Тарих 90 жауаптар


)1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Тарих 90 жауаптар

50)1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне
байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер əкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы
ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды
пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
19 ғасырдың 60 жылдары қазақ даласын басқару жөніндегі ереженің жобасын
дайындайтын дала комиссиясы құрылды.Оны Ф.Гирс басқарды.Осының нəтижесінде
1867 жылы 11 шілдеде II Александр патша “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару
туралы ереже” бекітсе,1868 жылы 21 қазанда Дала облыстары Орынбор жəне Батыс
Сібір генерал губернаторлығын басқару туралы уақытша ережені бекітті.
1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ
өлкесінде отаршылдық тəртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы өзгерістер де бұған едəуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен
дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Бұл ережелер бойынша қазақ жері 3 генерал губернаторлық:Орынбор,Батыс
Сібір,Түркістан құрамына кірді.Орынбор ген губ-ға Торғай мен Орынбор кірсе,Батыс
сібірге Ақмола мен Семей кірді.
Ал Жетісу мен Сырдария Түркістан генерал губернаторлығына кірген еді.Осы
реформаға сəйкес Маңғыстау приставтығы закаспий маңына қараса,Бөкей ордасы
Астрахань губерниясына қарады.Қазақстан 5 буынды басқару жүйесі арқылы
басқарылды.
Ендігі бір ауылға 100-200 шаңырақ кіретін болды.Тек қана Сырдария облысында
отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолында қалса,ең төменгі сот
жүйесінің буыны билер мен қазылар соты болды.Жалпы бұл реформалардың басты
мақсаты қазақ жеріндегі басқару ісін өзгерту болатын.
51)1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет