жүздің ең жауынгер руларының бірі - көшпелілік дəстүрлерін көп дəрежеде сақтап
қалған адайлардын кызу ашу-ызасын күтуi негiзсiз емес болатын, қай жердегіден болса
да: «...жаңа ережені қабылдауға адайлар нашар даярланды жəне мұнда оны енгізу
уақытылы бола қояр ма екен»- деп білдірді өзінің қаупін беймəлім автор.
1870 жылдың желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тəжиев, Ержан, Ертімбет
Құловтар, Иса Тіленбаев жəне олардың көптеген серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа
хандығының шегіне өтті.
Сөйтiп бұқаралык сипатына карамастан, көтерiлiстiн негiзгi қозғаушы күші - қазақ
шаруалары өз қатарларын берiк бiрiктiруге қол жеткізе алмады, мұның өзi саны жөнінен
болмашы
жазалаушы
отрядтардың
халык
қарсылығының
негізгі ошақтарын
тұншықтыруына мүмкіндік берді; қазақ шаруаларының рулық тар өрісті мүдделерi
отаршыл империяның əскери құрамаларынан өзінің ұйымдасуы жағынан едəуiр кем
түскен көтерілісшілер жасақтарындағы тұрақтамаушылықты туғызды. Көтерiлiстiң
iшiнара рулық үстем топқа, ал кейде жоғары көшпелі ақсүйектерге жататын басшылары
екiжүздiлiк көрсетіп, əр түрлі тұрғыдағы көзкарас ұстанды. Сонымен бірге Н.А.Середа,
Юр-Ко жəне басқа ХІХ ғасырдың аяғындағы авторлар феодалдык топтар өкілдерінің
шаруалар қозғалысына басшылықты өз қолдарына алып, көтерілістегі феодалдарға
қарсы күшті сарындарды білдірмей жіберуге тырысқан факторын атап өткен.
Көтеріліс шағын сипатта болғанымен, оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды
- бүкіл дерлік Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі қазақ шаруаларының
бой көрсетулерімен қамтылып, «Уақытша ереженің» жүзеге асырылуын қиындатты.
Достарыңызбен бөлісу: