды. Оңтүстік аймақтар: Украина, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия көлемінде кең таралған. Ареалы үлкен болу себебі бұлардың личинкалары мен нимфалары көбінесе жыл құстарында паразиттейді. Имаголары ірі қараға, жылқыларға, қойларға шабуылдайды. Бір жылда кененің бір генерациясы дамиды. Бұл құрғақ әрі жылыны жақсы көретіндерге жатады. Имаго сәуір, мамыр, маусым айларында шабуылдайды. Айдалған жайылымға жайылған малдарда болады, өйткені кенелер құстармен келеді.

Hyalomma plumbeum – Украинаның оңтүстігі, Еділ бойы, солтүстік Кавказ, Закавказье, Орта Азияда кеңінен таралған. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінің басым кенелерінің бірі.

Жылқы пироплазмозы мен нутталиозының, қой анаплазмозының қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Екі иелі кене балаңқұрттары мен нимфалары көбінесе құстардың қанын сорып қоректенеді. Ересек кенені малда жаз бойы кездестіруге болады. Балаңқұрт пен нимфаның паразиттік тіршілігі маусымнан қазанға дейін созылады. Күзде нимфа ересек кенеге айналып, көктемге дейін диапаузаға енеді. Бұл кене түрін Hyalomma marginatum marginatum деп те атайды. Мекен ететін биотопы жыртылмаған жайылымдық жерлер болып табылады.

Гиаломма азиатикум кенесі қысқы ұяларынан наурыз айында шығады да, қыркүйекке дейін белсенді өмір сүреді, өсіп-өнеді. Ересек кенелер мамыр-шілде айларында көбейеді. Ұсақ және жас кенелер майда кеміргіштердің қанымен қоректеніп, солардың інінде болады. Ересек кенелерде қыста солардың інінде жатады, күн жылыған соң одан шығады да, ірі омыртқалы хайуандарға жабысып, солардың қанымен қоректенеді. Ересек кенелердің қоректенетіні үй жануарлары. Гиаломма азиатикум кенесі әсіресе түйелерде жиі кездеседі.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында қырым қанды безгегімен ауырғандар жыл сайын тіркеледі. Қатерлі дерт негізінен кене секілді жәндіктерден мал мен адамға жұғады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда 2009 жылдың сәуірінен бастап 2012 жылға дейін 17 рет конго-қырым безгегіне шалдығу оқиғасы болған. Оның 14 -і Оңтүстік Қазақстанда болса, үшеуі Қызылорда облысында тіркелген.

КҚҚБ алдын алу және сапалы диагностикамен қамтамасыз ету үшін эпидемиологиялық мерзімде, сәуірден-шілде айына дейін Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандарында бактериологиялық жылжымалы зертхана жұмыс жүргізді.

2012 жылы КҚҚБ табиғи ошақтарынан өте қауіпті 34054 дана иксод кенелерін жинаған, солардың ішінен КҚҚБ-71, кене энцефалиті (КЭ)-41, туляремия – 35 ауру қоздырғыштары табылды.(Кесте-1 )



Кесте-1.

Иксод кенелерін зерттеудің көлемі мен нәтижесі. (2012ж)

Аудандар

Жинақталған және зерттелген кенелер (дана)

Анализдер саны (үлгі)

Оң шешімін берген анализдер саны

КҚҚБ

КЭ

туляремия

Сарысу

3830

388

6

-

5

Талас

6843

670

10

13

10

Мойынқұм

23381

2333

55

28

20

Нәтежесі

34054

3391

71

41

35

2013 жылы облыстық санитар-мамандар малды өңірден 36 000 кенені жинап, сараптамадан өткізген, соның 28-інен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері анықталған. Бұл сақтық шараларын барынша күшейтуге себеп болды.



2013 жылдың басынан бері 334 адамды кене шақса, соның 84-і осы эндемикалық Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарының аймақтарында тіркелген, бірақ олардың ешбірінде де Конго-қырым геморрагиялық қызбасының клиникалық белгілері байқалмаған. (Кесте-2)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет