орналасқан. Мысты өндіру үшін кен орнының алдына от жағып, қызғаннан кейін су
құйған. Шытынап, уатылған кенді тас жəне қола қайланың, ағаш сынаның көмегімен
опырады. Кейін тас балғамен ұсақтаған. Еңбек құралдары тас немесе саз балшық
қалыптарға құйылып, өңделген. Андрон мəдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықты
ыдыс жасауға пайдалану. Қыш ыдыстар арнаулы пештерде күйдіріліп, тарақ тəрізді
немесе тегіс қалыппен өрнектелді. Көзе құмыралар түрінің əсемдігімен, өрнекті
əшекейлерімен тамаша өнер туындысы болып саналады. Академик В.П.Алексеевтің
берген сипаттамасы: "Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес,
көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар
болған". Андрондықтардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау
болып келген. Дене құрылысы жағынан еуропеоидтерге ұқсайды. Орталық Қазақстан
аумағынан қола дəуіріне жататын 30 қоныс, 150 оба зерттелді. Петровка мен Боголюбов
қоныстары (Солтүстік Қазақстан) орлармен, дуалдармен қоршалған. Адамдарды
жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. Андрондықтар табиғат
күштеріне табынған. Қола дəуіріндегі тасқа салынған суреттер Таңбалы, Жасыбай,
Хантау жерлерінен табылған. Бұл суреттерде жабайы бұқа, қос өркешті түйелер,
билеген адамдар салынған. Чаглинка, Петровка (Солтүстік Қазақстан) қоныстарында
үйлердің қабырғалары тік бағандардан тұрғызылып, киіз үйдің торкөз керегелері тəрізді
етіп жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз
үйіне ұқсайды деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: