Тарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)



бет2/8
Дата29.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#165662
1   2   3   4   5   6   7   8
Жұмыс үлгілері.

1) Медициналық дәрі-дәрмек өндіру үшін эндокринді-ферментті және арнайы шикізат;

2) Ет және ет өнімдері;

3) Көкөніс, жеміс, жидек;

4) Тағамдық жартылай фабрикаттар.

Пастерлеу аппаратшысы
11. Пастерлеу аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті пастерлеу аппаратшысының басшылығымен консервілердің әртүрін және пастерленген аппараттарда, бұлауларда, термостатты камераларда ыдыстарға герметикалық түрде оралған басқа да тағамдарды пастерлеу процесін жүргізу. Сілкілейтін машинаның жәшіктеріне банкаларды қалау, банкаларды сілкілеу уақытын реттеу. Банкаларды қолмен сілкілеу. Жекелеген банкілерді ашу және толуын тексеру. Кемшіліктерін іріктеу. Банкаларды сілкілегеннен кейін термокамераға беру.

Білуге тиіс: сілкілейтін машинаның құрылымы және оны пайдалану ережесі, банкалардың қызметі және сілкілеу тәсілдері.


12. Пастерлеу аппаратшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Консервілердің әртүрін және пастерленген аппараттарда, бұлауларда, термостатты камераларда ыдыстарға герметикалық түрде оралған басқа да тағамдарды пастерлеу процесін жүргізу. Тағамдарды аппараттарға, бұлауларға, термостаттарға тиеу. Өнімді шкафтарда термостатты ұстау. Пастерлеудің және салқындатудың берілген режиміне сәйкес пастерлеу, ұстау және салқындату, бу мен салқындататын судың (тұздықтың) қысымын, температурасын, берілу процестерін бақылау және реттеу. Өнімді түсіру, оны өндірістік мақсатына қарай салқындату және тасымалдау. Сүтті, шырынды және басқа сұйық өнімдерді сығылыстыратын барабаны немесе араластырғышы бар пастеризаторда пастерлеу. Сүзгілердегі сүзгі матаны және торды ауыстыру.

Білуге тиіс: пастерлеу және термостатты ұстаудың технологиялық режимдері, пастерленетін өнімнің негізгі физикалық-химиялық қасиеттері, шикізаттың сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін жабдықты, бақылау-өлшеу, реттеу және дабыл қағу аспаптарын пайдалану ережесі.

13. Пастерлеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатаң белгіленген режимде (уақыт және температура) пластиналық пастерлеу құрылғысында жұмыртқа массасын немесе басқа тағамдық өнімдерді пастерлеу, ұстау және салқындату процесін жүргізу. түтікшелі пастеризаторда қажет температураға дейін сүтті (қоспаны), қаймақты және басқа сұйық тағам өнімдерін пастерлеу процесін жүргізу. Қалпына келтіру сепараторы ағынында пастерленетін өнімді қалпына келтіру. Пастерлеу-салқындату құрылғысына немесе түтікті пастеризаторға өнімді беру, оның түсуін реттеу. Салқындатылған өнімді өндірістік мақсаты бойынша немесе сақтауға арналған ыдыстарға (танкілерге) жіберу. Сүтті, шырынды немесе басқа өнімдерді бөлу процесін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы және жұмыс істеу принципі, қысымдағы аппараттың жұмыс істеу ережесі, жабдыққа қызмет көрсету, реттеу және баптау, бақылау-өлшеу, реттеу және дабыл қағу аспаптарын пайдалану ережелері, пастерленетін өнімнің негізгі физикалық-химиялық қасиеттері, шикізаттың немесе жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, сүтті және басқа да өнімдерді ағында бөлу, пастерлеу және салқындату, қалпына келтіру технологиясы.

14. Пастерлеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Температуралық режимді автоматты түрде реттеу кешендік-механизацияланған желілер немесе пастерлеу-салқындату желілерінде тағам өнімдерін пастерлеу және салқындату процесін жүргізу. Тағам өнімдерін пастерлеу және салқындату режимдерін реттеу. Сүтті және басқа да өнімдерді қалпына келтіретін сепаратор ағынында қалпына келтіру. Әрбір тағамға жеке белгіленген режим бойынша сүтті немесе басқа да тағамдарды гомогендеу, манометр бойынша гомогенизатордағы талап етілетін қысымды реттеу. Өндірістік мақсаты бойынша салқындатылған өнімді тасымалдау. Ашыту бөлімінен ашытудың түрлі жолдары және рецептураға сәйкес қоспалар, купаждар және сүт сусындарын жасау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, қолдану принципі және пайдалану ережесі, пастерленетін тағамдардың құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, суатын ерітінділердің құрамы мен қызметі, термограмманы толтыру ережесі.

Күкірт қышқылын алу аппаратшысы
15. Күкірт қышқылын алу аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті күкірт қышқылын алу аппаратшысының басшылығымен күкірт қышқылын (күкірт ангидриді) әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу. Күкіртті уату. Күкірт пештерін уатылған күкіртпен жүктеуге қатысу және пеш жағу. Күкірт пешінің жұмысында берілген режимді ұстап отыру. Пештер мен газ қалдықтарын қождардан кезеңімен тазарту. Күкірт пешінің, сору мұнараларының немесе басқа сыйымдылықтардың, компрессорлар мен сорғылардың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: күкірт қышқылы өндірісінің технологиясы, күкірт пештерінің, сору мұнараларының және басқа қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі мен пайдалану ережесі.

16. Күкірт қышқылын алу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күкірт қышқылын (күкірт ангидриді) әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу. Күкірт пештерін уатылған күкіртпен жүктеу және пеш жағу. Күкірт пешінің жұмысында берілген режимді ұстап отыру. Пешке ауа беруді бақылау және реттеу. Жүйедегі қажетті бәсеңдетуді сақтау. Сору сыйымдылықтарын сумен толтыру, күкіртті газды сумен соруды қадағалау. Күкірт қышқылын тарту. күкірт қышқылын, компрессорларды және сорғыларды әзірлеуге арналған күкірт пештерінің, сору мұнараларының, сыйымдылықтардың жұмысын бақылау және реттеу. Күкірт қышқылын концентрациялауды бақылауға сынама алу.

Білуге тиіс: күкірт қышқылы өндірісінің технологиялық процесі, күкірт пештерінің, сору мұнараларының, сублиматорлардың, сорғылардың және басқа да жабдықтардың құрылғысы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және оларды пайдалану ережесі, күкірт және күкірт қышқылының сапасына қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету тәсілдері, күкірт қышқылының концентрациясын айқындауға сынама алу ережесі.

Экструзионды өнім алу аппаратшысы
17. Экструзионды өнім алу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті экструзионды азықтардың аппаратшысының басшылығымен экструзионды азық (крахмалды, жүгері, жарма және тағы басқа) алудың технологиялық процесін жүргізу. Экструдерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және тоқтату. Экструзионды құрылғылардағы химиялық реагенттермен шикізатты өңдеу. Шикізатты және қосалқы материалдарды дайындау, мөлшерлеу, экструдерге тиеу. Экструдерді бастапқы материалмен теңдей қоректендіру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша шикізатты дымқылды термомеханикалық өңдеу процесін реттеу. Бастапқы шикізат уатқышының, экструдер мөлшерлегіш қоректендіргіштердің жұмысын бақылау және реттеу. Органолептикалық бағалау әдісімен даяр өнімнің ылғал ұстағыш қабілетін айқындау. Даяр өнімнің шығуын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жоюға қатысу.

Білуге тиіс: бастапқы крахмалы бар және басқа шикізат өңдеудің технологиясын, қызмет көрсетілетін жабдықтың: мөлшерлегіштердің, қоректендіргіштердің, экструдерлердің, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану ережесі, крахмалы бар және басқа да бастапқы шикізаттың, химиялық реагенттер мен даяр өнімнің технологиялық қасиеті, олардың сапасына қойылатын талаптар, химиялық реагенттермен жұмыс істеу ережесі, шикізат және қосалқы материалдардың шығын нормалары.

18. Экструзионды өнім алу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Экструзионды азық (крахмалды, жүгері, жарма) алудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттың компоненттерін мөлшерлеу дұрыстығын қадағалау. Материалдарды өңдеуге дайындау. Берілген режимде экструдерлер жұмысын қамтамасыз ету, оның жұмысын бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша, талдаулар мен көзбен бақылау нәтижелері бойынша реттеу. Даяр өнімнің сапасын техникалық шарттарға сәйкес қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Шикізат пен қосалқы материалдардың қажет етілетін санын есептеу. Сынама алу. Шикізатты қабылдау және даяр өнімді тапсыру. Даяр өнімді есептеу.

Білуге тиіс: экструзионды өнімдердің өндіріс технологиясы, экструзионды крахмал және басқа тағам өнімдерінің өндірісінде пайдаланылатын жабдықтың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар, шикізат пен қосалқы материалдарды шығын нормалары, технологиялық режимді реттеу тәсілдері, техникалық құжаттаманы жүргізу әдістемесі, шикізат компоненттерінің қажет етілетін санын есептеу әдістемесі.

Мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысы
19. Мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мал майы мен майларды жоғарылау білікті мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысының басшылығымен кептіру, ағарту, шаю, бейтараптандыру, иіссіздендіру, центрифугалау аппараттарында рафинадтау жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу. Ерітінді даярлау және оларды қызмет көрсетілетін аппараттарға құю. Рафинадталған майды немесе мал майын тұндырғышқа, ыдысқа құю, одан кейінгі операцияларға тасымалдау. Соапстокты орналастыру. Майтұтқыштың жай-күйін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: мал майы мен майларды рафинадтау жөніндегі операцияларды орындау ережесі, жабдықтың құрылғысы және қызмет көрсету ережесі, ерітінді әзірлеу рецептурасы, сынама алудың кезеңділігі және тәсілдері.

20. Мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кептіру, ағарту, шаю, бейтараптандыру, иіссіздендіру, центрифугалау аппараттарында рафинадтау жөніндегі жекелеген операцияларды жүргізу. сорғылар мен аппараттарды іске қосу және тоқтату. Ерітінді даярлау және оларды аппараттарға жіберу. Рафинадтаудың технологиялық режимі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Мал майы мен майда жинағыштарға қабылдау. Сынама алу.

Білуге тиіс: мал майы мен майлардың түрлері, сұрыптары және физикалық-химиялық қасиеттері, Рафинадтаудың технологиялық режимі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қолданылатын жабдықтың құрылғысы және қызмет көрсету ережесі, сынама алу кезеңділігі және тәсілдері, даяр өнімнің сапасына талаптар.

21. Мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысының басшылығымен кезеңімен және үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда мал майы мен майларды рафинадтау процесін жүргізу. ерітінділер даярлау, гидролизаторды толтыру. Мал майы мен майды гидратациялау, бейтараптандыру, шаю және ағарту технологиялық режимдегі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Ылғалды және фузаны шығару. Химиялық талдау нәтижелері бойынша мал майы мен майды рафинадтау, қышқылдығы, ылғалдығының сапасын бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: мал майы мен майды рафинадтау технологиялық процесінің негіздері, технологиялық режимдердің параметрлері және оларды реттеу ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қышқылдар мен сілтілердің қасиеттері және оларды ұстау ережесі.

22. Мал майы мен майларды рафинадтау аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен және үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда мал майы мен майларды рафинадтау процесін жүргізу. Қажетті тұз, қышқыл, сілті, су, бу және басқа материалдардың санын есептеу. Рафинадтаудың технологиялық режимінің параметрлерін реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, химиялық талдау нәтижелері бойынша және рафинадтау процесінің аяқталу сәтіне органолептикалық даяр өнімнің сапасын айқындау. Жабдыққа қызмет көрсету, оның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: мал майы мен майларды Рафинадтаудың технологиялық процесі, кезеңімен және үздіксіз қолданыстағы аппараттардың құрылымдық ерекшеліктері, технологиялық режимдерді реттеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, даяр өнімге мемлекеттік стандарттар, шикізат шығыны мен даяр өнімнің шығыс нормалары.

Сублимациялық құрылғы аппаратшысы

23. Сублимациялық құрылғы аппаратшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сублимациялық құрылғыда азықтарды сублимациялық кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Құрылғы камерасында, азықтағы, камерадағы, конденсатордағы және басқа нүктелердегі температураны бәсеңдету дәрежесі процестерінің негізгі параметрлерін бақылау. Сублимациялық, тоңазыту құрылғыларының, вакуум жабдықтары агрегаттары мен аппаратураларының жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Сублимациялық камера өнімдерін тиеу процесіне қатысу, берілген режимге құрылғыны енгізу. Иректүтіктер мен батарея булағыштарының бетінен мұз бен қарды еріту (алып тастау). Жөндеу жұмыстарының барлық түрлеріне, жөнделген жабдықты қабылдау және сынауға, индикаторлық диаграмманы шешуге және қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалануға беруге қатысу.

Білуге тиіс: сублимациялық құрылғының құрылымы және жұмыс істеу принципі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, сублимациялық кептіру процесін жүргізу ережесі, сублимациялық құрылғының жұмысын реттеу, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет