Тарих 90 жауаптар


)Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет10/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Тарих 90 жауаптар

16)Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік
қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы
Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан
Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Он тайпа бес нушеби жəне бес дулу тайпаларына
бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған
шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир
тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған.
Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап
билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы
билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін
енгізді. Қағанның он түменнен тұратын əскери жасағы болды. Дулу мен нушеби
арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде əлсіретті. Осыны
пайдаланған Қытай əскері 659 жылы Жетісуға басып кірді. Батыс Түрік қағанатының
басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші жəне əскербасы болып саналды. Жоғарғы
лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер
атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде
қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған.
Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі
шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды.
Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде
түріктер жаппай отырықшылана бастады.


17)Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы.
VIII ғасырдың I-ші жартысында-ақ арабтар Орта Азия мен Қазақстанға үдере шабуыл
жасай бастады. 705-706 жылдары Мəуереннахрда түргештер мен соғдылардың
біріккен күштері арабтарға елеулі соққы берді. Осылайша 706-709 жылдары
түркеш-соғды одағы құрылды. Ұзамай 633 жылы Меккеде «Дін үшін соғыс» ұраны
жарияланды. Түргештердің араб əскерімен ең алғашқы қақтығысы 711-712 жылдарда
жеңімпаз Тоныкөк армиясы құрамында «темір қақпаға» дейін барып қайтқанынан
басталады. Ал 714 жылы Кутейба ибн Муслим(
наместник
Хорасана
(область в Иране)
в эпоху правления арабских халифов
) Шашты (Ташкентті) басып алды. Сонымен
бірге, арабтар 711 жылы Самарқандты, 713 жылы Ходжент пен Ферғананы, 715 жылы
Шығыс Түркістанды бағындырды. 728-729 жылдары Самарқанд пен Бұхара халқы
арабтарға қарсы көтеріліске шыққанда, тағы сол түргештердің əскеріне сенім артты.
Содан түргеш əскерлері аз уақыттың ішінде күллі Соғды жерін арабтардан азат етті.
Ал 731-732 жылдары түргеш əскері Кеш пен Кермин арасындағы араб
əскерін
ойсырата жеңді. Кейіннен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары
Қазақстанның оңтүстігін бетке алып, Орта Азияға шабуылдады. Осы кезде қазіргі
Қазақстан аумағында билік құрған түргештердің өз арасында алты жылға созылған
кескілескен талас-тартыс орын алды, нəтижесінде қара түргештердің көсемі Сұлу
билік басына келді. Ол ордасын Суябтан Талас (Тараз) қаласына көшірді. 737 жылы
Сұлу бастаған түргештер қарлұқтармен одақтасып, арабтарды ығыстыра отырып,
Тоқарстанға дейін қуып барды, алайда Сұлу қаған жеңіліске ұшырады. Кейіннен Сұлу
(өз шатырында) 738 жылы Навакент қаласының қолбасшысы Баға тарханның
опасыздығынан қаза тапты. Ал Сұлудың əскербасы Күли Шор 720-721 жылдары
Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Қара түргештердің қағаны
Сұлу ел тəуелсіздігін сақтап қалуда үш жақты: араб, қытай жəне шығыс түріктермен
күрес жүргізді. 746 жылы Жетісуды қарлұқтар шабуылдады. 748 жылы қытайлар осы
жағдайды пайдаланып, Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) əскерлерін Жетісуға
аттандырып, Суябты жаулап алды. 751 жылы Таразға жақын жердегі Талас өзенінің
бойында, Атлах қалашығының жанында арабтар мен қытайлар арасындағы 5 күнге
созылған қанды қақтығыста түргештер арабтар жағына шығып, жеңіске жетті.
Түргештер үшін бұл шайқастың маңызы алабөтен еді, яғни қытай əскерлерін түркі
жерлерінен қайткенде тастап шығуына мəжбүр ету болды. Осы шайқастағы
арабтардың, аббасиліктердің əскери қолбасшысы Зияд ибн Салих болса, қытайдың
қолбасшысы Гао Сян Чжи болатын. Ибн əл-Асирдің дерегі бойынша, бұл соғыста 50
мың қытайлық өлтіріліп, 20 мыңы тұтқынға алынады. Ал қалғандары бас сауғалап,
кері қашты. Жетісу мен Мəуереннахрдағы халықтардың тағдыры үшін Атлах түбіндегі


шайқастың маңызы зор болды. Қытай əскерлері Жетісу бойынан қуылып қана қойған
жоқ, қайтқан жолында ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымына ұшыраған олар Шығыс
Түркістанды біржолата тастап кетуге мəжбүр болды.
Арабтар да Талас өзені
аңғарында көп тұрып қалмай, Шаш қаласына қарай шегінді. Міне, осылайша жарты
ғасырға созылған түркеш-араб теке-тіресі аяқталып, одақтастық қатынас орнай
бастады. Қорыта айтқанда, алдымен азырақ қарама-қайшылыққа ұласып, кейіннен
мызғымас достық бітімгершілікке жалғасқан түркеш-араб қарым-қатынасы сыртқы
саясаттағы елеулі табысқа саналды. Осылай түркілер өзімен одақтасуға лайық
елдермен байланысын едəуір жаңғырту арқылы тəуелсіздігіне қауіп төндіретін
күштерге дер кезінде жедел соққы беріп отыруға өздерін қашанда дайын ұстады. Бұл
бабаларымыздың «Мəңгілік елді» құрмаққа бекінген асыл мұраты болатын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет