Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.Н.Лук өз еңбегінде адамның шығармашылық дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен ол шығармашылық ойлауға байланысты дейді. /Лук А. Н. Психология творчества. Москва: Наука, 1928. 284 – 23 б/. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
2. Көркемөнер мен шығармашылыққа анағұрлым жақынырақ келетіні – педагогика, психология, тарих, әлеуметтану, этнография және т. б. ғылымдар. / Дюрер А. Дневники, письма, трактаты т 1. Москва: Искуство 1657, 86 – 89/
3. «Қазақ мактептері мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» /1990/ сияқты қолданбалы өнер сабақтарында балаларға ұлттық өнер туындыларының мазмұны арқыла халық мәдениетінің бай мұрасын игеруді көздеген құжаттар дүниеге келді және бұлар басшылыққа алынып отыр. (қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. – Алматы. – 1990 – 52б.
Аннотация. В данной статье рассматривается создания формировки окружающей среды для подходящей познаваемости красоты этого искусство с помощью казахского прикладного искусство.
Annotation. This article discusses the creation of forming a suitable environment for the knowability of the beauty of this art with the help of Kazakh Applied Arts.
К 32
75(574)
«СУРЕТ САЛУ ЖӘНЕ БОЯУМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ»
Керімбеков С.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Сурет салу өнері – білімгерлердің қабілеті мен талантын шыңдайды. Сурет салу өнері бойынша екінші «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын дамыту мақсатында:
-
Білімгерлердің теориялық білімін жетілдіріп, дамытуға;
-
Әртүрлі нобайда сурет салуға;
-
Көру, қабылдау, бейнелі ойлауды жетілдіруге;
-
шығармашылық қабілетін дамытуға;
-
заттардың сипаттық ерекшеліктерін еркін қабылдауға;
-
болмысты тұтас аңғаруға;
-
сурет салу жабдықтарын қолдана білуге;
-
сурет салатын графит карандаштарды : - (6т, 5т, 4т, 3т, 2т, т, тм, м, 2м, 3м, 6м) пайдалана білуге үйрету;
-
Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (архитектура) кнопкасын қолдана білуге;
-
Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру үшін қолданылатын өшіргіштерді тиімді пайдалануға;
-
Сурет салғанда қолды дұрыс ұстау тәсілін;
-
Сурет салуда көмір таяқшаларын пайдалануға;
-
Сызықтар мен штрих жүргізу тәсілін;
-
Сурет салу композициясының алғашқы тәсілдері;
-
Суреттің шекараларын анықтауға үйрету;
-
Сурет салуда неден бастап, қалай істеу керек деген күрделі мәселелер түсіндіріледі. [7]
Бейнелеу өнерін оқыту барысында сурет салудың жоғарыда көрсетілген мәселелердің бәрін жақсылап ой елегінен өткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыру тапсырылады.
Білімгерлердің болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша сан рет түзетіліп, толықтырылып, өзгертіліп отырады. Жоспарды жетілдіру үстінде толып жатқан эскиздер жасауға тура келеді.
Алдын – ала орындалатын жұмыстарды жоспарлау яғни суретті үйлестіру тәсілі (компановка) білімділік пен шеберлікті қажет етеді. Компановканың түпкі мақсаты – бейненің жеке бөліктерін біріктіріп, олардың біртұтас болып шығуына негіз қалайды. Сурет салудың басты міндеттері:
-
Суреті салынатын нәрселерді кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу;
-
Қағаз ортасын кесіп өтетін вертикаль (тік), горизонталь (көлденең) сызықтар (координаталар, осьтер) жүргізу;
-
Бұл сызықтар (симетриялы осьтерінен басқалары) нәрселердің (заттардың) көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланып, соңынан өшіріліп тастау ескеріледі;
-
Визирлеу әдісі кезінде сурет салушы қолын алға созып, қарындашты көзінің деңгейінде ұстап отырып, қашықтықта тұрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың көлемдерімен салыстыруға мүмкіндік береді;
-
Нәрсе бөліктерінің прапорцияларын визирлеу арқылы тексеру, суреті салмай тұрып емес, салынып біткенен кейін істеледі;
-
Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның прапорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет;
-
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағдайда тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алады;
-
Сурет салып ұдайы жаттығу арқылы көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса визирлеп өлшеуге қарағанда, көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады;
-
Бейнеленетін объектінің жарық және көлеңке жақтарын анықтау қажет;
-
Адамның жеке суретін салуға машықтанады;
-
Сурет пәні бойынша «Бейнелеу өнері» мамандығына баулудың алғы шарттары түсіндіріліп, үйретіледі.
Зерттеуші әрі суретші И.С. Болатинаның натюрморт туралы айтқан құнды пікірлеріне сүйене отырып, білімгерлерге наюрморт жайлы жан – жақты түсінік бере отырып, натюрморт кескінін салу үшін алдын – ала дайындықтар жүргізіледі.
1. Натюрморт туралы түсінік беру;
2. Натюрморт ретінде салатын затты дайындау;
3. Натюрморт кескінін айқындау (алыс – жақынын, жарық пен көлеңке жағын айқындау);
4. Натюрморттың композициялық кескінін қағазға түсіру;
5. Натюрморттың түсін, түрін айқындау;
6. Натюрмортқа лайықты бояуларды таңдау;
7. Натюрморт салатын заттарды алдын – ала даярлау (кист, бояу, планшет, плакат, қағаз, қалам т.б.);
8. Натюрморт кескінін айқындай отырып, суретін салуға кірісу.
Натюрморт салу үшін «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» туралы әдістемелік құралды (Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, - Алматы «Мектеп» 1987) басшылыққа ала отырып, сурет салу жабдықтары, сурет салудың техникасын білуді, сурет салу композициясының алғашқы тәсілдерін меңгеруді, эскиз және нобайын қағазға түсіруді, натюрмортқа лайықты әртүрлі заттар мен адамның суретін салуды, акварель мен майлы бояулы живопись арқылы түрлі материалдармен жұмыс жасауға арналған қағаздарды таңдау білу мақсатында «Натюрморт салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралға Б. Әлмұхамбетов пен Ж. Балкеновтың «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» (А, 1987ж) қосымша ендіріледі. Білімгерлерді мамандыққа үйрету үшін – көмекші құрал бойынша А.С. Щипановтың «Әуеқой жас суретшілері мен мүсіншілерге» (А, 1981) деген еңбегіндегі натюрморт жайлы суреттерімен И.С. Болатинаның натюрморт проблемасы жайындағы пікірлері де қосымша берілді.
Мектепте сурет көрмесін ұйымдастыру ойластырылуда. Мектеп мұражайына оқушылардың салған суреттерін жинақтап, суретті альбом жасау жоспарларын, іске асырылуда.
«Суретшілер» үйірмесінің мүшелерін мектеп ішін безендіру жұмысына қамту арқылы көптеген жұмыстар іске асырылды.
1. Мектеп залын безендіру ісіне көмектесу ұйымдастырылды;
2. Әдістемелік оқу бөлмесін жабдықтау іске асырылып келеді;
3. Мектеп мұражайына қажетті суреттер даярлануда;
4. Ұстаздардың көрнекті құралдарын салуға көмектер берілді;
5. Олимпиада жүлдегерлерін даярлау мақсатында сурет өнеріне баулу міндеттері іске асырылды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ростовцев Н.Н. «Академиялық сурет» Москва; 1984.
2. Кузин В.С. «Рисунок» М; Агар 1997.
3. Луковенко Б.А. «Рисунок пером» М; 2000
4. Болатбаев Қ. Бейнелеу өнері. Жұмыс дәптері – Алматы: Атамұра, 2002 32б.
Аннотация. В данной статье рассматривается выставка рисунков в школе.
Annotation. This article discusses an exhibition of drawings at school
К 32
374/377(574)
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ – ҮЙРЕТУ
Керімбеков С.М., Ахметова А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақ мектептерінде оқушыларға білім мен тәрбие беру ісі өте күрделі. Кеңестік оқыту жүйесінің озық жетістіктерін тиімді пайдалану арқылы қазақ мектептерінде оқыту жүйесін жан – жақты дамыту – басты мақсат.
Мектеп өмірі – күнделікті сабақтардан басталады. Сабақ арқылы ұстаз көрінеді. Ұстаз білімі, парасаты, мәдениеті мен тіл – шәкірттердің жан – жақты білімді болуына әсері тиеді.
Күнделікті сабақ – жоспарлауды қажет етеді. Сабақ арқылы оқушыларға білім мен тәрбиенің жаңа үрдістерін үйрету – тақырыптар бойынша жаңарып, өзгеріп, дамып отырылады.
Сабақта сұрақ қою жүйесі арқылы білім мен тәрбиені дамыта отырып, оқушылардың ойлау қабілетін оятады, талабын талантпен ұштатырады, білімнің жан – жақты қырымен таныстырады, тәрбиенің көзін ашып, бұлақтың таза білім суынан сусындатып, өнердің биік шыңына шығарады. Шәкірттің ойлы болуы – ұстаз біліміне орай іске асырылады. Сабақ барысында – халқымыздың өткен өмірі, тарихы, ұлттық дәстүрі мен әдет – ғұрып, салты, тілі, мәдениеті, діні, ділі, шешендік өнері мен халқымыздың жас ұрпақтарға өсиет етіп қалдырып кеткен ырым – тыйым сөздері мен мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, мысал, аңыз, ертегі, жыр, дастан, эссе жанырындағы ой түйіндері мен толғау, терме, баталары – ұлттық өнеріміздің бастамасы болуға тиіс. Сабақ барысында оқулық материалынан тыс қосымша түсіндіруді қажет ететін ұлттық өнеріміздің сан түрлі қырларын түсіндіру, үйрету ісі – үнемі іске асырылуға тиіс.
Мектепте білім мен тәрбиенің басты мақсаты – үйрету. Үйрету арқылы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны білімгерлерінің білім сапасы мен ұлттық тәрбиесін дамытуға болады. Ол үшін мектептің оқу жүйесін ұлттық дәстүрімізге орай қайта құруды қажет етеді. Мектебі жоқ көне заманғы ата – бабаларымыздың салып берген даңғыл жолынан адаспай, ұлтымыздың тілі мен мәдениетін, шешендік өнерін, ырым – тыйым сөздерін, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарын оқушылар бойына да, ойына да біртіндеп сіңіре берген тиімді. Мұндай әдіс – тәсілдерді жан – жақты іске асыру үшін мектепке білімді әдіскер мен парасатты басшы керек. Бсшылық – мектеп жұмысын күшейтеді, ұжымды нығайтады.
Мектеп – білім мен тәрбие ордасы. Мектеп арқылы – талатты да, тәрбиелі оқушылар өмірге жолдама алады. Қазіргі мектеп – білім мен ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Мектеп – ұлттық санамыздың ордасы. Мектеп тарихы – мұражайдан басталады. Әрбір мектептің жас ұрпақтарға тәрбие көрсететін ұлттық мұражайы болуы тиіс.
Мұражай – мектептің ұлттық тарихы. Онда мектеп түлектерінің жинаған заттары, халқымыздың көне заманғы ескеткіш мұралары, қолжазбалары мен мектеп жайлы деректері болуға тиіс. Сабақта мұражай материалдарын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ойын дамытуға болады, санамыздан шығатын түрлі сөздерді қайта жаңғыртып отыруға мүмкіндік береді. Әрбір сыныптар арқылы жинақтап, қолдан жасаған альбомдар мұражайда сақталынса, мектеп бітірген түлектердің асыл мұрасына айналар еді. Мектептерде білім мен тәрбие беру ісі – жылдан – жылға күрделеніп келеді. Жаңа технологиялық оқу үрдісі – оқушылардың ой – санасын дамытуды тереңдете түседі. Мектеп саласында жаңа технологиялық әдістер мен амалдарды пайдалану кезінде ұлттық дәстүрімізді, әдет – ғұрып, салтымызды, тілімізді, дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді өркендету – басты мақсат болуға тиіс. Ырым – тыйым сөздер, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, терме, бата, толғау, жыр, дастан, аңыз, ертегі мен көне заманғы эссе туындыларын жаңа технологиялық әдіс- амалдар арқылы оқушылар бойына қалыптастыру – назардан тыс қалмауға тиіс.
Қазіргі басты мақсат – мкетеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының білімгерлеріне ұлттық мәдениетіміз бен тілімізді үйрету болып табылады. Жаңа технологияның да басты мақсаты – оқушылар мен білімгерлерге ұлттық дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, ділімізді, мәдениетіміз бен әдебиетімізді жан – жақты үйрету.
Мектептерде ұлттық дәстүрімізге орай ырым – тыйым сөздер мен мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, терме, бата, толғау, жыр дастан, аңыз, ертегі мен эссе туындыларын оқулық материалдарына орайластыра отырып, қосымша материалдар ретінде қолдануға жаңа технологиянаң маңызы зор. Қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін түсіндіру – көп ізденісті қажет етеді. Қазіргі оқулықтарда ұлттық өнер мен тіл дамытуға байланысты шешендік сөздер, ырым – тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер, жұмбақтар аз қамтылған. Соңғы жылдары оқулықтарға байланысты қосымша оқулық – хрестоматиялары қысқара бастады. Бұл жағдай милиондаған шәкірттер мен ұстаздардың өзбетінше ізденіп, оқуын қажет етеді. Оқулық - хрестоматиялар- да әрбір сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келетін шешендік сөздер, ырым – тыйым сөздер, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, бата, терме, толғау ертегі, аңыз, дастан, жыр үзінділерімен эссе туындылары жоқтың қасы.
Қазіргі мектеп – үш сатылы оқу жүйесі арқылы оқшылар білімін дамытып келеді.
-
Бірінші саты (төменгі буын, I-IV сынып)
-
Екінші саты (ортаңғы буын, V-VIII сынып)
-
Үшінші саты(жоғарғы буын, IX-XI сынып)
Мктептің оқыту жүйесінде болашақта төртінші саты (XIІ сынып) бойынша оқушыларға білім мен тәрбие беру ісі қарастырылмақшы. Бұл төрт сатылы оқыту жүйесі – жаңа технологиялық оқыту жүйесімен ұштасатыны ақиқат. Оқыту жүйесінде жоғары оқу орындарындағы оқытушы ғалымдар мен мектептегі озат тәжірибелі ұстаздардың білім парасатын, бірлігін қажет етеді.
Мектеп оқушыларынан бұрын, ұстаздар білімін тереңдетіп, ұлттық дәстүрге орай әдебиетпен мәдениетті, шешендік өнерді, тілімізді, дінімізді, ділімізді, оқушыларға таныту – халқымыздың жас ұрпақтарға өсиет етіп қалдырған асыл мұрасын жан – жақты үйретуден басталады.
Үйрету – білімінің бастамасы. Үйрету арқылы жастарға білімен тәрбие беріледі. Білім мен тәрбиенің қайнар көзі – мектеп. Мектеп арқылы оқушыларға жан – жақты білім мен өнегелі тәрбие беру ісі күрделі. Мектепте ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, тіліміз бен мәдениетімізді үйретудің алғы шарттары мыналар:
-
Ата – бабамыздың жас ұрпақтарға қалдырған ырым – тыйым сөздерін үйрету;
-
Мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылпаш, терме, бата, тұрмыс – салт өлеңдерін үйрету
-
Шешендік өнерге баулу арқылы сөз өнерін үйрету;
-
Ақындық өнер;
-
Ұлттық өнер саласындағы би, домбыра, қобыз тартуға үйрету;
-
Шығармашылыққа баулу арқылы өлең, әңгіме, аңыз, эссе, мақала, баяндама жазуға үйрету;
-
Кітапхана арқылы көркем әдебиет оқуға үйрету мен ғылымға бейімдеу;
Үйрету арқылы оқушылардың ой – санасын, ақылын, білімін дамыта отырып, жақсы мінезге тәрбиелеу – басты мақсат болуға тиіс.
Оқушылар бойында ұлттық мінеді қалыптастыру арқылы өнер саласындағы талап пен талантын шыңдап, өнердің биік шыңына шығару – ұстаздың асыл да, абзал міндеттеріне жатады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қ.Тасболатов. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін аттыру жолдары. Алматы, «Мектеп», 1974, 80б.
2.«Ел ертеңі бүгінгі мектепте» көмекші құрал, Керімбеков М., Саду Д. Қалтаева М., Керімбеков С. 2012 ж.
3.«Мектеп – интернет тәрбиелерінің білім мен тәрбие берудегі әдістері» Тараз.қ 2011 ж. Керімбеков М., Ақжолова Қ.
4.«Арнайы мектеп – интернет оқушылары мен жүргізілетін коррекциялық жұмыс ерекшеліктері» Тараз қ. 2011ж. Ақжолова Қ., Керімбеков М.
Аннотация. В статье рассматривается воспитание и знания учеников в казахских школах.
Annotation. The article deals with education and knowledge of students in Kazakh schools.
УДК 32-051
Қ 56
МҰСТАФА ШОҚАЙ: ӨМІР ЖОЛЫ МЕН БАСПАСӨЗ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Қожимбетова Р.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мұстафа Шоқай дүниеге келген түста, яғни ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған. Бұдан кейін Петербург өкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді. Ресейдің ішкі аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай көшулерін тездетті. Түркістандағы жергілікті орыс билеушілері де осы саясатқа сай билік жүргізді. Меншікті жер мен мал-мүлікке ие болуға әбден құнығып алған орыс келімсектерінің Түркістанның жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен секілді халықтарының жерлерін иемденуіне тосқауыл болмады.
Халық жер дауына байланысты жүгініп барған орыс сот орындарынан көбіне оңды нәтиже ала алмады. Өйткені халық жергілікті дәрежеде орыс тілі мен заңдарын білмеуші еді. Осындай қилы заманда дүниеге келген Мұстафа жастайынан білімге құштар болып, алғашқы білімін анасы Бақтыдан алды. Бақты ұлының сауатын бес жасар кезінде ашты. Бұдан кейін Мұстафа ауыл балаларымен бірге ауылдағы түрік имамынан дәріс алды. Бұл дәрістер Исламның негіздерін қамтыған діни сабақтар еді. Мұстафа ауыл балаларымен салыстырғанда осы дәрістерді және Құранды үнемі үздік оқыды.
Мұстафа діни біліммен қатар Мұстафа музыкадан да сабақ алды. Бес жасында домбыра тартып, ән салатын еді. Мұнда да оның алғашқы мұғалімдері – отбасы мүшелері болды.
Мұстафа Шоқай ауыл имамынан алған діни білімін аяқтап, мектеп жасына келгенде Түркістанда ол бара алатын төрт түрлі мектеп бар еді. Олар: ескі әдістегі медреселер, жаңа әдістегі жадит мектептері, жергілікті халық пен орыс балалары білім алатын аралас мектептер және орыс мектептері еді. Бұлардың ішінде соңғы екі мектеп орыс өкіметінің демеуімен сапалы білім бере білді. Осыған байланысты әкесі Шоқай Мұстафаны аралас мектепке беруді қалады. Бірақ бұған екі әйелі мен ауыл имамы қарсы болды. Оған қарамастан Шоқай би ұлын жергілікті халық пен орыс балалары бірге оқитын аралас мектепке беруде табандылық танытты.
Мұстафаның орысша білім алуына қарсы шыққандар баламыз ұлттық және діни ерекшеліктерінен көз жазып, орыстанып кете ме деп алаңдады. Тіпті діннен безіп, шоқынып кете ме деп қорықты. Бірақ Шоқай би ондай қорқынышқа бой алдырмады. Өз перзентінің орыс мектебінен білім алса да азамат болып шығып, өз халқына қызмет ететініне нық сенді. Бірақ Шоқайлар тұратын маңайда аралас мектеп жоқ еді. Мұндай мектеп Ташкент, Ақмешіт секілді орталықтарда ғана бар болатын. Ал Шоқайдың ауылы болса Ташкент темір жолы бойында, Сарышығанақ станциясына бес шақырымдай жерде орналасқан еді. Шоқай би баласын үйіне жақын Ақмешіттегі мектепке жіберуді ұйғарды.
Әкесі Шоқай Мұстафаны жеті жасқа толғанда оқуға тіркеу үшін Ақмешітке алып барды. Сонымен бала Мұстафа тұңғыш рет үлкен қаланы көрді. Қаланың у-шуы мен адамдардың көптігі алғашқыда оны шошытты. Екінші жақтан өмірде бірінші рет көріп тұрған таңсық шаһар тірлігіне таңырқай қарады. Әсіресе, сөрелері әр түрлі заттарға лық толы дүкендерді аң-таң болып тамашалады. Әкесі осы дүкендерде сауда жасап жатқанда, алғаш рет ақшаны көрді. Орыс тілін тұңғыш рет осында естіді. Орысша сөздерді еш түсінбегендіктен, орыс тілін ешқашан меңгере алмайтынына алаңдады.
Шоқан би оны Ақмешіттегі бір орыс мектебіне тіркеді. Мұстафа мектепте жатып оқитын болды. Бірақ мектепте сабақтың басталуына әлі бірнеше ай бар болғандықтан, Шоқай баласымен ауылға қайтты. Мектепте сабақ басталған күні Мұстафа Ақмешітке қайтып келмекші еді. Бірақ ойлағандай болмады. Сабақ басталуына аз уақыт қалғанда Мұстафа қаракешек ауруына шалдығып, үш апта бойы төсек тартып жатып қалды. Ал сауыққан кезінде сабақ басталып кеткен еді, отбасы да аурудан жаңа тұрған Мұстафаны ұзаққа жіберуге қимады. Алайда Шоқай би оны орыс мектебінде оқыту туралы райынан қайтпады. Осы себепті оны Сарышығанақ станциясы маңайындағы орыс балалары баратын мектепке берді.
Мұстафаның бастауыш мектепте өткен күндері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек оның бұл мектепті 1902 жылы бітірді. Мұстафа Шоқай би ұлының орта мектеп пен лицей білімін де орыс мектептерінде жалғастыруын қалады. Ол кезде жақсы білім алудың алғышарты да осы еді. Ондай мектеп тек Ташкентте бар еді. Ол кезде Петербург өкіметінің Түркістанда орыс тілін білетін жергілікті кадрларға сұранысы күннен-күнге күшейіп келе жатты. Сол себепті орыс мектептеріне жергілікті оқушылар да қабылданатын. Сонымен қатар жыл сайын жаңа мектептер де ашылуда еді.
Мұндай мектептердің бірі Ташкент гимназиясы еді. Әкесі Шоқай баласын осы оқу орнына берді. Мұстафа әкесінің өзін оқыту жолындағы табанды шешімінің орынсыз емес екенін дәлелдеді. Ол гимназияны үздік бітіріп, мектеп үздігі атағына ие болды.
Диплом беру рәсімінде Мұстафа өмірінде ұмытпайтындай үлкен бір әділетсіздікке ұшырады. Ташкент гимназиясында оқуды ең үздік бітірген оқушыға алтын, екіншіге күміс медаль беру дәстүрі қалыптасқан еді. Сол жылғы диплом беру рәсімінде мектептің ең үздік оқушысы ретінде Мұстафаға алтын медаль берілуге тиіс. Бірақ бұл жағдай Ташкенттегі Түркістан генерал-губернаторы А.В.Самсоновқа ұнамады. Самсонов түркістандық бір оқушының орыстардан жоғары тұруын көтере алмады. Мектеп директоры Граменицкийдің қарсылығына қарамастан, алтын медальды Мұстафаға емес, екінші үздік оқушы Запреметовке тапсыруға нұсқау берді. Самсоновтың бұл шешімі сол дәуірдегі патшалық Ресей генерал-губернаторларының жергілікті халықты қаншалықты төмен санайтындықтарының айқын бір көрінісі еді. Самсонов жабайы және мәдениетсіз қоғам ретінде бағалаған халықтан шыққан жас жеткеншектің орыс оқушыларынан озық тұруына төзе алмады.
Мұстафа марапаттау рәсімінде өзіне берілген күміс медальды алмады. Осыған орай Запреметов те лайықты емес екенін айтып, өзіне берілген алтын медальдан бас тартты. Сөйтіп диплом рәсімі Мұстафаға мына ащы шындықты үйретті: әкімдер мен халықтың дүниетанымы бір-бірінен өзгеше. Әкімдер саясаттың ырқына беріліп нәсілшіл және империалист пиғылда болса да, қарапайым халықтар саясаттан аулақ бір-бірлеріне адал және мейірімді бола біледі. Сол себепті Мұстафаның өмір бойы жиі қайталаған сөзінің бірі мынау болды: «Жаман ұлттар жоқ, жаман адамдар бар. Мейірімді мемлекеттер жоқ, мейірімді адамдар бар». Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени өміріне қатысты көп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада өсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев көп әсер етті.
Мұстафа Шоқай студент кезінен-ақ баспасөздің қоғамның саяси және мәдени өміріне тигізер ықпалы мол, пәрмені күшті екендігін байқаған еді. Сол себепті ол кейінгі кезеңдерде баспасөз тірлігінен қол үзбеген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістанда атқарған қауырт саяси жұмыстары кезінде де мақала жазуға уақыт бөлді. Ол Ташкентте Ұлттық орталықтың төрағалығымен қатар «Бірлік туы» газетін басқарып жүрді.
Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының» баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты – Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда» қозғалысының баспасөз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына қарсылардың бірі – Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау көрсетіп, кеңес өкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.
Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін газетті басқаруды Қожанов мойнына алды. 1918 жылдың орта шеніне дейін отыз шақты саны жарық көрген газет Түркістан большевиктер қолына өткен соң жабылды.
Большевиктер Түркістанға өз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша тұрақтағанда баспасөзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды.
1919 жылдың сәуір айында Тбилисиге келіп, 1921 жылы ақпан айының ортасына дейін осы жерде тұрған Мұстафа Шоқай осы мерзім ішінде орыс тілінде «На рубеже» және «Шафак» атымен түрік тілінде екі газет шығарды. Бірақ бұл екі газеттің де өмірлері қысқа болды. Шоқай бұл газеттерді Тбилисиде болған күндерінің соңғы алты айында шығара бастаған еді. Ол бұдан бұрын Тбилисиде шығып тұрған дағыстандық Ахмет Салиховтың «Вольный горец» және «Борьба» газеттеріне мақала жазуын жалғастырды. Сонымен қатар, «Шафак» газетінде түріктердің армяндарды қырып салғаны туралы өзінің тұжырымдарын қорытып, мақалалар да жазды. Әсіресе, Тбилисиде белең алған әсіре сілтеушіліктерге қарсы түрік жағы берген мәліметтер арқылы жауап беруге тырысты.
«Шафак» пен «На рубеже» газеттерінің жұмыстары большевиктердің Кавказды жаулап алуынан кейін тоқтап қалды. Алты-ақ саны жарық көрген «На рубеже» Грузия өкіметінің материалдық көмегі арқылы шығып тұрды. Түрік тілінде шыққан «Шафак» Тбилисидегі түрік қоғамының жәрдемімен жарияланды. Шоқай «На рубеже» газеті арқылы Грузия өкіметі кеңес билігінің қарсы ұлт-азаттық күресін қолдаса, «Шафак» газеті арқылы Анатольяда Мұстафа Кемалдың жетекшілігінде одақтас мемлекеттерге қарсы жүргізіліп жатқан ұлт-азаттық күреске қолдау көрсетті. Бұл мәселеде ұлт-азаттық күштерінің Тбилисидегі өкілі Қазым «Дирик» пашамен жақын қарым-қатынаста болды. Қазым пашадан Анадолыдағы күрес туралы алған мағлұматтарын «Анатолья хаттары» деген атпен жариялады. Бұл мақалалар оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды.
Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға өтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар беріп тұрды. Шоқай 1921 жылдың жазында Парижге барғаннан кейін Түркістанның саяси және экономикалық жағдайы туралы мақала жазуды жалғастырды. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз және ағылшын тілдерінде әр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Шоқай орыс тілідегі мақалаларын, бұдан бұрын жан-жақты айтылып өткеніндей, босқын орыс лидерлері Кренскийдің «Діни» газеті мен Милюковтың «Последние новости» газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі мақалаларының басым көпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық көріп тұрды. Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» секілді журналдарда орын алды. Осылайша Шоқай әр түрлі журналдарда мақалалары үнемі басылып тұрған қаламгер болды.
Шетелдердегі өмірінің соңғы аялдамасы – Париж қаласында Мұстафа Шоқайдың саяси шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың жарыққа шығуына жетекшілік етті.
Мұстафа Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасөз саласында жинақтаған тәжірибесінің бір жемісі мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің өзінде де тастамады. Мұстафа Шоқай өз өмірінің ең қасіретті, ауыр күндерін бастан өткерген тұтқын лагерьлеріндегі жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде, немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы қолжазба мақала оның соңғы мақалалары болды.
Достарыңызбен бөлісу: |