Тарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)



бет6/8
Дата29.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#165662
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыс үлгілері.

1) Шаян кеспесі, теңіз балдырлары, киттің бауыры, еті және көк еті – нығыздау және сығымдау;

2) Мезга және ұрығы – суын алу;

3) Балық ұны – суын алу;

4) Жеміс-жидекті шикізат, соя ақуызы – сығымдау.

126. Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен істейтін түрлі құрылымдағы нығыздағыштарда тағамдық шикізат пен өнімдерден шырын шығарудың технологиялық процесін жүргізу. Сүзгілеу матасына массаны жіберу. Нығыздағышты жүктеу. Нығыздау процесін реттеу. өнімді бастапқы ылғалдығына және сұрыбына қарай сығымдаудың аяқталу уақытын айқындау. Шырынды және ерітінділерді сыйымдылықтарға құйып алу. Сүзгілеу матасын тазалау. Сынама нәтижелері бойынша механизмдердің жұмысын және алынған өнімнің сапасын бақылау. Даяр тағам өнімінен сынама алу. Нығыздағанда және сығымдағанда балықтың жармасыз жерлерін жібермеу.

Білуге тиіс: шикізаттың түрлері және қасиеті, шырын және ерітінді сығымдаудың технологиялық процесі, тағам өнімдерінің сапасын және көбірек шығуын қамтамасыз ету тәсілдері, тағам өнімдерінен сынама алу ережесі, қызмет көрсетілетін нығыздағыштардың құрылымы, тағам өнімдерін нығыздау және сығымдау режимін реттеу ережесі, тағам өнімдерін нығыздау сапасына қойылатын талаптар, балықты сығымдау кезінде жауырынның болмауын және басқа да кемшіліктерін қамтамасыз ету жұмыс тәсілдері.


Жұмыс үлгілері.

1) Ашытқы – сығымдау, нығыздау;

2) Қызылша сығындысы – сығымдау;

3) Пектинді коагулянт – сығымдау;

4) Пісірілген сығынды массасы – сығымдау;

5) Жеміс-жидекті шикізат – шырын сығу;

6) Балық – нығыздау және сығымдау.

127. Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен істейтін түрлі жүйедегі нығыздағыштарда тағамдық шикізаттан май немесе мал майын сығудың технологиялық процесін жүргізу. Белгіленген нормаға дейін шикізатты қыздыру және ылғалдау, оны нығыздауға және одан әрі операцияларға біркелкі жіберу. Нығыздағыштардың (нығыздау жылдамдығын), бөлу шнектерінің, тасымалдайтын құрылғылардың жұмысын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша және көзбен бақылау, май шығарудың және майдың құрамындағы күнжараның белгіленген нормасын қамтамасыз ету. Тағам өнімдерінен сынама алу. Сығымдаудың қысымын, температурасын, уақытын өнімнің майлылығына қарай реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату және оның жұмысындағы ақаулықтарды жою. Үздіксіз істейтін нығыздағыштарда шырын сығудың технологиялық процесін жүргізу.

Білуге тиіс: тағамдық шикізаттан май немесе мал майын шығарудың, шырын сығудың технологиялық режимдері және оларды реттеу ережесі, нығыздағыштардың құрылымы және оларға қызмет көрсету ережесі, нығыздау өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар, даяр өнімнің шығыс нормалары, өнімнің сапасы мен шығыс нормаларын қамтамасыз ету тәсілдері, тағам өнімдерінен сынама алу ережесі.


Жұмыс үлгілері.

1) Дәннің ұрықтарынан;

2) Үгітілген какаодан;

3) Майдың тұқымдарынан май алу.

128. Тағам өнімдерін нығыздаушы-сығушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйелердегі және құрылымдағы үздіксіз істейтін нығыздағышта май дақылдарынан жоғары сапалы май және күнжара алудың технологиялық процесін жүргізу. Нығыздағыштарды езіндімен біркелкі толтыруды қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін нығыздағышты іске қосу және жұмысын баптау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және көзбен нығыздауға түсетін шикізатты майдалану, ылғалдану, қуырылу деңгейін, май мен күнжараның сапасын және сыртқы түрін қадағалау. Химиялық талдаудың нәтижелері бойынша және органолептикалық күнжарадағы майдың құрамын, сапасын бақылау. Майды алдын ала тазартуға және одан әрі өңдеуге жіберу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс режимін реттеу, нығыздаудың технологиялық режимінен ауытқуының алдын алу және нығыздағыш жұмысындағы бұзылуларды жою. Біріктіретін үлгідегі ленталары бар үздіксіз істейтін жоғары өнімді нығыздағыштарды басқару пультінен шырын сығудың технологиялық процесін жүргізу.

Білуге тиіс: нығыздау технологиясы, майлы шикізаттың түрлерінен өсімдік майын, жеміс-жидек шикізатынан шырын алу тәсілдері, сығудың технологиялық режимі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу принципі, құрылымдық ерекшеліктері, реттеу ережесі, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, технологиялық режимдегі ауытқулардың себептері және оларды жою шаралары, шығарылатын май мен шырынға мемлекеттік стандарттар.

Тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушы
129. Тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушының басшылығымен түрлі жүйедегі нығыздағыштарда бумаға, теңдерге, кесекшелерге жұмсақ заттарды нығыздау процесін жүргізу. Нығыздағышты толтыру, бу жіберу, бумаларды, теңдерді, кесектерді нығыздағыштардан алу, оларды штабельге қалау немесе қоймаларға тасымалдау. Қызмет көрсетілетін нығыздағыштарды тазалау.

Білуге тиіс: қайта өңделетін шикізаттың түрлері, нығыздағыштың технологиялық режимдері.


Жұмыс үлгілері.

Нығыздау:

1) Темекі өндірісінің қалдықтары;

2) Мақта дәнінің қауызы.

130. Тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы немесе қатты массаларды кесекшелерге, брусоктарға, кубиктерге таңбалаушы, роликті, бұрандалы, рычагты қол және басқа да нығыздағыштарда байланысатын затсыз немесе нығыздағышсыз өнімді бумаларға, теңдерге түрлі құрылымды нығыздағыштарға қалыптау, таңбалау, тығыздауға, пішінін өзгерту процесін жүргізу. нығыздағышты іске қосу, тоқтату, толтыру, қалыптарды өніммен толтыру және нығыздағышқа жіберу. Нығыздағыштардағы қысымның режимін бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша, өнімдердің мөлшерлегіштен нығыздағыштарға түсуін нығыздалатын өнімнің құрамы мен сапасына қарай реттеу. Матрицаларды қыздыру. Нығыздау сапасын органолептикалық тексеру. өнімді нығыздағыштан босату, кесекшелердің салмағы мен тығыздығын тексеру. Даяр өнімді кейінгі операцияларға, ломды қайталама өңдеуге тасымалдау. Кескен дөңбектер мен құйғышты нығыздағаннан кейін алу. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау және ысқылау, оның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін қалыптаудың, таңбалаудың, нығыздаудың технологиялық режимдері, қайта өңделетін шикізаттың түрлері, нығыздалған өнімнің сапасына қойылатын талаптар, нығыздағыштардың, қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету құрылымы және реттеу ережесі. Бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.


Жұмыс үлгілері.

1) Құрғақ сығынды;

2) Тағамдық концентраттар;

3) Тығыздалған косметика;

4) Кофеинді материал;

5) Темекі шикізаты;

6) Жемістер және кептірілген көкөністер;

7) Құлмақ.

131. Тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы, ұнтақ тәрізді, қатты және паста тәрізді өнімдерді кесекшелерге, брусоктарға, кірпіштерге, кубиктерге, бұрымдарға, түтікшелерге, түтікшелерге кезеңімен және үздіксіз істейтін пилотездерде, ротациялық және гидравликалық нығыздағыштарда, қысымдағы байланыстыратын заттарды пайдалана отырып, механикалық нығыздағыштарда және автоматты нығыздағыштарда қалыптау процесін жүргізу. Мөлшерлегіштен шикізатты транспортерлармен нығыздағыш қалыптарға, су, эмульсия немесе май құбырлары бойынша сорғылармен біркелкі жіберу. Өнімнің құрамы және сапасына қарай нығыздау режимін орнату және реттеу. Нығыздағыштардың матрица-камераларды және шнек араластырғыштарды қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қысымның, қыздыру, салқындау режимін бақылау. Нығыздау өнімдерінің сапасын, кесекшелердің, брусоктардың, кесектердің, кірпіштердің, кубиктердің, түйіршіктердің тығыздығын органолептикалық тексеру. Ақаулардың, дымқылданудың, шашылудың алдын алу. Нығыз қалыптарды толтыру немесе бөлшектеу. Даяр өнімді нығыз қалыптардан қолмен немесе гидросоғу арқылы шығару немесе ұрып шығару. Бұйымдарды кесу. Нығыздалған өнімдерді кейінгі операцияларға немесе қоймаларға тасымалдау.

Білуге тиіс: қалыптау және нығыздау технологиясы, нығыздалған және қалыпталған өнімнің сапасына, салмағына, сыртқы түріне қарай қойылатын талаптар, нығыздағыштардың, қосалқы жабдықтардың құрылымы, қызмет көрсету және реттеу ережесі, өнімнің қалыбына зиянын тигізбей соғу ережесі, жартылай фабрикаттар мен даяр өнімнің сапасын бағалаудың органолептикалық әдістері.


Жұмыс үлгілері.

Қалыптау:

1) Құрама жем кесекшелерін;

2) Сабын брусоктары мен кесектерін;

3) Рафинад қанты;

4) Кептіру сығындысының (түйіршектері) кесекшелері.

132. Тағам өнімдерін нығыздаушы-қалыптаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қысыммен жылжымалы нығыздағыштарда мия тамырын нығыздағыштарды нығыздау процесін жүргізу. Буманың стандартты салмағын алу үшін тамырдың қажетті санын айқындау. Бумалардың белгіленген мөлшерін сақтай отырып нығыздаудың ең жоғарғы тығыздығын қамтамасыз ету. Нығыздағыш жұмысын реттеу, оның механизмдерін тазалау және майлау. Бумаларды штабельге орау, таңбалау және қалау. Ағымдағы жөндеуге қатысу және нығыздағышты баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді жою.

Білуге тиіс: жылжымалы гидравликалық нығыздағыштың құрылымы және пайдалану ережесі, нығыздағыш режимдерін реттеу ережесі, жөндеуді жүргізу ережесі, буманың стандартты салмағын және көлемін айқындау тәсілдері, бумаларды орау және таңбалау сапасына қойылатын талаптары.

Тағам өнімдерін қабылдаушы-тапсырушы
133. Тағам өнімдерін қабылдаушы-тапсырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, материалдарды, даяр өнімді, ыдыстарды цех аралық және цех ішілік қабылдау және тапсыру. Мемлекеттік стандартқа, техникалық шарттарға және ілеспе құжаттарға сәйкес тағам өнімдерінің салмағын, көлемін, сұрыбын, дұрыстығын және таңбаларының болуын, тығындау герметикалығын тексеру. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, даяр өнімнің, ыдыстың сапасына органолептикалық тексеру, стандартты еместерін шығарып тастау. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, материалдарды және даяр өнімді өлшеу, тарту. Тағам өнімдерінен сынама алу. Өнімдерді өндірістік учаскелерге немесе солардан тасымалдау. Өнімді белгіленген орнына апарып тапсыру. Тағам өніміне қабылдау-тапсыру құжаттарын жасау және есеп жүргізу.

Білуге тиіс: шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, даяр өнімнің түр-түрін, тағам өнімдерін қабылдау және тапсыру ережесі, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, даяр өнімнің сапасына, сыртқы түріне, орауына, безендірілуіне қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттар, құжаттарды есептеуді жүргізу және рәсімдеу ережесі.

134. Тағам өнімдерін қабылдаушы-тапсырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты жеткізіп берушілерден қабылдау, жартылай фабрикаттарды, материалдарды, даяр өнімді алушыларға сауда нүктелеріне, сататын базаға беру. Шикізатты, материалды және даяр өнімді тасымалдау, сақтау. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, даяр өнімнің, ыдыстың сапасын органолептикалық немесе зертханалық зерттеудің деректері бойынша, тығыздығын, күштілігін, лайлануын, күреңденуін, ашып кетуін, жабысқақтығын, иістің, шөгудің болуын, тығындаудың герметикалығын тексеру, стандартты еместерді іріктеп шығару. Теміржол, су, автомобиль және арба көлігі сыйымдылықтарын босату, толтыру немесе сору, төгу, құюды қадағалау. Сорғыны қосу, санаттары, өңдеу күні, қызметі бойынша толтырылуын бақылау. Тағамдарды сақтау режимі параметрлерін қамтамасыз ету. Азық-түліктерді тазарту және оларды қайта өңдеуге жіберу. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, материалдарды, даяр өнімді есептеу және есептілігін жүргізу. Өнім ерекшеліктерін, өтінімдерді, талаптарды, сынуы және жарамсыздығы туралы актілерді жасау, сапалығы. Сауда істейтін ұйымдардан өтінімдер қабылдау және есеп жүргізу.

Білуге тиіс: шикізатты, материалды, жартылай фабрикаттарды, даяр өнімді, ыдыстардың негізгі қасиеттері және қызметі, тағам өнімдерін сақтау режимдері мен ережесі, қабылдауға құжаттаманы ресімдеу ережесі және өнімді жіберу, тағам өнімдеріне мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар, құбыржолдардың тәсімін, бекті және реттеу арматурасының орналасуы және оларды пайдалану ережесі, сорғыларды, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, құжаттарды есептеу және ресімдеу ережесі.

Сауда нүктесіне бағдарламалық транспортер арқылы даяр өнімді жібергенде, даяр өнімді шет елдерге жіберу құжаттарын ресімдеуде, компьютерде тауар-көлік құжаттамасын ресімдеуде, қысыммен істейтін ыдыстарға, жылу алмастырғыштарға және майды қыздыратын құрылғыларға өнімді, шикізатты қабылдау-тапсыру уақытында ыстықтай шаю әдісімен қызмет көрсетуде,қышқылдарды, сілтілерді қабылдауда - 4-разряд.

Сүзгілеу алқаптарының реттеушісі

135. Сүзгілеу алқаптарының реттеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сүзгілеу алқаптарына қызмет көрсету. Сүзгілеу алқаптарының карталарын сумен толтыруды қадағалау. Жинақтаудың жұмыс күйін ұстап отыру. Бөгеттердің, құбырлардың жарамдылығын қадағалау. Сүзгілеу алқаптарындағы карта бойынша ағын судың ағып кетуін реттеу. Бөгеттерді, жинағыштарды, құбырларды, жабдықтар мен аппаратураны ұсақ жөндеу. Сүзгілеу алқаптарына су жіберетін сорғылардың жұмысын қадағалау. Жазғы уақыттарда бөгеттердегі шөпті орып отыру.

Білуге тиіс: сүзгілеу алқаптарына қызмет көрсететін алаңшалар, карталардың саны, олардың техникалық жай-күйі, бөгеттердің, бассейндердің және құбыржолдардың жай-күйі, сүзгілеу алқаптарын және жабдықтарды күту тәсілдері, бөгеттерді, жинақтағыштарды және жабдықтарды жөндеу ережесі және тәсілдері.

Тағам өнімдерін кесуші
136. Тағам өнімдерін кесуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тақта шайдың қабыршақтары мен қырларын электр пышағымен кесу. Электр пышағын іске қосу және тоқтату. Кесілген тақталарды жарамсыздарын іріктеп қалау. Электр пышақтарды кезеңімен тазалау және майлау.

Білуге тиіс: электр пышақтарының құрылымы және пайдалану ережесі, тақта шайдың сыртқы түріне мемлекеттік стандарт қоятын талаптары.

137. Тағам өнімдерін кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық белгіленген мөлшерге, қалыңдыққа, түзу сызықты, қисық сызықты немесе бейнелі контурға дейін шикізатты, жартылай фабрикаттарды, даяр өнімді қолмен пышақпен, арнайы кескішпен немесе қалыппен кесу немесе шабу. Кесілген бұйымдарды үстелге, лотоктарға, жаймаларға, жәшіктерге және басқа ыдысқа немесе конвейер және транспортер таспасына қалау. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді тасымалдау. Жарамсыз шикізатты, жартылай фабрикаттарды іріктеу. Қажеттігіне қарай – пленканы тазарту, бөлу.

Білуге тиіс: шикізат пен кесілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, кесу жолдары, кесетін аспапты пайдалану ережесі.

138. Тағам өнімдерін кесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық белгіленген мөлшерге, қалыңдыққа, түзу сызықты, қисық сызықты немесе бейнелі контурға дейін шикізатты, жартылай фабрикаттарды, даяр өнімді түрлі құрылымдағы және механизмдегі кесу машиналарында кесу немесе шабу. Кесу машиналарын қолмен немесе транспортердің, шнектің және басқа да тиегіш құрылғылардың көмегімен жүктеу. Кесу машинасына шикізатты, жартылай фабрикаттарды жіберу, шаю, салқындату немесе тазалау. Тағам өнімдерін кесу сапасын жұмыс процесінде органолептикалық түрде кезеңімен тексеру. Кесілген бұйымдарды ыдысқа қалау, оларды орауға немесе өңдеудің кейінгі сатыларына қолмен немесе транспорт құрылғысының көмегімен жіберу. Пышақтарды ауыстыру, баптау және қайрау, берілген өлшемге тіреу мен саңылауды реттеу. Кесу машиналарын іске қосу және тоқтату. Кесу машиналары мен механизмдердің жұмысындағы ақаулықтарды тазалау, майлау және жою. Белгіленген өлшем тақталарына галерта мен техникалық желатинді кесу машиналарында немесе механизмдерде кесу. Желатиндеу сапасын тексеру, желімді және техникалық желатинді кесуге арналған сымды және басқа да айлабұйымдарды дайындау.

Білуге тиіс: кесу машиналарының, механизмдері мен айлабұйымдарының құрылымы, кесу машиналарын пайдалану және реттеу, пышақтарды, тіреулер мен саңылауларды орнату және бекіту ережесі, мемлекеттік стандарттарда көзделген шикізатты, жартылай фабрикаттарды, галерталар мен техникалық желатинді кесу ережесі, пышақтың қажетті өткірлік дәрежесі, кесілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, шикізаттың түр-түрі және қасиеті.

Сепараторшы
139. Сепараторшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі сағатына 3000 л-ге дейін сепараторларда сұйық өнімдерді сепараттау процесін жүргізу. Астық қоспаларын негізгі дақылдан арам шөптің бір түрін: жеңіл салмақтылардан – жұмсағын, сабанды, тозаңды, арам шөптің ішінара ұсақ дәндерін, ұзын немесе қысқаларын, ұсақ ауыр және ұсақ ауру және ұрылған дәнді қарапайым машиналарда: сепараторда, триерде, веялкада және тағы басқа ажырату әдісімен сепараттау процесін жүргізу. Қолмен немесе тасымалдау құрылғыларымен машинаға өнімді біркелкі жіберу. Сепараттау процесін органолептикалық бақылау. өнімді шаю. Сұйық өнімдерді сепараттау кезінде суды, сұйық өнімді сепараттарға жіберу, реттеу. Бастапқы және алынатын өнімдерден сынама алу және қарапайым талдамалар жүргізу. Сепаратталған өнімдерді түсіру және оларды кейінгі өңдеуге тасымалдау (жіберу). Қалдықтарды жинау. Қызмет көрсетілетін жабдықты тазалау, жуу, майлау, булау, оны бөлшектеу және құрастыру.

Білуге тиіс: сепараттаудың технологиялық режимдері, сепаратталатын өнімдердің түрлері мен қасиеті, сепараттау сапасына қойылатын талаптар, шикізат өңдеудің технологиялық кезектілігі, қызмет көрсетілетін жабдық жұмысының принципі, сепараттауға өнімнің біркелкі берілу тәсілі.

140. Сепараторшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілер кешені бойынша қойма зиянкестері мен дән қоспаларынан өнімдерді дән материалын азық-түліктік немесе себу номасына дейін жеткізе отырып, дән тазалайтын, дән сұрыптайтын машиналарда сепараттау процесін жүргізу. Эмульсияларды, сұйықтықтарды бағдарламалық басқарылатын түтікті жоғары центрифугалы немесе сұйық тәрелке тәрізді және центрифугалардан басқа, өнімділігі сағатына 3000 л-ден жоғары барлық жүйедегі орталықтан тарайтын сепараторларда сепараттау (ағарту, бөлу) процесін жүргізу. Қайта өңделетін өнімнің, дәннің және қоспаның құрамына байланысты елек таңдау. Өнімдерді сепараттау процесін бақылау. Сұйық өнімдерді жылыту, араластыру, салқындату. Өнімнің шығуын, оның концентрацияларын, тығыздығын реттеу. Сепаратталатын өнімнің жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: сепараттау процесінің технологиялық тәсімі, сепаратталатын өнімнің түр-түрі, дән және арам шөп қоспасының құрамы, қиын ажыратылатын қоспалар, қалдық санаты, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, өнімнің шығыс нормалары, есеп жүргізу тәртібі.

141. Сепараторшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмульсияларды, сұйықтықтарды бағдарламалық басқарылатын түтікті жоғары центрифугалы немесе сұйық тәрелке тәрізді және центрифугаларда сепараттау процесін жүргізу. Өнімді сепараторға ашық ағынмен, жартылай жабық (ашық түсуі және қысыммен бұрып жіберу) немесе герметикалық жолмен біркелкі жіберу және бұру. Өнімді қыздыру. Сепараттаудың технологиялық режимі параметрлерін реттеу.

Білуге тиіс: бөлінетін өнімдердің қасиеті және олардың салыстырмалы салмағы, өнімді бөлу және концентрациялау процесінің параметрлері, коммуникация тәсімі, бекіту және реттеу арматурасын орнату және пайдалану ережесі.

Силосшы
142. Силосшы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымына 20 тоннаға дейін ұнды, дәнді, май тұқымдарын, бұршақты, құм шекер және басқа да шикізатты қабылдау және өңдеу, сұрыптылығы, ылғалдығы, ластануы және басқа да сапалық көрсеткіштерін ескере отырып, силостар бойынша бөлу. Силостан өнімді өңдеуге жіберу. Силостарды, магнит ұстағыштарды, тасымалдайтын механизмдерді, аспирациялық және басқа да қызмет көрсетілетін жабдықты тазарту. Силосты толтыруға дайындау.

Білуге тиіс: ұнның, дәннің, бұршақтың, май тұқымдарының және басқа да шикізаттың сұрыптары, силостарды және тасымалдайтын жабдықтың жұмыс істеу принципі.

Ұнды, дәнді, май тұқымдарын, бұршақты, құм шекер және басқа да шикізатты ауысымына:

20-дан 40 т-ға дейін-2-разряд; 40-тан 100 т-ға дейін- 3-разряд; 100 т-дан жоғары- 4-разряд.

Тағам өнімдері өндірісіндегі сұрыптаушы
143. Тағам өнімдері өндірісіндегі сұрыптаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағам шикізатын, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, ыдыстарды, сондай-ақ қайталама өңдеуге жататын өнімді сыртқы белгілері бойынша қолмен екі топқа: қарапайым көлік құралдары арқылы немесе қолмен апаруға жарамды және жарамсыз деп сұрыптау, ластанудан және механикалық қоспалардан тазарту, жарамсыз, толық емес шикізатты іріктеу және сұрыпталған шикізатты ыдысқа немесе көлік құрылғысына сұрыптаушының нөмірін (бирка) қоса қалау.

Білуге тиіс: сұрыпталатын шикізаттың, материалдың, жартылай фабрикаттардың, өнімнің, ыдыстың түрлері, ақаулықтардың (жарамсыздық, сұрыпқа жатпауы, кемшілік, ақау) сыртқы белгілері.


Жұмыс үлгілері.

Сұрыптау, бөлшектеу:

1) Қалпақтарды, тубаларды;

2) Қақпақтары;

3) Жаңғақтарды;

4) Ыдысты және сыйымдылықты;

5) Балауыздарды;

6) Жеміс-жидек, жемістер мен көкөністер шикізаты.

Іріктеу:


1) Темекі бұйымдарын;

2) Құлмақты.

144. Тағам өнімдері өндірісіндегі сұрыптаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үстелде тұратын сұрыптау машиналары мен қолмен қозғалатын жіберетін және тасымалдайтын механизмдерді қолдана отырып, шикізатты, жартылай фабрикаттарды және даяр өнімді сұрыптау, бөлшектеу. Қажет керек-жарақтарды, ыдысты дайындау, тасымалдайтын механизмдерді тексеру. Қаптарды қаққаннан және жамағаннан кейін және дейін қабылдау және тексеру. Қаптарды сұрыптары және санаттары бойынша таңбалау және бөлу. Сұрыптауға жататын бұйымдарды, шикізаттарды және материалдарды қозғалатын механизмдерге тасымалдау, қабылдау және толтыру және конвейерлер мен таспаларда транспортерлер қабатын тегістеу. Сұрыптауға өнімнің түсуін реттеу. Ыдысты ашу. Бөгде заттарды, стандарты емес бұйымдарды, өнімдерді, жартылай фабрикаттарды іріктеу. Жарамсыз жерлерін және залалданған бөліктерін кесу. Стандартты салмаққа дейін өлшеу, толықтыру. Шикізатты сапасына және мақсатты қызметіне қарай іріктеу. Даяр өнімді одан әрі қайта өңдеуге, кәдеге асыруға немесе қоймаға жіберу.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін сұрыптау, бөлшектеу тәсілдері, сұрыпталатын және даяр өнімге мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттар, сұрыпталатын өнімнің жарамсыздық, кемшілік, ақауларының белгілері, матаның және қаптың түрлері, қаптардың жарамдығы және сапасын айқындау ережесі.


Жұмыс үлгілері.

Сұрыптау, бөлшектеу:

1) Казеинді;

2) Темекінің қабық жапырақтарын;

3) Теңіз өнімдерін, крабтарды, шаяндарды;

4) Шәйдің жартылай фабрикаттарын;

5) Бұршақ, дән тұқымы;

6) Жаңғақ, жеміс-жидек және көкөніс шикізатын;

7) Ылғалдығы және партиялары бойынша құлмақты;

8) Экспортқа шығаруға және көрмеге арналған өнімнің ыдысы мен орауын;

9) Теңіз мысығы терісінің штабельдері, алқаптарға жаю және оларды тұздан тазарту.

145. Тағам өнімдері өндірісіндегі сұрыптаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, даяр өнімді, жартылай фабрикаттарды сұрыптау машиналарында сұрыптау процесін жүргізу. бұйымның, жартылай фабрикаттың сұрыптарын, санатын тексеру, іріктеп шығару. Өңдеу кемшіліктерін табу. Одан әрі пайдалану бағыттарын айқындау. Сұрыптау машинасын шикізатпен, жартылай фабрикаттармен және материалдармен толтыру, машинаның жұмысын реттеу және електер мен сілкілегіштердің беті бойынша шикізатты, жартылай фабрикаттарды қадағалау. Ауа өткізгіштердің, қол сүзгілерінің жай-күйін қадағалау және оларды тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: сұрыптау машиналарында шикізатты, даяр өнімді және жартылай фабрикаттарды сұрыптау тәсілдері, өнімнің, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың қасиеттері және оларға техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар, ақау түрлері, ақаулар мен кемшіліктердің сыртқы және химиялық-технологиялық белгілері, түрлі жүйедегі сұрыптау машиналарының құрылымы және пайдалану ережесі.


Жұмыс үлгілері.

Сұрыптау, бөлшектеу:

1)Цилиндрлі сұрыптау машиналарында шәйдің жартылай фабрикаттарын;

2) Балықтар;

3) Саго;


4) Бұршақ, дән, жармалық өнімдер мен басқалардың ұрықтары;

5) Балқытылған ірімшікке арналған шикізат.

146. Тағам өнімдері өндірісіндегі сұрыптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тегіс сұрыптау машиналарында шәйдің жартылай фабрикаттарын сұрыптау. Сұрыптауға арналған жартылай фабрикатты апару және қалау, жартылай фабрикатты машинаның бункеріне жіберу, толтырылған қаптарды (жәшіктерді) түсіру және оларды нөмірлері бойынша қалау, сұрыпталған жартылай фабрикаттардың барлық нөмірлерінің дайындығын айқындау және оларды купажға жіберу. Какао бобтардан және шайдан бөгде қоспаларды ажырату. Сұрыптау машинасының торларын кезеңімен тазарту. Шайды сұрыптау және купаждау процесін басқару, өндірістік зертхананың наряд-актілеріне сәйкес маркалары бойынша шикізат шай қабылдау, купаждық барабандарды толтыру және жұмысын бақылау, белгіленген есепті жүргізу, тарту цехтарынан бос шайларды қабылдау және шайдың шашылуын есептеу. Бос ыдысты тапсыру, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: какао-бобтарды, шайдың жартылай фабрикаттарды, шай шикізаты купажды сұрыптау технологиясы және қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережесі, какао-бобтардың, қара шайдың сұрыптарының түрлері мен маркалары және оларға мемлекеттік стандарттары, шайқалып тұратын електердің, магнитті сепараторлардың және купажды барабандардың жұмыс принципі, қара шайдың сұрыптары және органолептикалық бағалау тәсілдері, шайдың шашылуын есептеу ережесі.

Қоспа жасаушы
147. Қоспа жасаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөтелкелерге құйылған түрлі сұйықтықтарды олар толық ерігенге дейін қолмен шайқау әдісімен араластыру. Араластыру сапасын сыртына қарап бақылау және ақауы бар бөтелкелерді іріктеп шығару. Бөтелкелерді ыдысқа орнату және оларды белгіленген жерге тасымалдау.

Білуге тиіс: бөтелкелер толтырылатын ерігіш сұйықтықтардың компоненттері, сұйықтықтарды араластырудың оңтайлы тәсілдері.

148. Қоспа жасаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрыш пен басқа да дәмдеуіштерді диірменде майдалау процесін жүргізу, бұрыштар мен дәмдеуіштерді жұмыс орнына жеткізу, құйғышқа толтыру. Диірменнің жұмысын іске қосу, тоқтату, реттеу және ұнтақталған бұрыш пен дәмдеуіштің ыдысқа түсуін қадағалау. Тұзды кептіру және себу. Консервінің әртүрлі түрлеріне белгіленген рецептураға сәйкес салмағы бойынша тұзды, ұнтақталған бұрышты және басқа да дәмдеуіштерді мөлшерлеу.

Білуге тиіс: бұйымның түріне қарай қоспаның қызметі, консервінің түрлеріне арналған тұз, ұнтақталған бұрыш және дәмдеуіштердің рецептурасы және шығын нормалары.

149. Қоспа жасаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Технологияға сәйкес біркелкі болуға дейін түрлі араластырғыштары бар түрлі құрылымдағы араластыру машиналарында, бұлауларда немесе қазандықтарда қатты, сусымалы, паста тәрізді, жабысқақ шикізат пен жартылай фабрикаттарды араластырудың технологиялық процесін жүргізу. Дәмдеуіштер мен татымды заттардың сапасына қойылатын талаптарға және рецептураға сәйкес шұжық өнімдерінің түрлі сұрыптарына арналған дәмдеуіштер мен татымды заттардың қоспаларын жасау процесін жүргізу. Ірі бұршақты, тәтті тағамдардың, сорпалардың және басқа да картопты крекерлердің концентраттарына арналған қоспа дайындау. Белгіленген рецептураға сәйкес араластырғыштарға, қоспалауыштарға, бұлауларға, қазандықтарға қажетті шикізат және жартылай фабрикат компоненттерін іріктеу, мөлшерлеу (өлшеу, тарту) және толтыру, волчоктарда немесе ұсақтау машинасында майдалау. Араластырылатын массаны қыздыру, араластыру процесінде қосымша компоненттерді, иіс заттарын, майды, мал майын, дәмдеуіштерді, татымды заттарды және тағы басқа қосу. Ұсақтау машинасының, масса температурасын, бу беру жұмыстарын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу. Араластыру процесінің аяқталуын органолептикалық айқындау. Даяр біркелкі массаны түсіру. Даяр қоспаны одан кейінгі өңдеуге жіберу. Балқытылған ірімшіктің түрлерін өңдеу кезінде балқытуға арналған қоспаны құрау. Қоспа компоненттерінің санын есептеу. Майды, ірімшікті, ірімшік массасын және басқа да шикізатты ыдыстан босату, сұрыптау. Арнайы машинада немесе айлабұйымдарда майды ұсақтау, құрғақ сүт өнімдерін, қантты елеу. Дәмдеуіштер мен қосатын ас қатықтар жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және қолдану принципі, қоспалардың рецептурасы және әзірлеу технологиясы, қоспалардың температуралық режимі және араластыру ұзақтығы, даяр өнімнің, шикізаттың және жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар.

150. Қоспа жасаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Жеңсік астарға және кулинарлық тұздықтарға, құрғақ алкогольді емес сусындар үшін көптеген компоненттерден қоспа жасау. Түсетін шикізаттың сапасын сыртын байқап тексеру. Тұздықтың рецептурасына кіретін шикізатты дайындау, елеу, жуу, дәмдеуіштерді фермерде майдалау және оларды уксуста жібіту. Пиязды, сәбізді реакторда шала қуыру. Жартылай фабрикаттарды волчокта майдалау. Компоненттерді өлшеу және тарту жолымен мөлшерлеу, оларды рецептуралық-қоспалау машинасына жүктеу. Массаны қоспалағышта біркелкі консистенцияға дейін жеткізу. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: жеңсік астарға және кулинарлық тұздықтарға, құрғақ алкогольді емес сусындарға қоспа әзірлеу технологиясы мен рецептурасы, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі.

Тағам өнімдерін кептіруші
151. Тағам өнімдерін кептіруші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімдерді ауамен кептіру процесін жүргізу. Өнім қабатын рамаларға себу. Өнімді кептіру процесінде кезеңімен араластырып отыру (аударып отыру, аудару). Кескіштерден макароны бар кассеталарды қабылдау. Шикі макарондарды тегістеу. Қысқа кесілген бұйымдарды рамкаларға, транспортерға қалау, белгіленген тәртіпте бастундарға тарту. Макарон өнімдерінің стандартты емес жартылай фабрикаттарын сұрыптау. Кептіру шкафтары немесе вагонеткаларға жартылай фабрикаттары бар рамкалар мен кассеталарды орнату. Ыдысты апару. Өнімді қаптарға, жәшіктерге, бөшкелерге салу. Кептірілген өнімді одан кейінгі операцияларға немесе қоймаға тасымалдау. Түрлі конструкциядағы кептіргіштерде жуылған бос шыны және темір ыдыстарды кептіру процесін жүргізу. Ыдыстарды кептіру камераларына, шкафтарына немесе аппараттарға салу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ауа мен будың берілуін реттеу. Стандартты емесе немесе ластанған ыдысты іріктеп шығару.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін кептіру сапасына мемлекеттік стандарттардың талаптары, өнімдерді кептіру ережесі.

152. Тағам өнімдерін кептіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Айналмалы кептіргіштерде қатты, сусымалы өнімдерді, заттарды кептіру процесін жүргізу. Өнімді біркелкі қабатпен стационарлық рамаға, (матадан, тордан, тот баспайтын металдың перфорандырылған жаймаларынан жасалған) лотоктарға, шайқалып тұратын електерге, конвейердің жылжымалы лентасына, кассетасына және тағы басқа механикалық немесе қолмен салу. Мұздату әдісімен кептіру. Табиғи жағдайларда кептіру. Кептіру процесінде өнімді кезеңімен араластыру. Өнімнің кептірілу, бу мен газдың берілу деңгейіне байланысты кептіру температурасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Кептірілетін өнімнің ылғалдығын тексеру. Кептірілген өнімді түсіру, өлшеу, стандартты емесе өнімді іріктеп шығару және одан кейінгі операцияларға немесе қоймаға тасымалдау. Тағам өнімдерінен сынама алу, қызмет көрсетілетін жабдықты дезинфекциялау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және қолдану принципі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, тағам өнімдерін кептірудің температуралық режимі және уақыты.


Жұмыс үлгілері.

1) Агар және агароидты ерітінді;

2) Дробиндар, бардтар;

3) Казеин;

4) Пектинді желім;

5) Пектин коагуляты;

6) Крахмал;

7) Теңіз өнімдері, балық ұны және тук;

8) Сүт қанты;

9) Сигаралар;

10) Тұз. Балық қақтау.

153. Тағам өнімдерін кептіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаншу, камералық, туннелді шкафтарда, барабанды және тозаңдату кептіргіштерінде, пештерінде қатты, сусымалы өнімдерін, заттарды, сығындыларды кептіру процесін жүргізу. Жоғары білікті тағам өнімдерін кептіргіштердің басшылығымен тозаңдатып кептіргіштерде және вакуум кептіргіштерде картоп пюресін, кофе және шай сығындыларын кептіру процесін жүргізу. Заттарды бейтараптандыру. Кетіргіштерді, құрылғыларды тағам өнімдерімен толтыру. Кептірудің температуралық режимін, желдеткіш жүйелерді, елеу, салқындату және тасымалдау құрылғыларын қадағалау. Кептірудің аяқталу сәтін органолептикалық немесе зертханалық талдау деректері бойынша айқындау. Стандартты емес өнімдерді өлшеу, іріктеу, орау, кейінгі операцияларға немесе қоймаға тасымалдау. Кептірілген өнімді қажеттігіне қарай балғалы диірменде тарту. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: кептіргіштердің, қосалқы жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және жұмыс істеу принципі, кептіру процесінің технологиясы, кептірудің аяқталуын, өнімнің даярлығын және оның сапасын айқындау тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері.


Жұмыс үлгілері.

1) Макарон бұйымдар;

2) Крахмал, саго, жүгері ұрығы, жүгері жемі;

3) Балық, агар студені, агарлы және ауызды ерітінді;

4) Мия;


5) Сабын жоңқасы;

6) Май шикізаты, ұрық, жеміс дәндері;

7) Тағамдық, рафинадталған және фармокопейлі сүт қанты өндірісіндегі сүтті қант.

154. Тағам өнімдерін кептіруші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шахталық, таспалық (конвейерлік), шнекті және вакуум жаншығыш кептіргіштерде басқару пультынан түрі тағамдарды кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Кептіру барабандарында картоп пюресіне кептіру процесін жүргізу. кептірудің, ылғалдықтың, бу қысымының температуралық режимін реттеу. Кептіру сапасын бақылау. Бұрылатын шиберлердің көмегімен шығарылатын ауаның көлемін реттеу. Желдеткіш және қыздыру құрылғыларын, тасымалдаушы құрылғылардың жұмысын қадағалау. Сынама алу. Стандартты емес өнімді іріктеп шығару. Кептіру бөлімшелеріндегі қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін кептірудің технологиялық процесі мен режимі, кептірудің технологиялық процесін жүргізу және реттеу ережесі, кептірілген өнімге қойылатын технологиялық талаптар, жартылай фабрикат пен даяр өнімнің сапасын айқындаудың органолептикалық әдістері, даяр өнімнің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары, кептіргіштердің, қосалқы жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою әдістері.


Жұмыс үлгілері.

1) Ашытқы;

2) Қысқа кесілген макарон өнімдері;

3) Дән;

4) Картоп өнімдері және жүгері қауызы;



5) Жарма;

6) Майлы (ұрықтың, жеміс дәндерінің және басқа) шикізат;

7) Тақта шай.

155. Тағам өнімдерін кептіруші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымдағы тозаңдату және вакуум кептіру құрылғыларында, үздіксіз істейтін пневматикалық кептіргіштерде және қайнап тұратын және дірілмен-қайнап тұратын қабатты кептіргіштерде сұйықтықтардың, сығындылардың, жартылай фабрикаттардың, қатты массаны жылдам үздіксіз кептіру және ұнтақ алу процесін жүргізу. Реактивті қозғалтқышпен жарақталған кептіргіштерде сусымалы өнімдерді кептіру процесін жүргізу. Арнайы жабдықта жұмыртқа массасын кептіру. Кептіру құрылғылары мен сорғыларының жай-күйін тексеру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша газдың, будың немесе жылытылған ауаның кептіргішке түсуін реттеу, кептіргіштегі температуралық режимді реттеу. Турбинаға түсетін майдың қысымын және температурасын қадағалау. Кептіру процесінде тозаңдату шырағын реттеу. Кептіру процесінің аяқталуын айқындау. Сынама алу. Газ жабдығын іске қосу және сөндіру. Газ калорифері мен ауа желдеткішінің жұмысын қадағалау. Кептірілген өнімді кептіргіштен түсіру және оны кейінгі операцияларға жіберу. Алынатын өнімнің санын есептеу және технологиялық процестің параметрлерін өндірістік журналға жазу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдап алу. Форсункалардағы күйген қалдықтарды жою. Кептіргіш механизмінің жай-күйін, сүзгілердің тазалығын қадағалау. Кептіру қабатын тазарту.

Білуге тиіс: кептіру процесінің технологиясы мен оны реттеу ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, қолдану принципі, шикізат коммуникацияларының тәсімі, технологиялық қасиеттері, шикізат және кептірілген өнімге қойылатын талаптар.

Тағам өнімдерін тоңазытушы
156. Тағам өнімдерін тоңазытушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті тағам өнімдерін тоңазытушының басшылығымен даяр өнімді, жартылай фабрикаттарды белгілі температураға дейін тоңазыту құрылғыларында түрлі салқындатқыштармен салқындатудың технологиялық процесін жүргізу. салқындатуға, мұздатуға арналған ыдысқа қаланған даяр өнімді шынықтыру және тоңазыту камераларына орнату, орналастыру. Салқындату температурасы мен уақытын бақылау және реттеу. Өнімнің салқындатылу (тоңазыту) сапасын сыртқы бақылаумен немесе талдау нәтижелері бойынша тексеру. Салқындатылған өнімді кейіннен өңдеуге немесе сатуға жіберу. Салқындату батареялары мен құбырларының қарын тазалау.

Білуге тиіс: тағам өнімдерін тоңазыту камераларына қалау және сақтау ережесі, жинағыштардың, тоңазытқыштардың, сорғылардың, редукторлардың құрылымы, тағам өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.

157. Тағам өнімдерін тоңазытушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Даяр өнімді, жартылай фабрикаттарды, шикізатты белгілі температураға дейін тоңазыту құрылғыларында өзі ағатын жүктемелі немесе қысыммен істейтін түрлі салқындатқыштармен салқындатудың технологиялық процесін жүргізу.Өнімді салқындату (тоңазыту) сапасын бақылау. Көмір қышқылды құбыржолдар мен баллондарды жинағыштарға қосу. Салқындатылған өнімді ағызу. Жинағыштарды, құбыржолдарды құрастырып және бөлшектеп дезинфекциялау.

Білуге тиіс: жинағыштардың, тоңазытқыштардың, сорғылардың, редукторлардың құрылымы, құбыржолдардың, ауа құбырларының және реттейтін арматураны орналастыру тәсімі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, салқындату (тоңазыту) сапасын айқындау тәсілдері.

«Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы кәсіптері» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2004 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (48-шығарылым) 2-қосымшасында келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет