«Тарих», 050116 «География», 050110 «Физика», 050109 «Математика», 050111 «Информатика», 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050119 «Шет тілі: екі шет тілі», 050112 «Химия», 050107 «Бейнелеу өнері және сызу», 050106 «Музыкалық білім»



жүктеу 1.59 Mb.
бет2/7
Дата17.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Студенттерді топтың түрлерімен,топтың негізгі қасиеттері және құрылымымен, топ лидерінің функциясымен, топтың даму деңгейімен , топ пен ұжымның айырмашылықтарымен,ұжымның құрылымымен, қызметімен, қалыптасуымен, ұжымға қойылатын талаптармен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.

Топ – бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі. Топтар шартты, реалды болып бөлінеді. Психология ғылымының айналысатыны нақты (реалды) топтар. Нақты топ дегеніміз- адамдардың іс–әрекеті бір мақсатта бағытталған, олар белгілі бір кеңістікте, азды–көпті мерзім ішінде аралас–құралас жүретін бірлестік. Әрбір адам бірнеше топтың мүшесі болуы мүмкін. Бірақ та соның ішінде біреуіне өте етене жақын болады. Топтар ең алдымен (макро) топ, шағын (микро) топ, ресми және ресмисіз топ, ұйымдасқан топ, ұйымдаспаған контектілі (адамдар ылғида бірімен–бірі жүздесіп жүретін) топ, формалды (ресми түрде арнаулы бұйрық, жарлықпен құрылған) топ, формалсыз (дос–жаран, құрбы–құрдас, семья) топ, жасанды топ, табиғи, шартты (қағаз жүзінде ғана біріктірілген) топ, референттік топ деп бөлуге болады, мәселен, бір кластағы оқушылар, әскери бөлімше, жұмысшылар бригадасы, самалет экипажы реалды (нақты) топқа жатса, ал спорт алаңында, кино залында отырған көпшілік ұйымдаспаған топқа жатады. Бригада мүшелері, студенттер тобы–ресми топ деп аталса, бір отбасындағы жандар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар, ағайын–туыстар ұйымдасқан, ресмисіз топ деп аталады. Топ екі адамнан бастап құралады. Қырыққа дейінгі шағын (класс оқушылары, студенттер тағы басқа) топ, ал мыңдаған, миллиондаған адамдарды біріктіретін топтар (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни қауым тағы басқа) үлкен (макро) топтар деп аталады. Топтар сондай–ақ ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Болашақ мұғалімдер мен тәлімгерлерді, іскер адамдарды әсіресе референтік топ деген ұғымның мәніне ерекше зейін қою тиіс. Бұл әр–адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тыныс–тіршілігіне әр уақытта бағыт–бағдар беріп отырады, яғни жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Референттік топтың қолайлы тиянақты білім алуға ден қойған (жағымды), тентек балалар тобы (жағымсыз) түрлері де кеадеседі.

Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: 1) Іскерлік

2) Жеке

қатынаста болады. Оның 1-сі топтың бүкіл құрамымен бірге документке түсірілу.



2-сі ұнату, жақсы көру, достық жолдастық, жек көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болды. Жеке адамдардың бір – бір імен қатынасын зерттеген кезде бақылау, экспримент, әртүрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады.

Мұндай әдістердің бірі – таңдау әдісі. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологы Дж. Марено.

Таңдау әдісін – шағын топтардың мүшелері бір – бірін өте жақсы білгенде ғана пайдалануға болады. Яғни таңдау әдісі арқылы жеке адамның іскерлік жағын және жеке басының қадыр – қасиетін яғни топтағы алатын беделін сонымен бірге бастапқы топтың бар – жоғын, шағын топтардың ыдырау және пайда болу себептерін анықтауға болады.

Таңдау әдісін жүргізу барысында сұрақтар беріп, жауабы да ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп. аталады.

Реалды, контактілі топтың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым. Әрине кез–келген топты ұжым дәрежесіне көтеруге болмайды. Ұжымның басты белгілерін тұңғыш рет тәлім–тәрбие жүйесінде көрсеткен А.С.Макаренко. Оның пікірінше ұжым–мақсат мүдделері бір, көзқарастары ортақ, қызмет үстінде,яғни”біреуі барлығы үшін, барлығы бірі үшін”деп қимылдайтын, белгілі дәстүр–салты бар, өзін–өзі басқаруға шамасы келетін, демократиялық централизм принципін ерекше дар тобы. Қорыта айтқанда ұжым– қоғамға пайдалы қызмет көрсете алатын, ортақ мақсат үшін жұмыла еңбек ететін, асқақ ұйымшыл, ынтымақты, психологиялық тұрғыдан құрыштай берік адамдар тобы. Ұжым туралы көрнекті педагогтар А.С. Макаренко, Н.К. Курпская, В.А. Сухомлинский еңбектерінде тағылым аларлық құнды пікірлер бар. Сол еңбектерде топтарға адамдардың өзара қарым–қатынасы, ұжымның жеке адамға ықпалы, жеке адамның ұжымға ықпалы, олардың орны тағы басқа жәйттер туралы бағалы да, дәлелді мағлуматтар қамтылған. Әлеуметтік психология топтағы, ұжымдағы адамдардың жеке өзара қатнастарын зерттейді. Психология мен педагогика топтағы жеке оқушыларды, бүкіл класс ұжымын социогрмма жасап, матрица құру арқылы зерттеу кең өріс алған. Мұндай әдісті училище оқушылары мен өзге де оқу орындарының шәкірттері сабақ үстінде үйретіп жаттығуларына болатындығы қарастырылып, ондай схемаларды құрастыруға үйретіледі.

Жеке адам ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады және солармен бірігіп сол қауымдастықтың бағыт- бағдарын білдіреді.Жеке адам ұжым арқылы басқа ұжымдар мен тұтас қоғаммен байланыста болады. Ұжым- қоғамның бір бөлігі болғандықтан ол өз бойына, сөз жоқ сол қоғамның саяси, эстетикалық, адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады.

Жеке адам мен ұжым арасындағы өзара қатынас түрі әр алуан, олардың ішінен неғұрлым айқын көрінетін мынадай екі жағын бөліп қарауға болады: ұжымның жеке адамға ықпалы және жеке адамның ұжымға ықпалы.

Ұжымның күші нақ сонда, ол бүкіл қоғамның талаптарына сай келетін,әлеуметтік құны жоғары жеке адамды тәрбиелеп шығаруға қабілетті. Бұл ретте адамның жеке-даралық қасиеттері барынша сақталынады, оның жан-жақты дамып, жетілуіне жағдай жасалынады. Ұжым жеке адамның өз бойындағы барлық қабілетін танытатын болуына және онысын жетілдіре беруіне мүдделі. Ұжым жеке адамды қалыптастырып қана қоймайды, ол сондай-ақ жеке адамды қайта тәрбиелеуге, оның сенімін, моральдық көзқарасын, мінезін өзгертуге де қабілетті.

Ұжымның ықпалымен қайта тәрбиелеу жеке адамның өзін-өзі қайта тәрбиелеумен болып әлектенуін әлдеқайда тез әрі жеңіл өтеді. Қайта тәрбиелеу үшін иландыру,сынау, қолдау және де басқа шаралар қолданылады. А.С. Макаренконың тәжірибелері, яслиден бастап жоғары оқу орындарымен өндіріске дейінгі барлық дәрежедегі оқыту-тәрбиелеу ұжымдарының тәжірибелері ұжымның кереметтей ролін дәлелдейтін тамаша мысалдар болып саналады. Ұжымда жеке адам белгілі бір роль атқарады. Алайда оның бұл рольі тұрақты болмайды. Мысалы, оқушы класс старостасы делік біраз уақыттан кейіе ол санитар міндетін атқаруы, ал одан кейін ұжымның қатардағы мүшесі болуы мүмкін. Жеке адамның атқаратын міндеті неғұрлым әр түрлі болса, соғұрлым оның ұжыммен байланысы бола түседі, сондай-ақ нақ осы адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.

Жеке адамның ұжымға ықпал етуі дәрежесіне оның жеке басының қасиеттері елеулі әсер етеді. Ақыл, эмоция, мінез қабілет-осының бірі ұжымның игілігіне айналады. Адам неғұрлым бай болса, жан-жақты жақсы дағдыға ие болса, соғұрдым оның беделі де жоғары болады.



10. Реферат

Түйсіну процесі туралы .

Түйсіну процесінің физиологиялық негізі.

Түйсіну процесінің негізгі ерекшеліктері.

Түйсіктің түрлері.

Түйсіктің қалыптасуы.

Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіретіндігі туралы.

Адам түйсіктерінің табиғатын идеалистердің бұрмалауы туралы.

Түйсікті материалистік тұрғыдан қалай түсіндіруге болады.

Сезгіштік пен табалдырық .

Адаптация және сенсибилизация .

Түйсіктердің өзара байланысы .

Синестезия туралы.

Бір ізді образдар туралы.

Экстероцепторлар туралы.

Интероцепторлар туралы.

Проприоцепторлар туралы.

Көру түйсігі, “ үш түсті көру”теориясы .

Есту түйсігінің ерекшеліктері .

Иіс, дәм түйсіктерінің бір–бірінен айырмашылықтары .

Тері және сипай сезу түйсіктерінің бір–бірінен айырмашылықтары .

Органикалық, кинестезиялық, статикалық,вибрациялық түйсіктер туралы.


10. Глоссарий


Түйсік—
Рецептор—
Компенсаторлық функция—
Сезгіштік және табалдырық—
Абсолюттік сезгіштік—
Айырма сезгіштік—
Адаптация—
Сенсибилизация—
Синестезия—
Бір ізді бейнелер—
Эйдетикалық құбылыс—
Экстериоцептор—
Интериоцептор—
Проприоцептор--

11. Сабақтың тақырыбы:

Қабылдау және оның негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың жоспары:

Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді қабылдау туралы ұғыммен, қабылдаудың физиологиялық негіздерімен, балаларда қабылдаудың даму жолдарымен, қалыптасуымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен кұбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір мезгілде әсер етеді де, миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мүны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен киноны көру екі анализатордың /көру, есту/ өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.

12. Тест тапсырмалары
1. Аз мағыналы, бірақ маңызды бөлшектерді байқап қалатын жеке тұлғаның қасиеті:

А) Апперцепция

В) Байқағыштық

С) Мінез

D) Иллюзия

Е) Тұрақтылық

2. Толып жатқан объектілердің ішінен адамның қажеттілігіне,

қызығушылығына және бағыттылығына байланысты заттарды іріктеп алу

қабылдаудың қай заңдылығына жатады?

А) Таңдамалылығы

В) Тұтастай

С) Уақытты

В) Апперцепциялылығы

Е) Иллюзиялы

3. Қабылдаудың қай ерекшелігі арқылы әлемді тұрақты және өзгермелі

қабылдаймыз.

А) Заттылығы

В) Тұрақтылығы

С) Тұтастылығы

D)Саналылығы

Е) Категориялылығы

4. .Адам әуенді тыңдағанда бөлек дыбыстарды естімейді, тұтас әнді

қабылдайды. Бұл ерекшелікті не деп атайды?

А) Тұрақтылық

В) Заттылық

С) Тұтастылық

D) Саналылық

Е) Құрылымдылық

5. Танудың сезгіштік деңгейін құрайтындар:
А) Зейін жэне ес

В) Түйсік және ойлау

С) Қабылдау жэне қиял

D) Түйсік жэне қабылдау

Е) Ойлау және сөйлеу

6. Синестезия құбылысының мәні-


а) Икемделу

в) Жоғарылау

с) Төмендеу

д) Өзара ықпал

е) Қосарлану

7 . Иллюзия құбылысының мэні -


а) дәл тану.

в) жаңсақ тану

с) шамалап тану.

д) ауыстыра тану.

е) екіұшты тану.

8. Әр қандай нақты заттың қабылдаудағы кейпі мен заттың өзі.

а) сәйкес

в) тіпті ұқсамайды

с) сәйкес емес

д) ажыралып тұрады

е) айнадағыдай дәл

9. Көздің қашықтықтағы заттарды көруге байланысты икемделу қабілеті -

а) конвергенция

в) дивергенция

с) аккомадация

д) апперцепция

е) галюцинация

10 . Аз мағыналы, бірақ маңызды бөлшектерді байқап қалатын тұлғаның қасиеті:

а) Байқағыштық.

В) Зейін.

С) Сөйлеу.

Д) Қиял


Е) Елес.

11. Қабылдаудың күрделі түрлеріне жататындар:

а) кеңістік-уақыт

в) тактілік

с) дәм

д) есіту


е) жүртшылық

12. Қабылдау объектісіндегі және оның қасиеттерін бейнелеу адекватты емес-бұл:

а) Иллюзия.

в) Детерминация.

С) Синестезия.

Д) иррадияция.

Е) Эйдетизм.

13. Қабылдау көбіне былай атайды:

а) Перцепция.

в) Ес.


с) Зейін.

д) Түсіну.

Е) Ойлау.

14. Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз-бұл:

а) Қабылдаудың тұрақтылығы.

в) Қабылдаудың таңдамалығы.

с) Қабылдаудың мағыналығы.

д)Қабылдаудың тұтастығы.

е) Қабылдаудағы иллюзия.

15. Жүйкенің ауруға шалдығуынан бұрмаланған бейнелер туындау құбылысы:

а) Иллюзия.

в) галлюцинация.

с) апперцепция

д) аккомодация

е) сенсибилизация

16. Қабылдау процесінің неше қасиеті бар.

а) 2

в) 4


с) 10

д) 1


е) 6

17. Қабылдау консттантылығы бұл:

а) Жалпы

в) Туа берілген

с) жүре пайда болған.

д) Жеке


е) Генетикалық шарттанған.
18. Қабылдау бұл:

а) Информация жинақтау.

в) Нәрселердің тұтас бейнелеуі.

с) Ойша болжамдау.

д) Шартты рефлекс.

е) Түйсіктер жиынтығы.



13. Сабақтың тақырыбы:

Ес процестері. Естің түрлері. Естің маңызы.
Сабақтың жоспары:

Естің адам өміріндегі маңызы.

Ес саласындағы дара айырмашылықтар.

Балаларда естің дамуы.

Есті тәрбиелеу жолдары.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді елес және оның өзгешеліктерімен, ес процестерінің түрлерімен, ес саласындағы дара айырмашылықтармен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ес саласындаға дара айырмашылықтар.

Ес дәрежесі бірдей адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу санды жақсы жаттайды, үшінші біреу үмытшақ, төртінші біреу көргенін есінде ұстағыш келеді, т.б. адамдар сон дай-ақ есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі- ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бүзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті.

Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдына қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше байта - байта оқыса да есіне түсіре алмай әуре болады. Адамдар еске қалдырудың үзақ қысқалығымен де ажыратылады. Мүны кейде естің беріктігі деп. Те атайды. Мысалы: бір нәрсені жаттап алса, оны үзақ бойына үмытпайтын болады. Екінші біреу он тез ұмытады. Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені миына токи алатын,есінің өресі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер қүлағымен естігенді жақсы қалдырады.

Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту.ұмыту және тану.

Есте қалдыру.

Есте қалдыру- мағлұматты белсене қайта өңдеу , жүйелеу, жалпылау, оны игеру процесі. Есте қалдыру екіге бөлінеді:

1." Еріксіз есте қалдыру ,

2. Арнайы есте қалдыру.

Қайта жаңғырту.

Қайта жаңғырту -бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі. қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп. екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына мақсат қоймаиды . Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады. Арнайы қайта жаңғыртуда мақсат қоюмен , ерік күшін жұмсаумен арнаулы әдіс-тәсілдер қолданумен жүзеге асады.

Тану (қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мыс: біреу бір нәрсені қиналмай, тез және

Толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайтын болады, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате таниды. Обектіні дұрыс тану үшін адамның көзі төселіп үйренген болуы, өмір тәжірибесі мол, бақылағыш болуы шарт.

Ұмыту және оның түрлері.

Ұмыту процесі - есте қалдыру процесі не қарама-қарсы процесс, өмірге қажет емес нәрселерді үмытып отыру адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егерде адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген үсақ түйектер мидың бір қалыпты жүмысын қиындатар еді. Ұмыту түрліше жағдайларда көрінуі мүмкін. Бірде ұмыту обектіні әдейілеп еске түсіруге не танула мүмкіншіліктің жоқтығынан пайда болса, енді бірде обектіні қате тану,не әдейілеп еске түсіре алмаудан болады. Материалды оқыған бойда он бір ден жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмүны толық берілмей қалатын кездері болады. Бірақ, бүлар екі үш күннен кейін тым тәуір байта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кеншігіп еске түсіруді психолгияда реминисцанция қүбылысы деп. Атайды. Кешігіп еске түсіру көбінесе мектепке дейінгі балалар мен төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Өйткені олар көлемі алкен, күрделі материалдарды бір ден толық айтып баруге шамалары келмейді де, ойларына келген жерлерін айта бермейді.



13. Глоссарий

Ассоциация –
Жанасу ассоциациясы –
Ұқсастық ассоциациясы –
Контрастық ассоциациясы –
Каузальдық ассоциация –
Тану –
Ұмыту –
Елес –
Мнемоника –
Амнезия –
Реминисценция –
Сақтық тежелу –
Проактивтік тежелу –
Ретроактивтік тежелу –

14. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).


Ойлау дегеніміз не.
Ой тәсілдері дегеніміз не.
Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай.
Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу тәсілдеріне жеке сипаттама беріңіз.
Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.
Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.
Түсіну дегеніміз не.
Адам ойлауында қандай айырмашылықтар болады.
Ақылдың қандай сапаларын білесің.
Ой тәсілдері.
Ойлаудың түрлері мен формалары.
Ойлау процесіне орай материалистер мен идеалистер арасындағы қайшылықтар.
Ойлау әрекеттерін топтастыру принциптері.
Ойлау қабілетіне орай жеке адам ерекшеліктері.


14. Тест тапсырмалары
1. Абстракция дегеніміз не:

А) Біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру

В) Шьшдықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі

қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу

С) Синтез

D) Жалпылау

Е) Анализ

2. Жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы:

А) Пікір

В) Ой қорытындысы

С) Индукция

О) Дедукция

Е) Пайымдау

3. Ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке


бөліктерге бөлу:

А) Анализ

В) Синтез

С) Абстракция

D) Жалпылау

Е) Дедукция

4. Заттардың бөлшектерін біріктіретін ой операциясы:
А) Анализ

В) Синтез

С) Салыстыру

D) Классификация

Е) Абстракция

5. Пікір дегеніміз -

а) заттың жалпы, мәнді қасиеті.

в) бір нәрсе жөнінде мақұддау, не теріске шығару.

с) бірнеше пікірден жаңа пікір шығару.

д) құбылыстың жеке элементтерін тану.

е) зат тұтастығын түзу.

6. Шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған


психикалық процесс -

а) түйсік

в) қабылдау

с) елес


д)ес

е)ойлау


7. Бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы.
а) ұғым

в) пікір


с) ой қорытындысы

д) Қиял


е) сөз, тіл

8. Бөліктер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге


бағытталған ой-қабілеті -

а)талдау

в) біріктіру

с) салыстыру

д) дерексіздендіру

е) нақтылау

9. Біріктіру (синтез) дегеніміз

а) бір сананың заттық негізінен бөлініп қаралуы

б) ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге қаратылған ой әрекеті

в) әрқилы қасиеттер мен әрекеттерді тұтас бірлікке келтіру

г) құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру

д) ойдың жалпы күйден көрнекілікке келтірілуі

10. Құбылыстардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен
орындалатын ой түрі

а) заттай

б) әрекетті

в) көрнекі-бейнелі

г) сөзді

д) мағыналы

11. Заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай
ойда біріктіру -

а) дерексіздендіру (абстракция)

б) нақтылау

в) талдау (анализ)

г) біріктіру

д) қорыту

12. Сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне
келтіруші ой түрі

а)заттық


б)әрекет-қимылдық

в)сөзді-логикалы

г)көрнекі

д)бейнелі

13. Теориялық оймен үштасқан әрекет -

а) ақылдық

б) дағдылық

в) тума


г) еліктеу

д) әдет


14. Ойлау дербестігінің мәні -

а) мәселені өз бетінше шешуге ұмтылыс

б) проблеманы тың әдістермен шеше білу

в) әртүрлі жағдайларды ұштастыра білу

г) шешім тексеру, қорытындылап, практикаға ендіре білу

д) сындарлы талдауга сала білу

15. Қоршаған орта деректерін топтастырып, олар арасындағы мәндік қатынастарды ажыратушы сана әрекеттері:

А) Қиялдау

В) Ес

С) Зейін


Д) Елестету

Е) Ойлау

16. Төмендегілердің қайсысы ойлау түріне жатпайды ?

А) Көрнекі-қозғалысты.

В) сөздік-логикалық.

С) шығармашылық.

Д) ұзақ мерзімді.

Е) көрнекі-бейнелі.

17. Ойлаудың түсінікте іске асуы ойдың қандай түрінде айтылады?

А) Интуитивтік.

В) Көрнекі-әрекет.

С) Практикалық.

Д) Көрнекі-логикалық

Е) Сөздік-логикалық.

18. Түпкі ойға сәйкес келетінматериалдарды таңтдаудағы жаңа бейнелерді құрастыру қиял түрінің қайсы ?

А) пассивті-ерікті.

В) абстрактілі.

С) пассивті еріксіз.

Д) белсенді творчестволық.

Е) белсенді қайта жасау.

19. Адам бүкіл психологиялық әрекетінің, санасының белгілі заттарға құбылыстарға, олардың білгілі бір қасиеттерімен ерекшеліктерінебағытталуы қандай процесті білдіреді ?

А) Назар.

В) Қиял.

С) Шоғырлану.

Д) Ойлау.

Е) Зейін.

20. Қандай да бір заттың бір жағын, қасиетін басқаларынан ойша бөліп қарау қалай аталады?

А) Абстракциялау.

В) Жалпылау.

С) Салыстыру.

Д) Синтез.

Е) Анализ

21. Зат пен әрекеттің арасындағы қатынас туралы пікірді құрайтын логикалық ойлау формаларының бірі.

А) Түсінік.

В) Салыстыру.

С) Ақылмен бекіту.

Д) Ой жүгірту.

Е) Типтеу






Екінші аралық бақылау.




Тақырыбы

Балл

Бақылау түрі

1

Қиял және ғылыми техникалық прогрес.

4,0 балл

Реферат

2

Зейіннің негізгі қасиеттері.

4,0 балл

Тест тапсырмалары.Реферат

3

Ерік сапалары. Ерікті тәрбиелеу жолдары.

4,0 балл

Реферат, Бақылау тапсырмалары.

4

Типтік мінез бітістері. Ұлттық мінез.

4,5 балл

Реферат, Глоссарий

5

Психикалық дамудың кезеңге бөлінуі.

4,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

6

Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.

4,5 балл

Бақылау тапсырмалары.

7

Ұлттық психологияның құрылымы.

4,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.




Барлығы:

30 балл






15. Сабақтың тақырыбы:

Ойлаудың түрлері мен формалары
Сабақтың жоспары:

Ойлаудың түрлері.

Ойлау формалары.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

Ойлау мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ойлау туралы ұғыммен, ойлаудың физиологиялық негіздерімен, ойлау жөніндегі теориялармен, ойлау тәсілдерімен, формаларымен, түрлерімен, ойлау саласындағы дара айырмашылықтармен және ойлау мәдениетімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Ойлаудың түрлері.

Адам әрекет еткенде мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі мәселелермен кездеседі.



Практикалық ойлау.

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы прпактикалық іспен ұштасқан. Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттардыұстап тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекті түрдеқабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.



  1. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері- дискурсивтік: өз

кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.

2.Шешулі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жағалығына орай ойлау

шығармашыл және қайта жаңғыртушы болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеялары туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблемаларының соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді., Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болды. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық; 2) нақтытұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1) шектен тыс сыншылдық; 2) шешім іздеудегі асығыстық; 3) ішкі шек қоюшылық (цензура); 4) регидшілдік (ескі білімдері қлдануға әуесқойлық); 5)конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тар-тыныштық). Қайта жаңғыртушы ой әрекектінің шығармашылдықтагн айырмашылығы - дайн білімдермен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жере білу.

3.Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді. Психологияда көп уақыттарға дейін ынсандардың заңдылықтары мен қасиеттерін ашуға арналған ойдың теориялық қырықына ескеріліп, зерттеліп келді. Теориялық ақыл-ой әрекеттері іске асырылуы тиіс. Практикалық іс-әрекеттердің бастауы , негізі деп түсіндірілді. Әр қандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп. сипатталады. Осының нәтижесінде бір -біріне тікелей қарсы екі ой әрекеті жөнінде көзқарас бесіді:



    1. Әрқандай ақылдың қатысынсыз орындалатын әрекет;

    2. Теориялық ойлау негізінде жүзеге келетін әрекет.

2. Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі – шешеілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау :1)Затты -әрекеттік; 2) көрнекі- бейнелі ; 3) сөзді логикалы болып түрленеді. Затты әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл кезеңде бала заттрарды бірін –біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек- бөлек сындыра, бұзып талдайды; таяқшалары мен кубиктерін бір ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр –түсіне орай қосып, қорытындылайды. Бұл ойлау формасы ересектер тәжірибесінде де көптеп кездеседі. Мысалы, үй жиһаздарын ауыстырғанда; бұрыннан таныс болмаған механизмдермен жұмыс істеген сынаушылар мен конструкторлар қызметінде, яғни нәтижесі әлі күңгірт болван әрекеттерді орындау барысында қолданымын табады.

Көрнекі бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес , ол ардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады . Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі Жан – жақты көрініс береді. Бұл тұрғыдан көрнекті –бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді.

Қарапайым формада көрнекі- бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, дайын нысанды қабылдап, көрнекі- бейнесін еске,көз алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың өзіне негізделген қандайда ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін еске түсіреді, орындайтын ісімен оның нәтижесін суреттеп, болжайды.Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттың кескін бедері тұрғызылады. Осындай жолмен ғылымда атом ядросының схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.

Сөзді-логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған. Сөзді- логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады.(мыс: құн, адалдық мақтаныш т.с.с.) Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын- ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді. Ойлаудың барша түрлері өзара тығыз байланысқан.




15. Бақылау тапсырмалары:


Ойлау дегеніміз не.
Ой тәсілдері дегеніміз не.
Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай.
Салыстыру, абстракция, нақтылау, жалпылау, жүйелеу тәсілдеріне жеке сипаттама беріңіз.
Ұғым дегеніміз не. Төменгі сынып оқушыларында ол қалайша қалыптасып отырады.
Пікір, ой қорытындылары жайлы айтып беріңіз.
Түсіну дегеніміз не.
Адам ойлауында қандай айырмашылықтар болады.
Ақылдың қандай сапаларын білесің.
Ой тәсілдері.
Ойлаудың түрлері мен формалары.
Ойлау процесіне орай материалистер мен идеалистер арасындағы қайшылықтар.
Ойлау әрекеттерін топтастыру принциптері.
Ойлау қабілетіне орай жеке адам ерекшеліктері.

16. Реферат

Қиял процесінің жалпы сипаттамасы қандай.
Ырықсыз қиял дегеніміз не.
Ырықты қиял деген не.
Қайта жасау қиялы дегеніміз не.
Шығармашылық қиял деген не. Оның мәні неде.
Іс–әрекеттің әр саласындағы творчестволық қиялдың алатын орнын

қалай түсінуге болады.
Арман дегеніміз не.
Қиялдың жасалу жолдары қандай.
Қиял саласында қандай дара айырмашылықтар болады.
Бала қиялы қандай жолмен дамиды.
Төменгі сынып оқушыларының қиял ерекшеліктері мен оларды тәрбиелеудің қандай жолдары бар.
Қиялдың түрлері туралы.

17. Сабақтың тақырыбы:

Сөйлеудің түрлері. Сөйлеу мәдениеті.

Сабақтың жоспары:

Сөйлеудің түрлері.

Сөйлеудің оқыту процесіндегі дамуы.

Баланы сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді сөйлеу туралы ұғыммен, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігімен, “сөйлеу,” “тіл,” “қарым-қатынас”ұғымдарымен,сөйлеудің түрлерімен, сөйлеудің физиологиялық негіздерімен, сөйлеу мәдениетімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Адам өзінің қажеттілігін өтеу үшін басқа біреулермен пікірлеседі, ой бөліседі. Адам баласының сана сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организм! анотомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін мән — мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.

Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы алғашқы (революция) төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғары жүйке жүйесін, қызметін жетілдіреді, соның

нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Рас, даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен маймылдардың 52 — мәнерлі дыбыс шығаратындығы анықталған. Бірақ, маймылдың басқа да жануарлардың дыбыс шығаруы, дауыстауы — ойлауды білдірмейді, ол инстинктік мүқтаждығын сыртқа шығаратын сигнал. Бүның санамен ешқандай байланысы жоқ. Мысалы, шимпанзе баласына тідді үйрету тәжірибесі,



Мыс. Кеңес психологы Н.Н.Ладыгина "Адамның баласы мен шимпанзнің баласы" — деген кітап жазып шыққан. Жануарлардың дыбыс шығаруы қатынас жасауы ретінде

қолданылмайды. Ондай құрал - тіл - тек адам баласының тарихында тек еңбекпен байланысты худы. Ф.Энгельс өзінің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі" — деген еңбегінде былай деген болатын: "сөз үжымдық еңбек процесінде қалыптасып келе жатқан адамдардың бір - біріне бірдеңе айтқысы келу мүқтаждығынан туған болатындығын айтты."

Тіл де, ойлау сияқты, еңбек нәтижесінде туды. Тіл, тек адамға тән психикалық процесс.

Сөйлеу деп - адамдардың тіл арқылы бір - бірімен қарам -қатынас жасау процесін айтамыз. Яғни тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Немесе ол коздеген мақсатына жете алмайды. Қазақтың ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" -деп тауып айтқан.



17. Тест тапсырмалары

1. Алдын-ала жоспарланған және бағдарланған бір адамның сөйлеуі:

А) Жазбаша

В) Монологты

С) Жағдайға байланысты

D) Эгоцентрикалық

Е) Диалогты

2. Белгілі бір ақпаратты білдіретін белгілер жүйесі:


А) Зейін

В) Ойлау


С) Сейлеу

D) Түсіну

Е) Қабылдау

3. Сөйлеу процесінің негізгі тірегі -


а) тыңдау

в) түсіну, түсінісу

с) қабылдау

д) болмыстан тыс

е) дыбыстау

4. Сөздің пайда болу көзі.


а) табиғат

в) нәсілдік

с) қоғам

д) болмыстан тыс

е) ген қажеті

5. Қарым-қатынастың вербальды емес құрамы болмайды:

А) Сөйлеу

В) Мимика

С) Пантомимика

Д) Көзқарас

Е) Кеңістік

6. Коммуникациялық вербальды ортасы.

А) Ара қашықтық.

В) Уақыт.

С) Тіл.

Д) Мимика.

Е) Пантомимика.

7. Коммуникациялық вербальды ортасы.

А) Ара қашықтық.

В) Уақыт.

С) Тіл.

Д) Мимика.

Е) Пантомимика.

8. Сөздік, вербальды қарым-қатынас қолданады.

А) Тілді (сөзді).

В) Көз байланысы.

С) Пантомимика.

Д) Мимика.

Е) Ишарат (жест).

9. Сөйлеудің алғашқы генетикалық қызметі.

А) Коммуникативті.

В) Белгілеу.

С) Жалпылама.

Д) Қоздырғыш.

Е) Экспрессиялық.

10. Коммуникацияның максималды растығы.

А) Монолог.

В) Ауызша сөйлеу.

С) Диалог.

Д) Вербалды емес қарым-қатынас.

Е) Хат.

11 . Адамдардың тұрмыс-еңбек барысында тәсіл, идеялар мен болжамдар бөлісу, алмасу құралы

а)Ой

в) Зейін


с)Тіл

д) Қиял


е) Сезім

12. .Ауызша сөйлесуге тән ерекшелік.


а) Сөйлем құрылымы бүтін.

в) Ой толықтығына ие.

с) Мән-мағына әңгіме желісінен.

д) Дайындықты.

е) Баян бірізді, қатаң логикалы.

17. Реферат

Сөйлеудің жалпы сипаттамасы .
Сөйлеудің мазмұндылығы және мәнерлілігі .
Сөйлеудің анатомиялық- физиологиялық негіздері .
Сөйлеудіңтүрлері.
Диалог, монолог сөздердің айырмашылықтары .
Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері.
Ішкі сөйлеу туралы.
Балаларда сөйлеу қалай дамып отырады.
Төменгі сынып оқушыларында жазбаша сөйлеу қалайша қалыптасады.
Балалар оқу, жазу дағдыларын қалай үйренеді, мұның оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіруде қандай маңызы бар.
Сөйлеу мәдениетіне төселдіруде қандай жұмыстар жүргізуі тиіс.

Тілдесу – ақпарат алмасу құралы.
Тіл мен сөйлеудің айырмашылықтары.


18. Тест тапсырмалары
1."Зейін" сөзінің мағынасы -
а) тыңдау

в) тітіркену

с) қабылдау

д) шоғырлану, тану

е) қозу

2. Ырықты зейін дамуымен тікелей байланысты психикалық процесс -


а) қабылдау

в) түйсік

с) қиял

д) сөз


е) ойлау

3. Адам зейінінің жануарлар зейінінен басты ерекшелігі -


а) бағдарлаушы рефлекс

в) индукция

с) домината

д) бағдарлы басқару

е) импульсті әрекет

4. Зейін тұрақтылығын күшейтуші фактор.


а) ес

в) елес


с) ақыл – ой

д) сөз


е) қиял.

5. Сананың белгілі мезетте қажет объектке бағытталуы -


а) түйсіну

в) зейін қою

с) қабылдау

д) тітіркену

е) сезу

6. Мақсатқа тәуелді зейін түрі -


а) ырықты зейін

в) үйреншікті зейін

с) ырықсыз зейін

д) импульсті зейін

е) ерікке байланыссыз зейін

7. Зейіннің физиологиялық негізі - доминанта принципін ашқан ғалым -

а) Павлов

в) Рубинштейн

с) Сеченов

д) Ухтомский

е) Лурия

8 . Ырықсыз зейіннің туындау негізі.


а) Адам мақсатына тәуелсіз.

в) Санаға байланысты.

с) Рухтық күш.

д) Жоспарлы әрекет.

е) Ниетті іс.

9. Әдейі қайталап, ерік күшін қосуды қажет ететін зейін.


а) Ырықты зейін.

в) Ырықсыз зейін.

с) Үйреншікті зейін.

д) Реттеу зейіні.

е) Бақылау зейіні.

10. Зейін көлемін эксперименталды зерттеу үшін қажет аппарат –

а)Феноскоп

в) Тахитаскоп

с) Кардиограф

д) Кинескоп

е) Кодоскоп

11. Объектіге көңіл аудару дәрежесі бұл

А) Зейіннің шоғырлануы

В) Көлем

С) Ауысуы

D) Бөлінушілігі

Е) Тарату

12. Зейіннің физиологиялық негізін доминанта теориясы бойынша


түсіндірген:

А) Юнг К.

В) Маслоу А.

С) Торндайк Э.

D)Морено Дж.

Е) Ухтомский А.А.


13. Психофизикалық зейінді А.А. Ухтомский не арқылы түсіндіреді?

А) Мидың сыртқы қабығының эрекеті арқылы

В) Доминанта

С) Мидың сыртқы қабығына ретикулярлық формациялық эсер етуі

D) Н.М. Ливановтың константасы

Е) "Ақ дақ" теориясы

14. Доминанта түсінігін ғылыми айналымға енгізген:

А) У. Нейссер

В) В.М. Бехтереев

С) А.А. Ухтомский

D) П.Я. Гальперин

Е) И.П. Павлов



18. Реферат.


Зейін дегеніміз не.
Зейіннің физиологиялық негіздері қандай.
Зейіннің қандай түрлері бар.
Зейіннің негізгі қасиеттеріне не жатады.
Зейінді тәрбиелеудің қандай жолдары бар.
Зейіннің адам өміріндегі маңызы.
Зейіннің санаға байланысты қызметі.
Зейіннің шашыраңқылығы қандай себептерден туындайды.
Ырықты зейіннің оқу әрекетіндегі маңызы.
Ырықсыз зейін туралы.
Үйреншікті зейін туралы.
Ұжымдық зейін туралы.
Зейін көлемі туралы.
Зейіннің тұрақтылығы туралы.
Зейіннің ауысуы туралы.
Зейіннің шоғырлануы туралы.

19. Сабақтың тақырыбы:

Сезімнің түрлері. Күрделі эмоциялар.

Сабақтың жоспары:

Күрделі эмоциялар туралы.

Сезім саласындағы дара айырмашылықтар.

Сезімнің дамуы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді сезім туралы ұғыммен, сезім мен эмоцияның айырмашылықтарымен, күрделі эмоциялармен, жоғарғы сезімнің түрлерімен, сезім саласындағы дара айырмашылықтармен, балада сезімнің дамуымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Күрделі эмоцияларға: көңіл, эффект, құмарлық эмоциялар жатады.



Көңіл. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдарлы, жылы жүзді, ақжарқын, не көіңілге кірмен кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратылады.

Адамның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы, ынтымақты болса отбасы жағдайы(жүріп жатса) жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекше әсер етеді. Сол сияқты адамның көптеген айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе(мысалы: жоғарғы оқу орнын бітірсе, диссертация қорғау т.б.) шат - шадымен күйге түседі.

Керісінше, адам ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндай кезде қабағы қатыңқы, ренішті күйде болады. Сондықтанда "Көңілсізден күлкі шықпас ", "Адам көңілден азады"-деген мақалдар тегін айтылмаған.

Ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар аур жағдайда да көңілді жүреді.Өз көңілін меңгере білу - Мүғалім үшін өте қажет. Егер мүғалім көңілсіз болса, оқушының оқу материалдарын менгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Әсіресе төменгі класс оқушылары мүғалімнің қас -қабағына қарап отыратыны белгілі.

Аффект. лат. жан ұшыру, күйіп - пісу .

Аффект дегеніміз_- қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Мыс: зәре үшу, қорқу, долылық, жан түршігу, қамығу, торығу т.б. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп есептеу керек. Бүл адамның өзін еңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.

Ерік - жігері күшті адам мүндай үшқалақтыкка, лепірмелікке бара бермейді. Ондай адам не істесе де ойланып істейді.

Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із
қалдыратын кошті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен (сипатталады) бағаланады.

Ол екіге бөлінеді.



  1. Ұнамды (ғылым мен өнерге еңбекке).

  2. Ұнамсыз (дүние, бақ, ойын қүмарлық).


19. Глоссарий

Сезім –
Жағымды эмоция –
Жағымсыз эмоция –
Қарапайым эмоциялар –
Күрделі эмоциялар –
Құмарлық –
Аффекттер –
Адамгершілік сезімі –
Эстетикалық сезім –
Интеллектік сезім –
Ар – намысты қорғау –
Көңіл –
Стресс –
Дистресс –
Стеникалық сезім –
Астеникалық сезім –
Фрустрация –
Эмпатия --

20. Реферат

Ерік дегеніміз не.
Еріктің физиологиялық негіздерін қалай түсінуге болады.
Еріктік амал қандай кезеңдерге бөлінеді.
Мақсат қою, тілек, қалау,түрткілер күресі, тоқтамға келу ұғымдарын жеке- жеке қалай түсіндіруге болады.
Адамның негізгі ерік сапалары қандай.
Балаларда ерік қалайша дамып жетіледі.
Балаларда қандай ерік кемістіктері байқалады. Оларды түзетуге болама.
Ерік сапалары туралы.
Тоқтамға келгіштік туралы.
Ұстамдылық туралы.
Табандылық туралы.
И.П.Павловтың «Еркіндік инстинкті» теориясы туралы.
З.Фрейдтің «психоанализдік» теориясының мәні неде.


20. Бақылау тапсырмалары:
Ерік дегеніміз не.
Еріктің физиологиялық негіздерін қалай түсінуге болады.
Еріктік амал қандай кезеңдерге бөлінеді.
Мақсат қою, тілек, қалау,түрткілер күресі, тоқтамға келу ұғымдарын жеке- жеке қалай түсіндіруге болады.
Адамның негізгі ерік сапалары қандай.
Балаларда ерік қалайша дамып жетіледі.
Балаларда қандай ерік кемістіктері байқалады. Оларды түзетуге болама.
Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай.
Сезім мен эмоцияның бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар.
Күрделі эмоциялардың қандай түрлері бар.
Жоғары сезімдердің қандай түрлері бар.
Балаларда эмоция мен сезімдер қалайша дамып отырады.
Төменгі сынып оқушыларының моральдық, интеллектік, эстетикалық сезімдерінің даму жолдары қандай.
Эмоциялар мен сезімдерді қандай жолдармен тәрбиелеуге болады.

21.Сабақтың тақырыбы:

Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:

Темпераментті зерттеу әдістері.

Оқушылардың темперамент ерекшеліктерінің негізгі белгілері.

Темпераментті тәрбиелеу жолдары..
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді темперамент туралы ұғыммен, темперамент туралы ілімнің дамуымен, жүйке жүйесінің типтерімен, темпераментті зерттеу әдістерімен, темперамент типтерінің психологиялық сипаттамаларымен, тәрбиелеу жолдарымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып - білу оңай емес. Дегенмен де адам темпераменті туралы мәліметтерді алуға болады. Мысал: адамның жүріс тұрысын жүйелі түрде сырттай бақылап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам не баяу екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі не жігерсіз екендігін, эмоциясы әлсіз не күшті, көңіл - күйінің тұрақты не тұрақсыз екенін байқауға болады. Оқушы темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянын зерттеу, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез - құлқын таниды. Эксперементтік әдіс арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады.

Темперамент жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатындығы психологиялық ерекшелік. Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дүрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болады.

Темперамент ерекшеліктерінің, үнамды қасиетгерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез құлықтарының жағымды жақтарын қалыптастырып отыру ата - аналардың, үстаздармен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Тәлім - тәрбие істерінде бала бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізудің маңызы зор. Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ үстінде басында қадағалаған жөн. Сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Меланхоликке мұндайда үстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлім тәрбие ісінің басты мақсаты шәкірттердің темперамент типтерімен толық танысып, олардың үнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.

Темперамент типтерін тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізіп отырмаса болмайды.

Мысалы: тілі мен жағына сүйенген холериктерді тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнің асқан байсалдылығын талап етеді.

Ал меланхолик бала тәртіп бүзса ( мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді.) оны жүрт алдында қызартып, ұялту дүрыс емес. Мүндай баламен оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластыру қажет. Сангвиниктерді қатты бақылау қажет, өйткені олар жүмысқа жылдам, жүмылып кіріскендерімен жылдам суып қалатын балалар.

Әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, ол адамның жасына, білім мен тәжірибесіне, тәлім - тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп отыру қажет.

Мысал: Оқушының жасына қарай сабақ үлгерімін, тәртібін, басқа балалармен қарым - қатынасын, қоғам жұмысына қалай араласатындығын үнемі қадағалау, олардың ата - аналармен байланысын жасау, қатынастырып отыру қажет. « Темпераментгі тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек » ( М. Жүмабаев.)

Меланхоликтер мен флегматиктердің шамалы жетістіктері болса да атап өту керек. Егер ол екеуіне көңіл бөлмесе, өзі сылбыр, ұялшақ ақырын қимылдайтын бала жалқау, салақ балаға айналып, кетеді. Сол үшін баланы жайбарақаттыкка салындырмай, үлкендердің өзі үлгі көрсетіп, шамалы кемшіліктері болсада түзету жасап отыру қажет.

Ал холериктердің қайрат – күшін, шапшаңдығын, тиімді іске пайдалана білуге бағыттап, тыныш ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйрету керек. Сангвиниктерді асықпай жұмыс істеп, бастаған ісін тиянақты аяқтауға бағыттау керек.

Меланхоликтер үнемі көңіл аударғанды, мейрімділікті, жылы үнмен сөйлегенді ұнатады. Бұлар жүйке процесінің әлсіздігінен тез шаршайды. Олардың үялшақтығын, қорқақтығын ескеріп, белсенділікке, батылдыкка тәрбиелеп, мейірімділікпен сөйлеп, іс әрекетін қолдап, мадақтап отырғанды жақсы көреді.



22. Реферат
Мінез туралы.
Типтік мінез туралы.
Мінез бітістерінің топтарға бөлінуі.
Қандай адамды толық мінезді дейміз.
Жағымсыз мінез неден болады. Оны қайтадан тәрбиелеуге бола ма.
Мінез қалайша дамып отырады.
Ұлттық мінезге нелер жатады.
Мінездің физиологиялық негіздері.
Мінез құрылымы мен қасиеттері туралы.
Мінезді тәрбиелеудің жолдары .
Мінез сапалары мен құрылымы.
Типтік мінез бітістері.
Мінез асқынуы.
Өскен орта мен тәрбиенің бала мінез – құлқының қалыптасуына әсері.
Мінез және темперамент.

22. Тест тапсырмалары.

1. Өндірісте және ұжымның мүмкінділігін қамтамасыз етуді басқару қабілетінің түрі.

А) Коммуникативтік.

В) Шығармашылық.

С) Арнайы.

Д) Ұйымдастырушылық.

Е) Жалпы.

2. Қабілеттің көрінуіне және оның дамуына ықпал етуші адамдық фактор.

А) Іс-әрекет.

В) Зейін.

С) Мінез.

Д) Ойлау.

Е) Темперамент.

3. Бір іс-әрекетке орындауға табиғи белсенділігі.

А) Жігерлі мінез.

В) Талант.

С) Нышан.

Д) Данышпандылық.

Е) Қабілет.

4. Жоғарғы әрекетті және шығармашылықта қажеттілікті қамтамасыз ететін қабілеттің дамуының жоғарғы деңгейі.

А) Таланттар.

В) Дарындылық.

С) Бейімділік.

Д) Арнайы қызығушылықтар.

Е) Нышандар.

5. Шығармашылық іс-эрекетті орындауға мүмкіндік беретін қабілеттің


жоғарғы деңгейі:

А) Зейін


В) Нышан

С) Данышпандық

D) Сензитивтік

Е) Сенсибилизация

6. Қабілет анықтамасы:

А) Жемісті іс-эрекетті қамтамасыз ететін жеке тұлғаның жеке даралық

психологиялық ерекшеліктері

В) Нышандар

С) Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері

D) Білім, іскерлік, дағды

Е) Дарындылық

7. Белгілі бір ауданда немесе әрекет саласында көрнекті адам ететін адам

қабілеттері дамуының жоғарғы деңгейі?

А) Генотип

В) Құштарлық

С) Беделділік

D) Альтурализм

Е) Данышпандық

8. Қабілеттердің органикалық алғы шартары:

А) Табиғи нышандар

В) Қоршаған ортадағы өзара қарым-қатынас

С) Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру процесі

D) Мінез бенн темпераментке байланысты

Е) Оқыту мен тәрбиелеу

9.Белгілі бір қымет түрінде үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз ететін адам

қабілеттіліктері дамуының жоғары деңгейі:

А) Дарындылық

В) Ынта


С) Зейін

D) Қиял


Е) Сенім

10. Шығармашылдықтың ең жоғары деңгейі

а) ептілік

б) шабыт

в) дағды

г) дарын

д) талант

11."Шабыт - маңдай тер мәуесі" - атты ойдың авторы -

а) А. Жұбанов

б) Қастеев

в) Репин

г) Сәтпаев

д) М. Әуезов

12. Қабілеттілік деген не?

А) Туа бітті байқалатын қасиеттер жиынтығы+

В) Іс-әрекеттер тиімділігін қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы.

С) Өзгермелі қасиеттер жиынтығы.

Д) Жүре пайда болатын қасиеттер жиынтығы.

Е) Өмір сүру ортасында қалыптасқан қасиеттер.

13. Қабілеттіліктерді дамытудың табиғи алғы шарттары болып не табылады:

а) Нышандар.

в) Шартты рефлекстер

с) Ептілік

д) Қызығушылық

е) Дағдылар.

14. Қабілеттер ажыратылады:

а) Ішкі және Сыртқы

в) Потенциялды және актуальды

с) Актив және Пассив

д) Күшті және Әлсіз

е) Ерікті және Еріксіз

15. Қабілет дегеніміз-:

а) Данышпаншылық.

в) Білім, дағды, ебдейлік.

с) Нышан.

д) Жеке тұлғаның-индивидуальдық ерекшеліктері.

е) Эффект.

16. Дарындылық-бұл-:

а) Қиял түрі

в) Жоғары сезім

с) Қабілет түрі

д) Мінез бітісі

е) Қажеттілік

17. Талаптану деңгейі деген не?

а) Мінез-құлық мотиві.

в) Адамның өзін қабілетті деп есептейтін мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуы.

д) Іс-әрекет бағасы.

с) Мақсатқа қол жеткізу жолдары.

е) Адамның қажеттілігі

23. Сабақтың тақырыбы:

Қабілет және нышан. Дарындылық, данышпандылық, бейімділік туралы түсінік.
Сабақтың жоспары:

Қабілет және нышан.

Дарындылық, данышпандылық, бейімділік туралы түсінік.

Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.

Қабілеттің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді қабілет туралы ұғыммен, қабілет туралы ілімнің дамуымен, қабілеттің түрлерімен, нышан, дарындылық, талант, данышпандылық, бейімділік туралы ұғыммен, қабілет саласындағы дара айырмашылықтармен, қабілеттің қалыптасуымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Күнделікті сөзімізде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: Мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, мына бала математикаға , мынау суретке, ал мынау музыкаға қабілетті деп жатады.Сол сияқты қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігі байқалады. Бұл мысалдардан әр адамның әрекеттің бір түріне икемділігін көрсететін дара ерекшеліктері.

Қандай болмасын әр нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды, ол біреуде күшті, екінші біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің /түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, мызыкалық саңылау т.б. қиысьш келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды

Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасына және туыстарына үқсап тууы, Бүны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.

Нышанның соңғы түрі қабілетінің дамуында белгілі орын алады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетім дамуы музыкалық қабілетті байқатады, көру анализаторының өзгешілігі суретке қабілетін байқатады.

Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық. дейді.

Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін талант дейді. Талант - деп бір әрекетті творчествалық пен орындау мүмкіншілікті қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуін айтады. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерді көрінеді.

Тарихи әлеуметтік маңызы бар творчества беретін қабілеттің ең жоғарғы түрін данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналасқан іс-әрекет . саласында бүрын сонды болып көрмеген жаңалықтар ашады.

Бейімділік.

Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділгіне орай қалыптасады. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетімен айналасуға бетбүрысы оған көңілі аууы, оны келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Баланың бейімділіктерін жақсы қалыптастырып, дамытып отыру, оның жалпы дамуына ақыл-ой қабілеттінің жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтай мүғалім дер тәрбиешілер балалардың бейімділігін уақытында дүрыс көре біліп соған сәйкес келетін қабілеттерді дамытып отыру керек. Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде, өзі белсенділік көрсетпейінше оны дүрыс үғына алмайды. Бала қабілеттінің дамуы үшін де оның белсенділігі қажет. Іс-әрекетсіз, белсенді кимыл қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес.



Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.

"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын" дегендей адамның қабілет саласындаңғы дара айырмашылықтары да әртүрлі болады. Мысалы: Біреу іске күшті жігермен кірісіп, екінші біреу керісінше баяу, сапасын төмендетіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі зеректігімен, екіншісі бақылампаздығымен, байқағыштығымен, үшіншілері материалдарды есте үстағыштығымен ерекше көзге түседі. Бүл айтылғандар кейде бір адамның басында тоғысатын, кездесетін кездері болады. Мысалы: Мүғалімге үйымдастырғыш қасиетпен қатар, байқағыштық, ақыл-ой белсенділіктері мен сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қасиеттерге тән. Жастық шақта түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген кезінде көрінуі де мүмкін. Жастық шағында сөзге олақ адамдардың есейе келе ақын, жазушы болғандары: -Көрген нәрсесін есінде жақсы ұстай аламайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.

Адам психикасының басты ерекшелігі бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілеттің орнына басқа қабілетпен алмастыра алатындығы.

24. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).
Жас кезеңдері психологиясының оқыту пәні, міндеттері.
Жас кезеңдері психологиясының ғылыми зерттеу әдістері.
Жас кезеңдері психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.
Психикалық даму туралы жалпы ұғым.
Биологиялық және әлеумет факторларының бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
А) Қазақ халқының балалар жасын топқа бөлу тарихынан
Б) Ғылым тұрғысанан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
Акселерация құбылысы туралы.

25. Сабақтың тақырыбы:

Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы туралы.
Сабақтың жоспары:

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың психикалық дамуының негізгі жолдары.

Оқыту процесінде балалар дамуының педагогикалық шарттары мен заңдылықтары.

Ұстаз оқу үрдісінің субьектісі ретінде.
Сабақтың мақсаты:

Студенттердің оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың психикалық дамуының негізгі жолдары мен оқыту процесінде балалар дамуының педагогикалық шарттары мен заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.


Теориялық мәліметтер:

Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тиәрбиелеудің психдологиялық заңдылықтарын зерттеу . Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестердің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым- қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.

Педагогикалық жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жас өспірім- ортақтығымен түсіндіріледі: олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педогоктың мақсатты ықпалдары қарастырылсын, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы-жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, ұстаз психологиясы- педагогикалық психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблеммаларына арналған білім педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясына теңдей қатысты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процес інде қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жадай педогогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.

“Үйрену мен оқытудың” әжептеуір айырмашылығы бар. Үйрену кең мағынада қолданылады. Үйрену адамның пәлендей істі меңгеруге ұмтылуы жатады.

Үйренуде адам алдына арнайы мақсат қоймайды, өмір бақи өмірден үйренеді. Адам тек мектепте немесе жоғары оқу орындарында үйренбейді. Мысалы: бір нәрсені арнайы есте қалдырайын демейді , үйренген нәрсесі есінде қалғанын өзі де білмей қалады. (кітап оқығанда, біреуден әңгіме естігенде, радио , телевизор тыңдағанда, саяхатқа барғанда, т.б. үйренеді). Сол сияқты адам коньки тебуді білмейтін еді, біраз жаттыққаннан кейін білетін болды. Ол үйреніп алды. Студент 1 курста диффенциал теңдеулерді шығара алмайтын болса, 3 курста шығара алады. Ол шығару тәсілдерін үйреніп алады.

Ал оқыту процесін алсақ, мұның үйренуден айырмашылығы белгілі бір жоспар бойынша ресми түрде ұйымдастырылып, педагогтардың басшылығымен өтетінінде. Оқыту мақсат қою арқылы жүзеге асатын болғандықтан сапалы түрде іске асады.

Оқыту екі жақты процесс.

Біріншіден, мұғалімдердің оқуға тапсырма беріп, соларды оқуға жұмылдыруы, екіншіден, оқушылардың соларды ұғынып, мазмұнына түсініп, тапсырманы орындай алуға тырысуы. Осыны оқыту деп атайды, оқыту адамға белгііл бір білім, іскерліктер мен дағдыларды беру. Оқыту негізінде, педагогиканың бір саласы дидактиканың және жеке пән әдістерінің шұғылданатын меншігі . Бірақ дидактика оқыту процесін дәлелдеуде психология ғылымының жетістігіне сүйенеді. Яғни сабақ беру әдісі дидактиктер мен әдіскерлердің айналысатын меншігі болса, балалардың ұғыну процестері психолгияның меншігі болып саналады. Осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты- балаларға білім беру болып келді, бірақ бұл қазіргі кезде бір жақты жеткіліксіз. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда жеткіліксіз болар еді. Демек, білімді тиісті жағдайда қолдану оқытудың көздейтін мақсатының бірі болып саналады, сонымен бірге, балалардың ой-өрісін кеңейту де негізгі мақсаттың бірі.

Оқыту қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады.

Оқыту-тәжірибенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға білім мен қатар, белгілі бағытта тәрбиеде беріледі. Оқытудан тыс балалар мен жас өспірімдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқыту процесінде балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың рухани дамуын жетілдіру , мұғалімдердің асты міндеттерінің бірі.

Оқыту- таным процесі. Өйткен.і онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет- оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдары мен қаруландыру. Оқыту процесі оқұушы мен мұғалімінң өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті. Оқытудың мазмұны, өзіне тән әдістері, ұйымдастыру тәсілдері мен нәтижесі болады. Оқыту- баладан ойлау әрекеті мен қатар ?, басқа да психикалық процестерді : сезімдер мен эмоцияларын, мотивтері мен қызығуларын , жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастың қасиеттерін керек етеді.

Мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін, дербестігін, творчествалық, іс-әрекетін, дидактикалық ойлауын т.б. байқап оқушылар мен жеке –дара жұмыстар жүргізуі қажет. Оқытудың атқаратын негізінен 3 функциясы болады. 1. Білімдік (ғылым негіздері мен қаруландыру) 2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттері қалыптастыру) 3. Дамытушылық ( балалардың таным қабілеттерін арттыру) .

Оқыту процесінің негізінен 3 түрлі құрылымы қалыптасқан.


  1. Догматикалық оқыту.

  2. Түсіндірмелі ( информациялық)

  3. Проблемалық оқыту.

2. Оқу- бірдеңені білуге талпыну сол үшін әрекет жасау. Оқу туралы әңгіме болғанда кейбіреулер “баланы зарлап оқытудың қажеті жоқ, әркімнің өз еркі”- деген пікірлер айтады. Мұның ұтымды жағы бар-ол, бала үйренем деп ниет қылса, ол соған зейінді келеді, және есінде тез сақтайды. Мұндай тәсілді оқу деп айту қиын. Мұндай жағдайда бала көбінесе қызыққан нәрсесіне жақсы көңіл бөледі де, қызықпаған жеріне көңіл бөлмейді, бұлай оқу арқылы бала ұзаққа бара алмайды. Себебі, үлкен дәрежеге жету үшін бала қызық емес, қажет деген жерлерінің бәрін оқуға тиіс.

Оқу- деп әркім міндетті түрде белгілі бір мазмұнды ұғынуға өзін бағындыра алуды айтамыз.




26. Бақылау тапсырмалары


Әлеуметтік психологиясының пәні және міндеттері.
Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.
Ортақтасу формалары.
Бұқаралық ортақтасу туралы.
Рольдік ортақтасу туралы.
Персонааралық ортақтасу туралы.
Тұлғааралық ортақтасу туралы.
Тікелей ортақтасу туралы.
Жанама ортақтасу түрлері.
Ортақтасу түрлері, қызметтері.
Ортақтасудың құрылымы.
Байланыстыру- прагматикалық қызметі.
Қалыптастыру, дамыту қызметі.

Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі.
Тұлғаішіндік қызмет.
Растау қызметі туралы.


1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет